Ажыратқыш пен оның жетегін шешу және орнату


- Ажыратқыш пен оның жетегін шешу және орнату.
Ажыратқыш пен оның жетегін шешу және орнату . Ажыратқыш жетегінің арқанын шешу үшін астынғы реттегіш сомынды бұрап алып, кронштейн ұяшығынан арқан сыртының астынғы ұшын алып шығу керек. Содан кейін шылбырды ажыратқышты сөндіретін айырдың тетігінен ажыратып алу қажет. 13 тоқтатқыш қапсырмасын тепкі осінен шешу (6. 4-сур. қар. ) жəне 10 арқанын 1 тепкісінен ажыратып алу. Шанақтың алдынғы қалқанынан 12 буфері мен құрсаудан тұратын жинақта 10 арқанын шешіп алу. Ажыратқыш тепкісін демотаждау керек болса, тежегіш тепкісінің тартпалы серіппесін жəне ажыратқыш тепкісінің тартпалы серіппесін шешу, тежегіш тепкісі саусағынан тоқтатқыш қапсырмасын алып тастау жəне тепкігні ваккумдық күшейткіш итергіштің айырынан шешіп алу керек. 13 тоқтатқыш шапсырмасын тепкілердің 14 осінен алып, кронштейн тесігінен тепкілердің осін алу, сосын 1 ажыратқыш тепкісін жəне 17 жəне 16 төлкелерінен тұратын 18 тежегішін шешу қажет. Ажыратқышты сөндіру айырын шешу үшін төлкені ажыратқыш картерінен шығарып, кейін айырды шығару керек. Ажыратқыштың жетектегі дискін шешу үшін алдын ала беріліс қорабын демонтаждау қажет, кейін ажыратқыш қаптамасының бекіткіш бұрандаларын сермерге қарай бұрап алу жəне басылатын дискпен қоса қаптаманы шешу қажет, бұл ретте ажыратқыштың жетектегі дискі босатылады
Ажыратқыш пен оның жетегін орнату . Жұмыс шешу əрекетіне кері орындалады. Жетектегі дисктің күпшегіндегі оймакілтектерді уайт-мспиртпен тазалау жəне жу, беріліс қорабының бірінші білігіндегі оймакілтектердің жағдайын тексеру. Жетектегі дисктің оймакілтектерін жəне беріліс қорабының бірінші білігіндегі оймакілтектерін майламайды, себебі пайдалану барысында кокстанған жағармайы жетектегі дисктің қажалуына əкелуі мүмкін. Аждыратқышты орната отырып, жетектегі дискті куүпшектің шығыңқы жерімен басылатын дискке қарай орналастыру керек жəне дискті беріліс қорабының бірінші білігінің оймакілтек ұшын ауыстыратын жақтаумен сермерге қатысты центрлендіру керек (6. 6- сур. ) . ажыратқышты сөндіретін айырдың төлкелерін ШРУС-4 майландыру қажет; тепкілердің төлкелерін, ажыратқыш пен тежегіш тепкілеріндегі саусақтарды жəне арқан шылбырының саусағын ЛСЦ-15 немесе Литол-24 консистенттік жағармаймен жағу қажет
Ажыратқыштың техникалық жағдайын тексеру және оны бақылау . Ажыратқыштың жетекші бөлігінің жағдайын тексеру үшін 1 басылатын серіпппе жəне 2 қаптамасы жиынтығымен 3 басатын дискті қалыңдығы В = (8, 3 ± 0, 025) мм болатын 4 аралық сақинасы бар құрылғыға бекіту керек (6. 7-сур. ) . Бұл құрылғы жетектегі дискі бар сермерді алмастырады. Үш рет ажыратқышты сөндіріп (сөндіру шегі шамамен 7 . . . 8 мм), бақылау жасау, жүктемені 1 басылатын серіппенің жапырақтарына С = 34 мм диаметріне төсеу, бұл ретте келесі əрекетті орындау қажет. Сөндіру жүрісіне (7, 5±0, 1) мм 3 басылатын дискі кем дегенде 1, 4 мм сəйкес келетінін тексеру; Е үш нүктесінде өлшенген 3 басылатын дискінің ауытқу көлемінің айырмашылығы - 0, 25 мм артық емес; А өлшемі 29 . . . 31 мм шамасында болуы тиіс; 1 басылатын серіппенің жапырақтарына түсетін салмақ С диаметрінде (7, 5±0, 1) мм жүрісі жағдайында 1350 Н аспауы тиіс.
- Автомобильдегі ажыратқышты сөндіру жетегінің арқанын ауыстыру.
Автомобильдегі ажыратқышты сөндіру жетегінің арқанын ауыстыру . Бұл үшін келесі жұмыстарды орындау қажет: ажыратқыштың реттегіш сомындарын бұрап алу, кронштейннен арқанның сыртқы қабының астынғы ұшын шығарып алу; шылбырды ажыратқышты сөндіретін айыр тетігінен ажыратып алу, тоқтатқыш қапсырмасын салонның ішінен тепкінің саусағынан шешу; арқанның ұшын тепкіден ажырату. Моторлы бөлігі жағындағы алдынғы қалқандағы тесіктен резеңке жастықшаны шығарып, ол арқылы арқанның ұшін моторлы бөлікке қарай шығарып алу. Арқанды кері тəртіпте орнатады. Резеңке жастықшалардың арасындағы төлке беріліс қорабындағы кронштейнге кіруі тиіс, əйтпесе бұранданы зақымдап алуыңыз мүмкін. Орнатқан соң, ажыратқышты сөндіру жетегін реттеңіз
Ажыратқыш тепкісі осінің төлкесін ауыстыру . Егер ажыратқыш немесе тежегіш тепкісінде үлкен люфт не сықыр пайда болса, тепкілер осінің төлкелері тозған, жəне оларды ауыстыру керек. Бұл үшін келесіні олрындау керек: ажыратқыш тепкісінің саусағынан тоқтатқыш қапсырманы шешіп, ажыратқыш тепкісінен арқанның ұшын ажыратыңыз, ажыратқыш тепкісінің тартпалы серіппесін кронштейннен ажыратыңыз; тоқтатқыш қапсырманы тежегіш тепкісінен шешіп, тежегіш тепкісінің саусағын шығарыңыз, 30 тежегіш тепкісінің тарпалы серіппесін кронштейннен ажыратып, тоқтатқыш қапсырманы тепкілер осінен ажыратыңыз; тепкілер осін кронштейннен шығарып, осьтен дистанциялық төлкесі бар тежегіш тепкісін шешіңіз. Осьті кронштейннен ажыратқыш тепкісімен қоса түпкілікті шығарыңыз. Тепкіні осьтен шешіп, төлкелерді шығарыңыз. Тепкілерді кері тəртіпте орнатыңыз, қажалатын бөлшектерді алдын ала Литол-24 немесе ЛСЦ-15 майлаңыз.
- Басылатын дискті және адыратқыштың қаптамасын бөлшектеу
Басылатын дискті және адыратқыштың қаптамасын бөлшектеу . Иінді бідік жинағындағы ажыратқышты зауытта динамикалық теңгереді, сондықтан ажыратқыш пен сермердің өзара күйін белгілеу керек. Содан кейін басылатын дисктің қаптамасын бекітетін бұрандаларды сермерге бұрап шығару қажет. Бұрандаларды сермерді бұрай отырып, қаптаманың деформациясын болдырмайтындай етіп, біртіндеп босату керек. Баслатын дискті қаптамамен қоса, жетектегі дискті шешу. Ажыратқыштың басылатын дискін жəне қаптаманы бөлшектеуді əдетте басылатын дисктің тетіктерін ауыстыру, тетіктердің бұзылған айырларын ауыстыру, сондай-ақ басылатын дискті тегістеу мақсатында, олардың сфералы бастиектерінің тозуы салдарынан жүргізеді. Басқа жағдайларда ажыратқышты бөлшектеу орынсыз, одан да тораптың түгелін ауыстырған дұрыс болады. бөлшектемес бұрын, ажыратқыштың түгел бөлшектерінің өзара орналасуын бегілеу керек
Басылатын дискті бөлшектеу үшін қосымша сермерді жəне жетектегі дискті алмастыратын қалыңдығы 9, 8 мм болатын болат дискті пайдаланған жөн. Болат дисктің орнына көрсетілген қалыңдықтағы кез келген қатты төсемшені пайдалануға болады. басылатын дискті бөлшектеу үшін қажет болса тез əрекет ететін қысқыштары бар түрлі құрылғыларды қолдануға болады, бірақ сегіз центрлейтін түйреуішке басылатын дисктің қаптамасын немесе кейін қаптаманы сермерге қысумен бұрандаларды міндетті орнатумен. Құлыпты пластина жапырақтарын бұрағыш пен кескіштің көмегімен жазып суырып алу (6. 10-сур. а), пластиналарды бекіту бұрандаларын бұрап шығарып, қаптамадан құлыпты жəне тіреуіш пластиналарды шешу. Жұпты тангенциалды серіппелі пластиналарды бекіту бұрандаларын бұрап шығарып (6. 10-сур. б), қаптамаға басқа ұшымен бекітілген бағыттаушы төлкелерді пластиналардың фасондық тесіктерінен суырып алу. Алдын ала реттелген сомындарды бұрап шығару (6. 10-сур., в), сосын сермердегі ажыратқыштың қаптамасының бекіту бұрандаларының түгелін (6. 10-сур., д) бұрап алу. Ажыратқыш қаптамасын (6. 10-сур., д), басылатын серіппелерді (6. 10-сур., е), жылу бөлгіш шайбаларды шешу керек. Ажыратқышты сөндіру əрбір тетігінің орналасқан күйін басылатын дискке қатсыты белгілеу, тетіктердің басылатын дискпен байланыстыратын саусақтарды сіргелеу жəне суырып алу (6. 11-сур., а), тіреуіш айырлармен қоса тетікті шешу жəне тетіктердің тесіктерінен инелі роликтерді шығару қажет. Тетіктерді тіреуіш айырлармен байланыстыратын саусақтарды сіргелеу жəне шығару, айырларды тетіктерден шешіп, роликтерді тетік тесіктерінен суыру (6. 11-сур., б) . Басылатын дискті сермерден шешу қажет.
Ажыратқыш бөлшектерінің дефектациясы. жұпты тангенциалды серіппелі пластиналарды бекіту дөңесшесі бойынша өлшенген басылатын диск денесінің қалыңдығы, сондай-ақ бір бөлшек шегіндегі өлшемдердің айырмашылығы рұқсат етілгеннің шеңберінде болуы тиіс. Басылатын дискті жөндегенде жұмысшы беттің бунағына өндіруші зауыт орнатқан өлшемге дейін рұқсат етілген. Басылатын дисктің рұқсат етілген теңгерімсіздігі - 0, 9 Н • м (90 г • см) . Жаңа немесе жөнделген дисктің жазықсыздығы 0, 1 мм аспауы тиіс. Басылатын дисктің рұқсат етілген шалыстануы - 0, 8 мм артық емес.
Инелі мойынтіректің басылатын дискінің тетігіндегі тесіктердің диамтері, тетіктегі тесіктердің диаметрі, айыр саусағының жəне тетіктің димаетрі, тетіктегі тіреуіш айырындағы жəне тетік саусағының астындағы басылатын диск көзіндегі тесіктердің диаметрі, инелі роликтің диаметрі рұқсат етілгеннің шегінде болуы тиіс. Саусақтардың немесе тетік тесіктерінің тозған жағдайында, тетіктің айыры жəне басылатын дисктің кронштейні рұқсат етілген мəннен жоғары, оларды ауыстыру керек.
- Ажыратқышты жинау.
Ажыратқышты жинау. Басылатын дискті бөлшектеуге кері тəртіпте бірізді, құрылғы ретінде пайдаланылатын сермерді ажыратқыштың басылатын дискіне тетіктерді реттеу үшін диаметрі 300 мм жəне қалыңдығы (9, 8-003) мм болат дискті төсей отырып, жинау қажет. Сермерді темір ұстаның үстеліне орнату, оған болат дискті қойып, оған ажыратқыш тың жетектегі дискін орнату. Инелі мойынтіректерді жинау, бұл үшін тетіктің тесігіне диаметрі 8, 8 . . . 9, 5 мм майға төзімді резеңкеден жасалған технологиялық шарикті жайғастыру қажет, сосын резеңке шарик пен тетік тесігінің қабырғасы арасына Литол-24 майланған он тоғыз инелі ролик орналастыру қажет. Ұқсас түрде он тоғыз инелі роликті екінші тесікке салу.
Әрі қарай тіреуіш айырдың тесігін тетік тесігіне қосу қажет; бұл ретте тетіктің ішкі ұшының сфералық шығыңқы жері айырдың бұранда өзегімен бір жаққа қарауы тиіс. Қысқа саусақты қосылған тесікке қойып, резеңке шарикті итеріп шығару, сосын саусақты сіргелеу керек. Бөлшектегенде салынған таңбаны ұстана отырып, тетік пен көздің тесіктерін қосып, басылатын дисктің көздері арасындағы қуысқа тетікті орнату. Резеңке шарикті итеріп шығарып, қосылған тесіктерге ұзын саусақты қою қажет (6. 11-сур., а) . саусақтты сіргелеу. Резеңке шариктер болмаса, инелі роликтерді тесіктердің бетіне бір қабат жағармай салып жинауға болады, оған роликтер жабысқандай болады. екінші тесікке инелі роликтерді айырмен қоса тетікті жинағаннан кейін салған дұрыс (6. 11-сур., б) . Ұқсас жолмен қалған тетіктерді орнату. Бұл ретте саусақтардың бастары айналу бағытында тұруы керек.
Басылатын дискті жинау үшін оның шығыңқы жерлеріне жылу бөлгіш шайбалар орнату керек (6. 12-сур., а), ал шайбаларға басылатын серіппелер қою қажет (6. 10-сур., е) . Теңгерімдікті сақтау үшін бөлшектеу кезінде жасалған сыртқы қап пен дисктегі белгілерді қосып, ажыратқыш сыртқы қабын сыртқы қаптың ішкі беттеріне бағыттап, шығыңқы жерлерге қарама-қарсы серіппеге (6. 10-сур., д) орнату қажет; бұл ретте тіреуіш айырлардың бұрандама ұштары сыртқы қаптың тесіктеріне круі тиіс. сыртқы қаптан тетіктер айырларының бұрандама өзектерінің шығып кетуін болдырмау үшін, оларға жіңішке қабырғалы түтікшелер кигізген жөн.
Қосалқы сермердің бұрандалы тесіктері бар қаптың тіреуіш табандарындағы тесіктерді қосу, ұзартылған центрлейтін бұрандамаларды қойып, қаптың табанын сермерге барлық бұрандамаларын біртіндеп жəне бірізді кіргізіп бұрай отырып тарту керек. Төлкелерді жұпты тангенциалды серіппелі пластиналардың фасондық тесіктеріне орнату, осы пластиналарды бекітетін бұрандамаларды бұрау, бұрандамаларды тарту (тарту сəті - 8, 15 Н • м), сосын оларды тоқтатып, төлкенің жіңішке белдемесін бұрандама басының шетіне жазу қажет. Реттегіш сомындарды (6. 12-сур., б) сомын бүйірінің айырдың бұранда өзегінің бүйіріне сəйкес келгеніне дейін бұрау керек. Тіреуіш қысқыш пластиналар мен құлыпты пластиналарды рттегіш сомындарға орнату, осы пластиналардың бұрандамаларын кіргізіп бұрап, оларды тіреуші платсиналарды ұштары қапқа тиген сəтке дейін алдын ала тартып қою қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz