Карданды берілістің құрылысы


Пәннің атауы: Көліктердің жалпы түсініктемесі және жіктелуі
Сабақтың тақырыбы: Карданды берілістің құрылысы
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
- Береліс қорабы қызмет атқарады?
- Беріліс қорабының түрлері болады және олардың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері болады?
- Автоматты беріліс қорабының қалай құрылған және қалай жұмыс атқарады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау
Карданды берілістің құрылысы
Карданды берілістердің қызметі. Карданды берілістердің негізгі қызметі осьтері бір түзудің бойында жатпайтын екі тораптың аралығында айналдыру моментін жеткізу болып табылады. Автомобильде ондай жағдайлар өте көп болады. Мысалы беріліс қорабынан басты беріліске немесе басты берілістен жетекші дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу үшін карданды берілістер қолданылады. Себебі олардың біліктерінің осьтері өртүрлі деңгейде орналасқан. Айталық беріліс қорабы автомобильдің кузовына немесе рамасына бекітіледі, ал басты беріліс жетектеуші дөңгелек белдемесінде орналасады. Кузов немесе рама жетекші белдемеден жол бетімен са- лыстырғанда едәуір жоғары тұрады. Оның үстіне жүріс кезінде ол қашықтық, дөңгелек аспасының есебінен үнемі өзгеріп отырады. Сол сияқты жетекші дөңге- лек пен кузовтың аралары жол бедеріне қарай үнемі өзгеріп тұрады. Ендеше осындай тораптарды бір- бірімен тура білік арқылы жалғастыру мүмкін емес
Басқа сөзбен айтқанда, автомобильдің кардандық берілісі буындасқан агрегаттар-дың ауыспалы осьтілігі кезінде айналу моментін беруге мүмкіндік береді. Автомобильде кардандық беріліс, қағида бойынша, трансмиссия мен рульдік басқаруда қолданылады.
Карданды берілістің жұмыс жағдайы біліктердің орнату бұрыштармен анықталады: бұрыштары көп болған сайын пайдалану жағдайы қиынырақ. . Егер карданды берілістер автомобиль рамасына немесе шанағына бекітілген агрегаттарды жалғаған жағдайда білік арасындағы бұрыш 3 о -тан аспайды. Егер автомобиль қозғалысы кезінде жалғанған агрегаттардың біреуісі немесе екеуісі доңғалақпен бірге айналса, онда біліктер арасындағы бұрыш 20 о дейін ұлғаяды, ал өткіштігі жоғары автомобилдерде -45 о дейін. Карданды шарнирлерді ( ары қарай кардандар ) кинематика бойынша кардандарды теңсіз және тең бұрыштық жылдамдықтарға бөледі. Теңсіз бұрыштық жылдамдық кардандары ( асинхронды ) жетекші және жетеленуші біліктердің бұрыштық жылдамдықтарының теңсіздігімен сипатталады. Қарапайым асинхронды кардандар ( 4. 2, а сур ) тек қана бұрыштық қозғалысты қамтамассыз етеді,
Карданды беріліс не үшін қажет
Карданды берілістер автомобиль қозғалысы кезінде айналу моментін беруге және трансмиссия агрегаттарын жалғауға арналған, мүнда соөсты емес немесе бір-біріне шамалы бұрышта жатқан біліктер. Карданды біліктерге келесі талаптар қойылады: айналу мементін артық майысу, айналу, дірілдік және өстік жүктемелерсіз беру; жалғанушы біліктер арасындағы бұрышқа тәуелсіз теле-тең бұрыштық жылдамдықтар беру, жоғары п. ә. к. және шуылсыз жұмыс.
Карданды берілістің негізгі бөліктері
Карданды берілістің негізгі элементтері ( 4. 1 сур ) : шарнирлер 1, біліктер 2, 4, 6 және аралық тіреніштер 3. Аралық тіреніштердің көп болған кезінде карданды беріліс 2 біліктен тұрады: аралық 2 және басты 4. Карданды берілістер жазық болуы мүмкін: жазық, егер жетекші және жетеленуші білік бір жазықтықта жатса; кеңістіктік, егер осы шарттар орындалмаса ; бір және көп шарнирлі.
Кардандық берілістің құрылысы:
1 - майысқақ муфта; 2 - майысқақ муфтаны фланецке бекіту бұрандамасы; 3 - крестовина; 4 - тығыздама (сальник) ; 5 - тоқтатқыш сақина; 6 - крестовинаның подшип-нигі; 7 - сомын (гайка) ; 8 - майысқақ муфтаның фланеці; 9 - тығыздама; 10 - тығыздама-ның құрсауы (обойма) ; 11 - қауіпсіздік кронштейні; 12 - кронштейнді аралық тіреуге бекі-ту бұрандамасы; 13 - алдыңғы кардандық білік; 14 - аралық тіреудің кронштейні; 15 - аралық тіреу; 16 - алдыңғы кардандық біліктің айыры; 17 - артқы кардандық білік; 18 - артқы кардандық біліктің айыры; 19 - басты берілістің жетекші тістегерішін фланеці; 20 - сомын; 21 - айырды бекіту бұрандамасы
Карданды берілістердің түрлері
а - бір білікті;
б, г - екі білікті бір аралық тіреулі;
в - үш білікті таратқыш қорапты;
д - бір білікті ортаңгы белдіктің қосымша редукторымен;
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
- Карданды берілістер қандай қызмет атқарады?
- Карданды берілістің негізгі бөліктеріне не жатады?
- Карданды берілістердің түрлері?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Тақырыптың мазмұнын оқып келу
Арнайы пәндер оқытушысы: Султанметов Дилшодбек
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz