АБАЙ ЖОЛЫ ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ


Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы
“
АБАЙ ЖОЛЫ” ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
Сіз әлі “Абайды” оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлде ештеңе оқымағаныңыз. Бұл - таңғажайып, бұл керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік - тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кек орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай; дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі! Сіз сол дәуірді көзіңізбен көргендей айна -қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды. Қандай тұнық поэзия. Проза формасымен басылған осынау қалың - қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы! Альфред Курелла
Абайды, “Абай” қылған кім ағайын? Біз Абай Құнанбаевты М. Әуезовтың шығармасы арқылы “Абай жолы” романын оқып, түсініп, бүкіл елге таныттық. Әрине ол - М. Әуезов. “Абай жолы” сияқты мазмұны аса бай, көркемдік құрылысы өте күрделі кесек туындыны жазылу тарихы тұрғысына түгелдей талдап шығу үшін бір емес, бірнеше мақала, зерттеу еңбек жазылуы қажет. 1956 жылы Мұхтар Әуезов “Абай жолы” романының екінші кітабы шықты. Жазушының жиырма жыл бойы жазып келген еңбегі әрқайсысы екі кітаптан екі роман болып аяқталады.
Мұндай бір желіге құрылған төрт томды кесек шығарманың тууы қазақ әдебиетінде бұрын соңды болмаған саңлақты тамаша табыс екенінде, бәріміз болып қуанарлық, мақтаныш етіп сүйсінерлік зор уақиға екенінде енді ешкімнің күдік-күмәні жоқ болу керек.
Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы “Абай жолы” романында жүзеге асты.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Абай заманының сан-салалы сырлаын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары - Әйгерім, ұлы - Тұрағұл, інісі - Шәкәрім, шәкірттері - Көкбай, Қатпа, Баймағамбеттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы Қамқа мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі: Ділда, Әйгерім, Еркежан.
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған М. Әуезов тұрмысы моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыруы арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.
Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің әртүрлі сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз өтіп жатады. Аталар буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің басы - бір-бірімен жалғас үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі жосыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады. Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді.
М. Әуезов творчестосының, әсіресе “Абай жолының” үздік көркемдік сапаны иеленуінің басты бір сыры адам жанының шындығын шынайы суреттеудегі жазушының творчестволық еркіндігінің айрықша мәнді, мағыналы, жасампаздық сипатында.
М. Әуезовтің тұңғыш жарық көрген тырнақ алды туындысы “Адамдық негізі - әйел” (1917) деген публицистикасында автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кең қозғайды. Тақырыпты талдау мәнерінен түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озғын білімі мен мәдениеті саз береді. Әуезовтің пайымдауынша әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйел негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр - тіршілігі үшін қажет.
Әуезов алған тақырыбының ішкі астарына, түпкі тамыр тереңіне сүңгіп барып, тарихи салыстырулар жасайды. “Отан от басынан басталады” дегендей, әйелді қоғамдық ортаның ұйытқысы ретінде танытады. Ерлер жағы өздерімен өздері, салт ат, сабау қамшымен бет-бетінде жүргенде төңірегін уыздай ұйытып, “балаларын баулап, асырап, үйлік, ұйымның басын құраған-әйел”. Осы әйелге теңдік бермей күйкі халде, күң қылып ұстау тек бір адам ғана емес, барлық қоғамға жасалған қиянат екенін түйіп айтады. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік - ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал “өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың” адамды адамдыққа тәрбиелеудегі үлесі қандай болмақ? Демек, адам бойындағы жаман қылық, жат мінездің барлығы бас бостандығы жоқ, сондықтан екі үйдің ортасындағы пыш-пыш өсек ғайбаттан әрі асып ешқайда бара алмай қалған көр бала, бұйығы, рухани мүгедек әйелдің сорлылығына байланысты екенін дәлелдей келе, “Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең әйелдің халін түзе!” - деп, өзінен бұрынғы ілгері ағартушы - демократтар тұрғысынан озат идея, ойшыл тұжырым ұсынады.
Осының бәрі тектен тек ұсынылып отырған жоқ. Әдебиет - сөз өнері. Ал өнер өмірден туады. Әуезовке біткен өнердің қайнар көзі де оның өзі таныған өмір десек, Әуезов творчествосындағы ең бір іргелі тақырыптың басы, ірі идеяның бастауы - оның өнер жолының басындағы осынау очерк - эссе.
Әйел, әйелге байланысты әсемдік әлемі - әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Өйткен ғасырдағы орыс әдебиетінде әлемге әйгілі “Тургенев әйелдері” бар десек, қазіргі қазақ әдебиетінде “Әуезов әйелдері” деп аңыздауға болатын жан тебірентер сырбаз, сұлу образдар галереясы жасалды. Дәл осының беташары да, Әуезовтің әлгі толғанысы - “Адамдық негізі - әйел”. Бәрі содан басталған.
Қазақтың сөз өнеріндегі, жоғарыда айтқанымыздай “Әуезов әйелдері” деп атауға болатын айрықша әсем образды галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты.
Төрт кітап та үлкенді кішілі, ірілі ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлері бар. Романның бұларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан жүрегін қоса баулайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді. Кейде қиырсыз кең байтақ құрлықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді. Кейде көк жиекті керіп, әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген әппақ ақ шағалалар сияқты . . .
Әйел - ана ма, жар - жұбай ма, бұла - бойжеткен бе . . . Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер, алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы-бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер - тип, әркімнің қашанғы таныс - бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафқатқа толы Зере - әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдал, сабырлы, ақыл-иесі Ұлжан-аналардың үлгісі; “сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен” бас сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін “Ақ еті атқан таңдай әппақ” ару Тоғжан - алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім- жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі . . .
Мұхтар Омарханұлы Әуезов өз творчествосында суреткерлік шеберліктің адам баласы шыға алатын ең биік шыңына дейін барды. Бұл жолда М. Әуезовке тән бірнеше суреткерлік дара қасиет туып қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz