Қоректендіру жүйесі
Шулдақбаев Мұратәлі Миралыұлы
Қоректендіру жүйесі
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қозғалтқыштан шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты.
Мысалы, Еуропалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді қозғалтқыштарды пайдалануға тыйым салынған.
Қазіргі автомобиль қозғалтқыштарында орталық, және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
7.1 - сурет - Іштен жанатын моторлардың қоректендіру жүйелері
7.2 Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктертерден құрылған. Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жұмыс схемасы 7.2 - көрсетілген. Енді сол схема бойынша құрылысы мен жұмысын талдаймыз.
1 - ауа филътрі, 2,3 - енгізу және шығару түтіктері, 4 - карбюратор, 5 - отын өткізгіші, 6 - бак, 7-насос, 8 - өшіргіш (глушитель) тутігі, 9,10 - қосымша және бас өшіргіш (глушитель).
7.2 - сурет - Карбюраторлы ВАЗ қозғауышының қоректендіру жүйесі.
Карбюраторлы моторда отын насос арқылы бактан (6) тұндырғыш сүзгі және отын өткізгіш арқылы насоспен сорылады да карбюраторға жіберіледі. Енгізу тактісінде атмосфера ауасы сүзгіден (ауа тазартқыштан) өтіп басқа қоспалардан тазартылады да карбюраторға (4) келіп түседі.
Мұнда ауа тозаңданған отынмен араласады және енгізу түтігіне (коллектор) бағытталады. Жанғыш қоспаны дайындау енгізу түтігіне жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып кетеді. Бұл процесс мотор цилиндрінде енгізу және сығылу тактісі кезінде аяқталады. Жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін пайдаланылған газ шығаратын түтік жүйесі және өшіргіш (глушитель) арқылы сыртқа шығарылып тасталады.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды.
Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген.
Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады.
Карбюраторлы автомобиль моторлары негізінен бензинмен немесе газбен жұмыс істейді. Мотордың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету үшін бензиннің жақсы буланғыштық және жеткілікті детонациялың беріктілік қасиеттері болуы керек.
ГОСТ-қа сәйкес автомобиль бензинінің келесі маркалары шығарылады: А-66, А-76, А-80, АИ-93, А-90, А-95, және АИ-98.
А әрпі - автомобиль бензині екендігін, И әріпі - зерттеу әдісі бойынша (исследовательским методом) ал цифры - бензиннің октан санын керсетеді.
Антидетонациялың беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) қүйылады. А-72 маркалы бензин этилденбетен. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этилденбеген де түрлерін шығарады. Этилденген бензиндер мынадай түстерге боялған: А-66 - қызғылт сары, А-76 - жасыл, А-93 - көк және АИ-98 - сары.
Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оның қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды.
Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос.
7.3 Қоректендіру жүйесінің қондырғылары
Бензин насосының құрылысы 7.3 - суретте көрсетілген ГАЗ - 53 автомобильінің мысалында қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалқы қорап (7) орналасады және ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші ұшы рычагқа (13) киіліп тұрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жұдырықшша тәрізді эксцентрикпен қозғалысқа келгенде, мембрананы төмен итереді.
1 - қол тұтқасы; 2 - қороп; 3 - диафрагма; 4 - сору клапаны; 5 - сору каналы; 6 - қақпақ; 7 - клапандар қоробы; 8-айдау клапаны; 9, 12 серіппе; 10 - шток; 11 - тірек; 13-тірек
7.3 - сурет - Бензин насосының құрылысы
Ауа тазартқыш. Ауа құрамында көптеген газдардың - оттегінің, азоттың, сутегінің, т.б. - болатыны белгілі. Отынның жануы үшін ауа құрамында массасына орай 23% -ке жуық оттегі болады.
1, 22 - корпус; 2,10,11,12,16 - түтіктер; 6,18,24 - резеңке төсемдері; 13 - термореттегіш, 14 - шланг; 15 - термоэлемент; 19 - сүзгіш элементтері; 21 - ілгешек, 25 - қалқағыш
7.4 - сурет - Қарапайым (а) және термореттеуішті (б) ауа сүзгісі
Егер ауаны тазартпаса, онда бір жұмыс сменасында мотордың цилиндріне бірнеше килограмм шаң түсуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz