Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру.
1. Кесте дегеніміз не ?
Кесте (таблица; table) -- мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет. Кесте мәлімдемелік мәліметтер базасының негізі болып саналады.
Кесте жолдары жазба, ал бағаналары өріс деп аталады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кесте түрлері:
* Ассемблер кестесі (таблица ассемблера; assembler table) -- ассемблердің негізгі программаны трансляциялау барысында қолданатын құралы. Мұндай кестелер екі түрлі болады: алдын ала құрылған тұрақты кестелер (мысалы, амалдар кестесі); аудару процесінде құрылатын уақытша кестелер (мысалы, атаулар, бедербелгілер, қателік кестелері).
* Атаулар кестесі (таблица имен (символов, идентификаторов); symbol (name) table) -- программада қолданылған идентификаторлар және олардың атрибуттарының аударғышпен шығарылатын тізімі.
* Базалық регистрлер кестесі (таблица базовых регистров; base register table) -- программада using командаларымен жарияланған базалық регистрлер мен адрестер нөмірлерінен тұратын ассемблер кестесі.
* Байланыс векторлар кестесі (таблица векторов связи; concatenation vector table(cvt) -- операциялық жүйенің ядросында орналасқан, орындалуға даяр қалып-күйдегі жүйелік және проблемалық мөселелер кезегі адресінен тұратын басқару кестесі.
* Баптау кестесі (таблица настройки; relocation table) -- баптау барысында өзгертілетін адрестер тізімінен, сонымен қатар сол өзгеріске қажетті мәліметтерден тұратын жүктеу немесе объектілік модульдің бөлігі.
* Бедербелгілер кестесі (таблица литералов; literal table) -- бағдарламада кездесетін барлық бедербелгіден тұратын компилятор кестесі.
* Беттік ассоциативтік кесте (ассоциативная таблица страниц; lookaside registers) -- нақты және виртуаль парақтардың сөйкестіктерін көрсететін және берілген виртуаль адреске байланысты нақты парақтың нөмірін анықтайтын виртуаль жадты басқару жүйесінің бөлігі.
* Блоктар кестесі (таблица блоков; block table) -- жадты статистикалық үлестіру барысында компилятормен құрылатын кесте. Бұл кесте әрқайсысы блок деңгейі мен осы блокта мәліметтерді орналастыруға арналган жад ұяшықтарының санын көрсететін жазбалардан тұрады.
* Бұрын болған кесте (таблица предшествования; precedence table) -- негізгі программа сөйлемінің жеке элементтерін өндеудің логикалық кезегін анықтайтын компилятордың көмекші кестесі.
* Ерсілі-қарсылы сілтемелер кестесі (таблица перекрестных ссылок cross; reference table) -- әр идентификатордың типін, адресін, анықталу орнын және қолданылатын орындар тізімін көрсететін аударғышпен құрылған кесте.
* Есептеу кестесі (вычислительная таблица; calkulation table) -- есептеу жылдамдығын арттыруға арналған арифметикалық амалдар кестесі.
* Жүйелік кесте (системная таблица; system table) -- жүйедегі ресурстар мен процестер қалып-күйін көрсететін мәліметтерден тұратын кесте.
* Кодтау кестесі (кодировочная (кодовая) таблица; code table) -- мәліметтерді кодтауға және кері айналдыруға арналған барлық кодтық комбинациялардың жиынтығы мен оларға сәйкес кодталатын мәндерден тұратын кесте.
* Құрылғылар атауларының кестесі (таблица. Имен устройств; device name table (dnt) -- барлық мүмкін боларлық типтік және топтық құрылғылар атауларын қамтитын операциялық жүйені генерациялау барысында құрылатын басқару кестесі.
* Қызметтік кесте (функциональная таблица; functional table) -- кодтарды аудару барысында қолданылатын кесте. Мұнда трансляцияланатын кодтың байты кестеден іздестірудің аргументі, ал трансляцияланған кодтың байты оның функциясы болады; бір жиынтыққа кіріс басқа жиынтықтардағы сәйкес кірістерді анықтайтындай етіп ұйымдастырылған мәліметтердің екі немесе одан көп жиынтығы.
* Логикалық байланыстар кестесі (таблица логических связей) -- дескрипторлар арасындағы иерархиялық және ассо-циативтік қатынастар айқындалған машиналық тезаурустың қосалқы бөлігі.
* Маршруттау кестесі (таблица маршрутизации; routing table) -- дестелер немесе хабарламаларды ұқсастыру желісінің торабымен байланысқан және әр адресатқа тиімді шығу арнаны көрсететін кесте.
* Мәліметтерді кеңейту кестесі (таблица расширения данных) -- файлды ашу кезінде операциялық жүйемен жасалатын кесте. Бұл кестенің өр элементі файлға балінген қатар жолдар топтарын анықтайды.
* Объектілер кестесі (таблица объектов) -- бірінші кірісі объект (код, нөмір немесе атау), ал екіншісі объект сипаттамаларының атаулары болатын екі кірісті кесте.

* Операциялар кестесі (таблица операций; operation table) -- машиналық командалардың, ассемблер командаларының және макрокомандалардың мнемоникалық кодтарынан тұратын кесте.
* Өту кестесі (таблица переходов; transition table) -- амал символы және транслятормен жасауға болатын түрлендірулер арасындағы сөйкестік кестесі. Бұл кесте өрнектерді түрлендіру үшін қолданылады.
* Пайдаланушылар профилъдері кестесі (таблица профилей пользователей; user profile table) -- уақыт бөліктенген жүйелерде -- әр активті өзгерту үшін оның жүмыс сеансы басталғанда алынған ақпарат бойынша жасалған белгілер кестесі.
* Парақтар кестесі (таблица страниц (пёреадресации страниц, страничных блоков); page (frame) table) -- виртуаль адрестерді нақты жадтың адрестерімен байланыстыратын және жедел жадта қандай парақтар бар екендігін көрсететін операцияйық жүйенің кестесі.
* Пунктті енгізу-шығару кестесі (таблица ввода-вывода пункта; step input-output table (siot) -- құрылғыларды үлестіруде пайдаланылатын мәліметгер жиынтығына қажетті құрылғылар жайлы ақпараттан тұратын басқару кестесі.
* Пішімдер кестесі (таблица формата; format table) -- шығарылу тізбегіндегі оны жөндестіруде қолданылатын мәліметтер пішімдерінің спецификациялар жиынтығы.
* Реттелген кесте (упорядоченная таблица; sorted table) -- жолдары бір немесе бірнеше өрістері бойынша реттелген кесте.
* Сегменттер кестесі (таблица сегментов; segment table) -- виртуаль жад сипаттамасының жоғары деңгейі. Мұнда таблицаның әр кірісі жеке сегмент үшін парақтар кестесінің ұзындығын, орнын және оған қатынау мүмкіндігін анықтайды.
* Тапсырманы енгізу-шыгару кестесі(таблица ввода-вывода задачи; task input-output table (тiот) -- мәліметтерді басқару блогын мәліметтер жиынтыгына бөлінген құрылғымен байланыстыруға арналған басқару кестесі.
* Терминал кестесі (таблица терминалов; terminal table) -- жүйе құрылғыларының алмасу арналарын, құрылғылардың өзін және хабарлама беретін немесе қабылдайтын қолданбалы программаларды біркелкілеу кестесі.

* Түстер кестесі (таблица цветов; color table) -- қызыл, жасыл, көк түстердің индекстік нөмірлері бойынша дисплей экранында керекті түс алуға арналған графикалық адаптерде аппаратты түрде іске асырьшған кесте.
* Үлестіру кестесі (таблица распределения; allocation table) -- есептеу жүйелері ресурстарының сипаттамаларынан және олардың процестер немесе программалар арасында бөлінуі жайлы мәліметтерден тұратын кесте.
* Файлдарды орналастыру кестесі (таблица размещения файлов; file allocation table (fat) -- дискінің жүйелік аймағында орналасқан және оның қай фрагменттері (кластерлері) бос емес, қайсылары бос және зақымдалу туралы ақпарагган түратын диск ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері
MS FrontPage
Веб - сайттарды құрудың принциптері
«Мәтіндік редакторды» оқыту әдістемесі
HTML тілінде программалау
WWW қызметі және Intranet-тің программалау құралдары мен тілдері
Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы
Зерек оқыту орталығының веб- порталын құру
Интернет және WEB сайт туралы түсінік
WEB –сайт жасау және оның түрлері
Пәндер