Жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы
Әміржан Наурзбек
1.Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Жаһандану үдерістерінің білім беру саласына әсері
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1. Жаһандану үдерістерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы.
Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі - казіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер. Тәуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды. Алайда, сөз еркіндігі қазақ тарихшылары үшін ауыр сынақ болды. Алғаш рет, соңғы жүзжылдықта материалдық жағдайы мен ынтасы бар әрбір адамның жазуға да, баспаға шығаруға да мүмкіндігі болды. Бұл жағдайда, бізге көптеген әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі сападағы тарихи шығармалар ағымы келіп түсуде. Бұл тарихиграфияның анализі мен сыны жеке мәселе. Бұл жерде айта кететін жайт, кәсіпқой және кәсіпқой емес жазушылардың қаламынан шыққан тарихи шығармалар бүкілхалықтың өзінің тарихына деген қызығушылығының дәлелі болып табылады. Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты [6] аса қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жанданудың үрдісі мемлекет және халық үшін де бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық және тұрмыстық салт-дәстүрлерін мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дәстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол салмақ емес, мемлекеттің ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салт-дәстүрімізді жаңарту өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.
Мәдениет жаһандануын екі феноменмен байланыстырады. Біріншісі Жер шары халықтарының басым көпшілігі арасындағы батыстық индивидуалистік құндылықтардың таралуын сипаттайды. Бұл құндылықтар адамның индивидуалды құқығын мойындайтын және адам құқығын халықаралық деңгейде қорғауға тырысатын әлеуметтік институттармен насихатталады. Екінші тенденция ретінде бүкіл әлемдегі батыстық ойын ережесін еншілеуді атауға болады. Бюрократты ұйым мен рационализм, материалистік көзқарас, экономикалық тиімділік пен саяси демократия құндылығы барлық әлемде европалық Ағартушылық кезеңінен бері таралуда. Сонымен қатар, әлемдегі мәдени консенсустың ерекше ролін мойындауға тура келеді. Әлемдік жүйе әрқашан бар және көп мәдениетті болса да, батыстық құндылықтар әсерінің өсуіне көз жұма қарауға болмайды. Әлемнің басқа бөліктерінде таралған бұл құндылықтар: рационалдық, индивидуализм, теңдік, тиімділік. Мәдениет жаһандануы үрдісі экономикалық және мәдениеттанулық пәндер арасында тығыз қарым-қатынас құрады. Соңғысының маңыздылығы сондай, тіпті, мәдениет экономизациясы мен экономика мәдениленуі жайлы сөз қозғауға болады. Толық әсерлесу қоғамдық өндіріс неғұрлым интелектуалдық, мәдени және рухани игіліктер мен қызмет немесе рәміздер өндірісіне бағытталуымен анықталады, ал мәдениет аясында сауда мен бақталастық (көпшілік - мәдениет) заңдары көптеп аңғарылады. Мәдени жаһандану аумағындағы мәнді мәселелер бұрыннан бар, тарихи қалыптасқан ұлттық-діни дәстүрлермен және жеткіліксіз түрде дамыған саяси жаһанданумен байланысты.
Қазіргі заман жағдайында тілі ретінде ағылшын тілі қызмет ететін, ұлттық мәдениеттен жаһандық мәдениетке ауысу жүріп жатыр. Американдық доллар барлық әлемде қолданылады, батыстық көпшілік мәдениет біздің өмірімізге айтарлықтай еніп келеді. Жаһандану ұлттық тілдер мәртебесінің төмендеуіне, мәдениет аралық өзара байланыстың жалғыз құралы ретінде ағылшын тілін бекітуге әкелуде. Алайда, бұл тілдің жер шарындағы 380 млн. тұрғынның ғана туған тілі екені белгілі. Қазіргі кезде кітап, газет пен журналдардың көп бөлігі ағылшын тілінде басылып шығарылады. Ғаламторға орналастырылған мәліметтердің 80% көбі ағылшын тілдес мәтінде. Тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде БҰҰ ресми тілдері болып табылатын тілдердің біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара жатқанын көрсетуде. Бұл тілдердің таралу аймағы біртіндеп тарылуда, бұл тілде сөйлейтіндер саны азайуда, белсенді қолданылатын сөздік қоры күннен-күнге қорынан айрылуда, ауыз екі тіл мен жазбаша мәтіндер шет тілден енген, көп жағдайда, өз тіліміздің сөз мәдениеті тұрғысынан мағынасыз, кірме сөздермен толығуда.
Жаһандану үрдісі үлкен сынға ие және де бұл сынды тек жаһандануға қарсы пікірдегі адамдар ғана емес, саяси қайраткерлердің бірқатары, сондай-ақ экономистер мен оқымыстылар да білдіріп жатады. Мысал ретінде жаһандануға қарсы өткір сындарға толы бірқатар кітаптар жазған, әйгілі экономист Джозеф Стиглицты келтіруге болады. Стиглиц көптеген деректер мен мысалдар келтіре отырып, оның өндірісті құртатынын, жұмыссыздық пен кедейшіліктің өсуіне ықпал ететінін, ғылыми-техникалық прогрессті тежейтінін және әлемдегі экологиялық апаттарды шиеленістіретінін дәлелдейді. Бірқатар авторлар жаһанданудың бала туу деңгейінің төмендеуіне әсер ететінін көрсетеді. Ал өзгелері болса, жаһандану АҚШ-та өзінің геосаяси қарсыластарын әлсірету және құрту құралы ретінде қолданылатынын тұжырымдайды. Және осындай пікірлер өте көп.Жаһандану жақтастары қазіргі кезеңдегі үрдістер мен олармен байланысты жағымсыз құбылыстар өзіндік сипатқа ие және оларды басқару мүмкін емес деген пікірді алға тартады. Ал жаһандану сыншылары керісінше, ірі мемлекеттер жағымсыз құбылыстардың соңын айтарлықтай азайтуға мүмкіндіктері бар деген сенімде.
2. Ақпаратты кеңістегі білім берудің орны мен мәртебесі.
Білім беру стратегияларын іске асыру тиімділігі көптеген сыртқы және ішкі факторларға, оның ішінде еліміздің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне, демографиялық, мәдени және саяси факторларға байланысты. Қазақстанның білім беру саясатының орталық элементі ретінде білім беру реформаларының табыстылығы түрлі факторларға байланысты. Олардың ішінде инновация (реформаларға инвестициялау) мен кертартпа тәртіп (білім беру ұйымдарының ағымдағы қажеттіліктері және басқалар) арасында сақталған тепетеңдік дәрежесі негізгі фактор болып табылады. Негізгі реформалар білім беру деңгейінің көтерілуінде маңызды болып табылады. Алайда, білім беру ұйымдарының желісін дамытуды жеткілікті қаржыландырусыз, МТБ жарақтандырусыз, педагогикалық қызметкерлер мен ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуетін арттырусыз жаңа реформалар шектеулі дәрежеде ғана іске асырылады. Білім беруге инвестицияланған ЖІӨ мен жалпы бюджеттен мемлекеттік шығыстардың үлесі ресурстарды бөлу кезінде еліміздің басымдықтарының көрсеткіші болып табылады. Осы көрсеткішке демография, педагогикалық қызметкерлердің еңбекақысы, білім беру ұйымдарын қамту сияқты факторлар әсер етуі ықтимал. Қазақстан білім мен ғылымның 13 индикаторы ішінен 7-і бойынша өз позицияларын жақсартты. Бастауыш білім сапасы (+5), Білім беру жүйесінің сапасы (+12), Математика және жаратылыстануғылыми білім берудің сапасы (+3), Ғалым мен инженерлердің Институттар Инфрақұрылым Макроэкономикалық орта Денсаулық және бастауыш білім беру Жоғары білім және кәсіби даярлық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығының тиімділігі Еңбек нарығының тиімділігі Қаржы нарығының дамуы Технологиялық даярлық Нарықтың көлемі Компанияның бәсекеге қабілеттілігі Инновациялық әлеует қолжетімділігі (+15), Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (+3) және Менеджмент мектебінің сапасы (+4) индикаторлар бойынша оң өзгеріс тіркелген. Оң өзгеріске көптеген факторлар себепші болды. Мектептегі білім берудің мазмұны жаңғыртылуда және жаңартылуда. Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атануда. Педагогтардың біліктілігін арттырудың 3 деңгейлік бағдарламалары сәтті іске асырылуда. Кәсіптік білім беруді дамытуда бизнес пен еңбек нарығының қатысуы жандандырылды. Білім, ғылым және өндірістің ықпалдасу қағидаттары іске асырылуда. ЖОО ғылымы дамытылуда, Назарбаев университеті және ЖОО-лардағы ғылыми-зерттеу бөлімшелері негізінде зияткерлік кластерлер құрылуда. Сонымен бірге, салыстырмалы талдау Орта біліммен қамту (-13), Жоғары біліммен қамту (-4) индикаторлары бойынша және ҒЗТКЖ саласында университет пен бизнес ынтымақтастығы (-9) сауалнамалық индикатор бойынша позициялардың төмендеуін көрсетеді.
3.Заманауи білім беру үрдісіне койылатын талаптар.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы сомпетенсбелгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Латын тіліндегі компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет деп жазса, Б.Тұрғанбаева Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады деген тоқтам жасайды.
4.Заманауи білім берудің мазмұны.
Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, олардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.
Жалпы аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі тиіс. Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.Яғни орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады. Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, оқушыларды іздендіре отырып, ой - пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімділігі мол.
Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.Бұл бағдарламаның қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде Л.С. Выготский, Д. Дьюи, Ж. Пиаже еңбектерін атауға болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен; мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді. Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен студенттердің білім деңгейіне қарап сараланып, оқушылардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын атап өту керек. Бұл бағдарламаның негізінде оқушының білімді өздігімен игеру идеясы жатыр. Оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу.Дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді.Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі - оқушыларды жақсы жаман деп бөлмей, барлық оқушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады.
Қазіргі заманауи үлгіде білім беру әдістемесіне ең алдымен жаңа технологиялардың әрбір әдіс-тәсілін сабаққа күнделікті қолдану және АКТ-ны пайдалана отырып жұмыс жүргізу деп білеміз. Оқушылар топтық жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, бірлесе отырып әрбір мәселені талдауға үйретеді.
5. Білім берудің заманауи формалары.
XXI ғасыр -- озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1].
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы -- белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
* оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
* ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
* деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын дамыта оқыту жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі -- Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы -- технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы несімен өзіне баурап алды:
* кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;
* оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
* Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;
* сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:
1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
3. Қиялын дамыту үшін менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру.
4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.
8. Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.
І-саты -- баланың қызығушылығын ояту -- ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.
ІІ-саты -- мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
ІІІ-саты -- ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім -- деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.
Дамыта оқыту жүйесі сияқты, Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының тиімділігі негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамыта-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігінде. Оқу мотивациялары мүлде өзгерді. Бұрын сəтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, əсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалар адам танымастай өзгерді. Ал озат жəне оқу екпінділерінің көпшілігі мадақталу үшін, не өзгелерден жоғары, жаксы болу үшін оқып келсе, қазір қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бəрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға (шығу парақтарында) берген өз жауаптарында жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу нəтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.
1-тапсырма.
Рим клубы -- 1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерін біріктіретін халықаралық қоғамдық ұйым.
Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында "жаһандық апат" қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар "органикалық өсу идеясын" ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады.
2 - тапсырма.
Болон процесі деп жоғары білімнің еуропалық бірегей кеңістігін жасау процесін айтады. Ол соңғы жылдары еуропалық аймақта қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық үрдістердің айқын көрінісі болып табылады. Еуропада біртіндеп бірегейленіп келеді: ортақ экономикалық кеңістік құрылды, шекаралар ашылды, бірегей валюта енгізілді, ортақ еуропалық еңбек нарығы қалыптастырылды. Бұл жағдайларда жоғары білім жүйесінің ала-құлалығы, берілетін біліктіліктердің сәйкессіздігі жоғары білікті жұмыс күшінің ұтқырлығын тежейді.
3-тапсырма.
Жаңа формация мұғалімі:
1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.
2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.
3. Оқытуды кіріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі.
4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.
5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.
6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады. Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
2.Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттар
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы -- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz