Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен - бірі қосылыс түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қосылыс түрлері
1-Қосылыс түрлерін айтыңыз?
Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әр түрлі тәсілмен қосылады. Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс деп екі түрге бөлуге болады.Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржола қосуды айтады.Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерді пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, заклепка - тойтарма шегемен қосу және бөлшектерді бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу. Ажырамалы қосылыстар арқылы қосылған бөлшекті тез арада бөлшектеп қайта жинауға болады, олар бірімен-бірі бұрандалы бөлшектер немесе саны мен штифтер, шпонкалар арқылы қосылады. Әр түрлі машиналардың механизмдерінде кездесетін қосылыстарды типтік
қосылыстар деп атайды. Оларды станоктар, автоматтық желілер және т. б.
жасауда пайдаланады. Типтік қосылыстарды қолдану, машиналарды құрастыру
және жасау жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетеді. Сызуда тетіктердің типтік
қосылыстарының кескіндерін жиі қарастыруға тура келеді.
Тетік қосылыстардың түрлері тетіктердің қосылыстары ажыратылатын және
ажыратылмайтын болып бөлінеді. Техникада тетіктердің мынадай негізгі
қосылыстарын қолданады: болтты шпилькалы, шпонкалы, тойтармалы (заклепка),
штивті, дәнекерлі, бұрандалы.
Бірнеше детальдардан тұратын бұйымдардың кескіндері және оларды
құрастырып, тексеруге арналған мәліметтер бар сызбаларқұрастыру
сызбалар деп аталады.
Техниканың дамуына байланысты детальдардың қарапайым қосылыстары
жетіле түсті.Олар көптеген механизмдерде пайдаланылады.
Әр түрлі машиналардың механизмдерінде қайталап кездесе беретін
қосылыстарды типтік қосылыстар деп атайды.Олар станоктарды, автоматтық
линияларды және т.б жасағанда қолданылады.
Сызуда детальдардың типтік қосылыстарының кескіндерін жиі кездестіруге
тура келеді.

2-Ажарайтын қосылыстар, біріктіру әдістері?

Енді детельдардың қосылыстарының түрлерімен танысайық.Деталь
қосылыстар ажырайтын және ажырамайт ынболып екіге бөлінеді.
Ажырайтын қосылыстар екіге бөлінеді: 1-қозғалмайтын қосылыстар, 2-
қозғалмалы қосылыстар болып.
Ажырайтын қосылыстар
Бұранда деп белгілі бір жазық контурдың цилиндрлік немесе конустық
бетпен винтті қозғалысынан пайда болған бетті айтады.
Бұрандалар бірнеше белгілері бойынша 6 - суретте көрсетілген схемаға
сәйкес топтастырылады.
Схемаға қосымша айтарымыз, барлық бұрандалар екі топқа бөлінеді:
стандартталған және стандартталмаған.
Бұрандаларды сызбаларда ГОСТ 2.311-68 - ге сәйкес шартты түрде
кескіндейді.
Тесіктегі бұранданы бұранданың ішкі диаметрімен қалың негізгі сызықпен
және сыртқы диаметрімен тұтас жіңішке сызықпен көрсетеді
Стерженнің немесе тесіктің осіне параллель жазықтыққа проекциялау
арқылы алынған кескіндерде тұтас жіңішке сызық бұранданың ұзына бойына
жүргізіледі. Стерженнің (тесіктің) өсіне перпендикуляр жазықтыққа
проекциялау арқылы алынған кескіндерде ішкі (сыртқы) диаметрмен тұтас
жіңішке сызықпен шамамен шеңбердің 34 бөлігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосылыстар
Бұрандалы қосылыс
Бұрандалы қосылыстардың бөлшектері
Қосылыстарды есептеу
Қосу бөлшектерінің түрлері
Бәсеңдеткішті құрастыру
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу
Сенімділіктің кешендік көрсеткіштері
Токарлық станоктардың негізгі түрлері
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.
Пәндер