СӘКЕН ЖҮНІСОВТІҢ ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ


ӘОЖ 8. 81
Қанапина, С. Ғ.
филология ғылымдарының кандидаты,
филология департаментінің
қауымдастырылған профессоры
Сабыржан, Н. С.
«6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
оқу бағдарламасының 2 курс студенті
Сакенова, С. С.
«6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
оқу бағдарламасының 2 курс студенті,
Мақсұтова, М. Қ.
«6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті»
оқу бағдарламасының 2 курс студенті,
Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ,
Қостанай, Қазақстан
СӘКЕН ЖҮНІСОВТІҢ «ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Түйін
Тілдегі теңеулер - бүгінгі ұлттық әдеби тілдегі бағзы заман өмірінің адам санасындағы ұқсату белгісінің көркемдік қуаты. Берілген мақала Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романындағы теңеулердің этнолингвистикалық қолданысын зерттеуге арналған.
Кілт сөздер: теңеу, этнолингвистика, сөздік, мағына, құбылыс.
1 Кіріспе
Теңеу - екі нәрсені, құбылысты салыстырудың ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады. Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін, тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен салыстырып бейнелеу негізінде туады. Сонымен қатар бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-козғалысындағы ұксастықты тірек етіп салыстыру жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі. Бір-біріне мүлде жанасымы жоқ сияқты көрінетін екі нәрсенің қандай да бір қасиет-белгілерінен, не қимыл өзгешелігінен ұқсастық, жақындық тауып, теңестіруге болатынын атап айта кету қажет. Бұдан теңеуді әдебиетте, поэзияда бейнелеу құралы етіп пайдаланудың шексіз бай мүмкіндігі бар екені айқындалады.
Теңеудің өзгешелігін, мазмұндылығын, тереңірек түсіну үшін тағы бірер мысал келтіруге болады. Алдымен «көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей» деген теңеуді алайық. Осы теңеулер біздің көз алдымызға шалқар айдын көлді, шетсіз, шексіз сияқты болып, шалқып жатқан суды, не болмаса, үдере көшіп келе жатқан көп адамның, елдің бейнесін елестетеді. Сондықтан біз көптің күші мығым, зор деген тұжырымды тек ұғым күйінде ғана қабылдап қоймаймыз, көз алдымызда айқын елес беріп тұрған көлдің, елдің көрініс әсері, суреттілік, бейнелілік әсері арқылы терең сезіне отырып та қабылдаймыз.
Немесе, қақтаған ақ күмістей деп қыздың маңдайын сипаттайтын теңеуге зер салып қарасақ, мұның мағынасы өте кең, бай екенін көреміз. Бұл теңеу сұлу қыздың маңдайының ақ, кең деп тікелей көрсетілген сипаттарымен қатар жарқыраған, жазық, нәзік, ешбір мінсіз, көз тартарлық көркем деген сияқты талай қасиеттерін де қоса аңғартады.
Теңеу туралы айтылғанда салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек мән беріледі. Асылында, мәселе тек онда ғана емес. Сол салыстыру арқылы сипатталып отырған кұбылыс, нәрсе қандай, оның нендей ерекшелігі көрсетіліп отыр және екі нәрсені теңестірудің өзінен қандай мағына туып, ой аңғарылады - міне, алдымен осылар толық ескерілуге тиіс [1] .
Қазақ тіл білімінде теңеуге толық талдау жасаған ғалым - Т. Қоңыров. «Қазақ теңеулері» атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын: жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан - жақты қарастыра отырып, теңеуге анықтама береді:
«Сонымен, теңеу - көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категориялардың бірі. Сондықтан да теңеуді таным құралы ретінде философияда, стильдік әдіс ретінде әдебиеттану ғылымында, тілдің бейнелі конструкциясы ретінде тіл білімінде зерттейді».
Ғалым Қ. Жұмалиевтің пікірінен шығатын қорытынды мынау: қазақ теңеулерінің жасалуының үш түрлі тәсілі бар: бірінші, -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтары арқылы, екінші, -ша, -ше жұрнағының көмегімен, үшінші - секілді, сияқты, тәрізді сөздері. Қ. Жұмалиевтің бұл пікірі дұрыс болғанымен, теңеудің жасалу тәсілдерін түгел қамти алмайды. Қолда бар қыруар материалды сұрыптай келгенде, қазақ тіліндегі теңеулердің жасалуының төмендегідей жолдары бар екені анықталды:
- -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейінжұрнақтарының көмегімен;
- -ша, -шежұрнағының көмегімен; белгісіз нәрсені, жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру арқылы көзге елестету орындалады. Қазақ тіліндегі теңеулердің көпшілігі-ақ осы жұрнақтар (дай-дей, тай-тей, ша-ше) арқылы жасалады:
«Көзі жарық жұлдыздай
Мойыны қыл қобыздай
Құйрығы бар қамшыдай
Шудасы бар жамшыдай. . »
«Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады . . . »
- Шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) көмегімен теңеулік образда жасайтын тәсіл. Мәселен, ауызекі тілде қазақтарқойдан жуас, иттің етінен жек көру, бетегеден биік, жусаннан аласа, сүттен ақ, судан тазадеген тәріздес сөз тіркестерін мейлінше мол қолданады. Бұл тәсілдің көмегімен сапалық ұғымдар бір-бірімен салыстырылып, сол салыстырудың нәтижесінде теңеулік образ жасалады. Белі нәзік талып тұр, Тартқан сымнан жіңішке, Үзіліп кетпей неғып тұр!?(Батырлар жыры), Қызығы бұл дүниенің балдан тәтті, Көңілге бек сақтаған қанағатты(Майлықожа) .
- Секілді, сияқты, тәрізді, іспеттісөздерінің көмегімен;
«Ұяты жоқ жігіт
Жүгенсіз ат секілді.
Ұяты жоқ әйел
Тұзсыз ас секілді . . . »
- Бейнесөзінің көмегімен теңеулер аналитикалық тәсіл арқылы жасалынады.
Толқын бейне арыстан
Ашуынан айрылар.
Көк ала жалын қолға орап,
Тартсам менен қаймығар [3] .
- Теңсөзінің көмегімен;
- Ұқсассөзінің көмегімен;
Қазақ тілінде бұл аталған тәсілдерден басқа да теңеу тудыратын тәсілдер бар. Соның бірі - ұқсас (ұқсайды, ұқсап, ұқсаған) сөзінің теңеулік қызметі. Бұл тәсіл - теңеу тудыратын ең пәрменді тәсілдердің бірі. Ұқсас (ұқсап, ұқсаган, ұқсайды) сөзінің көмегімен жасалатын теңеулік конструкция - қазақ тілінің ертеден бері келе жатқан етене. өнімді тәсілі. Бірақ осы күнге шейін бұл тәсілдің теңеу категориясына қатысты қарастырылмауы - таңғаларлық жайт.
- Параллелизм тәсілікөмегімен; Мұнда екі нәрсе қатар алынады да, олар бір-бірімен салыстырылады. тәсілініңклассикалық үлгілері, әсіресе, ауыз әдебиетінде кеңінен тараған. Соның бірі «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің монологы:
Бұқар барсаң, қолаң бар, Қолаңды көр де, шашым көр. Зергер барсаң қасында, Алтыннан соққан түйме бар, Түйме көр де, басым көр.
- Аралас тәсілдің(бейнежәне-дай, -дей; бейнежәнесекілді) көмегімен;
Мұнда жоғарыдағы тәсілдердің екеуі не үшеуі бірігіп келіп, теңеулік образ жасайды. Бұл жағдайда теңеудің мағынасы күшейіп, образы мейлінше айқындала түседі. Мысалы:
1) Қыздар жүр, дүр төгілген қолаң шашы, Бейне піл тұмсығындай білеуленген (Д. Әбілов) .
2) Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше, Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше. (Айтыс) .
10 ) Қосалқы тәсілдер көмегімен
Тілімізде теңеу жасаудың бұлардан басқа да өнімсіз амалдары бар. Мысалы:
а) Ширығып шыдамы жоқ тұр ханыша, У жеген бурыл бөрі турымданып (І. Жансүгіров) .
б) Аумаған бір маймыл, күшті дейсің ғой бір (С. Мұқанов) .
Бұл келтірілген мысалдар түрлі жолмен жасалған: «а» мысалындағы теңеу «порымданып», «б» теңеуі «аумаған» сөзінің көмегімен пайда болған [2] .
Қайыңдар күмістің сом бақанындай,
Жиі терек әскердің қатарындай.
Бұтақтар жапырағы сылдыраған
Өзбектің батсайы шапанындай (С. Мұқанов) .
Шұғыла шалған кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап,
Өрт топанын кешіп, Нұхтай
Жалғыз өзі тұрды бойлап:
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге (Қ. Аманжолов) .
Шаншылып Алатаудың үршығындай,
Шабыттың шырқап биік ыршуындай.
Шолып түр шартарапты Абай шыңы,
Шытырман жақпар-жақпар жыр шыңындай. (Ж. Молдағалиев) .
Шілдеде қандай момақан,
Толқының майда мақпалдай.
Бірнеше жұмсақ алақан
Көтеріп бара жатқандай… (F. Кайырбеков) .
Жоғарыда төрт ақыннан мысалға алынған төрт шумақ өлеңдегі теңеулерге қайта оралсақ, бұлардың ішінде қайыңды бақанмен, толқынды мақпалмен салыстырған жай теңеулермен қатар, бүтін бір құбылысты бірнеше сөзбен бір бөлек ұғымға көшіріп тұрған күрделі теңеулер де бар екенін көреміз: Қасым Абдолла ақынның өрт ішінде лаулаған ғаламат кескінін көзге елестету үшін бір ғана зат емес, бүтін бір ұғымды тұтасымен теңеуге айналдырып, Тұрды ұқсап, тұрды ол кейде от ұстаған Прометейге десе, Ғафу да суда жүзген адамның майда толқын құшағындағы қалпын, қалпын емес-ау түйсігін бір сөзге сыйғыза алмай, теңеуін бірнеше сөзбен ұлғайта бере бірнеше жұмсақ алақан көтеріп бара жатқандай деп, тамаша образ жасап тоқтайды. Бұлардың қай-қайсысы да - теңеудің ұлғайған, күрделі түрі [3] .
2 Материалдар мен әдістер
Бұл мақаланы жазу барысында алдымен жалпы теориялық әдіс қолданылды. Теңеудің шығу тегі, түрлері жайлы зерттеген ғалымдар еңбектері қаралды. Қажетті материалдар жинақталып, мақала жазуда бір жүйеге келтірілді. С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» шығармасында қолданылған теңеулер этнолингвистикалық сипаты жағынан талданды.
3, 4 Нәтижелер мен талқылау
Жазушы С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін теңеулер:
1. Қашанда ұрыс шығарып, үй ішіндегі адамдарды қуырдақша қуырыр алдында, Қарасай осылайша белгілі нәрсені түсінбегендей жорта қазбалап сұрап, соқтығуға қара іздейтін [4] .
Бұл жердегі қуырдақ сөзінің тағам ретіндегі мағынасы түсінікті. Алайда, сөйлемде ол мағынала емес ауыспалы мағынада, апшысын қуыру сөзінің орнына жұмсалынып тұр.
2. Әне, ана Молдабайдың өзің сықылды алтын асықтай баласы қыстай Қапышқа сөз салдырып қолы жетпей отырған жоқ па [4] .
Қазақ халқы қашаннан да балажан халық. Соның ішінде қолынан іс келетін, жұртқа жұғымдысын алтын асықтай деп атаған. Яғни, басқалардан ерекшелеген. Бұл сөйлемде де алтын асықтай теңеуі осы мағынада жұмсалынған.
3. Қыземшектің етегіндегі жазық жондағы кең дастарқанда шашыла жатқан он шақты бауырсақша домаланған тракторлар жер жыртып жүр [4] .
Бұл сөйлемде бауырсақ сөзінің тағам ретіндегі мағынасы түсінікті. Бірақ, бұл жерде ауыспалы мағынада жазықтың әр жерінде жер жыртып жүрген тракторлар дастарханда шашылып жатқан бауырсаққа теңеліп тұр.
4. Еденіне шөп төсеген жер үйде қаз-қатар сұлап, өреге жайған қазақ аулының сықпа құртындай тізіліп, киімшең солдаттар ұйықтап жатыр [4] .
Сықпа құрттың тағам ретіндегі беретін мағынасы түсінікті. Алайда сөйлемде ауыспалы мағынада жер-жерде ұйықтап жатқан солдаттарды ауыл үйде өреде жайылып тұрған құрттарға теңеп отыр.
5. Қазақтың кең сахарасындай мінезі кең, жерін жыртып, кенін қазбасаң біле бермейтін, бар алтынын ішке сақтайтын, ғажайып бай жердей , мақтаншақтығы жоқ тұйық, самал желіндей , баяу тербелген көліндей жуас, бұлтсыз мөлдіреген кіршіксіз аспанындай жүрегі таза, ақ көңіл [4] .
Бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап өткен байтақ даласы біз үшін қашанда қасиетті құтты қоныс. Бұл сөйлемде қазақ даласының кереметтілігі адам мінезінің ашықтығы, сыр бүкпестігі, сыпайылығы, қарапайымдылығы, тазалығы ұлан-ғайыр жерімізбен ондағы табиғат құбылыстарына теңеліп тұр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz