Қызметтік хаттар туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қызметтік хаттар

  1. Қызметтік хат дегеніміз не?

Әскери (қызметтік) хаттар - қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен іскери байланыс орнату құралы қызметін атқаратын түрлі мазмұндағы құжаттар тобының жинақталған атауы. Хат мазмұны сұрау салуға, хабарламалар мен келісімдер, талаптар (рекламациялар), тапсырмалар, хабарлар, еске салулар, жауаптар, өтініштер, пікірлер, ұсыныстар, ескертулер, хабарлаулар, шақырулар, растаулар және басқаларға қатысты болуы мүмкін.

  1. Қызметтік хаттың құрылымы қандай?

Қызметтік хаттарды жазуда кең тараган формат түрі А4 болып қала береді. Төменде осы формат түріне жазылатын хат тұрлеріне тоқталамыз. Қазіргі кезде хаттарды машинкамен басудан гөрі, компьютерлік техника қолдану белең алды. Қызметтік хаттарды басып шығару технологиясы өзгергенімен, оларды жазу әдісі, ресімделуі, хат мазмұнын беру тәсілдері ондаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрінен көп өзгерген жоқ. Олардың негізгілеріне тоқталып өтейік.

1. Машинкада немесе компьютерде басып шығарылган хат тексі қолжазбадағы нұсқасымен дәл болуы керек. Басып шығарганнан кейінгі текст міндетті түрде қол жазбамен салыстырыла отырып тексеріліп, қателері жөңделеді.

2. Қүжат қатесіз болуы керек.

3. Қызметтік хаттың стилі ресми әрі түсінікті болуы керек. Қайталаулар мен шүбалыңқы тіркестер алынып тасталады немесе керекті мәлімет қосылады.

4. Текст оңай оқылатындай болуы үшін ол бояуы қанық, үлкендеу шрифтімен басылуы керек.

5. Қызметтік хат жазғанда оның қагазына да көңіл бөлу керек.

6. Қызметтік хатқа қол қою үшін шарикті қалам емес, сиялы қалам пайдалану керек.

Бланкіде көрсетілетін барлық қызметтік информация: тіркеу нөмірі, дата т. б. арнайы штамппен қойылуы немесе машинкамен басылуы керек. Бұлардың ешқайсысы болмаған жағдайда ғана қолмен жазылады.

Жазылу мақсатына, хатта аéтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар:

1. Ресми хаттар.

2. Қызметтік жеке хаттар.

3. Ұсыныс, кепілдемелік (рекомеңдациялық) хаттар.

4. Сұрау салу хаттары.

5. Шағым хаттар.

6. Жолдама хаттар.

1. Ресми хаттар

Белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозгамайды.

2. Қызметтік жеке хаттар

Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.

3. Ұсыныс хаттар

Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа ұсыныс жасаған түлға ғана қол қояды.

4. Сұраныс хаттар

Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

5. Шағым хаттар

Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құңдылыгы онда керсетілетін фактілерге байланысты.

Шағым хатқа шагым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Церкуляр хаттар.

Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат.

Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

6. Жолдама хаттар

Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрылымы, мазмұны, келемі, саны иайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

Қызметтік хаттың құрылымы.

Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады:

1. Тақырыбы.

2. датасы.

3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні.

4. Кіріспе сөз.

5. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын керсететін бөлік.

6. Негізгі текст.

7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілік сақтау сөздері.

8. Жіберушінің қолы.

9. Қосымша берілетін болса, оған сілтеме.

10. Қосымша.

11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет.

12. Постскриптум ( хаттың аяқ жағына қол қойганнан кейін-"Р. С". таңбаларын қойып тұрып, оданкейін жазылған сөздер) .

Хат жазылатын қағаздың сол жақ шетінен кемінде 2 см-дей орын қалдыру керек. Оң жақ шетінен кемінде I см-дей орын қалдырылады.

3. Қызметтік хаттың үлгісі қалай жасалады?

ҚЫЗМЕТТІК ХАТ.

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті.

480061 Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гүлзары көшесі 32

тел: 52-95-06.

Қарағанды Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік Университеттің
ректоры И. Аңылбаев мырзага.

Қарағанды Техникалық Университетінің филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертатция қорғайтын кеңес шешіңімен ( хаттама № 20 10-шы ақпан 1989 жыл), Сіз басшылық жасап отырған Е. А. Бөкетов атындағы КарГУ-ті мына диссертатцияға жетекші ұйым болып бекітілді: Қ. Қ. Қоянбаеваның " Мағжан Жүмабаев поэзиясын мектепте оқыту методикасы " атты кандидаттың диссертатциясы, 10. 05. 02 - қазақ тілі, әдебиеті мамандыры бойынша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Қызметтік хат
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Қызметтік хаттардың түрлері
Қызметтік хаттарды ресімдеу жолдары
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Ресми хат түсінігі және оның түрлері
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Анықтама және оның түрлері
Анықтамалық ақпараттық құжаттар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz