Айып добын торға лақтыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Айып допын торға лақтыру

Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды (әр командада барлығы 12 адамнан, ауыстыруға шектеу қойылмайды). Әр ко- манданың мақсаты - қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне) қолмен допты лақтыру және басқа команданың допқа иелік етулеріне және өздерінің себет- теріне лақтыруға кедергі келтіру. Себет еденнен 3,05 м биіктікте орналасады. Жақын және орташа қашықтықтан лақтырылған допқа екі ұпайдан, алыс қашықтықтан (3 ұпайлық сызықтың сыртынан) - үш ұпай есептеледі, айыптық лақтыру бір ұпаймен бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі - ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Баскетбол Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1936 жылдан (ойынды ойлап тапқан Джеймс Нейсмит онда қонақ ретінде қатысқан) енген. Ерлер арасындағы баскетболдан әлем чемпитонаты -- 1950 жылдан бері, әйел- дер арасында -- 1953 жылдан бері, Европа чемпионаты - 1935 жылдан бері өткізіліп келеді.
Баскетбол допты тек қолмен ойнайды. Допты еденге соқпай жүгіруге, аяқпен тебуге, аяқпен тосқауыл қоюға немесе жұдырықпен ұруға тиым салына- ды. Байқаусызда табан немесе аяқ тиіп кеткен болса ол ереже бұзу болып са- налмайды.
Баскетболда жеңімпаз болып ойын уақыты аяқталғанда неғұрлым көп ұпай жинаған команда саналады. Негізгі уақытта ойын тең аяқталған болса овертайм белгіленеді (әдетте бес минут қосымша уақыт), егерде оның аяғында тең түссе бір команда жеңімпаз болмайынша екінші, үшінші және т.б овертаймдар бел- гіленеді.
Допты себетке түсірген кезде әр түрлі ұпай сандар саналуы мүмкін:
˗ 1 ұпай - айыптық лақтыру
˗ 2 ұпай - жақын немесе орташа қашықтықтан лақтыру (3 ұпайлық сыз- ықтың ішінен)
˗ 3 ұпай - үш ұпайлық сызықтың сыртынан 6м 75см (7м 24см) қашықтықтан
Ойын орталық шеңберде даулы лақтырудан басталады, допты дауласушы бір жақ қағып жібереді. Екінші және үшінші, төртінші ойындар арасындағы де- малу ұзақтығы - он бес минут. Үлкен демалыстан кейін командалар себеттерін ауыстырулары тиіс.
Ойын ашық алаңқайда немесе биіктігі 7м кем емес залда өткізіледі. Қалқанның өлшемі 180х105 см. Қалқанның астынғы шеткі нүктесінен еденге немесе топыраққа дейін 290 см болуы тиіс. Себет металлдан жасалып, сақина тәрізді болады, түбі жоқ тормен жан-жағы тартылады. Еденнен 3,05м деңгейде орналасады. FIBA стандарттарымен ерлер жарыстары үшін доптың ауқымы - 74,9 - 78 см, массасы - 567 - 650 г, әйелдер жарыстары үшін - 72,4 - 73,7 см және 510 - 567 г бекітілген.

˗ аут - доп алаң сыртына шығып кетеді;
˗ жүгіріп өту - допты бақылауында ұстап бара жатқан ойыншы аяқ алуды ережеде бекітілгеннен асырып жіберу;
˗ допты алып жүруді бұзу - допты екі қолмен олып жүру;
˗ 3 секунд - шабуыл аймағында оның командасы допқа иелік еткен уақытта жабуылшы жақтың ойыншысы қарсыластың бояуында (шеңбердің астындағы тікбұрышты аймақ) үш секундтан артық болса;
˗ 5 секунд - ойыншы лақтыруды орындау кезінде доптан бес секунд айы- рылмай қойса;
˗ Тығыз қамқорлықтағы ойыншы - тығызқамқорлықтағы ойыншы 5 секунд ішінде доп бере алмайды және шеңберге допты лақтыра алмайды;
˗ 8 секунд - тыл аймағында допқа иелік етіп жүрген команда алдыңғы ай- маққа 8 секунд ішінде допты шығармаса;
˗ 24 секунд - команда допқа 24 секунд иелік етіп шеңберге допты лақтырмаса. 24 секунд есептегіш егер доп шеңбердің шетіне тисе нөлге теңестірледі. Осыдан кейін шабуылдаушы команда шабуылдаудағы таңдауға және тағыда 24 секундқа ие болуға құқылы. Егер фоль алса немесе қорғанушы команда тәртіп бұзса (доптың алаң сыртына шығып кеткенін есептемегенде) немесе ойынды басқада себептермен тоқтатқан жағдайларда жабуылдаушы команда келесілерге құқылы болады:
˗ жаңа 24 секундқа ие болады, егер лақтыру допқа иелік етуші команданың қорғаныс аумағында орын алса;
˗ уақыт санау егер 14 немесе одан көп секунд қалған сәттен жалғастырылады;
˗ жаңа 14 секундқа иелік ету, егер иелік етуге 13 немесе секунд қалса; ˗ қорғаныс аумағына допты қайтаруды бұзу - шабуылдау аумағында допқа иелік етуші команда оны қорғаныс аумағына ауыстырса.
Фол - бұл ережелерді сақтамау, дербес жақындау немесе спортқа тән емес қылықтар көрсету. Фол түрлері: дербес - қарсыласпен жақындасу кезіндегі ойыншы фолы, техникалық, екі жақты, спортқа тән емес, дисквалифициялаушы.
Ойында 5 дербес фол (ҰБҚ 6 фол) немесе спортқа тән емес фол алған ойыншы ойын алаңынан аластатылады немесе ойынға қатыстырылмайды (бірақта оған запастық орындықта қалуға рұқсат етіледі). 2 техникалық ескерту немесе дисквалифициялаушы фол алған ойыншы алаңқайдан аластатылады және ойын өтіп жатқан орынды тастап кетуі тиіс (ойыншыға запастық орындықта қалуға рұқсат етілмейді).
Ойын кезінде мынадай әдіс-тәсілдер іске асырылады:
1) Орын ауыстыра білу;
2) допты беру мен қағып алу;
3) Допты ыршытып алып жүру;
4) Допты торға лақтыру;
Жастар көбнесе кіші баскетбол ойынын ойнайды. Кіші баскетбол - әдеттегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
: Бақылау нормативтері (жалпы фитнес және баскетбол бойынша )
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол ойыны дамуының қысқаша тарихы
Қағып алған допты серіктеске беру
Бір ойыншы қолында допты
Баскетбол. Допты алып жүру мен допты себетке әр-түрлі қашықтықтан тастауды дамыту
Студенттің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін жетілдіру (баскетбол ойыны негізінде)
Баскетбол ойыны. Ойын техникасы
Баскетбол ойынының техникасы
Пәндер