Автомобиль белдемелерінің тағайындалуы жəне типі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Автомобиль белдемелерінің тағайындалуы жəне типі.
Автомобиль белдемелерінің тағайындалуы жəне типі. Дөңгелектерді бекіту бөлшектерімен, оларды жеткізу тетіктерімен жəне тежеу тетіктерімен бірге құрастырылған көлденең металл арқалықтан құралған жеке жинақтау түйіні автомобиль белдемесі деп аталады.
Белдеменің арқалығы белдеменің арқалығын дөңгелектермен (дөңгелек аспасы тəуелсіз болған кезде) немесе жеңіл автомобильдің негізгі салмақ түсетін конструкцияларымен - оның көтеруші шанағымен (дөңгелек аспасы тəуелді болған кезде) байланыстыратын, оның қалған элементтері бекітілетін аспаның базалық элементі болып табылады. Белдеменің арқалығы автомобильдің сол жəне оң жақ борттарының оған бекітілетін дөңгелектерін өзара байланыстырады жəне олардың мойынтіректік түйіндері үшін тіреу болып табылады. Сонымен бір уақытта ол автомобильдің салмақ түсетін конструкцияларын -- жеңіл автомобильдің рамасын немесе салмақ түсетін шанағын сүйемелдеу тірегінің қызметін атқарады, осылайша белдеменің арқалығы аспаның басқа элементтерімен бірге оған орнатылған дөңгелектердің жəне автомобильдің көтеруші шанағының арасында пайда болатын барлық күштерді береді.
Автомобильде орналасу орнына қарай белдемелер алдыңғы, артқы жəне аралық (ось сандары екіден артық көп осьті жүк көліктерінде қолданылады) болып бөлінеді.
Оның конструкциясымен қамтамасыз етілетін белдеме дөңгелегімен іске асырылатын функцияларына байланысты автомобиль аспасы жетекші, басқарылатын, аралас немесе сүйемелдеуші болып бөлінеді.
Жетекші болып табылатын жəне автомобильдің қозғалысын қамтамасыз ететін, оған орнатылған дөңгелектерге айналыс сəтін беруді қамтамасыз ететін, конструкция жетекші белдеме деп аталады.
Басқарылатын болып табылатын жəне автомобильдердің бұрылысын қамтамасыз ететін, конструкциясы оған орнатылған дөңгелектердің бұрылысын қамтамасыз ететін белдеме басқарылатын деп аталады.
Дөңгелегі біруақытта əрі жетекші əрі басқарылатын болып табылатын, жетекші жəне басқарылатын белдемелердің функцияларын қатар атқаратын белдеме аралас деп аталады.
Не жетекші не басқарылатын бола алмайтын жəне негізгі функциясы автомобиль шанағын сүйемелдеу болып табылатын белдеме сүйемелдеуші деп аталады.
Жеңіл автомобильдің алдыңғы белдемесі басқарылатын немесе аралас болуы, ал артқы белдеме - жетекші немесе сүйемелдеуші болуы мүмкін. Алдыңғы жетекті ВАЗ автомобильдерінің артқы аспасы сүйемелдеу белдемесіне мысал бола алады.
Дөңгелектер аспасының типтеріне байланысты белдемелер бөлінетін жəне бөлінбейтін болып ажыратылады. Дөңгелек белдеме арқалығымен тəуелсіз аспа элементтері арқылы серпімді байланысатын белдеме бөлінетін деп аталады. Мұндай белдеменің арқалығы автомобиль шанағына қатаң бекітіледі жəне оның көтеру конструкциясының бір бөлігі бола отырып, онымен бірге автомобильдің рессорланбаған массасының құрамына кіреді (5 тарауды қар.).
Бөлінетін белдеме жеңіл автомобильдің алдыңғы белдемесі ретінде қолданылады. ГАЗ-3110 автомобилінің алдыңғы аспасы осындай белдемеге мысал бола алады.
Дөңгелек арқалыққа қатаң бекітілетін, ал арқалық тəуелді аспа элементтері арқылы автомобиль шанағына қатаң бекітілетін, белдеме бөлінбейтін деп аталады. Мұндай белдеменің арқалығы дөңгелектерімен, оларды бекіту бөлшектерімен, тежеу тетіктерімен жəне жетек тетіктерімен (жетекші белдемелерде) бірге автомобильдің рессорланбаған массасының құрамына кіреді.
Жеңіл автомобильдерде көбіне артқы бөлінбеген жетекші белдемелер (алдыңғы бөлінбеген аралас белдемелер тек өткізштігі жоғары УАЗ автомобильдерінде қолданылады.) қолданылады. Жеңіл автомобильдерде негізінен алдыңғы, ал одан да жиірек артқы дөңгелектердің тəуелсіз аспалары қолданылады. Тəуелсіз аспалар құрылымының көпшілігінде бір осьті дөңгелек, аспалар элементтерінің көмегімен аспаның екі дөңгелекке де ортақ базалық элементіне, яғни аспалардың кейбіреулерінің құрылымында мүлдем болмауы да мүмкін көлденең арқалыққа емес, автомобильдің салмақ түсетін шанағына тікелей ішінара немесе толықтай бекітіледі. Мұндай жағдайда белдеменің жоқтығы жəне автомобильде тек аспа бар екендігі туралы айтады.
Сондай-ақ белдеме терминінің арқалығы қатты жəне аспасы тəуелді бөлінбейтін белдемелерге едəуір лайық екендігін айта кету керек. Жеңіл автомобильдердің бөлінетін алдыңғы басқарылатын белдемелерін (мысалы, ГАЗ-3110 автомобилінің алдыңғы белдемесі) əдетте алдыңғы аспа жəне осындай белдемелердің арқалығына сəйкес аспаның көлденең жақтауы деп айтады. Іс жүзінде дөңгелектердің тəуелсіз аспасын қамтамасыз ететін, торсионды арқалығы бар алдыңғы жетекті ВАЗ автомобильдерінің (оның ішінде ВАЗ-2110 автомобилінің де) артқы сүйемелдеу белдемелерін артқы аспа деп атайды. Оларға пісіріліп қосылған сенімді қосқыштармен бір-бірімен байланысқан екі қатты бүйірлік иінтіректерден құралған артқы аспаның торсионды арқалығының өзі артқы аспаның иінтірегі деп аталады.
Сонымен жеңіл автомобиьдердің 2 алдыңғы аралас жəне артқы жетекші (толық жетекті автомобильдер), белдемелері бір артқы жетекші белдемелері (классикалық схемамен құрастырылған автомобильдер) болуы немесе бірде бір белдемесі (алдыңғы жетекті автомобильдер) болмауы мүмкін Зерделенетін жеңіл автомобильдерде артқы жетекші белдемелер (алдыңғы жетекті ВАЗ автомобильдерінен басқа), ал толық жетекті ВАЗ-21213, -21214 автомобильдерінде - алдыңғы аралас белдеме қолданылады. Жетекші жəне аралас белдемелер трансмиссия агрегатына жатады. Өйткені олардың картерларында басты беріліс пен дифференциал орналастырылады жəне сондай-ақ айналыс сəтін белдеменің жетекші дөңгелектеріне беру іске асырылатын жартылай осьтері (толық жетекті ВАЗ автомобильдерінің алдыңғы аралас белдемесі) болады.

Автомобильде жетекші тегершіктің мойынтірегін алдын ала тартуды реттеу.
Автомобильде жетекші тегершіктің мойынтірегін алдын ала тартуды реттеу. Негізгі берілісті реттеуді немесе жөндеуді автомобильдің артқы белдігін шешпей жүргізуге болады. Негізгі берілістің мойынтірегін алдын ала тарту, іліністегі бүйір саңылау мен түйіспе дағы зауытта реттеледі, жəне пайдалануда кейінгі реттеуді қажет етпейді. Белдікті қайта жинағаннан жəне бөлшектерді ауыстырғаннан кейін, соынмен қатар мойынтірек қатты тозғанда оларды реттеу керек. Негізгі берілістің тістердің тозуынан ұлғайған іліністегі бүйір саңылау реттеумен кішірейтпейді, себебі бұл іліністің бұзылуына əкеліп, тістерінің қатты тозуына, жоғары шуылға немесе тістердің сынуына соқтырады.
Мойынтіректегі ұлғайған саңылауларды тегершіктердің өзара орналасуын бұзбай жояды. Мойынтіректі реттеу қажеттігін жетекші тегершіктің осьтік жылжуынан анықтауға болады - бұл мойынтіректе саңылауды пайда болғанын білдіреді. Саңылауды кардандық білік ажыратылғанда, индикатормен фланец осьтік бағытта орын ауыстырғанда 0,01 мм артық емес бөлу бағасымен анықтайды. Индикатордың аяқшасы жетекші тегершік осіне параллельді фланец бүйіріне тірелуі тиіс. Мойынтіректе саңылауға жол берілмейді. Саңылау болса, мойынтіректі реттемес бұрын, 400...550 Н :: м айналу сəтімен жетекші тегершіктің фланецін бекітетін сомынның тартылуын тексеру қажет, себебі саңылау тартылуы босап кеткенде пайда болуы мүмкін. Сомынды контрлап керек емес, себебі жаншу сомынды бұрағанда кесіліп қалады. Егер тартқаннан кейін саңылау жойылса, сомынды оның ернеуін тегершік білігіндегі жікке жаншу (жарылыссыз) арқылы сомынды контрлау қажет. Егер бұрылыс шағын болса жəне сомынның деформацияланған бөлігі біліктің жігіне тура келсе, сомынды жаңаға немесе басқасынан шешілгенмен ауыстыру қажет. Егер тартумен саңылау кетпесе, онда оның көлемін жазып алып, моынтіректі алдын ала тартуды реттеу керек.
Жетекші тегершіктің конустық роликті мойынтірегін екеу болуы тиіс реттегіш шайбаларды сұрыптау жолымен алдын ала тартумен реттейді. Зауыт қалыңдығы 2,65.3,15 мм, қалыңдық айырмашылығы 0,1 мм шайбалар жинағын шығарады. Мойынтіректердің тартылысы 0,1 мм артық болмауы тиіс. Реттеуді келесі түрде орындау қажет:
■ Жетекші тегершіктің сомынын оны контрламай бұрап алу. Мұны бұранданы зақымдамай ұқыпты жасау керек. Бұранданы маймен сылаған дұрыс. Әуелі сомынды сомындағы жаншуды кесіп, сомынды қайта орнына келтіретіндей етіп, шағын бұрышқа бұрау, сосын толығымен бұрап алу керек. Мойынтірек стақанынбекітетін бұрандамаларды белдіктің картеріне бұрау жəне оны картерден реттегіш төсемшелермен қоса шығарып алу;
■ Пресс төсемшелеріне мойынтірек стақанын орнатып, жетекші тегершікті мойынтіректің ішкі сақинасымен, реттегіш шайбаларымен жəне кергі төлкесімен сығып алу. Пресс болмаса, сол операцияны жұмсақ жақтаудың көмегімен балғамен орындауға болады. Мойынтірек стақанынан жетекші тегершіктің фланецін шығару;
■ мойынтірек стақанын аудару, алдынғы мойынтіректің ішкі құрсауына орнатылатын жақтаумен одан құрсауды манжетамен қоса басып шығарып алу (6.23-сур.). шешілген бөлшектерді қарап шығу, қажет болса, ақаулысын ауыстыру.
Қайта орнатылатын реттегіш шайбалардың пакетінің қалыңдығы саңылау көлемінен кішірек болуы керек (қалған бөлшектері ауыспаған жағдайда), бұл ретте саңылаудың көлемі үлкен мəнге қарай миллиметрдің ондық үлесіне дейін дөңгелектейді Шайбалардың дұрыс сұрыпталғанын тексеру үшін стақанды бірізді кері бағытта, манжетаның құрсауын орнатпай жəне кір жалтыратқышсыз технологиялық фланецті орнатып жинау қажет. Жетектегі тегершікті жұмсақ металлдан жасалған төсемшелермен басқыштарда қысып, фланец сомынын 400... ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Жылқы шаруашылығы және жылқы өнімдері
Жүк көтеру механизмінің жетегін таңдау
Бульдозер жұмыстарының қажеттілігін тексеру
Аралық станса
Газгольдерді орнатуда дайындық жұмыстары оларға қойылатын талаптар,газ сақтайтын газгольдерлер
Қонақ үй шаруашылығы қысқаша даму тарихы
Жабдықтың анықтамалық көрсеткіштері
Мұнайөңдеу кәсіпорнының бір бөлімшесінде инженера – технолог қызметін атқару
Автомобиль ілініс муфтасынын негiзгi параметрлерiн аныктау
Пәндер