Беріліс қорабының механизмін шешу және бөлшектеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Беріліс қорабының механизмін шешу және бөлшектеу.
Беріліс қорабының механизмін шешу және бөлшектеу. Қорап қақпағының бекіткіш бұрандамаларын бұрап шығару, берілісті қайта қосу меъанизмімен қоса қақпақты ашу, қақпақтың төсемін шешу. Егер төсемше жабысып қалса, оны бұрғыш не басқа аспаптың көмегімен байқап шешу керек. Беріліс қорабын қайта қосу механизмі арнайы құрылғыда бөлшектейді, онда қақпағы бөлшектеуге ыңғайлы етіп бекітіледі. Құрылғы жоқ болса, қақпақты басқыштарға қыстырып бөлшектеуге болады. Беріліс қорабын қайта қосу механизмін мына тəртіпте бөлшектеу керек. Штоктардағы бекіту айырлары мен сақтандырғыш бастиектерінің тоқтатқыш бұрандамаларын сіргелеу, бекіту айырларының тоқтатқыш винттерін жəне шток бастиектерін бекіту бұрандамаларын бұрап шығару. Айналтұтқаның көмегімен берілісті қайта қосудың бір штогын жылжытып, бітеуішті ұядан сыңып шығару. Штокты жылжыта отырып, айырды шешіп, фиксаторлық шариктерді қолмен ұстап тұрып, штокты екінші қолмен суыру. Ұқсас əдіспен берілісті қайта қосудың қалған екі штогын суыру.
Бірінші білікті шешу және бөлшектеу. тартпалы серіппені ажыратқышты сөндіру мойынтірегінің муфтасынан ажырату жəне муфтаны мойынтірекпен қоса шешу. Бірінші біліктің алдынғы мойынтірегінің қақпағын бекітетін төрт бұрандаманы бұрап шығару жəне қақпақты төсенішпен шешу. Картер ұясынан бірінші білікті шығару үшін алынғыштың көмегімен шарикті мойынтіректі сығып шығару керек (6.15-сур.) жəне білікті мойынтірекпен қоса шешу. Құлыптысақиналарды шешу жəне алынғышпен мойынтіректі тығыздап тастау.
Екінші білікті шешу және бөлшектеу. Айналтұтқамен бірінші берілістің тегершігін тоқтатып, екінші біліктің фланецін сомынмен бұрап шығару, фланецті тығыздау. Екінші біліктің қақпағын бекітетін бұрандамаларын бұрап шығару жəне қақпақты төсенішпен шешу

6.15-сур. Алынғыштың көмегімен бірінші біліктің мойынтірегін сығып шығару: 1 -- алынғыш; 2 -- бірінші білік; 3 -- мойынтірек

Екінші біліктің ұшынан спидометр жетегінің жетекші тегершігін шешу. Жақтау мен балғаның көмегімен қораптың картері ұясынан екінші біліктің мойынтірегін білікпен қоса сығып шығару. Алынғышпен екінші біліктің мойынтірегін шешу, корап картерінен тегершіктерімен жəне синхронизаторлармен қоса екінші білікті шығанру (6.16-сур., а). біліктен төртінші жзəне бесінші берілістің синхронизаторын, бірінші берілістің тегершігін шешу. екі бұрағыштың көмегімен төртінші берілістің тегершіктерін бекітетін құлыпты сақинаны алу (6.16-сур., б). Төртінші берілістің тегершігімен бірге тіреуіш шайбасын жəне тоқтатқышпен қоса болат төлкені, үшінші берілістің тіреуіш шайбасы мен тегершігін, екінші жəне үшінші берілістің синхронизаторын шешу. Екі бұрағыштың көмегімен екінші берілістің тегершігін бекіту құлыпты сақинасын алу. Екінші берілістің тіреуіш шайбасы мен тегершігін шешу. Синхронизаторларды қажетінсіз бөлшектеп керек емес.
Аралық білікті және артқы жүріс тегершіктерінің блогын шешу және бөлшектеу. Артқы жүрістің тегершіктері блогының тоқтату осінің бекітуші бұрандамаларды бұрап алу, тоқтатшқышты шешу, картерден блок осін суырып алу. Артқы жүрістің тегершіктері блогының тоқтату осін тығыздау үшін алынғышты қолдану. Аралық біліктің артқы мойынтірегінің қақпағының төрт бұрандамасын бұрап алу, қақпақты төсемшемен қоса шешу, сомынның жіңішке шетін жазу, аралық біліктің тегершігін айналтұтқамен тоқтату, артқы мойынтіректің сомынын бұрап алу. Картер ұясынан артқы мойынтіректі аралық білікпен сығып алу, білікті тегершіктермен ось бойынша мойынтірекке қарай жылжыту.

6.15-сур. Екінші білікті алу және бөлшектеу. а -- екінші білікті жиналған күйінде шешу; б -- төртінші беріліс тегершігінің құлыпты сақинасын шешу; 1 -- екінші білік; 2 -- БӨП картері; 3 -- құлыпты сақина; 4 -- бұрағыштар
Алынғыштың көмегімен аралық біліктің артқы мойынтірегін тығыздау. Осы мойынтіректі тығыздау əдісі екінші біліктің мойынтірегі үшін қарастырылғанмен бірдей (6.17-сур.). Картерден аралыұ білікті тегершіктермен қоса қолмен шығару (6.17-сур.). Картер ұясынан аралық біліктің мойынтірегінің сыртқы сақинасын алып тастау. Қажет болған жағдайда жақтаумен алдынғымойынтіректіжауып тұратын бітеуішті қағып шығарып, тоқтатқыш сақинаны алып шығару. Аралық білікті бөлшектеу үшін мойынтіректің ішкі сақинасын роликтермен қоса тығыздау керек, құлыпты сақинаны шешу, біліктен түгел тегершікті сығып тастау жəне қуыстардан кілтектерді шығару. Тешгершіктердің тығыздауын 6.18-сур. келтірілген құрылғымен немесе пресстегі төсеніштермен жүргізуге болады. Артқы жүрістің жəне екінші берілістің соңғы екі тегершігін бірге тығыздауға болады.

6.17-сур. Беріліс қорабаныңы аралық білігін шешу:
1 -- беріліс қорабының картері; 2 -- аралық білік

6.18-сур., а. Аралық білікті бөлшектеу:а -- білікті бөлшектеу үшін орнату; б -- тұрақты іліністің тегершіктерін тығыздау; 1 -- құрылғы; 2 -- аралық білік; 3 -- тегершік; 4 -- пресс

Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру.
Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру. Беріліс қорабының картері СЧ24 маркалы сұр шойыннан құйылған. Беріліс қорабының картерінен онымен түйіскен бөлшектерді шешкен соң, тиейтін беттердің жағдайын, жарылыстардың болмауын жəне мойынтіректерге тесіктердің тозу мөлшерін мұқият тексеру керек. Беріліс қорабының картеріндегі жарылыстар мен ойықтар ақаулық белгісі болап тыбылады. Мойынтірек тесіктері беріліс қорабының картерінің шекті көлемдерінен асып тозғанда, ауыстыруға жатады. Картердің тесігіндегі бұранданы зақымдауға көп дегенде екі жібі шегінде жол беріледі. Картердің алдынғы жəне артқы бүйірлерінің екінші біліктің мойынтңрегі тесіктерінің жалпы осіне қатысты ауытқымасына 0,08...0,15 мм шамасында жол беріледі. Аралық жəне екінші біліктің осьтерінің параллельсіздігі жəне олар арқылы өтетін жалпы жазықтықтан ауытқуы картердің түгел ұзындығы бойымен 0,07. 0,12 мм аспауы тиіс. Беріліс қорабының картерінің қалған тиейтін беттерінің жазықсыздығы 0,15.0,3 мм шамасында болуы тиіс.
Беріліс қорабы біліктерінің мойыншалары мен оймакілтектері жөндеусіз шекті мөлшерден асып тозғанда, біліктерді ауыстыру керек. Тозған білік мойындары хромдаумен жөндеп, кейін оларды бастапқы өлшемдеріне келтіріп өңдеуге болады.
Жаңа бірінші біліктің ішкі тесігінің мойынтірек тесіктерінің мойындарына қатысты ауытқуына 0,025 мм артық емес беріледі. Майысу не оралу жағдайында білікті ауыстырған жөн. Екінші білік мойындарының оське қатысты ауытқуына 0,05 мм артық емес беріледі. Боялған цементтелген қабатты ескеріген сипаттағы мойындарды қолдануға болмайды. Аралық біліктің мойындарының оське қатысты ауытқуына 0,04 мм артық емес беріледі. Біліктің сынған мойнын хромдаумен жөндеп, кейін оларды бастапқы өлшемдеріне келтіріп өңдеуге болады. Тегершіктерінде жарылыстар болса, тістері мен тегершік оймакілтектері қатты тозғанда ауыстыру керек. Тістеріндегі шағын нақыстар болса, тазалаған дұрыс.
Жұмысшы бетте нақыстарға жол берілмейді. Беріліс қорабы тегершіктерінің бүйірлерінің ауытқуына 0,05 мм артық емес беріледі. Бөлшектер тозғанда жəне серіппелерінің серпінділігі жоғалғанда синхронизаторды ауыстырған жөн.
Беріліс қорабының қақпағында жарылыстар мен нақыстар болмауы керек. Берілісті қайта қосу өзегінің қақпағындағы тесіктер тозғанда төлкелерді қойып ауыстыру немесе жөндеу керек. Берілісті қайта қосу өзектерінің майысуына 0,1 мм артық емес беріледі. Майысқан өзектерді жақтаудың көмегімен жөндеуге болады. Қайта қосу берілісінің өзектері берілген шектен асып тозса, ауыстыру немесе хромдаумен кейін өңдеп қалпына келтіру керек. Фиксаторлық шариктердің өзектеріндегі қуыстардың тозуына жол беріледі, мұнда профильдік шаблон мен қуыстың аралығы 0,6 мм аспайды. Рұқсат етілгеннен асып кетсе, штоктарды ауыстыру қажет. Айырда, бастиек пен қайта қосу берілісінің тетігінде жарылыстар мен сынықтар болса, оларды ауыстыру қажет. Майысқан айырлар мен қайта қосу берілісінің тетігі жақтаумен жөнделуі мүмкін. Қайта қосу айырының табандары рұқсат етілген мөлшерден асып тозғанда, ауыстыру керек. Қайта қосу берілісі тетігінің айыры мен бастиегіндегі қуыс тозғанда, қайта қосу берілісі өзегінің айыры мен 48 бастиегіндегі тесікітер тозғанда, оларды ауыстырған жөн. Қайта қосу берілісі тетігінің фиксаторының жырашығы тозғанда, тетікті ауыстырған дұрыс.
Берілісті қайта қосу механизмін басқару жетегін реттеу. Реттеу беріліс қорабын шешкен соң жəне қайта орнатқан соң, сонымен қатар автомобильді пайдалану кезінде беріліс анық емес қайта қосылғанда қажет болуы мүмкін.
Бұл үшін келесіні орындау қажет: автомобильдің астынан беріліс қорабын басқаратын тартылыстағы қамыттың тартпалы бұрандамасының сомынын үш-бес бұрылысқа босатып бұрап алу. Тартылыстың беріліс таңдау штогына қатысты еркін орын ауыстыруы үшін бұрағышпен қамыттың жігі мен тартылыс ұшындағы жікті аздап кеңейту, штокты нейтралды күйге қою. Автомобиль салонында еден тоннелінің қабымен қоса берілісті қайта қосу тетігінің қабын шешіп алу, сосын қапты тетік бойынша оның төменгі ұшы тік орналасатындай етіп көтеру. Автомобилдьдің астынан беріліс таңдау механизмінің тетіктерін жылжып кетпейтіндей, қолмен ақырындап штоктың осьтік люфтін сағат тіліне қарама-қарсы бағытта таңдау. Қамытты тартылыс ұшынан 1...3 мм қашықтықта орнатып, қамыттың тартылыс сомынын тартып бекіту.

Автомобильден беріліс қорабын шешу және орнату.
Автомобильден беріліс қорабын шешу және орнату. Автомобильді көтергішке немесе қарау жырасына орналастыру, қозғалтқыш капотын көтеру жəне оны осы күйде бекіту. Сымдарды аккумулятор батареясынан, күштік сартер релесінен жəне жоғарғы өлі нүктенің қадағасынан; салмалы сомынды бұрап алып, спидометр жетегінің арқанын спидометр жетегінің корпусынан; жоғарғы өлі нүктенің қадағасын ажыратқыш картерінен; масса сымын ажыратқыш картерінен; арқанның төменгі ұшынан 5 сомынын бұрап алып, арқанды ажыратқышты сөндіру айырынан ажырату.
Ажыратқыш картерін бекітетін жоғарғы екі бұрандаманы қозғалтқыш блогына жəне сартерді бекітетінм жоғарғы сомынды бұрап алу, қозғалтқыштың шығару коллекторын бекітетін сол жақ түйреуішке күштік агрегатты көтеру үшін қапсырманы бекіту; қозғалтқышты ұстау үшін суағар науаға арқалық орнату жəне оны қапсырмадан шығарғыш коллектордағы түйреуішке орнатылған ілгекпен іліп алу. Арқалық болмаған жағдайда, күштік агрегатты көтергішпен ілу.
Сосын автомобильдің астынан жүргізілетін жұмысты орындау қажет: қозғалтқыштың бүркегішін жəне ажыратқыш картерінің астынғы қақпағын шешу; беріліс қорабынан майды ағызу; сымдарды артқы жүріс жарығын сөндіргіштен ажырату; қамытты босатып, тартылысты берілісті таңдау штогының топсасынан ажзырату; беріліс қорабын бекіту түйреуішінің сомынын қозғалтқышқа бұрау жəне бұрылыс жұдырықтарынан аспа тетіктерінің шарлы топсаларын ажырату. Әрі қарай алынғышты пайдаланып, қаққы арқылы балғамен ішкі топсаның корпусы бойынша ұрып, бір топсаны жартылай осьтен қағып шығару жəне дифференциалды тасымалдағанда қолщданылатын технологиялық жақтаумен не бітеуішпен жартылай осьті тегершікті бекіту(əйтпесе бекітілмеген жартылай осьті тегершік беріліс қораьының картеріне түсіп кетуі мүмкін). Екнші топсаны қағып шығару. Беріліс қорабын шешу не орнату кезінде қораптың бірінші білігін зақымдап алмас үшін адыратқыштың басылатын серіппелі жапырақтарына сүйеуге болмайды.

Беріліс қорабын бөлшектеу.
Беріліс қорабын бөлшектеу. Картерге су тамып кетпеуі үшін беріліс қорабын жуу жəне оны бөлшектеу үшін стендке орнату керек. Күштік агрегат аспасының кронштейнін жəне ажыратқышты сөндіру арқанын бекітетін кронштейнді шешу. сломындарды бұрап алып, беріліс қорабы картерінің артқы қақпағын жəне нығыздау төсенішін шешу, бірінші жəне екінші біліктен қондырғы сақиналарын алып тастау. Фиксаторлардың қақпағын ашу, ұялардан фиксатордың серіппелері мен шариктерін суыру, артқы жүріс айырының фиксаторының бөлшектерін шығарып, тығынды бұрап алу. Беріліс қораьының картерін бекіту бұрандамалары мен сомындарын бұрап алу жəне түйреуіштерден 2 картерін шешу (6.31- сур.).
Берілістерді қайта қосу штоктарындағы айырларды бекіту бұрандамаларын бұрап алып, шткотар мен айырларды шешу. осьті шығарып, артқы жүрістің аралық тегершігін шешу. Ажыратқыш картерінің роликті мойынтірегінен бірінші жəне екінші біліктерді 71 (6.32-сур.) бір уақытта шығару, сосын дифференциалды шешу (6.33- сур.). Алынғыштарды пайдаланып, ажыратқыш картерінен біліктер мен дифференциал мойынтіректерінің сыртқы сақинаоарын сығып алу. Берілісті таңдау механизмін бекіту бұрандамаларын бұрап алу (6.34-сур.) жəне шешіп алу, берілісті таңдау тетігін бекіту винтін бұрап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тракторлар мен автомомильдер
Тракторлар мен автомомильдер 2
Карданды берілістердің қызметі
Карданды берілістердің түрлері
Ажыратқыш пен оның жетегін шешу және орнату
Автомобильдің қозғалтқышының құрылысы және жөндеу
Беріліс қорабына ТҚК және жөндеу
Оқытудың техникалық құралдарын қолдану
Жөнделіп жатқан қондырғы - көтеру механизмі
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер