Автомобильден алдынғы аспаны шешу


Автомобильден алдынғы аспаны шешу.
Автомобильден алдынғы аспаны шешу. Автомобильді көтергішке немесе қарау жырасына орнату, аялдау тежегішімен тежеу, күпшек қалпағын шешу, алдынғы доңғалақ бұрандамаларын босату, күпшек бекіту сомынын бұрап алу. автомобильдің алдынғы бөлігін көтеріп, алдынғы доңғалақтарын шешіп алу, алынғышпен аспа бағанының бұру тетігінен рөлдік тартылыстың шарлы топсасының саусағын сығып алу (7. 5-сур. ) . Аспа тетігінен арқалық тұрақтандырғышының бағанасын, шанақтан кергі кронштейнін, бұрылыс жұдырығынан аспа тетігінің шарлы топсасын ажыратып алу. Шарлы топса бұрандамаларын бұрылыс жұдырығына қарай бұрағанда, топса ның қорғанысты қабын зақымдап алмас үшін бүйір кілтпен ғана пайдаланған жөн.
Кергінің алдынғы соңында реттегіш шайбалардың санын белгілеу, аспа тетігін шанақ кронштейнінен ажыратып, тетікті кергімен қоса шешу. Қалыптарды бұрылыс жұдырығына бағыттайтын бекіту бұрандамаларын бұрап алу, суппортты қалыптармен шанаққа құбыршек жүктелмейтіндей етіп тезнологиялық ілмекке асып қою. Бағананы шетке əкетіп бұра отырып, құрылғының көмегімен доңғалақ күпшесінен тең бұрыштық жылдамдықтардың топсасының оймакілтек ұшын сығып алу. Қозғалтқыш бөлігі жағынан телескопиялық бағананы бекіту сомындарын шанақ бүркегішіне қарай бұрау, алдынғы аспаның бағанасын бұрылыс жұдырығымен, жəне доңғалақ күпшегімен ұоса шешіп алу.
Көрсетілген операцияларды орындап, алдынғы аспадан басқа бағанды шешу. Сосын штангадан бағаналарды шешу, арқалық тұрақтандыруды бекіту сомындарын шанаққа бұру жəне бқабылдайтын ітеуіш құбырдың астынан абайлап тұрақтандырғыш штангасын шығарып алу. Бекіткіш бұрандамаларды бұрап алу, кергілердің алдынғы топсаларымен алдынғы аспа арқалығын шешіп алу.
Аспаның тораптары мен бөлшектерін орнатуды шешуге кері ізде келесіні есепке алып орындау керек. кергілердің алдынғы сомындары, шанақ кронштейндеріне аспа тетіктерін бекітетін бұрандама сомындары, аспаның арқалық тетіктеріне тұрақтандырғыш бағаналарын бекіту сомындары жəне шанаққа тұрақтандырғыш бағаналарын бекіту сомындарын алдын ала тарту. Резеңке металлды топсаларды, резеңке төлкелер мен жастықтарды бекітетін барлық сомындар зауыт өндіруші ұсынған тарту сəтімен бекіту керек. Арқалық тұрақтандырғышын орнатқанда штангадағы жастықтардығ жалжып кетуін болдырмау, себебі олар қатаң тəртіпте орналасуы тиіс.
Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу .
Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу . Алдынғы аспаны шешу үшін автомобильді жазық жерген не қарау шұңқырына орнату керек. амортизатордың астынғы жəне үстінгі көздерін бекіту сомындарын ағыту, шайбаларды шешу, резеңке төлкесін бір-бірлеп шығару, амортизаторларды шешу. саусақтардан екінші резеңке төлкесі мен шайбаны шешу. Тартпалы бұрандаманы рессордың артқы кронштейнінен шешу. Саусақты шешу үшін автомобильдің алдынғы бөлігін көтергішпен көтеру, жима сатыны шешу, саусақты қағу, рессорды ось балкасынан шешу. Рессорды бөлшекктегенде құлақтың жима сатысын бекіту сомындарын бұрап алу, жима сатыны шешу, құлақты бекіту бұрандама сомынын бұрап, құлақты шешу.
Рессорды құрылғыға орнату (7. 13-сур. ), рессорға қысылатын қапсырыманы бағыттап, жұмысшы винтпен оны қысу. Қамытшалардың сомындарын бұрап, бұрандамаларды кергі төлкелермен шығару, рессор жапырақтарын ажырату, қажет болса, төлкелерді жақтаумен рессор құлақшаларынан сығып алу. Осы жағдайларда, жапырақтардың түгелін немесе жекелеп ауыстыру үшін автомобильден алдынғы не артқы рессорды шешу керек болғанда, құлақты саусақпен орнында қалдырып, тек рессорды шешу ұсынылады.
Аспа бөлшектерінің дефектациясы . Рессорлық жапырақтарды жарылыстардың жоқтығына лупа немесе магниттік деектация əдісімен тексереді. Сынықтар жəне кез келген жарылыстар анықталғанда, жапырақтарды жарамсыз етеді. Жапырақтардың радиустарын өлшейді. Барлық жаңа жапырақтарды зауытта бытыралы арынмен өңдейді (жапырақтың ішке кірген жағымен), бұл олардың төзімділігін жоғарылатады. Бытыралы арынмен өңдеу диаметрі 1 мм бытырамен 60 м/с беріліс жылдамдығымен жүргізіледі, бір рессорлық жапырақты беру жылдамдығы 1 м/мин.
Құлақтың төлкесі тозған жағдайда төлкені пресстейді, жаңасын 0, 01 . . . 0, 11 мм тартылысымен пресстейді. Сосын дұрыс саусақты таңдап, оны диаметрі бойынша төлкеге келтіреді, төке мен саусақтың арасындағы саңылау 0, 07. 0, 255 мм шамасында болуы тиіс. Алдынғы жəне артқы рессорлардың кронштейндерінде жарылыстар немесе сынықтар болса, ауыстыруға жатады. Егер рессор саусағының тесігі берілген шамадан тыс тозған болса, кронштейндерді ауысытру керек. Егер тотарма қосылыстар босаса, оларды шауып немесе жаңасын тойтару керек. Босаған тойтармаларды тартуға жол берілмейді. Тойтарма тесіктері тозған жағдайда диаметрі ұлғайтылған тойтармалардың тесіктерін бұрғылау қажет. Тойтармалар өз тесігіне мықты кіруі керек. Рессор саусақтары рұқсат етілгенм шамадан асып тозған жағдайда саусақтарды ауыстыру қажет.
Рессорды жинау.
Рессорды жинау. Жинар алдында рессор жапырақтарын Ксе-А графиттік жағармаймен сылау керек. Рессорды жинауды құрылғыда жинайды, 7. 13-суретінде көрсетілген. Рессорлық жапырақтарын жапырақтардың штампталған жерлері рессордың əр жапырағының тереңдігіне кіретіндей етіп жинау керек. Жапырақтар жинағын винттің көмегімен құрылғыға қысып, қамытпен бекіту керек. Жиналған рессордың жапырақтары бірінші жапыраққа қатысты жылжып кетуыне 2 мм артық емес рұқсат етіледі. алдынғы жəне артқы рессорларды құлақтармен бірге жинағанда міндетті түрде құлақ төсемшелерін орнату қажет. Құлақтарды жима сатының сомындарымен жəне бұранда сомындарымен бекіту керек, бұл ретте жима сатының сомындары алдынғы жəне артқы рессор құлақтарының жима сатыларының сомындары екі серіппелі шайбадан төселуі тиіс. Бірінші жапыраққа бекітілетін құлақ бұрандама сомындары тоқтатқыш шайбамен контрлануы тиіс. Алдынғы жəне артқы рессор құлақтарының жима сатыларының сомындарын тарту сəті 70 . . . 100 Н • м шамасында болуы керек.
Рессорларды сынау . Жинағаннан кейін рессорлар өндіруші зауыт ұсынған жүктемені екі мəрте отырғызылуы тиіс (7. 14-сур. ) . бұл үшін H0 еркін нұсқардың көлемін өлшеп, пресс үстеліне рессор орнату жəне жүктеу қажет. Жүктеме шамасы мен бүгілу нұсқарлары осы автомобильге орнатылған рессор үлгісіне байланысты анықталады. Нк бақылау нұсқарын келесі түрде анықтайды. Рессорды Рк бақылау жүктемесімен жүктейді жəне Нк бақылау нұсқарының бірінші өлшемін жасайды, содан кейін рессорды 3 000 . . . 5 000 Н қосымша жүктемемен жүктейді жəне Рк бақылау жүктемесін қалдырып, оны бірден шешеді. Нк екінші өлшемін орындайды. Нк алынған екі мəннен орта арифметикалық мəн шығарады, ол өндіруші зауыт ұсынған мəндерден төмен болмауы тиіс. Алдынғы жəне артқы рессордың отыруын жылжымалы тіреуіште орындаған дұрыс. Алдынғы жəне артқы рессорды жинағаннан жəне сынағаннан кейін, оларды амортизаторлармен қоса автомобильге орнатады.
Амортизаторларды бөлшектеу .
Амортизаторларды бөлшектеу . Амортизаторды астынғы көзден басқыштарға бекіту. Штокты үстінгі көзден резервуардан тоқтап қалғанынша шығарып алу. арнайы кілтпен сомынды резервуардан бұрап алу (7. 15-сур. ) . Құрсауды шток манжетасымен жəне резервуар манжетасымен қоса алдын ала 30 . . . 40 мм жоғары көтеріп, бұрағышпен жұмысшы цилиндрден штокты сыртқы қаппен, поршеньмен жəне манжета құрсауымен қоса көзден тартып алу. Резервуардан жұмысшы цилиндрді қысу қалпағымен қоса шығару. Жұмысшы цилиндрден қысу клапанын сығып алу (7. 16сур. ) . резервуардан басқашытардан шығару, майды ағызу. Басқыштарға штокты поршеньмен жəне манжета құрсауымен қоса орнату, оны көзінен бекіту. Қайтарым клапанының реттегіш сомынын бұрап алып, клапаннан серіппені шешу. Қайтарым клапанынан тəрелкені, шайбаны, дроссельдік дискті, поршеньдік сақинамен бірге поршеньді, қайта шығару клапанының тəрелкесін, клапан серіппесі мен қата шығару клапанының шектеуші тəрелкесін шешу. Нығыздағыш сақинасы бар бағыттаушы штокты, серіппе, шайба, резервуар мандетасымен, штоктың резеіке манжетасымен жəне киіз нығыздағыпен қоса құрсауды, басылатын шайбаны, сомын төсемшесін, резервуар сомынын шешу. Штокты көзбен басқыштардан шығару. Басқыштарға жиналған қысу клапанын орнату жəне оның корпусынан бекіту. Қысу клапанының сомынын бұрап алып, қысу клапанының серіппесін шешу.
Қысу клапанының тəрелкесін, шайба, қысу шайбасын, қысу клапанының корпусын, өзекті, шектеуші тəрелкені, қата шығаратын клапанның серіппесі мен тəрелкесін шешу. Қысу клапанының корпусын басқыштардан шығарып алу. амортизатор бөлшектерін жуып, қысылған ауамен кептіру. Бөлшектерді сода ерітіндісімен жуға жəне мақта-м аталы маталармен сүрту дұрыс болмайды.
Амортизаторды жинау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz