Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сабақ № 14
Сабақ тақырыбы: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс,
баға және бәсекелестік
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс пен
ұсыныс,баға мен бәсекелестік туралы толық түсінік беріп білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың экономикалық білімдерін арттырып,нарықтық
экономиканың әлеуметтік бағытының қазіргі жағдайын танып білуге тәрбиелеу.
Дамыту: Экономикалық ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту
Сабақ түрі: Тәжірибе
Құрал-жабдықтар, көрнекілік құралдар: тақта, бор ,ТСО,
Пайдаланылатын әдебиеттер.
Ө.Қ.Шеденов Жалпы экономикалық теория Ақтөбе -2004 ж
Я.Әубәкіров Экономикалық теория негіздері Алматы -1998 ж
Г.Жолдасова Экономикалық теория негіздері Астана -2008 ж
Сабақ жоспары.
1.Ұйымдастыру - - 2 мин
2.Үй тапсырмасын тексеру - 20 мин.
3.Жаңа тақырып түсіндіру - 30 мин
1.Сұраныс.Сұраныс заңы
2.Ұсыныс .Ұсыныс заңы
3.Баға және тепе-теңдік бағасы.
4. Бәсеке,оның түрлері
4. Жаңа тақырыпты бекіту - 20 мин
5.Сабақты қортындылау - 5 мин
6. Үй тапсырмасы. - 3 мин

Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу
б) оқушыларды түгендеу
в) аудиторияның дайындығын бақылау
2. Үй тапсырмасын тексеру
Берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру

1.Нарық дегеніміз не?
2. Еңбек нарығы деген не?
3.Нарық инфрақұрылымдарын ата
4.Нарық қаржы саласы бойынша қалай бөлінеді?
5.Нарық рухани сала бойынша қалай бөлінеді?
6.Жалпы ішкі ұлттық нарықты неше түрге бөлуге болады?
7.Өндіріс –құрал жабдықтар нарығы
8.Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңі
9.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

1.Сұраныс – бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін
қажеттіліктердің көріну нысаны. Басқаша айтқанда, сұраныс – төлем қабілеті
бар қажеттілік. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасындағы
барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны графикті түрде сұраныс
қисығының сызығы деп атайды

Р2

Р1

0 Х1 Х2
1-график
Р - нарықтық баға
Д - сұраныс қисығы
Х - сұраныс мөлшері
Графиктегі көледнең білік – бұл сұраныс мөлшері, ал тік білік – нарықтық
баға. Көріп отырғанымыздай баға – Р1, сұраныс мөлшері – Х1, баға Р2 Р1
сұраныс мөлшері Х2 Х1 сәйкес келеді.Тауардың бағасы неғұрлым жоғары
болса, оған деген сұраныс төмен болады.
Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп
мөлшерде сатып алады. Егерде тауарға баға өссе, онда оларға деген сұраныс
азаяды. Сұраныс қисығының сызығы бір қалыпта тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл
жылжып отырады. Қисық графигінің оңға қарай ойысуы тауарға сұраныстың
өскенін, ал солға қарай ауысуы сұраныстың азайғанын көрсетеді.

Р2 Д
Д2

Д1
Р1

0 Х1 Х2
2-график

Нарықтық сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады:
бағаның деңгейі; сатып алушылардың ақшалай табысы; тұрғындардың ұнатуы және
артық бағалауы; нарықтық шамасы: жиналған мүлік; сатып алушылардың саны
және басқалар. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылар
тарапынан болатын сұраныс азаяды.

Сұраныстың бағадан тыс факторлары


Тұтыну-
шылар-
дың
кірістер
і
Өзара
алмастырушы
және өзара
толықтырушы
тауарлардың
бағалары

Тұтыну-
шылар-
дың
талғамы

Тауарлардың
күтілісі

2. Ұсыныс – бұл нарықта тұрған немесе соған жеткізуге болатын, белгілі бір
бағасы бар тауарлар жиынтығы. Ұсыныс, өндірілген тауарлардың ассортименті
(әр алуан тауарлар жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранысты
құрайды, өз кезегінде сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен құрлымын
белгілейді, себебі тек қана тұтынумен танылатын тауар ғана қайта өндірле
алады. Нарықтық баға мен өндірушілердің ұсыныс қисығының сызығы деп
аталатын белгілі бір арақатынас болады.

Р2
S
Р1

0 Х Х2
3-график
Көрсетілген кесте шығарылатын өнім көлемінің (х) нарықтық бағаға (р)
тәуелділігін көрсетеді. Баға – Р1, өнім – Х1-ге сәйкес, ал баға – Рс және
Р2-ге дейін төмендесе, онда өнім Хс және Х2-ге сәйкес, басқаша айтқанда
тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы,
соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады.
Ұсыныс мөлшерінің көбеюі ұсыныс қисығының сызығын оңға қарай (S2S2), ал
ұсыныс мөлшерінің азаюы солға(S1S1) қарай жылжытады.

S2

Р2 S

S1

S2
S
Р1
S1
0 Х1
Х2
4-график
Ұсыныс шамасы ресурстардың бағасына, қолданылатын өндіріс технологиясының
сипатына, салықтар мен дотацияларға, берілген тауар мен оған ұқсас
тауарлардың бағасына, бағаның өзгеруін күтуге, сатушылардың санына,
климаттық жағдайларға, өндірістік шығындарға тәуелді болады.

Ұсыныстың бағадан тыс факторлары

Салық пен
жәрдем
қаражаты
Тауар-
лардың
күтілісі
Техно-
логия
Сату-
шылар
саны
Басқа
тауарлар-
дың
бағалары
Ресурс
бағалары

Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа
факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырлады. Бұл жағдайда тауардың бағасы
өзгерілуіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс
қисығының бойында болады.
3. Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта
болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке
негізінде іске асырлады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең
бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан
артық болса, артық ұсыныс пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар
сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен
бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл
жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады. Тауардың бағасының
өзгеруі, тұтынушылардың кірісі мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр
түрлі әсер етеді. Тауар баға икемділігіне көбірек ие болған сайын оның
алмастырушылары көбірек болады.Ұсыныстың иекмділігіне ықпал ететін маңызды
фактор – уақыт. Ұсыныс әдетте ұзақ мерзімге икемді (өйткені, өндірісті
ұлғайту немесе өндірісті басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік бар). Бағаның
өзгеруі ұсыныс шамасына әсер етеді
Қандай нарықтық экономикада болмасын, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін
орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе-теңдігін сұраныс
пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір
деңгейі деп түсіну керек.
Д
S
Р2

РS Е

Р1

0 Х Х2 5-график.

Сұраныс және ұсыныс қисығы. Көріп отырғанымыздай,тепе- тендік нүктесі
сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қилысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне
сәйкес нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады. Сұраныс пен ұсыныстың
өзгеруіне қарай тепе-теңдік нүктесі мен тепе-теңдік бағасы да өзгереді.
Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына,қоғамдық
қажеттіліктер мен өндірістің қозалысында теңсіздіктердің пайда болуына,
ақырында, әр түрлі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп
соқтырады. Бәсеке нарықта баға тепе-теңдігі Е нүктесінде болады. Бұл
жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады. Енді баға тепе-
теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығымен айырмашылығы
жағдайында көрсетейік. Кесте түрінде ол былай көрсетіледі.

Д

S
Р2

РS Е

Р1
0 Х Х2 6-график.

Бұл процесс сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдік орныққанға дейін
созылады. Басқаша айтқанда, біз өндіруге ниеттеніп отырған нарықтық
механизм сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі принцпі бойынша әрекет етеді.
Өндіріс барлық уақытта тауарлар мен қызметтерге тырысады. Егер де сұраныс
ұсыныстан артық болса, ол өндірісті ұлғайтуды ынталандырады, ал керісінше,
егер ұсыныс мөлшері сұраныстан артып кетсе, онда өндіріс көлемі азаяды.
Осындай ауытқуларды тіркейтін – нарықтық баға болып табылады.
4. Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау – өндіруші
үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушының тауарды, жұмысшының жұмыс
орнын таңдау айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі
қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.
Бәсеке (латын тілінен аударғанда Cocurerre, concurentia – тиіп кету,
қақтығысу) – бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арсындағы тауарларды
сатып алу және сату барысындағы өндірістегі ең жақсы жағдайлар үшін
бақталастық.Басқаша айтқанда бәсеке – бұл ең жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін күресу, жарысу.
Бәсеке – нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі нысанда
болады және әр түрлі жолдармен іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы
Әлеуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика
Қоғамдық өндіріс туралы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәлімет
Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика
Нарықтық экономика жағдайы
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Нарықтық экономика
Пәндер