Тежегіш жүйесін диагностикалау
Тежегіш жүйесін диагностикалау.
Тежегіш жүйесін диагностикалау. Автомобиль тежегіштерінің жағдайын бақылау жарықтық жəне дыбыстық дабылмен жүзеге асады, оның қадағалары пневвматикалық жетектің ртүрлі нүктелеріне орнатылған. Пневматикалық жетек аппаратының жағдайын мен жұмысқа қабілеттілігін автомобильге орнатылған бақылау өткізгішіне қосылған (7.44-сур.) бақылау манометрмен анықтауға болады. Диагностикалау 7.5-кестесінде келтірілген манометр көрсеткіштері мен нормаларды салыстыру арқылы жүзеге асады. Тексерер алдында пневматикалық жетекті компрессор сөнгенше, яғни пневможетектің қысым реттегіші іске қосылғанша, штаттық екі тілді манометр бойынша қадағаланатын жүйедегі қысым өсуін тоқтатқанға дейін қысылған ауамен толтыру.
Пневматикалық тежегіш жетектің жүйесі қалыпты жұмыс істеуі үшін ТҚ-1 жағдайында əуе баллондарында крандарды ашып, конденсаттың болуын текксеру (7.45-сур.). Конденсанттың баллонда жиналуын болдырмаған дұрыс, бұл конденсаттык пневматикалық аппараттарға түсуіне əкелуі мүмкін. Қалыптасатын конденсаттың мөлшері компрссеордың жағдайына жəне қоршаған уаның ылғалдығына байланысты, сол себепті кейде (автомобильге үсіп кетуден сақтандырғышты орнатқанда) конденсатты күнделікті ағызып отыру қажет. Қыста пневматикалық тежегіш жетектің құбыр желілерінде қатып қалуын болдырмас үшін əуе баллондарынан конденсатты ағызуды əсіресе қадағалау қажет. Конденсат қатып қалса, баллонды ашық отпен (факелмен, дəнекерлейтін шаммен жəне т.б.) жылытуға болмайды. Конденсатта май мөлшерінің көп болуы компрессордың ақаулығын білдіреді. Қоршаған ортаның температурасы +5 °С болғанда қатудан сақтандырғышты спиртпен (орнатылса) толтыру жəне оны жұмысқа қосу. Бұл ретте тұтқасы жоғары күйде болуы тиіс.
Қысқы пайдалану алдында (маусымдық қызмет көрсетуде) булағыштың ішін тазалау жəне жуу қажет. Сұйықтық ауыстыру кезеңділігі метеорологиялық шарттар мен жұмыс режиміне байланысты анықталады. Спиртті болжамдалған жұмсау 1 000 км қашықтыққа 60 см3 , бұл аптасына екі ауысымдық жұмыс істегенде шамамен 200 см3 сəйкес келеді. Автомобильге май-суайырғыш орнатқан жағдайда конденсаттың бар болуын тексеруді əрбір 4 000 км жүріп өткеннен кейін жүргізуге болады. Баллонда конденсаттың болуы ылғал май бөлгіштің істен шығуына жəне оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру қажеттілігіне себеп болады. Ылғал май бөлгіштің қалыпты жұмыс істеген жағдайында баллонда конденсат айтарлықтай болмайды.
Әрбір шыққан сайын жүйедегі қысым 0,5 МПа төмен емес екненіне көз жеткізу керек. Қозғалыс кезінде тежегіш механизмдердің жетегінің пневматикалық жүйесіндегі қысым 0,65...0,8 МПа шамасында болуы тиіс. Жиі қайталама тежелу кезінде қысымның қысқа уақыттық төмендеуіне жол беруге болады. Жүйеде қысымның 0,8 МПа-дан жоғары болуы пневможетектің немесе жүксіздендіру құрылғының қысым реттегіштің ақаулығын білдіреді; ал 1 МПа жоғары болса - пневможетектің қысым реттегішінің сақтандырғыш клапанының ақаулығын білдіреді. Бұл жағдайда ақаулықтарды тез арада жою қажет. Тепкі еркін орналасқан күйде, қозғалтқыш сөніп тұрғанда, тежегіш жүйедегі қысымның төмендеуі манометр шкаласының көрсеткіші бойынша басқару органдары сөніп тұрғанда 30 мин бойы 0,05 МПа жəне 15 мин бойы 0,05 МПа жоғары болмауы керек. пневматикалық жүйеде қысымның күрт төмендеуі жүйеден ауаның тыс көп шығып кетуін білдіреді. Қозғалтқыш тоқтағанда пневматикалық жүйеде қысымның жылдам түсіп кетуі жүйеден ауаның өте көп мөлшерде шығып кеткенін білдіреді. Ауаның шығып кету орнын құлақпен тыңдап анықтауға болады. Ауа аздап шығып кетуі сабынды эмульсия арқылы анықталады. Қосылыстар арқылы ауаның шығып кетуін қосылу арматурасын тартып жөндейді.
Тежегіш кранның жетегі дұрыс реттелген болса, онда жұмысшы тежеу жүйесінің тепкісінің толық жүрісі тепкіні басып тұрып, сызғышпен өлшенеді. Ол 105... 115 мм құрауы тиіс. Тепкіні толық басқанда ол кабинаның еденіне тірелмеуі тиіс. Реттеуді тепкіге бұралған екі реттегіш винтпен келесі тəртіпте орындау керек. Ролик осін бекіту сомынын жəне реттегіш винттің контрсомынын жіберу. Ролик осін бұрып, тепкіге 500.600 Н күш салынғанда, еден мен тепкі арасындағы саңылау кем дегенде 10 мм болуына, ал тежегіш камерадағы ауа қысымы əуе баллонындағы ауа қысымына теңесуіне қол жеткізу керек. Осы күйде реттегіш винтті кронштейн тепкісіне тірелгенше бұрау. Реттегіш винтті айналдырып, жіберілген тепкі жағдайында ролик пен итергіштің арасындағы саңылау 0,3 мм артық емес құрауына қолжеткізу керек. Осыдан кейін ролик осі мен реттегіш винттерін сомындармен бекіту қажет.
Тежегіш жүйелерге техникалық қызмет көрсету және олардың ақаулығы.
Тежегіш жүйелерге техникалық қызмет көрсету және олардың ақаулығы. Доңғалақ тежегіштерінің жұмысшы механизмдерінің реттегіш тетіктеріне техникалық қызмет көрсету штоктарды кезеңдік бақылауға негізделген. Оларды пайдаланғанда сылау қажет етілмейді. Литол-24 жағармайын тек жөндегенде толтыру керек. Пайдалану барысында жұмысшы тежеу жүйесінің механизмдерін толық немесе ішінара реттеу қажеттілігі туындауы мүмкін. Жұмысшы тежеу жүйесін толық реттеуді тежегіш механизмдерді жөндеп болған соң жəне фрикциондық қаптамалардың жəне тежегіш барабанның жұмысшы беттерінің шоғырлануы бұзылғанда ғана жүргізеді. Соңғы жылдары шыққан автомобильдерде бұрамдықтымеханизмнің орнына қалып пен барабан арасындағы саңылауларды автоматтық реттеу үшін құрылғы орнатылады. Бұл жағдайда осы саңылауларды реттеудің қажеті жоқ. Бұрамдықты реттеу алдынғы доңғалақтардың тежегіш камераларының шток жүрісін 15.25 мм шамасында қамтамасыз етуі тиіс, артқысы -- 20.30 мм.
Ішінара реттеу мақсаты қаптамалардың тозуынан пайдалану барысында ұлғаятын қалыптар мен барабандар арасындағы саңылауларды кішірейту болып табылады. Саңылаулардың ұлғайғанын тежеу камераларының штоктары жүрісінің өсуі куəландырады. Ішінара реттеуді бұрамдық осін айналдыру арқылы орындайды. Реттегіш тетіктер үшін шток жүрісі артқы тежегіш механизмдерде 40 мм аспауы жəне алдынғы - 35 мм аспауы тиіс. Ішінара реттегенде қалып осьтерінің сомындарын босату жəне осьтердің орнатылуын өзгерту керек, себебі тежелгенде бұл қалыптардың барабандарға жанасу тығыздығының бұзылуына алып келеді. Ось қондырғылары өзгерген жағдайда толық реттеуді орындау қажет. Оң жəне сол жақ доңғалақтар бірдей тежелуі үшін əр белдікте оң жəне сол тежегіш камералары штогының жүрісі мүмкіндігінше бірдей болуы тиіс.
Жұмысшы және аялдау тежегіш жүйелерінің механизмдерін жөндеу.
Жұмысшы және аялдау тежегіш жүйелерінің механизмдерін жөндеу. Артқы доңғалақтардың күпшектері мен тежегіш механизмдерін бөлшектеу үшін келесі операцияларды олрындау қажет. Жартылай осьтің фланецін бекіту түйреуіштерін бұрап алу, М12х1,75 технологиялық бұрандаманы жартылай осьтің фланец тесіктеріне бұрау, жартылай ось пен төсемшені шешу. Күпшек мойынтіректерінің контрсомындарын бұрап алу, құлыпты шайбаны, манжета құрсауын шешу, сосын күпшек мойынтіректерінің сомынын бұрап алу. Алынғышпен артқы доңғалақтан күпшекті тежеу барабандармен, май жалтыратушы мен манжетамен бірге шешу (6.29-сур.). Күпшекті шешкенде сыртқы мойынтірек те шешіледі. Күпшекті шешкен соң одан құрсаумен бірге манжетаны шешеді. Егер күпшек тежеу барабандармен шешілмесе, теженіш тетігін реттегішпен тежегіш қалыптарын түйістіру керек.
Кірден қорғау қалқандарын шешу. Бұл үшін қалқандарды өзара қосатын бұрандама сомындарын шешу қажет, сосын бекіту бұрандамаларын суппортқа бұрап шығарып, қалқандарды шешу. Қысу жұдырықтарының роликтерін шешу. Қысу жұдырықтарының білігінен тоқтатқыш сақинаны шешу. Тежегіш камераның кронштейнін бекіту бұрандамаларын босату. Қысу жұдырықтарының тіреуіштерінің бұрандамаларын бұрап алу, қысу жұдырықтарын тіреуіштерінен кронштейнінен қағып шығару. Реттегіш тежеу тетігін, реттегіш шайбаларын қысу жұдырықтарының білігінен шешу, сосын қысу жұдырығын шығарып, одан тіреуішті шешу. Сосын тіреуіш жыраларынан нығыздағыш сақиналарды шығару. Тежегіш камра кронштенінің бұрандамаларын шығару, кронштейнді артқы белдік картерінен шешу. Кронштейнді демонтаждағаннан кейін кронштейн жыраларынан нығыздағыш сақиналарды шығару.
Саусақтардан тарпалы серіппелерді ажырату, серпіппелер мен тежегіш қалыптарын шешу. Қалыптардың жағдайын тексеру жəне керек болған жағдайда фрикциондық қаптамаларын қайта тойтаруға жіберу. Тежегіш қалыптарының осьтерін дизельдік отынмен сүрту, осьтердің жағдайын тексеру. Беттерінде елеулі өңдеу жəне тозу іздері (сақиналы жырашықтар түріндегі іздер) болмауы керек. Өңдеу болса жəне ось диаметрі 27,74 мм кем болсла, осьті ауыстыру қажет. Күпшектің ішкі мойынтірегін жуып, тексеру, қажет болса ауыстыру. Мойынтіректе зақымдар болмауы жəне цапфта бұрылмауы тиіс. Күпшек пен тежегіш механизмдерінің бөлшектерін МС-6, МС-8 ТУ 10-15-978 -- 76 ерітіндісінде жуу жəне қысылған ауамен құрғату.
Жұмысшы тежегіш бөлшектерінің дефектациясы. Тежеу барабандарының ішкі бетінде сынықтар, жарылыстар мен содарлар, сақиналы өңдеу іздері болмауы керек. Бөлшектердің жұмысшы беттеріндегі тозулар өндіруші зауыт ұсынған, рұқсат етілген өлшемдерден аспауы тиіс.
Артқы доңғалақтардың жұмысшы тежегіштерінің күпшегі мен механизмдерін жинау.
Артқы доңғалақтардың жұмысшы тежегіштерінің күпшегі мен механизмдерін жинау. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz