Үлгі бойынша телеграмма жазу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Телеграмма
Үлгі бойынша телеграмма жазу.
Хат - басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар - ошар алысу (переписка) мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80% құрайды. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар қатарына баяндаухат, жеделхат, телефонхат, ескерту хат, ал соңғы кезде заманның талабына сай факс, электрондық почта арқылы жіберілетін құжаттар жатады. Олар ақпарат беру мақсатында жазылады. Кейде белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс әрекетті белгілейді, баяндайды. Олар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын-ала келісімдер жасалады, мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.
Жеделхат (телеграмма)
Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсын, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.
Жеделхатты кез-келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.
Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар "үкіметтік", "жедел", "жай" болып үшке бөлінеді.
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.
Жеделхат мәтіні
Мекен жайы ("кімге"). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:
480021, Қазақстан,
Алматы қаласы,
Мұқанов көшесі, 227, офис 47
немесе,
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.
Алушының аты-жөні ("кімге"). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, "Директорға", "Білім меңгерушісіне" т.б.
Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығатын корреспонденциялар мен құжаттарды толтыру
Ғылыми-техникалық әдебиет пен неологизмдер
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Құжат жасау функциялары
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру тәсілдері
Информация және информатика сабағынан дәрістер
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ СЕМЕЙ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНҢ АШЫЛУЫ
Жеделхат мәтіні
ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер