Қазақ орфографиясы орфоэпиясы және пунктуациясы


Кошкимбекова Нурсая
Қазақ орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясы
2-межелік бақылау.
Сұрақтары:
1) Бас әріптің қолданылуы.
2) Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір.
1) Бас әріптің қолданылуы.
1. Географиялық атаулар (жалқы есімдер) бас әріппен жазылады: Алматы, Алатау, Іле, Балқаш, Сібір, Каспий теңізі, Тынық мұхит, Кеңқияқ, Нарын, Қосшағыл, Өскемен. Орыс тілі арқылы енген географиялық атаулар (жалқы есімдер) орыс тіліндегі түрінде жазылады: Орехово-Зуево, Великие Луки, Лос-Анжелос, Риоде-Жанейро, Бомбей, Куала-Лумпур. Аталуы бұрыннан қазақша қалыптасқан кейбір жер-су, мемлекет, қала т. б. аттары сол қазақша қалыптасқан түрінде жазылады: Қытай (Китай емес), Қырым (Крым емес), Омбы (Омск емес), Шыңжаң (Синьцзянь емес) .
2. Кейбір мемлекет одақтарының, халықаралық ұйымдардың аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі.
3. Жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы. Ал облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылкеңесі аттарының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Алтай өлкесі, Қарағанды облысы, Кеген ауданы, Жарқамыс ауылкеңесі.
4. Мемлекеттердің аттары бас әріппен жазылады: Қытай, Жапония, Франция, Бразилия, Польша. Кейбір мемлекеттердің күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Америка Құрама Штаттары.
5. Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары бас әріппен басталып жазылады: “Би-би-си (радиосы) ”, “Азаттық (радиосы) ”, “Америка дауысы (радиосы) ”, “Қазақ радиосы”.
6. Тырнақшаға алынып жазылған зауыт, фабрика, трест, комбинат, спорт қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр т. б. аттары бас әріппен жазылады. Егер олар күрделі атаулар болса (бірнеше сөзден тұрған болса), бірінші сөзі ғана (және солардың ішіне кіретін жалқы есімдер) бас әріппен жазылады: “Жеңіс” шағын кәсіпорны, “Жетісу”аяқ киім фирмасы, “Самұрық” кинотеатры, “Еңбек”спорт қоғамы.
7. Негізгі нормативтік құқықтық кесімдер атауларының құрамына кіретін бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Мысалы: Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстері
* «Мемлекеттік функциялар мен бюджетаралық қатынастарды орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (егер құжаттың атауы болмаса, жарлық деген сөз кіші әріппен жазылады.
Мысалы: Президент жарлығын дайындауға әртүрлі салалардың мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер тартылуы мүмкін.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (бірақ тіркестердегі заң күші бар деген сөздер кіші әріппен жазылады.
Мысалы: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 20__ жылғы __ желтоқсандағы № _ заң күші бар Жарлығы)
8. Бағдарламалардың, халықаралық шарттардың, келісімдердің, конвенциялардың, сондай-ақ делегациялардың, комиссиялардың атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады:
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы
Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссия
9. Мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерде, шарттарда келісімдердің, шарттардың атауы «арасындағы» деген сөзден кейін келетіндіктен, келісімнің, шарттың негізгі атауы ретінде одан кейінгі сөз бас әріппен басталады:
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Чех Республикасы Үкiметi арасындағы Экономикалық, өнеркәсiптiк және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм
Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенция
10. Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти, Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әл-Кинди.
2) Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір.
Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Түнде жыламас болар, қарағым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz