Балқытып дәнекерлеуді жіктеу және оның негізгі түрлері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Балқытып дәнекерлеуді жіктеу және оның негізгі түрлері Балқытып дәнекерлеуді жіктеу және оның негізгі түрлері. Дәнекерлеу процесін энергия мен заттың қайтымсыз өзгерістерімен байланысты екі негізгі физикалық құбылыс: энергияны басқарып, енгізу мен заттар қозғалысын анықтайды.

Энергияны енгізу - дәнекерлеудің қажетті шарты болып, қосымша энергиясыз қосылысатын беттер активтелуі мүмкін емес. Енгізілетін энергияның түрі мен түзілім сипаты дәнекерлеудің процесінің түрін анықтайды. Затты енгізу тек балқытып дәнекерлеудің кейбір түрлері кезінде қажет болып, мұндағы энергияның бір бөлігін бұл жағдайда балқытылған материалға енгізілуі мүмкін.

Қазіргі кезде жіктемесі негізгі физикалық, техникалық және технологиялық белгілер бойынша жүретін дәнекерлеу процестерінің 150-ден астам түрі бар.

Жіктеудің негізгі белгілері болып дәнекерлік қосылысты алу үшін қолданылатын энергия түрі табылады. Осы белгілері бойынша барлық дәнекерлеу процестері мына үш кластық: терминалық, термомеханикалық немесе механикалық түрлердің біріне жатады.

Металдардың физикалық қасиетіне қарай дәнекерлеу әдісінің түрлері.

Қысымсыз жалынды дәнекер (термиялық клас)
Қысымды дәнекер
Термомеханикалық клас
Механикалық клас
Қысымсыз жалынды дәнекер (термиялық клас):

Доғалы

Электрлішлакты

Плазмалы

Электронды-сәулелік

Лазерлік

Термитті

Газды

Қысымды дәнекер:

Контакталы

Диффузионды

Ұсталық

Газдыпре р

Жоғарғыжиілік

Пешті

Салқын

Сырғымалы

Ультрадыбыстық

Жарылғышты

Магнитті-импульсті

1. 1 кестеге сай термиялық класс жылулық энергияларды: доғалық, электрошлактық, плазмалық, электронды-сәулелік, лазерлік және газды энергияларды пайдаланумен жүзеге асатын балқытып дәнекерлеудің барлық түрлерін қамтиды. Термомеханикалық класқа жанулық энергия мен қысымды пайдаланудағы дәнекерлеудің барлық түрлері бірігеді: контактылық, диффузиялық, ұсталық, газдыпрестік түрлері және т. б. механикалық класқа механикалық энергияны қолданумен жүзеге асатын қысыммен дәнекерлеудің барлық түрлері жатады: суық, үйкелістік, ультрадыбыстық және жарылыстық дәнекерлеу.

Дәнекерлеу процестерін жүктеудің техникалық белгілері болып дәнекерлеу аймағында металды қорғау әдістері, процесс үздіксіздігі мен оның механикалану дәрежесі табылады. Әрбір дәнекерлеу түрлері үшін жіктеудің технологиялық белгілері жеке анықталады. Мысалы, доғалық дәнекерлеу мына белгілер бойынша жіктелуі мүмкін: электрод түрі, қорғау сипаты мен автоматтану дәрежесі.

Электродтық материал түрі бойынша балқығыш және балқымайтын электродтармен доғалық дәнекерлеуді ерекшелейді. Балқығыш электрод болып болат шыршықтар мен сымдар, альюминий, титан, мыс, никель және басқа да металл балқымалары, ал балқымайтын болып - көмірлі, графиттік және вольфрандық шыршықтар табылады.

Қорғаныш сипаты бойынша қоршаған орта әсерінен дәнекерленетін металл мен дәнекерлеулік ваннадан шлакпен, газды шлактық және газдықорғанышты доғалық дәнекерлеу тәсілдері бөлініп алынады.

Атмосфералық газдардан қыздырылатын электрод ұшымен сол доғаны, дәнекерлеу ваннасын қорғау әдісі бойынша доғалық дәнекерлеу мына түрлерге бөлінеді: жабық электродты, қорғаныштық газдағы, флюс астындағы, өзіндік қорғанушы ұнтақтық сымды, ваккумдағы және аралас қорғанышты дәнекерлеулер. Дәнекерлеу процесінің автоматтану дәрежесі бойынша қолдық, механикалық және автоматты болуы мүмкін.

Балқытып дәнекерлеудің кеңінен қолданылатын әдістеріне тән ерекшеліктерін қарастырайық.

Қолдық доғалы дәнекерлеу. Дәнекерлеуді даралық жабынды электродтармен орындайды. Мұндай электрод бетіне жабын қапталған металл шыршық түрінде болады.

Жабынды электродтық қолдық дәнекерлеу - дәнекерлеу конструкциясын дайындаудың ең кеңінен тараған әдістерінің бірі. Ол қарапайымдылығымен, әмбебаптылығымен, әртүрлі кеңістік жағдайлар мен қиын қолжетерлік орындардағы қосылысудың орындалу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Оның кемшілігі - процестің төмен өнімділігі мен дәнекерлеуші біліктілігіне дәнекерлену сапасының тәуелділігі.

Қорытпалар мен металдарды дәнекерлеу

Қорытпалар мен металдарды дәнекерлеу. Дәнекерлеу деп қосылатын металдарды олардың балқу температурасынан төмен қыздыру, оларды дәнекермен сулау, дәнекердің саңылауға ағуы және оның кейіннен кристалдануы нәтижесінде атом аралық байланыстармен қосылыстардың түзілуін атайды. Дәнекеріленетін материалдар мен дәнекер бетінен оксидтерді жою және дәнекерлеу процесінде олардың түзілуін болдырмау үшін дәнекерлік флюс деп аталатын, қосымша материал қолданылады. Дәнекерленудің берілген режимі кезінде материалдардың дәнекерленген қосылыс түзу қасиеті дәнекерленушілік деп аталады.
Балқытылған дәнекердің пісірілетін бет бойымен ағуы және оның негізгі металмен өзара әрекеттесуі шартты түрде үш сатыда өтеді:
- дәнекердің металл беті бойымен қарсы алдынан жылжуы дәнекердің және негізгі материалдың әлсіз өзара әрекеттесуімен сипатталады; температура жоғарылаған кезде немесе ұстауды ұлғайту шамасына қарай бұл саты келесіге өтеді;
- дәнекердің жергілікті жылжуы және дәнекерленетін металдың сұйық дәнекерде еруі оңай балқитын құрылымдардың (эвтектикалардың, ликвидус қисығындағы минимуммен қатты ерітінділердің) түзілуімен сипатталады;

- металдың дәнекерде қарсы алдынан еруі дәнекердің дәнекерленетін металмен қарқынды жалпы өзара әрекеттесуімен сипатталады.

Сол немесе өзге сатыда нақты құрылымдардың қалыптасуы дәнекерленетін ұзақтығымен және температурасымен, сондай-ақ өзара әрекеттесуші металдардың табиғатымен анықталады.

Аса берік және икемді дәнекерленген жіктер қатты ерітінділердің түзілуі кезінде қамтамасыз етіледі, олар кристалл торлардың жалпы типін иеленетін және атом аралық ара қашықтықтардың жақын мәндері бар металдарды дәнекерлеу кезінде пайда болады. Эвтектикалық құрылымды жіктің беріктігі аз болып табылады. Егер пісіру эвтектикалық құрамды дәнекерлермен (ПОС61, ПСр72) жүзеге асырылса немесе негізгі металл және дәнекердің құрамына кіретін металдар, кристалл торлардың типі бойынша жеткіліксіз ұқсас болған жағдайда, осындай құрылым түзіледі. Дәнекерленген жіктердің беріктігіне морт интерметалл қосылыстардың бар болуы теріс әсер етеді. Металдарды дәнекерлеу процесінің балқытып қаптастыру арқылы дәнекерлеу процесімен ортақ жері көп. Алайда дәнекерлеу пісіруден келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді:

- дәнекерлеу екі қосылатын металдың немесе тым болмаса біреуінің балқу температурасынан төмен температурада жүргізіледі;

- дәнекерлеу процесінде қосылатын тетіктердің арасында белгілі моментте дәнекердің сұйық металды жұқа қабаты болады;

- балқытумен пісіруден ерекшелігінде дәнекерленген қосылыс қосылатын тетіктер металдарының тікелей өзара әрекеттесуі нәтижесінде емес, ал дәнекер мен негізгі металдың өзара әрекеттесуі салдарынан түзіледі;

- дәнекерлеудің міндетті шарты дәнекерленетін беттерді дәнекермен сулау, дәнекер компоненттерінің негізгі металл жағына қарай және негізгі металл компоненттерінің дәнекер жағына қарай диффузиясы және сұйық жұқа қабаттың кейіннен кристалдануы болып табылады.

Бірнеше тетіктерден тұратын, пішін үйлесімі бойынша күрделі тораптар мен тұтас конструкцияларды бір өндірістік циклде (қыздыру) дәнекерлеумен жасауға болады, бұл дәнекерлеуді (дәнекерлеуден ерекшелігінде) материалдарды қосудың топтық әдісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді және оны механикаландыру мен автоматтандыруға оңай берілетін, жоғары өнімді технологиялық процеске айналдырады. Дәнекерлеу қалдық кернеулер мен деформацияларды азайтады, ал кейде толығымен жоққа шығарады.

Дәнекерлеудің өте маңызды артықшылықтарының санына әр текті металдардың, сондай-ақ металдардың металл еместермен қосылу мүмкіндігін жатқызу керек. Дәнекерлеудің көмегімен ажыратылмайтын және ажыратылатын қосылыстарды алуға болады. Соңғысы баспа тақшасында орнатылған, ақаулы аспаптарды жөндеу немесе ауыстыру кезінде бөлшектеу қажеттілігі пайда болғанда, радиоэлектрондық аппаратура өндірісінде өте маңызды болады. Дәнекерлеумен қосылатын беттердің өлшемдерін (айқассалын шамасын) түрлендіру мүмкіндігі негізгі металмен беріктігі тең қосылыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге түйіспелік пісіруге қарағанда, кернеулері аз шоғырланатын аса қолайлы пішіні алынады. Дәнекерлеудің жоғарыда аталған артықшылықтары оны өндірісте аса кең қолданыс тапқан, ілгері технологиялық процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Флюстік доғалы дәнекерлеу жұмыстарды орындау.

Флюстік доғалы дәнекерлеу. Флюспен дәнекерлеу кезінде дәнекерлік сыммен флюс доғаның жану аймағына беріліп, жылу әсерінен негізгі металл үгінділері мен электодтық сым мен флюс бөлігі балқыйды. Доға маңына металл буымен және флюс материалымен толыққан газды кеуек түзіледі. Доғаның тасымалдану шамасы бойынша балқыған флюс шлак түзе отырып, дәнекерлік ванна бетінде балқиды. Балқыған флюс доғаның жану аймағын атмосфералық газ әсерінен қорғап табандық металл сапасын едәуір жоғарылатады.

Флюс қабатты дәнекерлеуді орташа және жуан қалыңдықтағы металлдарды қосу үшін қолданады. Дәнекерлік электрод класстағы оралған сым түрінде болады. Доғаның жану аймағына сым берілісі механикаланған, ал дәнекерленетін деталь бойымен доға қозғалысы қолмен немесе арнайы механизмдермен орындалады.

Флюстік доғалы дәнекерлеу жоғары өнімділігімен және алынатын қосылыс сапасымен ерекшеленеді. Процесс кемшіліктеріне қалыңдығы үлкен емес металдарды дәнекерлеу қиындығын жатқызуға болады.

Қорғаныштық газдардағы доғал дәнекерлеу. Электрлік доға дәнекерлеу аймағына арнайы берілетін қорғаныштық газдар ортасында жанады. Бұл кезде балқымайтын да, балқитын да электродтарды пайдалануға болады, ал процесті қолмен де, механикалық немесе автоматты әдіспен де орындауға болады.

Қалыңдығы жоғары металл деталдерді балқымайтын электродпен дәнекерлеу кезінде отырғызбасын қолданылады. Қорғаныштық газ ретінде көмір қышқылды газды, аргонды, гелийлі, кейде азотты қолданады. Соңғы кездері газдар қоспасын: көмірқышқылдық газбен аргонды, оттегімен аргонды, аргонды гелиймен немесе көмірқышқылды газ және оттегімен қолданады.

Дәнекерлеу процесінде қорғаныштық газдарды доғаның жану аймағына дәнекерлік ваннадан атмосфералық газдарды ығыстырады. Қорғаныштық газдардағы дәнекерлеу жүзеге асу әдістерінің сан алуандылығымен ерекшеленіп, металлдар мен біріктіру үшін қолданылады. Негізгі кемшілік - ашық алаңшада дәнекерлеу кезіндегі мүмкін болатын қорғаныштық бұзылу.

Электрлішлактық және плазмалық дәнекерлеу жұмыстарды орындау

Электрлішлактық дәнекерлеу. Дәнекерлеу процесі доғасыз болып табылады. Доғалық дәнекерлеуден ерекшелігі негізгі және отырғызба материалды балқыту үшін балқытылған электроөткізгіштік шлак (флюс) арқылы дәнекерлік тоқтың өтуі кезінде байланысты жылу қолданылады.

Дәнекерлеуді төменнен жоғарыға қарай көбінесе дәнекерленетін деталдар арасындағы саңылаулы тік бағытта ооорындайды. Табанда қалыптастыру үшін саңылаудың екі жағынан дәнекерлеу бағытында қозғалатын сумен салқындаушы мыс кристаллизаторларды орнатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқытып дәнекерлеуді жіктеу және оның негізгі түрлері
Балқытып дәнекерлеуді жіктеу
Дәнекерлеу қосылыстары жіктерінің шартты белгілері
Электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың адам ағзасына әсері. Электр-газбен дәнекерлеу кезіндегі адамдарды электр жарақат зардаптарынан қорғау
Дәнекерлеу
Пісіру процесінің мәні
«Газды құбырлармен тасымалдау»
Жер асты газ құбырларының қызмет көрсету
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Пісіру өндірісінің технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz