Педагог-психологтардың сүйемелдеу жұмыстарының мазмұны мен міндеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

49. Педагог-психологтардың сүйемелдеу жұмыстарының мазмұны мен міндеті

Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің міндеттері:

* даму проблемаларының туындауының алдын алу;

*оқытудың өзекті міндеттерін шешуге, бейіндік бағдар беруге және кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсету;

* оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін дамыту;

Мазмұны: Мектептегі психологиялық қызмет оқушылар тұлғасының үйлесімді дамуы, олардың көңіл-күй тұрақтылығын психологиялық сүйемелдеу мен қорғау, оқушылардың әлеуметтік және психологиялық салауаттылығының алдын алу мен ауытқушылықтарды жеңіп шығуы, проблемалардың себептерін зерделеп, айқындау, оларды шешудің жолдары мен құралдарын іздеу үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

48. Психологиялық көмек көрсету қолдау мен сүйемелдеу негіздері

Психологиялық көмекті жеке адамға, топқа немесе ұйымға әлеуметтік-психологиялық құзіреттілігін арттыру үшін көрсете аламыз. Психологиялық көмек көрсетуге бағытталған психологияның практикалық қолдану саласы. Бұл адамдармен тұлғааралық қатынастардағы қиындықтармен байланысты әртүрлі психологиялық мәселелерді, сондай-ақ терең жеке мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыс. Психологиялық көмек көрсету кезінде белгілі бір принциптер мен қағидаларды баса назарда ұстаған жөн, оның өзіндік заңдылықтары бар. Оларды жүзеге асыру міндетті болып табылады. Әр түрлі елдерде және психологиялық қауымдастықтарда кәсіби психологтың әртүрлі этикалық кодекстерінің болуы психологиялық практикада туындайтын этикалық және моральдық проблемаларға нақты және қарапайым жауаптар болмауымен байланысты. Бұл принциптер психологиялық көмек көрсету тек тиімді және мағыналы іс - әрекет қана емес, сонымен бірге әлеуметтік қолайлы болуы үшін қажет.

Психолог психологиялық қолдау көрсету кезінде тілектестік сезіммен, келген клиенттің тыныш әрі жайлы отыруын қамтамасыз ету керек. Мұқият тыңдай отыра оны түсінуге тырысады, онымен бірге психологиялық қолдау мен көмек көрсетеді. Психологтың клиенттің шынайы және ашық болуына мүмкіндік беретін әлеуметтік қабылданған нормалар мен ережелерге емес, клиенттің нормалары мен құндылықтарына бағдарлануы керек. Психолог өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесі мен біліміне қарамастан, клиентке кепілдендірілген кеңес бере алмайды, өйткені клиенттің өмірі мен оның ағымының мазмұны ерекше және болжанбайтын, ал клиент өз өмірінің негізгі маманы болып табылады, ал психолог - әдетте сарапшы ретінде әрекет етеді.

47. Балалар мен жеткіншектердің психологиялық саулығын қамтамасыз ету - білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету жұмыстарының негізгі бағыты.

Балалар мен жеткіншектердің психологиясының саулығы үшін ата-ананың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне деген көзқарасы өте қатты әсер етеді, Отбасында болатын кейбір қарама-қайшылықтар, айтылған пікірлердің бір арнаға тоғыспауы немесе балаға көңіл бөлмеушіліктен баланың психологиялық саулығы кері бағытқа әсер етуі мүмкін. Бала алдында ұрыс-керісті болдырмау немесе қандайда бір ортақ шешілмей жүрген жағдайларды көзінше айту баланың психологиясына кері бағытта әсер етіп, оның біріншіден денсаулығына, екіншіден білімі мен тәртібінің нашарлауына алып келуі мүмкін. Міне осыдан бастап балада психологиялық қиындықтар туындап, молынан қолдау көрсету мен сүйемелдеуге әкеліп соғады.

Білім беру жүйесінде баланың психологиялық саулығы өте маңызды. Себебі, психологиялық саулығы бұзылған бала оқуға да, жаңа нәрсені үйренуге де, тіпті өзінің дарын-қабілеттерін ашуға жағдайы болмай қалуы мүмкін. Сондықтан баланың психологиясы ата-ана үшін де, педагог үшін де маңызды рөл атқарады. Бір нәрсеге алаңдаған, бір күдігі немесе қобалжуы бар баланың сабаққа қызығушылық танытпауын мұғалім бірден аңғарып, мән-жайды сұрай отыра егжей-тегжейлі білуі керек. Баламен жүргізілетін жұмыстар осыдан кейін анықталып, ат-анасымен тығыз қарым-қатынаста болып, баланың психологиялық саулығы үшін бірлесе отырып жұмыстар атқарылуы тиіс. Ал жеткіншектерде бұл үрдіс қалыпты өткінші шақта қалыптасуы, орын алуы мүмкін. Бұл кезде бала толыққанда процесс үстінде жүреді. Осы жағдайда орта мен отбасы, мектеп ұжымының берер ақыл-кеңесі зор болмақ керек.

46. Мектеп психологінің оқушыны педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу жұмыстары

Мектепте балаға білім мен тәрбиені қатар бере отырып, психологиялық сүйемелдеу, яғни балаға білім сапасын арттыруға жағдай жасау үлкен маңызды істердің бірі. Себебі, баланың алға қарай талпынуына, білімді кеңірек, толығырақ алуына жағдай жасау бала үшін қолдау білдіру өте маңызды. Сондай-ақ бұл жүйеде мектеп психологының, әлеуметтік педагог, логопед, бала құқығын қорғау жөніндегі инспектордың істері бір жүйеде тоғыса отырып жасалынады. Олардың бір-бірімен тығыз байланыста әрекеттесуі орын алады. Әрбір ішкі құрылымдардың қызметі жүзеге асырылады жеке жұмыс арқылы ғана емес, кеңестер құру арқылы да психологиялық-педагогикалық жұмыстар орындалады. Оқушының қабілет-қасиетіне, бейімділігіне сай келетін мамандықтарды таңдай білу және соған бағыт-бағдар беру сүйемелдеу жұмыстарына жатады. Өз-өзін жетілдіруге, ұштауға бағытталған жұмыстарды, қандай да бір жағдайдың алдын-алуға және соны болдырмауға жағдай жасай білу керек. Оқушылармен қатар, ата-аналар мен педагогтардың да әлеуметтік-психологиялық құзыреттіліктерін арттыра отырып, баланың дамуы үшін жүргізілетін сүйемелдеу жұмыстарына оң әсерін тигізуін назарда ұстау маңызды.

45. Психологтың психокоррекциялық жұмыстары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог психологтың ата - аналарымен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны
Психологиялық кеңес жұмыстары
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Интеграцияланған оқыту мәселелерін зерттеу
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Мектепте әлеуметтік-психологиялық кеңес беру
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
МЕКТЕПТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГПСИХОЛОГТЫ ДАЙЫНДАУ КОНТЕКСТІ
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz