ШАНАҚТАРДЫ, КАБИНАЛАРДЫ, ПЛАТФОРМАЛАРДЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Автокөлік шаруашылығы қазіргі таңда сапалы және сандық түрде жақсы дамып келе жатыр. Халық санының және халықтың экономикалық жағдайының артуы автокөлік шаруашылығына оң әсер етуде. Қазіргі таңды әлемдік автокөлік парктер санының өсу қарқыны 10-12 млн. бірлікке жетіп қалды, ал олардың саны 400млн. бірлік. Әлемдегі әрбір бес автокөліктің ішіндегі төртінші автокөлік жеңіл автокөлік болып табылады. Сондықтанда жолаушылардың 60% - ы жеңіл автокөлікпен тасымалданады екен.
Адам өмірінде жеңіл автокөліктің маңызы зор, әрбір уйде жоқ дегенде статистика бойынша бір автокөлік болады екен. Бұл халықтың жұмысын біраз болсын жеңілдетеді. Бірақ та автокөліктендіру автопарктердің өсуімен ғана шектелмейді. Автокөлік шаруашылығының дамуына басқада шешімдер бар, ғылыми тұрғыда дамуы, материалдарға кететін шығындарда жатады.
Бүгінгі таңда автомобильдерді жөндеу мен техникалық күтуді жетілдірудің негізгі бағыттарына төмендегілер жатады: алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолдану, өндірісті жүргізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, негізгі өндіріс қорларын пайдалану тиімділігін арттыру және саланың еңбексыйымдылығы мен материал сыйымдылығын төмендету, автомобильдерды техникалық күтудің іс жүзіндегі станциаларын қайта жабдықтау немесе технологиялық тұғырдан жетілдіре түсу, қызмет саласының жоғары болуына кепілдік беру және оны қамтамасыз ету үшін материалдық және моральдық тұрғыдан көтеру шараларын жасау және т. б.
ШАНАҚТАРДЫ, КАБИНАЛАРДЫ, ПЛАТФОРМАЛАРДЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ
Жеңіл автомобильдің шанағын күту жууды, боялған және хромдалған беттерді, салонның қаптауын таза және жақсы қалпында үстауды, шанақтың аспалы бөлшектерін - есіктерін, капотты, жүк салғыштың қақпағын майлау мен реттеуді қамтиды.
Пайдалану барысында автокөлікті көлеңкеде немесе жабық үй-жайда жуған жөн, себебі күннің көзінің астында жуған кезде шанақтың бетінде кеуіп жатқан су тамшылары дақ қалдырады. Шанақты аязда жуу, дымқыл немесе жаңа ғана жуылған шанақпен аязға шығу жөн емес - су қатқан кезде бояудың бетінде жарықшақтар пайда болуы мүмкін.
Автомобильді жуу кезінде теңіз суын, сода, керосин, бензин және минералдық майларды қолдануға жол берілмейді. Шанақ минералды маймен немесе гудронмен ластанған кезде оны аздап бензинмен суланған жұмсақ фланельмен тазарту керек, содан кейін құрғатып таза матамен сүрту керек. Жылтырын сақтау үшін боялған бетті алдын-ала жуып, құрғатып сүртіп, ысып жылтырату ұсынылады. Қыздырылған бетті ысып жылтыратуға болмайды. Шанақты дәйекті түрде шағын учаскелермен жұқа қабатпен ысып жылтырату қажет, өйткені жылтыратқыш құрамдар тез кебеді және оларды жағу қиын.
Келесі жылтыратқыш құрамдар қолданылады: ВАЗ-3 немесе ВАЗ-03 жылтыратқыш құрамы - қабаттың жағдайы жақсы болған кезде және шамалы ластанған кезде профилактика үшін (1 - 3 айда 1 рет) ; ВАЗ-1 тегістеу пастасы, ВАЗ-2 ысып жылтырату пастасы - жылтыры кеткен жағдайда және жағу сипаттағы нүктелік қосылулар болған жағдайда (жылына 1-2 рет) .
Ауыр пайдалану жағдайында шанақтың түбінің зауыттық қақпағының қорғағыш қабаты бүлінуі мүмкін, сондықтан 6 . . . 12 мың км жүрістен кейін оның жайын тексеру керек. Грунтовкалы қабатының бүлінуінсіз мастикалық қабаттың зақымдануын № 579 (№ 580 немесе БМП-1) мастикасын қалыңдығын кем дегенде 2 мм қылып тозаңға айналдырып немесе бояу жаққышпен жағып қалпына келтіру керек.
Шанақ табанын қорғайтын мастикалық қабаттың тоттан терең зақымданған жағдайында алдын-ала жуылған, тоттан тазартылған, майсыздандырылған және кептірілген бетке ГФ020 грунтовкасын (ФЛ-03К, ГФ-073) немесе табығи олифадағы қорғасын сурикті пульверизатормен немесе бояу жаққышпен жағу керек. Грунт немесе сурикті табиғи жағдайда кем дегенде 24 сағат кептіреді. Кептіргеннен кейін түбін тоттан сақтайтын мастикамен жабу керек.
1. сурет. Шанақ панельдерін түзету және тегістеу үшін құралсаймандар мен құрылғылар жиынтығы: 1 - 6 - балғалар; 7, 8 - балғашалар; 9 -16 - арнайы жақтаулар; 17 -19 таяуыштар
Мастиканы керек консистенцияға дейін уайт-спиритпен немесе сольвентпен езеді. Мастиканы 15 °С кем емес температурада кептіру 48 сағаттан кем емес уақытты талап етеді, жасанды кептіру бұл уақытты қысқартады.
Автомобильді пайдалану үрдісінде кем дегенде 2 жылда бір рет НГМ-МЛ жабындысын жабық немесе жартылай жабық қуыстарға қайталап жағыңыз. НГЛ-МЛ жоқ болған жағдайда «Мовиль» немесе «Резистин» материалдарын қолдануға болады. Шанақтың жасырын қуыстарына тоттан сақтайтын затты ауалы немесе ауасыз тозаңға айналдыру тәсілімен енгізеді. Ауалы тозаңға айналдыруда қысымы 0, 5 . . . 0, 8 МПа тығыздалған ауа, кішкентай күбішесі бар пистолет бояусептіргіш, құбыршектер мен ұзын тозаңға айналдыратын саптамалар қажет. Үздік сапаға тұтқырлығы айтарлықтай материалдарды тозаңға айналдыруға мүмкіндік беретін 9. 12 МПа қысыммен ауасыз тозаңға айналдыру кезінде қол жеткізіледі.
Техникалық қызмет көрсету кезінде есік құлыптарының, капоттың және жүк салғыш қақпағының жұмысын реттеу керек. Есік құлыпын реттеу алдында тағанда фиксатордың контурын белгілеп алу және бекіту болттарын әлсірету керек. Егер есік тым тығыз жабылса, фиксаторды сыртқа жылжыту қажет, егер бос жабылса - ішке жылжыту керек, егер есік жапқан кезде төмен түссе - фиксаторды үстіне жылжыту керек, егер көтерілсе - астына жылжыту керек. Капот пен жүк салғыштың қақпағын реттеу ұқсас түрде жүргізіледі.
Есіктер мен шанақтың ойығының өзара орналасуын көзбен бақылау кезінде тексерілетін саңылаудың орнында кесілген жабысқақ лентаны пайдалануға болады.
Шанақ элементтерін жөндеу және қалпына келтіру кезінде тозуға, механикалық зақымдануға және күшті тотығуға ұшырайтын шанақ учаскелерін кесіп, алдын-ала дайындалып қойылған бөлшектерге және тораптарға ауыстыратын тораптық әдісі ең тиімді болып табылады.
Шанақ панелдерін түзету үшін ішіне қолмен басқарылатын құрал-саймандар, сорғысы және зақымдалған жерлерді сорып алатын құрылғылары бар гидравликалық цилиндр кіретін құрал-саймандар мен құрылғылар жиынтығын (1 сурет) қолданылады.
Бүгілу және материалдың сығылуы жоқ майысқан жерлерді арнайы ағаш немесе резеңке балғамен соғып жояды. Өткір бүгіссіз және тыртыссыз терең майысуларды өткір бүгістен түзей бастайды, жайпақ майысуларды - панелдің зақымданған жерінің шетінен соққыны бірте-бірте ортасына ауыстыра түзей бастайды.
Соққыдан пайда болған майысуларды бүгілу шебін және оның қоршаған 40. 60 мм аймағын жергілікті жылытумен түзейді.
Ақырғы түзетуді шанақ бөлшегінің ішкі жағынан орналастырылатын таяуыштардың көмегімен өткізеді. Бір мезгілде дұрыс балғамен бет жағына, таяуыштарға тигізіп, бір беттен бір бетке өтетін жиі соққылар келтіреді, бүгіршіктерді жайып, қатты соққылармен кішігірім майысуларды жаяды.
1. кесте Шу мен тотығуға қарсы мастикалар
2 кесте. Шанақ түбін тотығудан сақтауйтын материал
3 кесте. Шанақтың жасырын қуыстарын тотығудан қорғайтын материалдыр
Сонымен бірге соққыларды бірте-бірте шанақтың зақымданған учаскесінің жекелеген аймақтарына бірінен екіншісіне өтіп, соққылар бір жерге бірнеше рет түскен жағдайда пайда бола алатын жұқарудың салдарынан металдың шамадан тыс созылуына жол бермей теңестіру қажет.
Пісірмелі тігістерді тазалау үшін ажарлағыш шарық және пневматикалық немесе электрлік ажарлағыш машиналар қолданады.
Қиғаштанулар мен майысуды механикалық және алмалы-салмалы жақтаулар, резеңке және ағаш төсемдер жиынтығы бар гидравликалық кергіні пайдалана отырып тегістейді.
Жақтаулар пішіні тегістеліп жатқан беттің пішініне сәйкес келуі тиіс. Шанақтың күштік бөлшектерінің қиғаштануын және майысуын бақылау болат тексеру шаблондардың көмегімен жел әйнегінің ойықтарының және есік тіреулерінің бақылау белгілері бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша жөндеу бөлшектерін, қаптамаларды және қоспаларды ерітіп жабыстырудан туындаған майысқан және тегіс емес жерлері бар беттерді теңестіру үшін, полимерлі ұнтақты газоплазмалық шаңдату құрылғысын қолданады, полимерлік ұнтақ ретінде жылуға төзімді ТПВ-37 пластмассасын қолданады, онымен барлық майысқан жерлерді тегістелгенше дейін толтырады.
Жабындыны жағар алдында бетті тоттан тазартады, бензинмен немесе уайт-спиритпен майсыздандырады. Содан кейін 177 °С дейін қызып кетуге және металдың түсінің өзгеруіне жол бермей жылытады.
Әрбір жағылған қабатты цилиндрлік немесе үлгі қатпар жазғышпен нығыздайды. Тегістелген бетті балқытылған қабат қатқаннан кейін ажарлауыш шарықпен немесе № 56 түйірлі фибралы ажарлауыш дискімен бөлшектің контурының толық қалпына келуінше өңдейді.
Сыртқы беттердегі шағын тегіссіздіктерді, кішкентай майысуларды және сызаттарды жою үшін қалайы-қорғасын дәнекерлері бар балқыма қаптаманы (ПОС-18 немесе ПОС-30) және эпоксидті мастикаларды қолданады.
Шанақ бөлшектерін тотығудан қорғау шанақ түптерін қорғау үшін және жасырын беттерін қорғау үшін болып бөлінетін ингибиторлар қосылған үлдір қалыптастыратын мұнайлы құрамдарды кеңінен қолданады. Көліктің ішіндегі шудың деңгейін төмендету үшін түбіне шуға қарсы мастика жағады. Тотығуға және шуға қарсы мастикаларды шанақтың түбіне сыртынан да, салонның ішіне де жағады. Автокөлік шанағының түбінің тотығудан және шудан қорғау үшін ұсынылатын материалдар 1 және 2 кестелерде келтірілген.
Жеңіл автокөліктерде тотығудан көбінесе есіктердің, тіреулердің, табалдырықтардың, лонжерондардың қорғалмаған ішкі беттері және шанақтың астыңғы жағының нүктелік пісірілген жерлері зақымданады (барлық зақымданулардың 65% -нан аса) . Автомобильдің қозғалысы кезінде агрессивті заттар, абразивті бөлшектер, химиялық мұздануға қарсы құралдар шанақтың жасырын қуыстарына түседі және автомобильді мұқият жуғанның өзінде жойылмайды; бұл қуыстардың коррозиялық зақымдануына әкеледі. Жасырын қуыстарды қорғауға арналған тотығуға қарсы материалдар жоғары деңгейлі сіңіргіштік қасиеттерді, тотығуға қарсы жақсы қабілетті, әртүрлі температурадағы жеткілікті созылымдылықты, ылғалды ығыстыру қабілеттерін қамтамасыз етуі тиіс; олар лак-бояу материалдарға тиген жағдайда оңай жойылуы тиіс.
2. сурет. Лонжерондар мен есік тіреулерін (б), фаралар қаптамаларын және басқа да шалғай жерлерді (в), есік қуыстарын (г), есіктің алдыңғы ішкі жағын (д), қорапты қималы шанақтың бөлшектерін (е), шанақ түбін (ж) тұтқырлығы төмен материалдармен өңдеуге керек мундштуктар жиынтығы бар тозаңдатқыш пистолет (а) . Д позициясында көрсетілген мундштук сұққыш индикатормен жабдықталынған
Шанақтың жасырын қуыстарын өңдеуге ұсынылған материалдар 3 кестесінде келтірілген.
Тотығуға қарсы материалды шанақтың қуыстарында тозаңдату үшін арнайы құрылғыларды және тозаңдатқыш саптама бастиектерді қолданады. Қолданылатын жабдыққа байланысты қорғаныш жабынды жағудың екі әдісі бар - ауалы және ауасыз тозаңдату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz