емперамент типтері және мінез бітістерінің адам жеке басының қалыптасуына әсеріне талдау жасау


Психология пәні
223 топ журналистика
Нұғманова Жазира Үмітбекқызы
Темперамент типтері және мінез бітістерінің адам жеке басының қалыптасуына әсеріне талдау жасау
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б. э. д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т. б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А. Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В. Н. Мясищев пен Б. Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К. К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. кез келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz