Тежеуіш жұйелері және механизмдеріна ТҚК және жөндеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тежеуіш жұйелері және механизмдеріна ТҚК және жөндеу

  1. Тежеуіш жұйелері және механизмдеріна ТҚК және жөндеу қандай жүргізіледі?

Тежегіш жүйелерге техникалық қызмет көрсету. Доңғалақ тежегіштерінің жұмысшы механизмдерінің реттегіш тетіктеріне техникалық қызмет көрсету

штоктарды кезеңдік бақылауға негізделген. Оларды пайдаланғанда сылау қажет етілмейді. Литол-24 жағармайын тек жөндегенде толтыру керек. Пайдалану барысында жұмысшы тежеу жҥйесінің

механизмдерін толық немесе ішінара реттеу қажеттілігі туындауы мҥмкін. Жұмысшы тежеу жҥйесін толық реттеуді тежегіш механизмдерді жөндеп болған соң жəне фрикциондық

қаптамалардың жəне тежегіш барабанның жұмысшы беттерінің шоғырлануы бұзылғанда ғана жҥргізеді. Соңғы жылдары шыққан автомобильдерде бұрамдықтымеханизмнің орнына қалып пен

барабан арасындағы саңылауларды автоматтық реттеу ҥшін құрылғы орнатылады. Бұл жағдайда осы саңылауларды реттеудің қажеті жоқ. Бұрамдықты реттеу алдынғы доңғалақтардың тежегіш

камераларының шток жҥрісін 15. 25 мм шамасында қамтамасыз етуі тиіс, артқысы - 20. 30 мм.

Ішінара реттеу мақсаты қаптамалардың тозуынан пайдалану барысында ұлғаятын қалыптар мен барабандар арасындағы саңылауларды кішірейту болып табылады. Саңылаулардың ұлғайғанын тежеу камераларының штоктары жҥрісінің өсуі куəландырады. Ішінара реттеуді бұрамдық осін айналдыру арқылы орындайды. Реттегіш тетіктер ҥшін шток жҥрісі артқы тежегіш

механизмдерде 40 мм аспауы жəне алдынғы - 35 мм аспауы тиіс. Ішінара реттегенде қалып осьтерінің сомындарын босату жəне осьтердің орнатылуын өзгерту керек, себебі тежелгенде бұл

қалыптардың барабандарға жанасу тығыздығының бұзылуына алып келеді. Ось қондырғылары өзгерген жағдайда толық реттеуді орындау қажет. Оң жəне сол жақ доңғалақтар бірдей тежелуі ҥшін əр белдікте оң жəне сол тежегіш камералары штогының жҥрісі мҥмкіндігінше бірдей болуы тиіс.

Тежеу коэффициентін өлшеу үшін, автомобильдің жылдамдығын 40 км/сағ. дейін көтеріп, тежегіштің басқышын соңына дейін 1…2 с. баса- ды. Деселерометрдің маятнигі бағыттағышпен бірге қозғалыс бағытына қарай ауытқиды. Көрсеткішті жазып алғаннан кейін бағыттағышты «0» көрсеткішіне апарып бекітіп қояды. Ол аспаптың келесі өлшеуге дайын екенін көрсетеді.

Тежеу жүйесінің ақаусыз болуы жүргізушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін . негізгі фактор болып табылады. Тежеу жүйесінің жай-күйін анықтау автомобильге жоспарлы түрде міндетті техникалық кызмет көрсету элементі болып табылады. Сондықтан тежеу жүйесінің жай-күйін 50 мың шақ. жол жүргеннен кейін тексеріп тұру қажет.

Қазіргі кезде тежеу жүйесінің жай-күйін аныктау үшін автомат- тандырылған стендтер қолданылады. Ол жұмысшы жэне тұрғандағы те- жеу жүйесіндегі күштің деңгейін; тежегіш барабанның конустығын және сопақтығын өлшейді. Дөңгелекке берілетін күштің мөлшерін, тежегіш күштің бірқалыпты еместігін өлшейді.

  1. Тежеуіш жұйелері және механизмдеріна ТҚК-1, ТҚК-2 де атқарылатың жұмыстар?

Тежеу жүйесінің толық жұмыс істемеуінің себебі басты тежеу жүйесінің ыдысында сұйықтың болмауынан.

КТҚ көрсету - жұмысқа шығар алдында тежеу жүйесін тексеріп, ақаусыздығына көз жеткізу. Тежеу жүйесінің басқышын екі-үш рет басып, басқыштың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Кабинадағы құрылғыларды тексергеннен кейін капотты ашып, басты тежегіш цилиндрдің бекітілуін, сұйықтың мөлшерін, гидровакуумдық күшейткіштің жағдайын тексереді. Жұмыс істеу барысында тежеу жүйесінің жұмысын үнемі қадағалап отыру. Егер қадағалағыш шам жанатын болса, автомобильді тез тоқтату кажет.

ТҚ-1 - тежеу жүйесінің элементтерін қол жететін жерлерінің бэрін шаң-тозаңнан тазалау. Сұйық жүретін түтіктердің бекітілген жерлерінен сұйықтың дағы байқалса, оны бекіту, ыдыстағы сұйықтың деңгейін тек- серу, оның қақпагындағы атмосфералық тесікті тазалау. Сұйық деңгейі төмен болса, онда сұйық құю керек, сұйық құйғанда басқа сұйық құйып араластыруға тыйым салынады.

Егер автомобиль шаңды жерде жұмыс істейтін болса, тежеу жүйесіндегі сұйықты жылына бір рет ауыстыру ұсынылады, ал қалыпты жағдайда жұмыс істесе, 2…4 жылда бір рет ауыстыруға болады.

ТҚ-2 жұмысын жүргізгенде, оған ТҚ-1 жұмысы қоса жүргізіледі. Тежеу жүйесінің жұмысын тексеру үшін жылжымалы құралдар, сонымен бірге стационарлы стендтер қолданылады. Автомобильді ТҚ-2 жүргізуге қою үшін, егер деселерометр бар болса, оның жүргендегі көрсеткішін тексерген тиімді болады.

3. Тежеуіш жұйелері және механизмдеріне ТҚК және жөндеу түрлерін атангыз?

Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерімен қатар мотормен тежеуді,
аэродинамикалық тежеуді пайдаланады.
Мотормен тежеуді автомобиль ылдимен төмен түсіп келе жатқанда
қолданады. Мұны мотордың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүзеге асырады.
Аэродинамикалық тежеуді (парашют, арнайы қалақша, т. б. ) спорттың
автомобильдерде жарыс кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін қолданады.
Бұл құрылғыларды іске қосқанда автомобильдің ауа кедергісі ұлғайып,
жылдамдығы азаяды.
Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіш түрі - механикалық тежеуіштер.
Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп атайды. Фрикционды тежеуіш
механизмдер дискілі жөне барабанды болып бөлінеді.

Барабанды тежеу механизмінде тежеу барабаны білікпен (доңғалақпен)
жалғасқан, айналып тұрады, тежеуіш педальмен (рычагпен) жалғасқан жұдырықша
бұрылған кезде айналмайтын колодкалар барабанмен үйкеліске түсіп, оны
тежейді. Барабанды тежеу механизмдері жүк автомобильдерінің доңғалақтары
мен трансмиссияларында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің
артқы доңғалақтарында қолданылады. Дискілі тежеуіште диск доңғалақпен бірге
айналады, колодкалар айналмайды. Тежеу кезінде колодкалар дискіні екі
жағынан қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғарғы класты жеңіл
автомобильдердің алдыңғы және артқы доңғалақтарында, ал кіші және орта
класты жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарында қолданылады.
Жүрістің қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін автомобильде тежеуіш жүйе
орнатылған. Тежеуіш автомобильді тіпті жылдам жүріспен келе жатқанның
өзінде де, ілгері қарай көп ұзатпай тоқтата алады. Мейлінше сенімді болу
үшін автомобильдер тәуелсіз қызмет атқаратын екі түрлі тежеуіш жүйемен
жабдықталады.
Тежеуіштердің негізгі күтімі - оның бөлімдерін зауыттың нұсқауы
бойынша уақытында майлап, оны дұрыс реттеп отыру.
Дұрыс жұмыс істейтін тежеуіш автомобиль жүрісінің қауіпсіз болуын
қамтамасыз етеді. Бірақ жүріс кезінде тежеуіш мүмкіндігінше сирек
пайдаланылуы керек. Автомобильдің тіркестіру механизмдері ағытулы болуына
байланысты, жүру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орал қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру
Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы
Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
Қорапты бояу мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар
Материалтану
Қоректендіру жүйесінің аспаптары және дизельдерін жөндеу
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Тараз қ. 1 Тараз автобус паркі ЖШС-нің аймағындағы ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету аймақтарының жұмыстарын ұйымдастыру
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
Автомобильдің қысқаша тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz