Акт - заңды күші бар ресми құжат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АКТ

  1. Актдеген не?

Акт - заңды күші бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі. Акт - анықталған деректерді немесе оқиғаларды, іс- әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат. Актіні жеке адам (тексеруші- ревизор, срапшы - аудитор, инспектор) толтыруы мүмкін.
Акт жасаушылар (бақылау, тексеру, ревизия, сынау және т. б актілер) актіде өз қорытындыларын, ұсынымдарын, ұсыныстарын білдіруі мүмкін. Мұндай актілерді олардың өкілеттілігін растайтын құжаты көрсетілген бір лауазымды тұлға немесе уәкілетті тұлғалар, уақытша және тұрақты комиссиялар жасайды. Кейбір актілер бекітуге жатады. Олар:
-бақылау- ревизия сипатындағы;
-ұсынымдар мен ұсыныстар берілген;
-құжаттарды, тауар- материалдық құндылықтарды жоюға бөлу туралы.
Акт реттеуші құжат шығару жолымен немесе актінің бірінші парағына құжатты жасауға нұсқау берген басшының бекіту белгісін қою арқылы бекітіледі. Бірінші жағдайда реттеуші құжатқа қосымша ретінде ресімделеді, екінші жағдайда жалпы бланкіге ресімделеді. Актіде келісім туралы белгі болуы мүмкін. Акт жасауға қатысқан тұлғалардың барлығы актіге қол қояды, актіде олардың лауазымдары емес, комиссия құрамындағы функциялары (төраға, хатшы, комиссия мүшесі) көрсетіледі. Ревизия және иексеру актілерімен қызметтері қатысты болған барлық тұлғалар таныстырылады. Сонымен қатар "Актімен таныстырылды: қолы, толық аты- жөні, датасы" көрсетілген келісу белгісі қойылады. Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады. Акт жасалған соң, комиссия оның мазмұнымен актіде аталған адамдарды қолхат алып таныстырады.

2. Акттың құрылымы қандай?

Актінің құрылымы:

  1. ұйымның атауы
  2. құжаттың көрінісінің атауы
  3. күні және тіркеген нөмірі
  4. басылымның жері немесе таралымы
  5. мәтінге тақырыптама
  6. қолдар
  7. бекіту белгісі ( бекітуді сұрайтын актілер, құжаттың тізбесіне алынуы қажет)

Акт ортақ бланк негізінде актінің үлгісіне сәйкес (10- қосымша) сәйкес ресімделеді. Акт кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің және жеке лауазымды адамдардың қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті не құжатты қабылдау - өткізу, объектіні немесе тауар- ақщалық бағалы заттарды абылдау кезінде жасалады. Актіге төраға және комиссия мүшелері қол қояды. Қолтаңбаны ресімдеу кезінде қол қоюшы тұлғалардың лауазымдары көрсетілмейді.
Акт мәтіні екі бөліктен: кіріспе және белгілеуші бөліктен тұрады.
Кіріспеде акт жасау үшін негіз болған құжат түрі оның нөмірі, күні, көрсетіледі. Одан кейін лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай- ақ тексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады, оған қатысушылар санамаланып көрсетіледі:
- төраға;
- комиссия мүшелері;
- қатысушылар.
Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат- міндеттері, мәні баяндалып, айқындалған фактілер ресімделеді, жасалған жұмыстарға (маңызы, сипаты, әдістері, мерзімі) сипаттама беріледі, деректер белгіленеді, акт жасаушылардың тұжырымдары, ұсыныстары, қорытындылары мазмұндалады. Мәтін тармақтарға бөлінуі немесе кесте пішінінде жасалуы мүмкін.
Қосымша берілетін болса, қосымша туралы белгі мәтіннің соңында белгіленеді. Мұндай жағдайда қосымша "Құжаттау мен құжаттаманы басқарудың " Үлгілік ережелерінің 36- тармағына сәйкес ресімделеді.
Мәтіннің соңында (қосымша туралы белгінің астына), егер қажет болса акт даналарының саны, нормативті ережелерге сәйкес әр дананың немесе олар жіберілген адресаттың тұрғылықты орны көрсетіледі.

Жалпы бланкіге ресімделген АКТІНІҢ деректемелері төмендегілер болып табылады:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының немесе эмблема, логотиптің, тауарлық қызметтің белгісі;
2. ұйымның атауы - құдат авторы, жоғарғы орган;
3. құжат түрінің атауы - АКТ;
4. датасы;
5. нөмірі;
6. құжаттың тақырыбы;
7. басып шығарылған орны;
8. мәтіні;
9. қосымша (егер бар болса)
10. бекіту белгісі;
11. келісілгені туралы белгі;
12. қолы (актінің кіріспе бөлімінде немесе комиссия құру туралы реттеуші құжатта көрсетілген тұлғалардың аты- жөні көрсетілген, фамилиялары толық жазылады, лауазымдары көрсетілмейді)
13. құжаттың орындалғаны және іске жөнелтілгені туралы белгі.
Мұрағат қызметі қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Құжаттар құндылығына сараптама жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрі - Ұлттық мұрағат қоры) құрамына жатқызылған құжаттарды іріктеу, оларды мемлекеттік мұрағаттың тұрақты сақтауына тапсыруға дайындау және Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылмаған құжаттардың сақталу мерзімдерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Құжаттарды өңдеу жыл сайын ведомстволық мұрағаттың жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оның барысында құжаттар құндылығына сараптама жасалып, тұрақты, уақытша (10 жылдан жоғары) сақтаудағы істердің және жеке құрам бойынша істер жиынтық тізімдемелерінің жекелеген бөлімдері мен сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті жасалады, ресімделеді.

3. Акттың үлгісі қалай жасалады?

Орындалған жұмыс актісін толтыру және жіберу тәртібі - Сервисный ...

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілердің белгілері
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану
Нормативтік шарттар
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Президенттің нормативті жарлығы
Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Құқық нысаны
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz