Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1. Электрондық оқулыққа қойылатын жалпы талаптар . . . 6
1. 2 Мәліметтер қорын ұйымдастыру . . . 7
1. 3 Мәліметтер қорларының типтері . . . 7
1. 4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар . . . 9
1. 5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын
талаптар . . . 10
1. 6 Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі . . . 11
2. DELPHI 7 ОБЪЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1. Негізгі терезелері . . . 131. 1. Пиктограммалық батырмалар . . . 14
- Компоненттер жинағы . . . 15
1. 3. Объектілер бақылаушысының терезесі . . . 16
1. 4. Бағдарлама кодының терезесі . . . 18
1. 5. Оқиғаға сезіндіру . . . 21
1. 6. Standart парағы . . . 22
1. 7. Additional парағы . . . 24
1. 8. Dialogs парағы . . . 26
1. 9. System парағы . . . 27
2. Программалау тілінің элементтеріне шолу . . . 29
2. 1. Delphi объектілі бағытталған программалау тілі туралы жалпы мағлұмат . . . 30
2. 2 Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру . . . 39
2. 3 Database Desktop қосымшасын пайдалану . . . 41
3. «Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтері» тақырыбына электронды оқулықтың МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ӨҢДЕУ . . . 45
3. 1 Қосымшаны қолданушыға нұсқау . . . 50
4. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52
Кіріспе
Қазіргі кезеңде адам үшін, қажетті мәліметті алу мақсатында, компьютерді қолдана отырып әр түрлі мәліметтерді өңдеуді көздейтін компьютерлік білімділіктің өзекті мәселенің бірі болып отырғаны белгілі.
Соған орай осындай электронды оқулықтарды шығару тиімді деп есептеледі. Компьютерлік білімділік пен программалауды үйрену мақсатында “Алгоритмдік тілдерде программалау” пәнінің алатын орны ерекше.
Соңғы кезде бағдарламалауға деген қызығушылық өте үлкен сұранысқа ие болды. Бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияның дамуымен және күнделікті өмірге енуімен байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс істесе, онда ертелі ме, кеш пе, әйтеуір, адамда компьютерге деген қызығушылық сезім туады, ал кейде бағдарламалауға да ынта пайда болады.
Есептеуіш техниканың жедел дамуы және эффектілі ақпараттық қамтамасыздандыруды өңдеу қажеттілігі, бағдарламалау жүйесінің пайда болуына жол ашып, жедел өңдеу деген атқа ие болдырды. Жедел өңдеу жүйесінің негізінде (RAD жүйесі, RAPID APPLICATION DEVELOPMENT - жедел өңдеу ортасы) визуалды технологияның жобасы және ақпараттанудың объектілеу түрі жатады. Және олардың мақсаты - өңдеу ортасы өзіне түйіннің үлкен бөлігін алып, бағдарламалаушыға диалогтік терезелерді құрумен және оқиғаны өңдеу функциясын жасап көрсету. RAD жүйесіндегі бағдарламалаушының тапқырлығы - керемет!
RAD жүйесінің ішінде Borland Delphi ортасы ерекшеленеді және ол әр түрлі бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді: Қарапайым бағдарламалардан берілгендер базасының басқаруына дейін. Borland Delphi ортасында бағдарламалау тілі ретінде Delphi тілі қолданылады. Және бағдарламалаушыларға танымал Pascal - дың тікелей ұрпағы болып есептеледі.
Бағдарламалауды үйрену үшін бағдарламалау керек және оны жаза білу керек. Ол үшін міндетті түрде бағдарламалау тілін және өңдеу ортасын меңгеру керек. Delphi бағдарламасының тілін меңгеру қиын емес, ал бағдарламалаудың ортасын, яғни, дәлірек айтқанда, компоненттерді қолдану қиынырақ.
Бұл электронды оқулық студенттердің алгоритмдеу жолдары мен программалау технологияларын жетік игерулеріне мүмкіндік береді. Бұл оқулық Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің күрделі типтеріне арналғандықтан, тілге қысқаша сипаттама беріп кетуді жөн көріп отырмын.
Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған. Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Қарапайым Паскальді өңдеудегі А. Хейлсбергтің еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:
тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;
тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т. б.
Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.
- ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Электрондық оқулыққа қойылатын жалпы талаптар
Электрондық оқулықтың объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
- Электрондық оқулық оқу мақсаттарына тікелей сәйкес келмейтін, яғни, оқу курсының мазмұнына жатпайтын және пайдаланушының назарын өзіне аудартатын ақпаратты қамтымау керек.
- Электрондық оқулықта интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді болуымен қатар, пайдаланушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін бүтін ЭОБ-ның және оның жеке бөліктерінің жұмыс істеу логикасын түсінуге көмектесетін түрде болу керек.
- Электрондық оқулықта оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту үшін, сонымен қатар сыртқы әрекеттердi имитациялау үшiн, имитациалық компьютерлiк моделдер ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-әрекет мәселелері оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан оқушының көңілін бөлмей, оларды меңгеру үшін интеллектуалды ынтаны елеулі азайтатындай болуы керек.
- Электрондық оқулық жабық та, ашық та ортада қолданылу мүмкіндігіне ие болу керек. Электрондық оқулық жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локалды компьютерлік желіде орындалушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. Электрондық оқулық ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
- Электрондық оқулық қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің, соның ішінде ашық кодты операциялық жүйелердің, нұсқасын ескере отырып автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес Электрондық оқулықтың тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифттер, драйверлер және программалар пакеттері болуы керек.
- Электрондық оқулық қажетті өзгертулерді енгізуді оңайлату және сынақтан кейін программаның алғашқы кодын өзгертпей электрондық оқулықтың мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен қатар оқу материалы мен статистикалық деректерге рұқсатсыз қолжетпек болмауы керек.
1. 2 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтың құрамына: титул, мазмұн, контент, утилиталар, көмекшi және құжаттама енгiзiлу керек.
- Титулда электрондық оқулықтың шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне қойылатын талаптар осы стандарттың сәйкес тарауында келтірілген.
- Тақырыпнама электрондық оқулықтың құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің атаулары көрсетілуі керек.
- Контентте электрондық оқулықтың мақсаттары мен есептеріне қатысты, және бiлiмдi қорытынды бақылау өткізуге қажет, барлық оқу материалы берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
- Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
- Көмекшiде электрондық оқулықтың жұмысын басқару бойынша ақпарат және электрондық оқулықтың iске қосылу моментiнен бастап қолжетпек болу керек.
1. 3 Электрондық оқулықтың функцияларына қойылатын талаптар
Электрондық оқулықпен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар жүзеге асырылу керек: пайдаланушыны тiркеу; деректердi қорғау; бағыттама; мазмұн қарауды ұйымдастыру; оқыту траекториясын анықтау; оқыту және бiлiм бақылау; тестiлеу; статистикалық есеп беру.
- Пайдаланушыны тiркеу функциясы электрондық оқулықта пайдаланушы туралы деректердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
- Деректердi қорғау функциясы электрондық оқулықтың мазмұны мен тестілеу нәтижелерінің бүтiндiгiн сақтау керек, сондай-ақ, белгілі бір деректерге рұқсатты қолжетпек және басқа деректерге шектеулі қолжетпек жасау үшін пайдаланушыларды авторландыру керек.
- Бағыттама функциясы электронды оқулықтың құрылымы бойынша қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
- Мазмұн қарауды ұйымдастыру функциясы тапсырмалар орындауды, сұрақтарға жауап беруді және білім бақылауды талап етпей, электрондық оқулықтың мазмұнымен алдын ала танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.
- Оқыту траекториясын анықтау функциясы міндетті оқытуды және бiлiм бақылауды өткізу үшін сабақтардың тізбегін қолмен, тестілік немесе толық таңдау негізінде құру мүмкiндiгін қамтамасыз ету керек. Қолмен таңдау электрондық оқулықтың мазмұнындағы модульдердің, блоктардың және сабақтардың нөмiрлерiн белгiлеу арқылы оқыту траекториясына қолмен енгізуге мүмкiндiк беру керек. Тестілік таңдау электрондық оқулықтағы оқу материалының барлық көлемi бойынша тестiлеу кезінде дұрыс жауаптың саны жеткiлiктi емес болған модульдер, блоктар мен сабақтарды оқыту траекториясына автоматты түрде енгізуге мүмкіндік беру керек. Толық таңдау автоматты түрде электрондық оқулықтың барлық модульдерін, блоктарын және сабақтарын оқыту траекториясына енгізуге мүмкіндік беру керек. Оқыту және білім бақылау функциясы теориялық материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап беру және оқыту траекториясы көлемінде ағымды, аралық, белестік және қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін қаматамасыз ету керек. Осы жағдайда сұрақтардың дұрыс жауаптар саны жеткіліксіз болса, оқушы электрондық оқулықтағы ағымды оқыту бірлігін қайталауға мәжбүр болады. Оқыту имитациялық компьютерлік модельдеу функциясын қосуы мүмкін. Оқыту үзілуі және үзіліс болған жерден жалғасуы мүмкін.
- Тестілеу функциясы тұтас ЭО бойынша тесті өту уақытын өзгерте алатын және нәтижелерді тіркеу мүмкіндіктері бар автоматты тестілеу құралдарын қамтамасыз ету керек. Сұрақтар мен жауаптар варианттары оқу курсының сұрақтар базасынан кездейсоқ таңдау арқылы беріледі. Тестілеудің нәтижесі экранға шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде, жауабы дұрыс берілмеген кез келген сұраққа еркін көшу ескерілу керек.
- Статистикалық есеп беру функциясы оқушының берілген оқыту бірлігін меңгеру деңгейі туралы нақты ақпаратты және ол туралы сұратымға байланысты басқа статистикалық деректерді беру мүмкіндігіне ие болуы керек.
1. 4 Электрондық оқулықтың мазмұн құрылымына қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтың контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 - модулдер, 2 - блоктар, 3 - сабақтар.
- Модуль блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
- Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.
- Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады. Теориялық материал таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
3. 2. Мысалдар теорияның жеке маңызды аспекттерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т. б. түрiнде детальді талдауын қамтамасыз етуi керек.
- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға түсiнiктемелер болуы керек.
- Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, сипаты және жауаптардың берiлу пішімі бойынша түрленуі керек.
- Тесттер сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тесттер дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым табу әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтарды қамтымауы керек. Оқушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттер оқушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарында болатын әдеттегi қателер туралы ескертулер мен сол қателердi жiбермеу және түзету туралы түсiнiктемелерді қамтуы мүмкiн.
- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т. б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.
- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
- Тезаурус электрондық оқулықтың пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.
1. 5 Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Оқыту элементтерiне: «Теория», «Мысалдар», «Тапсырмалар», «Сұрақтар», «Тестілер», «Тезаурус», «Анықтамалық», «Графика», «Аудио» және «Видео» жатады.
- Оқыту элементі «Теория» оқылатын сабақтың теориялық материалдарының гипермәтiндi сипаттауына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Мысалдар» мысалдардың сипаттамасы мен олардың түсініктеріне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Тапсырмалар» ағымды сабақ бойынша жаттығуларға және есептерге, сонымен қатар оларды орындау мен шығаруға байланысты көмекке қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Сұрақтар» ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін жауаптары интерактивті берілетін және тексерілетін сұрақтарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Тестілер» оқытудың ағымды бірлігі бойынша білім бақылауды өздігінен жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек:
- сабақ деңгейінде - ағымдағы білім бақылау;
- блоктар деңгейінде - аралық білім бақылау;
- модульдер деңгейінде - белестік білім бақылау;
- электрондық оқулықты деңгейінде - қорытынды білім бақылау.
- Оқыту элементі «Тезаурус» электрондық оқулықта кездесетін және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және қысқартулар сөздігіне қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Анықтамалық» ағымды сабақ бойынша анықтамалыққа қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементтері «Графика», «Аудио» және «Видео» қосымша дидактикалық материалдарға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Графика» схемаларға, сызуларға, суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Аудио» оқылатын сабаққа қатысты негiзгi ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және ережелерді дыбыстауға қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
- Оқыту элементі «Видео» оқылатын сабаққа қатысты объектiлердің, үрдістер фрагменттерiнің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге қолжетпек жасауына мүмкіндік беру керек.
1. 6 Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі
Қазіргі ақпарат технологияларының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, иновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Оқу процесінде компьютерлерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Студенттердің өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығырмашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әр бір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалар мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулып таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімен тәжірибе алмасып, кемшілік - жетістіктерді айтып отырған жұмыс өнімді болады.
2. DELPHI 7 ОБЪЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1. Негізгі терезелеріНегізгі терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және DELPHI ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (3-сурет) .
3-сурет-Негізгі терезенің көрінісі
Бұл терезеде DELPHI-дің негізгі меню жүйесі, пиктограмммалық командалық батырмалары мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасады. Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.
Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында таңба қойылған арнайы тақташаларда орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді тақташадағы таңба арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез келген жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан батырмасымен сырт еткізіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады (4-сурет) .
- белгісі объектің екпінділігін көрсетеді.
4-сурет-Тақташалар құрамын икемдеудегі терезелер
- Пиктограммалық батырмалар
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген. Әр топ бөлек тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде келтірілген.
Батырма Атқаратын жұмысы
Standard тобы
Объектілер ашу. File/New эквиваленті
Бұрыннан құрылған файлды ашу. File/Open file эквиваленті
Файлды табақшада сақтау. File/Save as… эквиваленті(Ctrl+S)
Табақшадағы барлық файлдарды сақтау. File/Save all эквиваленті
Бұрыннан құрылған бағдарламаның жобасын ашу. File/Open Project эквиваленті (Ctrl+F11)
Жобаға жаңа файлды қосу. Project/Add to Project эквиваленті (Shift+F11)
Жобадан файлды жою. Project/Remove from Project эквиваленті
View (қарап шығу) тобы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz