Металдар мен қорытпалардың коррозиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Іс-тәж: коррозиядан қорғану.
1.Металдар мен қорытпалардың коррозиясы .
Металл коррозиясы - металл немесе қорытпаның қоршаған ортамен физика-химиялық жəне химиялық өзара əсер ету салдарынан, əрекеттескен металл (қорытпа) мен ортаның немесе оның техникалық жүйесінің функционалдық қасиет- терінің төмен болуына əкеледі.
Коррозия - латынның corrodo - жемірілу немесе corrosio - бұзылу не мүжілу деген сөзінен шыққан. Өзара əсерлесу негізі - химиялық жəне электрохимиялық реакциялардың жүруі болып табылады. Кейде ол механикалық əсердің де салдарынан болады. Сондықтан, материалдың түрлі ортаның əсеріне қарсылық көрсету қабілеттілігі, коррозияға төзімділік немесе материалдың химиялық кедергісі деп аталады. Коррозияға ұшырайтын металды - коррозияланатын металл, ал коррозиялық процесс жүретін ортаны - коррозиялық орта деп атайды.
Коррозиялық процесс салдарынан металл толығымен немесе жартылай бұзылуы мүмкін. Металл мен коррозиялық ортаның өзара əсерлесуі нəтижесінде пайда болған химиялық қосылыс - коррозия өнімі болып табылады. Коррозия өнімі - металдың беткі қабатында тотықты қабыршық, кеуекті қабаттар немесе тат түрінде кездеседі. Металл бетінің адгезиялық дəрежесіне байланысты əр түрлі жағдайлар байқалады. Мысалы, темір қорытпаларының беткі қабатындағы таты металға тереңірек еніп, кеуектелуіне əкеледі. Ал оның əрі қарай дамуы салдарынан, тесікті бұзылыс береді. Керісінше, алюминийдің тотықтануы, оның беткі қабатында тығыз, əрі бірқалыпты тотықты қабыршық пайда болуын металды бұзылудан қорғайды.
Сонымен, корррозия - физика-химиялық процесс, ал оның коррозиялық жүру заңдылығы, гетерогендік жүйедегі термодинамика мен кинетиканың жалпы заңдылықтарымен анықталады. Ол сыртқы (температура, қысым, т.б.) жəне ішкі (құрамы, құрылымы, т.б.) коррозиялық себептерге байланысты.

Металдар мен құймалар әр түрлі заттармен жанасқанда, олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе жаңбыр, топырақ ылғалы, ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады (коррозия -- лат. korrosio -- желіну деген сөз). Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу(коррозия) деп аталады.
Металдардың басым көпшілігі қоршаған орта (су, ауа) әсерінен жемірілуге (коррозияға) ұшырайды. Металдарды жемірілуден қорғау - қазіргі заманның ең негізгі мәселесі болып отыр. Жемірілуден қорғаудың негізгі әдістері:
* лактау, бояумен бояу
* Электрохимиялық қорғау
* Катодтық, анодтық қорғау
* Электр қорғау, т.б.
Металдар мен құймалардан жасалған өнеркәсіптік қондырғылар, ауылшаруашылық техникасы, қатынас келіктерінің тетіктері, энергетика және химия өнеркәсібінің қондырғылары жемірілуге ұшырайды. Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Сондықтан жемірілу процесінің негізін біліп, оның зардаптарын болғызбау жолдарын үйрену керек.
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар "бекзат металдар" деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді. Сондықтан бұл металдарды және олардың құймаларын жемірілуге тыйым салынған жерлерде қолданады. Мысалы, электрондық өнеркәсіпте, ғарыштық техникада контактілер жасау үшін алтынды пайдаланады.
Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілікжер металдар "бекзат металдарға" қарама-қарсы қасиетке ие. Олар көдімгі жағдайдың өзінде қоршаган ортадағы көптеген заттармен (ең алдымен, оттекпен және сумен) оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды.

2. Коррозиядан қорғану .
Металдарды коррозиядан қорғаудың озық технологиялары туралы айта отырып, негізгі 2 топты белгілеуге болады:
* Бірінші әдіс - бұл конструкциялық материалдардың химиялық кедергісін арттыру және металдың беттерін агрессивті ортадан оқшаулау, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тозуға төзімді және коррозияға төзімді қаптамалар
Металдардың электрхимиялық коррозиясы
Металл деформациясы
Электрохимиялық коррозия
Өнеркәсіптік ғимараттың темірбетондық және бетондық конструкциялық элементтері жайлы
Магнийдің латынша аты
Коррозияны зерттеудің сапалық тәсілдері
Тигельді балқыту пешінің артықшылықтары
ҰНТАҚТЫ МЕТАЛЛУРГИЯ
Металдар
Пәндер