Жеке адамдар арасындағы қарым қатынас рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Психология пәні

223 топ журналистика

Нұғманова Жазира Үмітбекқызы

№ 15 СӨЖ

2. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас рөлін суреттеңіз.

Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің

сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз

байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен

тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын

зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару

қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселелердің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.

Қарым-қатынас психологиясы - мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал

етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы. Қарым-қатынас психологиясы-жантану ғылымдарының бір саласы. Сондықтан, қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары: “Мен” - “Басқа”жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен

түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау. “Топ”-“Мен”жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және қалай өзгертеді? Әлеуметтену-

даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.

Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам-өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі-адами

қарым-қатынастың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психлолгиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.

Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясының маңызы орасан зор. Адам өмірін

қарым-қатынассыз, топішіндік және топаралық қатынассыз, байланыссыз елестетудің өзі өте қиын. Адам қай дәуірде өмір сүрсе де бірімен-бірі қарым-қатынаста болуы, бір жағынан, әлеуметтік өмірдің заңдылығын білдірсе, екінші жағынан, сол адамдардың күнделікті тіршілік бейнесін білдіретін қажеттілігі. Әдетте адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қай түрі болса да ол мәдениеттілік пен имандылыққа, сыпайылық пен әдептілікке негізделуі керек.

Әдеп сақтап сыпайы болу, мәдениеттілік пен кішіпейілділік мінез-қылықты әрбір адамның жеке басына тән даралық қасиетін білдіретін психологиялық сипат болып саналады.

АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы

қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас Г. М. Андреваның пікірі бойынша адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

Қарым-қатынас формалары:

Тікелей қарым-қатынас- табиғи бетпе-бет, сөздікжәне бейсөздік(ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл-адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы

бірінші формасы.

Жанама қарым-қатынас-қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. адами қарым-қатынасты күрделендіріп жіберді. Тұлғааралық қарым-қатынас-екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактілері. Тұлғааралық қарым-қатынастардың белгілері:

қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.

Бұқаралық қарым-қатынас-бейтаныс адамдардың тікелей не жанама(бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру-бұқаралық қарым-қатынас, телемарафон, радиохабар-жанама қарым-қатынас, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.

Персонааралық қарым-қатынас-ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер) .

Рөлдік қарым-қатынас-белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың

психологиялық контакттары, мысалы, оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші-қолаң, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынас жасау ақпарат алмасу әрекеті
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Ұйымдардағы өзара қарым - қатынас және оларды басқару
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Қарым – қатынас психологиясының пәні мен міндеттері
Қарым - қатынас ақпарат алмасу әрекеті
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі
Психология жайлы түсінік
Тілді таңдаудың тіл тәрбиесіне әсері
Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендірудегі ата-ана қарым-қатынасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz