СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОО-ДА ОҚУҒА ЫНТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Аңдатпа
Бұл мақалада студенттердің ЖОО-да оқуға ынтасын қалыптастыру жолдары сөз етіледі. Оқуға ынтаның болуы - білікті маман болудың бастамасы. Осы орайда, ЖОО-да білікті мамандарды даярлау барысы, студенттердің оқуға деген ынтасын қалыптастыру маңызды іс болып табылады.
Түйін сөдер: ынта, мотив, оқу, мақсат, қажеттілік, білім беру
Аннотация
В этой статье рассматриваются способы мотивации студентов к обучению в университете. Мотивация к учебе - это начало становления квалифицированным специалистом. В связи с этим важным моментом является процесс подготовки квалифицированных специалистов в вузе, формирование у студентов мотивации к учебе.
Ключевые слова: мотивация, мотив, учеба, цель, потребность, образование.
Annotation
This article looks at ways to motivate students to study at the university. Motivation to study - this is the beginning of becoming a qualified specialist. In connection with this important moment there is a process of preparation of qualified specialists in the university, the formation of motivation of students to study.
Keywords: motivation, motive, course, purpose, need, education.
Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.
Альберт Эйнштейн
Бүгінгі күнде бәсекеге қабілетті болу көрсеткіші - білім деігейімен өлшенуде. Білімді, сауатты азаматтар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Еліміздің сауаттылығын арттырушы, әрбір өскелең ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуына белсене ат саласа отырып, Қазақстанның одан әрі дамып, өркендеуіне - біз, педагогтар, өз үлесімізді қосуға тиістіміз деп есептеймін. Бүгінгі бейбіт, шуақты күнде елімізді бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан орын алып, жаңа биіктерге өрлеуіне аянбай қызмет етуіміз қажет деп ойлаймын. Осы орайда, ЖОО-да білікті мамандарды даярлау барысы, студенттердің оқуға деген ынтасын қалыптастыру маңызды іс болып табылады.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жоғары оқу орындарындағы студенттердің оқу іс-әрекетін ынталандыру проблемасын зерттеу - ерекше өзекті мәселе. Сонымен, қазіргі заманғы университеттердің басты проблемаларының бірі - студенттердің оқуға деген құлықсыздығы, оқуға деген ынтасының болмауы.
Ынта -- адамның белгілі бір іске ықыластана кірісіп, нәтижелі орындауга тырысуы. Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйытқысы болып саналады. Бұл туа берілетін қажеттіліктер (жоғарғы жүйке қызметінің өзіндік ерекшеліктері және т.б.) мен қоғамдық өмірдің, оның ішінде, мәдени ортаның ықпалынан болатын қажеттіліктерге байланысты. Қажеттілік адам бойында қоғамның, қоршаған ортаның ықпалынан пайда болады. Сондықтан адамның жұмысқа ынталылығы қалыптасқан әдетке байланысты. Ынта іс-әрекет кезінде қалыптасады[1].
Ынта оқу іс-әрекетінің мотивтерінің мәселелерін қарастырғанда, мақсат, қажеттілік сынды ұғымдарды меңгерудің маңызы зор. Жеке тұлғаның өмірінде бұл ұғымдар үнемі өзара әрекеттеседі және бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл ұғымдарды оларды ынтаның өзегі деп атайды.
Оқуға деген ынтаны қалыптастыру, ояту ол үнемі жаңарып отыратын процесс екендігі баршамызға белгілі. Ең алдымен, студенттің оқуға ынтасын ояту үшін оның түпкі мақсатын анықтау маңызды. Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі.
Саралай келе, оқыту мен тәрбиелеу барысындағы процестің мазмұны мен бағытын анықтайтын мақсатты нұсқаулар осыдан шығады:
- мақсатқа жетудегі мақсаттылық пен табандылық;
- тиімділік және таңдау жағдайында тәуелсіз шешім қабылдауға дайын болу[2].
Сондықтан да, студенттің оқу барысындағы түпкі мақсатын анықтау маңызды болып табылады. Студенттің мақсаты қандай болуы мүмкін?
oo Қызығушылық, жаңа нәрсені білуге деген ұмтылыс;
oo Жұмысқа орналасу кезінде дипломды дәлел ретінде пайдалану;
oo Жаңа орта мен достар табу;
oo Ата-ана алдындағы парызды орындау, отбасы мен достарының көңілін қалдырмау қажеттілігі;
oo Өзіңіз ұнататын мамандық иесі болу, сол мамандыққа қажетті жоғары мамандандырылған білім мен дағдыларды алуға деген ұмтылыс, талап.
Студенттің оқуға ынтасының өзгеруі, құндылық бағдарларының бүкіл жүйесі, бір жағынан, кәсіби қабілеттілікке байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, екінші жағынан, студенттік жасты мінез бен интеллекттің қалыптасуының орталық кезеңі ретінде көрсетеді.
Ынта бағдардың қалыптасуы адамның жеке басының дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Өтпелі, дамудың дағдарыстық кезеңдерінде жаңа мотивтер, жаңа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz