Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүк тәрізділер бөлімі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүк тәрізділер бөлімі.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің (Сormobionta) көпшілігінің денесі мүшелерге - тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінеді және олар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тіршілік циклінде спорофиті (2n) мен гаметофитінің (n) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею мүшелері көп клеткалы. Аналық жыныс мүшесі архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен тұрады: кеңейген түп жағынан, жоғарғы жіңішке мойнынан. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады.

Аталық жыныс мүшесі антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішіңде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған.

Жыныстық көбею мүшелері құрылысына қарай жоғарғы сатыдағы өсімдіктер архегониялы және пестикті болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды (риниофиттер, псилот тәрізділер, мүк тәрізділер, плаун тәрізділер, қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер және жалаңаш тұқымдылар бөлімдері), ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол - спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (n) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор жинайтын ұлпасы - эндоспермнің (3n) есебінен жетіледі.

Мүк тәрізділер бөлімі - Bryophyta өсімдіктерінің құрылысы өте қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырақтары мен сабағы ғана бар, бірқатарының тақталанып біткен денесі таллом деп аталады. Ол жер бетіне төселіп өседі; анатомиялық жағынан алғанда олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдері ұшында көптеген жыныс мүшелері ( антеридий, архегоний ) орналасады.

Мүк тәрізділер сыртқы құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын: түтіктері мен тамырлары, ағаштанған формалары болмайды, кейбір қарапайым өкілдерінде талломы болады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты.

Мүк тәрізділердің тіршілік циклінде - спорофиті мен гаметофитінің алмасуы тән. Гаметофиті басым болып келеді, ал басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басым болады. Сондықтан, мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясында дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырады.

Гаметофит - жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын, тек ризоидтары бар өсімдік. Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Спорогон гаметофитпен тығыз байланыста болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады. Спорогон - морфологиялық тұрғыдан қарағанда жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа ұқсас аяқшасы бар мүше. Қорапшаның ішінде спорангийлері мен споралары жетіледі.

Мүктердің даму циклінде жынысты және жыныссыз жолмен көбеюінің дұрыс ауысу жолын көруге болады. Жынысты жолмен көбейетін мүшелері жапырақты-сабақты мүк өсімдігі өсіріп шығарған протонемамен қоса жынысты ұрпағы гаметафит болады, оның клетка ядроларында гаплоид санды хромосома ғана кездеседі.

Жыныссыз жолмен көбеюге арналған клеткалар споралар жасап шығарған спорогон (спорогоний) жыныссыз ұрпақ - спорофит болады. Мұның клеткаларындағы (гаметофит шығатын спорадан басқасында) ядрода гаплоид хромосома болады.

Мүк тәрізділер дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы біркелкі емес. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлерінде өседі. Тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.

Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Батпақты құрғату үшін арнайы агромелиоративтік шаралар қолданылады. Ескі батпақтардың шымтезек кені ретінде шаруашылықта маңызы зор.

Биоалуантүрлілігі. Классификациясы: мүктәрізділер бөлімі үш класқа бөлінеді: Антоцероттар класы (Anthocerotopsida), Бауыр мүктер класы (Hepaticopsida), Нағыз мүктер класы (Bryopsida немесе Musci) .

Нағыз мүктер класы түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады, биоалуантүрлілігі үш кластармағына топтасады: шымтезек мүктер (сфагнумдар) кл. тармағы (Sphagnіdae), андреялар кл. тармағы (Andreaеidae), жасыл немесе қоңыр мүктер кл. тармағы (Bryidae) .

Шымтезек (Сфагнумдар) мүктер класс тармағы (Sphagnіdae)

Сфагнум мүктер қатары - Sphagnales

Сфагнум туысы (Sphagnum)

Өкілі Шымтезек мүгі

Шымтезек мүктерінің гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатгы тарамдалған өсімдіктер . Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Шымтезек мүктері ылғалдығы жоғары ортада өседі. Олардың ризоидтары болмайды және су тікелей сабағына өтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды.

Сабақтың құрылысы күрделі болмайды. Оның ортасында өткізгіштік және артық қор затгарын жинау қызметін атқаратын өзек болады. Өзектің клеткаларының қабықшасы жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады. Оның біріншісі - склеродермалар (механикалық қызмет атқарады), ал екіншісі - гиалодермалар (бойына су жинау қызметін атқарады) .

Жапырағы құрылысы және атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен анық айырмасы болатын бір қатар клеткалардан тұрады. Олардың біреулері тірі, хлорофилл дәндері болатын клеткалар, ал екіншілері - гиалинді клеткалар: өлі, біршама ірі, үлкен клеткалар, клетка қабықшалары спираль тәрізді жуаңдап қалыңдаған, көптеген тесіктері бар. Гиалинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде, тіпті өсімдіктің өз салмағынан 30-40 есе артық суды жинап, ұзақ уақыттар бойы ұстап тұрады.

Гаметофиттері қосжынысты да және даражынысты да болып келеді. Антеридийлері сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығыңда пайда болады. Олардың қасындағы жапырақтар қызғыштау түске боялған болып келеді. Архегонилері қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады. Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылуының нәтижесіңце зигота түзіледі, ол диплоидты фаза - спорогонның бастамасы болып табылады. Спорогон аяқшадан және қорапшадан тұрады. Жерге түскен споралардан алдымен жасыл түсті табақша тәрізді өскіншелер (протонемалар) пайда болады. Протонемада көптеген бүршіктер пайда болады, олардан келешегінде ересек гаметофиттер жетіледі. Гаметофит осы өсімдіктің тіршілік циклында үнемі басым болып келеді. Шымтезек мүгінің (сфагнумның) құрылысы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді: протонемасы табақша тәрізді, өткізгіш шоғы мен ризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дифференцияланған.

Жасыл немесе қоңыр мүктер класс тармағы (Bryidae) .

Политрихумдар қатары (Polytrichales)

Өкілі: Көкек зығыры - Polytrichum commune

Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің бірі - көкек зығыры.

Түрлерінің жалпы саны 24 мыңнан астам. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп таралған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері, яғни олардын айқын басым болып келетін немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері туңдра, батпақты жерлер және ормандардың кейбір типтері. Әрбір жердің (ортаның) өзіне тән түрлері болады. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өсінде, ал екіншілерінде - бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтануы айқын байқалмайды.

Жасыл мүктердің ең кең таралған өкілдерінің бірі - көкек зығыры (политрих обыкновенный) . Ол ормаңда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлердің шеттеріңде өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА
Кладофоралы балдырлар қатары
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Мүк тәрізділердің практикалық маңызы
Бауыр Мүктер Класы
Жасыл мүктің құрылысы
Мүк тәрiздiлер бөлiмi
Жапырақты сабақты мүктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz