Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері
1. Сипаттізім дегеніміз не?
Сипаттізім -- жасалатын тетіктердің тізімі;қүрама бірліктің, кешеннің немесе жинақтың қүрамын анықтайтын кесте түрінде орындалған қүрылымдық құжат; стандартқа сәйкес жеке бланкіде жасалған бұйымның негізгі конструкторлық кұжаты. Сипаттізім - жаңа бұйымды жобалауда толтыратын мәтінді конструкторлық құжат. Ол құрастыру сызбасын оқуды жеңілдетеді. Сипаттізім бұйымның құрам бөліктерінің санына қарай бір немесе бірнеше А4 пішімді сызба қағаздарына
орындалады.
Бұйымның қүрамына енетін тікбөлшектер, қүрастырылған бүйымдар және материалдар туралы негізгі мәліметтер көрсетілген қүрылымдық құжат кесте түрінде сызылады. Сипаттізім А4 пішіндегі жеке сызба қағазына 12 орындалады. Сипаттізімдегі негізгі жазудың пішіні сызбадағы негізгі жазу пішінінен өзге болады.

2. Сипаттізім бөлімдері мен мазмұнын айтыңыз?.

Сипаттізім бірнеше бөлімдерден тұрады, Әрбір бөлімнің атауы Атауы деп аталатын бағанға асты жіңішке тұтас сызықпен сызылып жазылады және әрбір бөлім атауының үстінен және астынан бір бос жолдан қалдырылады. Мәліметтер бағандар мен жолдардан шығып кетпеуі керек.

Сипаттізім бөлімдері. Комплекстер, Құрастыру бірліктері, Тетікбөлшектер бөлімі.

Бұл бөлімдердегі жазбаша мәліметтер белгілену индексіне кіретін әріптерді алфавиттік ретте, ал сандарды өсу реті бойынша жазу арқылы беріледі.

Стандарт бұйымдар бөлімі. Бұл бөлімдегі бұйымдар стандарттар категориясының реті бойынша (алдымен мемлекеттік, содан соң республикалық, салалық, кәсіпорындар стандарттары) жазылады. Әрбір категорияға кіретін бұйымдар топтарға бөлінеді, мысалы: бекіту бұйымдары, арматура, әртүрлі бұйымдар.

Әр стандарт категориясы бойынша жазулар алфавиттік ретпен, ал бұйым атаулары стандарттар белгіленуінің өсу реті бойынша жазылады, мысалы:

Болт М12 х 65.58 МЕСТ 7796-70 Болт М20 х 75.58 МЕСТ 7798-70.

Егер бұйым бір стандартпен дайындалған болса, онда ықшамдап жазуға болады, мысалы:

Болттар МЕСТ 7796-70

М10 х 65.58 М20 х 65.58 М24 х 75.58.

яғни бұйым атауының жалпы бөлігін тақырып ретінде бір рет қана жазуға рұқсат етіледі.

Сипаттізімде бекіту бұйымдары тобын мынадай ретпен жазу ұсынылады: болттар, винттер, гайкалар, шайбалар, шпилькалар.

3. Сипаттізім бағандарын айтыңыз және қысқаша сипаттама беріңіз?

Пішім бағанында тетікбөлшек сызбасы немесе басқа конструкторлық құжат орындалған пішім өлшемі көрсетіледі: баған Стандарт бұйымдар, Басқа да бұйымдар және Материалдар бөлімдері үшін толтырылмайды.

Аумақ бағаны. Аумақ белгіленуі көрсетіледі (МСТ 2.104-68). Егер сызба алаңы Құжаттар және Комплектілер бөлімдері үшін екі аумаққа бөлінсе бұл баған толтырылмайды.

Реті (позициялар) бағаны. Құрастыру бірліктері бөліктерінің реттік нөмірі сипаттізімге жазылу ретімен көрсетіледі.

Белгіленуі бағаны. Бұл бағанда конструкторлық құжаттардың белгіленуі көрсетіледі. Стандарт бұйымдар, Басқа да бұйымдар және Материалдар бөлімдері үшін толтырылмайды.

Атауы бағаны. Бұйымдардың атаулары жазылады. Құрастыру сызбасы шығарылмаған тетікбөлшектер үшін олардың атауы, материалы, дайындауға қажетті өлшемдер; стандарт бұйымдар мен материалдар үшін - атаулары мен стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес шартты белгілері көрсетіледі.

Саны бағаны. Бұйымның құрам бөліктерінің саны көрсетіледі.

Ескертулер бағаны. Бұйымға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны конструкторлық-технологиялық қамтамасыз ету
Тақырып бойынша графикалық сызба жұмыстарын орындау
Техникалық сызудың жалпы ережелері
Ғылыми-техникалық құжаттамалардың жекелеген түрлеріне сараптама жасау
Құрастыру сызбасы
Жалпы сызба бөлшектерін зерттеу
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Құрастыру сызбасы туралы
Лицензия және лицензия терминологиясы
Толқын өткізгіш - коаксиалды ауысу
Пәндер