Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу, оқыту


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
1. 1 Мектеп жасына дейінгі бала
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
2. Мектеп жасына дейінгі оқытуда жаңа технологияларды қолдану
2. 1 Он екі жылдық оқу жүйесіне көшу немесе мектепке дейін оқытудағы жаңаша бағыт
2. 2 Мектепке дейінгі оқытуда педагогикалық технологиялар
2. 3. Оқытудың жаңа технологияларын мектепке дейінгі мекемелерде қолдану
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Мектепке дейін оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс - тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылымның, практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . . оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.
Елбасының «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету барысында, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән.
Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі туды. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқада көптеген адам қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі, оқушының шығармашылық қабілеттерін
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
1. 1 Мектеп жасына дейінгі бала
Интеллект (латын тілінде intellectus - түсіну, үғу, мақсатқа жету) - кең мағынада - бүл барлық индивидтің таным қызметгерінің (функцияларының) жиынтығы. Сезіну мен қабылдаудан бастап ойлау мен елестетуге дейін, ал тар мағынада - бүл ойлау.
Интеллект шындықгы тану формасының негізі болады. Интеллект қызметін түсіну үшін үш түрі бар:
1. Оқуға қабілеттілік;
2. Символдармен операция жасау;
3. Бізді қоршаған шыңдық заңдылықгарын белсенді игеру қабілеті.
Интеллект терминін адам психологиялық іс-әрекетінің спецификасын (ерекшелігін) бөле қарау үшін жиі қолданады. Кей жағдайда интеллектті бұрыннан жинаған тәжірибелерді қолдана отырып, жаңа ситуацияларға бейімделуін түсіну үшін қолданады.
Мәжит Мұқанов бойынша ой, интеллект, ақыл-ой анықгамаларын келтіріп өтейік. Ой дегеніміз - белгілі бір мәселені шешу кезінде кездесетін психологиялық процесс. Ал интеллект - сол ойдың жемісі. Оған әр адамның қиял ұшқырлығы арқылы жүзеге асатын тапқырлығы мен қабілеті, ептілігі жатады. Осындай процестер мен қасиеттер жиынтығын ақыл деп айтамыз. Ақыл деген үғымның ана тілімізде бірнеше түрлі мағынасы бар. Олардың бәрі де тиісті мәселелерді іскерлікпен, шеберлікпен, ептілікпен шешу. Күнделікті тіршілікте ақыл деп - адамның тапқырлығын, сезімталдығын, айлақорлығын, тағы сондайларды айтады.
Интеллектің методикалық зертеулері үшке бөлінеді: экспериментадды, сұрақгы, креативті (интуитивті)
Біріншісі - нақгы, әрі жылдам нәтиже береді;
Екіншісі - өзара корреляциялық сериялар туғызады;
Үшіншісі - ерекше класқа енгізілген, аса информациялы (инфомативті), бірақ нәтижені өңдеуде бірталай қиындықгар туады.
Мектепке дейінгі балалық шак,
Ерте жастан мектепке дейінгі балалық шаққа өткен уақытта балада продуктивті, конструкторлы және художествалық іс-әрекеттердің салдарынан перцептивті аналитикалық іс-әрекеттердің күрделі түрлері қалыптасады. Жаңа мазмұн заттардың формасына байланысты перцептивті бейнеге ие болады. Заттардың, кеңістік ерекшелікгері және олардың бөліктерінің сәйкестігі көрінеді.
Перцептивті әрекет оқытуда да кұрылады және олардың дамуы бірнеше этаптардан өтеді. Бірінші этапта қүрылым процессі белгісіз заттармен орындалатын пракгикалық, материадық әрекеттермен басталады.
Екінші этапта перцептивті әрекет болып, практикалық әрекеттің әссерінен қүрылған сенсорлы процестер болады. Бүл әрекеттер рецепторлық аппаратураның сәйкес қимылының көмегімен іске асырылады.
Үшінші этапта перцептивті әрекет жасырын, теріс, қысқартылған, олардың сыртқы, эффекгорлы звеннолары жоғалады, ал қабылдау пассивті процесс болып көрінеді.
Жан Пиаже концепцепциясы.
1955 жылы Пиаже бала мен жасөспірімдер интеллектісінің даму кезендері жайлы гипотезаны дамытты. Осы гипотезаға сәйкес интеллект дамуын 3 үлкен кезеңге бөлеміз: сенсо-мотрлы, нақгы және формальды операцияларды дайындау және іске асыру. Бұл кезеңцер өз кезегінде тағы кезеңшелерге бөлінеді.
Пиаже интеллектуалды операциялардың жетістіктерін бірінен соң бірін бақылауға мүмкіндік беретін жас ерекшелік кезендердің дамуын баяндаған.
Пиажені бүкіл әлемге әйгілі еткен басты жетістіктерінің бірі -бала эгецентризмін ашуы. Эгоцентризм - бүл ойлаудың ерекше түрі, баланың ойлау позициясының жасырын тұруы.
Пиаже ұсынған генетикалық психология нені оқытатынын анықгайық. Бүл ғылымның объектісі - интеллект пайда болуын және баланың фундаменталды түсінігі қалай қалыптасатынын, яғни объект, кеңістік, уақыт, себептіліктерді оқытады. Бүл баланың табиғи қүбылыстарын түсіндіреді, мысалы: Here күн мен ай күлап кетпейді?, Here бүлттар жылжып, неге өзен ағады? және т. с. с.
Пиаже үсынған генетикалық психология қандай мәселелерді шешеді? Бүл ғылым ойлау қабілетінің бір түрден екінші түрге ауысуын, қарапайым ойлаудың күрделіге қарай жылжуын қарастырады. Осы күрылымдық өзгерудің себебі не? Ол бала мен ересек адамдардың техникалық өміріндегі үқсастықгар мен айырмашылықгарды зерттейді.
Трансформация идеясы Пиаже теориясының алғашқы орталық идеясы. Бүдан объект пен субъект арасында шекара басынан бастап-ақ қойылмаған және оның түрақсыз екенін көруге болады. Барлық әрекетте субъект пен объект араласып кеткен.
Конструкция идеясы - Пиаже теориясының екінші орталық идеясы. Объективті білім әркдшан әрекеттің белгілі бір қүрылымдарына бағынған. Бүл күрылымдар - конструкция нәтижесі. Пиаже бойынша субъект - функцияналды белсенділікке ыңғайланған организм. Ол түқым куалаушылықпен нықгалған жәнекез-келген тірі организмге тән. Онымен белсенділік көмегі арқылы қоршағандарды күрылымдау жүреді. Интеллект күрылымның жеке жағдайы - ойлау іс-әрекетінің қүрылымына ие. Ал объект - бүл тек қана монипуляция жасау үшін материя мен әрекет "азық" болып табылады.
Пиаже концепциясында баланың психикалық даму негізінде интеллект жатыр. Оның көптеген туындыларында аффекгер интеллект эволюциясымен байланысты дамиды, кдбылдауды да басқа танымдық процестер сияқгы интеллектік көзқарас тұрғысынан түсіндіруге болады, ал балалық ойнау символы интеллекттің арқасында уақыт өте твочествалық қиял болады.
Пиаже бойынша баладағы көңіл, сезімдер, ерік, есте сақгау процестерін ойлау эволюциясынан бөліп алып қарастыра алмаймыз. Интеллект - бұл тамырларымен жалпы биологиялық тіршілік әрекет процестеріне кететін, өз функциясын орындап қойған немесе психикалық процестері дамып келе жаткдн тірі және кеуіп қалған бүтақгармен қоршалған ағаш діңі.
Мектепке дейінгі балалық шақга интеллект өзгереді. Сенсорлы немесе практикалық интеллект сөздік ойлауға ауысады. Ойлаудың жаңа формасының туывдауы эгоцентризммен сипатталады. Эгоцентризмдік ойлаудың таза формасы символикалық ойлау түрінде көрініс табады. Бірақ мектепке дейінгі кезендегі балаларда Пиаже бойынша ойнаудан бөлек қабылдауымен бейнеленген шындыққа адаптацияланған ойлаудың басқа түрі -интуитивті ойлау пайда болады. Осы екі шеткі түрдің арасында ойлаудың тағы бір түрі - сөздік ойлау бар. Бүл ойлау әдетте 7 жаска дейін.
Баланың қалай спонтандық (ішкі себептер мен пайда болған, сыртқы әсермен болмаған) ойлайтынын түсіну үшін Пиаже жаңадан баланың сөйлей бастағанынан бастап қоятын сұрақгарын жинап және анализдеді. Олардың жиі кездесетіні баланың калаған объектісі қайда орналасқаны мен белгісіз заттар қалай аталатынын (бүл не?) білуге үмтылысы. 3 жастан бастап кейбіруіне үлкендердің жауап бере алмай қалатын баланың "не үшін?" деген сөзі пайда бола бастайды. Пиаже баланың «неге?" деген сүрағы бір уақытта оқиғаның себебі мен мақсаты жайлы естігісі келтінін көрсетеді. Кішкене баланың сүрақ қоюының анализі ойлаудың эгоцентризмдік характерін көрсетеді.
Балалар өз сүрақгарына үлкендерден қандай жауап алғысы келетінін білу үшін Пиаже сол сүрақгарды сондай жастағы басқа балаларға қойды. Жауаптарында сөздік ойлаудың эгоцентрлік ерекшелегі өте айқын көрінді. Балалар табиғат заңын моральдік заңмен ауыстыратыны белгілі болды ("кайықгар жүзеді, өйткені олар соны істеуге тиіс", "ай тек түнде ғана жарқырайды, өйткені олбұйрық бермейді") . Қозғалыс балалардың ойынша мақсатка ұмтылғыш күй ретінде қарастырылады: "Өзендер көлге қүюлу үшін ағады". Бала үшін шындық жанды және тірі (анимизм) нәрсе. Шындық өз көзқарастарымен эгоцентрлі қарастырылады. Сыртқы күбылыстардың барлық түсіндірмесі балада адам іс-әрекетімен үқсастықга құрылады (артификализм) .
Эксперименталды жағдайларда бала ойлауы қандай? Ол әркдшан бекітіп, бірақ ешқашан оны дәлелдемейді. Бала 4-7 жасқа дейін өзі қолданатын үғымдарды анықгай алмайды және сәйкес объектілердің белгілерімен шектеледі немесе заттардың тек утилитарлық қасиеттерінен бастау алатын ұғымдарды ажыратады ("Үстел дегеніміз не? Үстел - ол тамақ жеу үшін") . Бүл өзгешелік Пиаже бойынша эгоцентризммен байланысты.
Бала практикалық есептерді шеше отырып логикалық бола ала ма? Француз психологы А. Рей түрлі күралдарды қолдану арқылы тапсырманы шеиіу кезіндегі баланың пракгикалық интеллектісін қарастыру бойынша зерттеулер жүргізді. Мысалы, мақсатты таяқгың көмегімен алу керек т. с. с. Автор бүл эксперименттерінде балада сөзден қарағанда әрекетте ақыддарақ болып келетінін анықгады.
Пиаже көптеген эксперименттерде бала заттармен манипуляция жасай алатын және сол манипуляция жасау барысында бір мезгілде сонымен қатар ойлай алатынын тауып, сол ойлау анализін экспериментадды жағдайда жүргізді. Көптеген фактілер анализінің көрсетуі бойынша бала 7 жасқа дейін ойлаудың операцияға дейінгі деңгейінде қалып қалады. Ол логиканы ойлаудың интуитивтік талқылауына ауыстырады. Мысалы, балаға сегіз қызыл және сегіз көк фишкаларды үсынып, экспериментатордың қызыл фишкаларды жасағаны сияқгы тура сондай үзындық қатарын салуды сүрайды. 4-5 жастағы бала эксперименттер санына көңіл аудармай және 1, 2 қатардағы элементтер арасындағы сәйкестілігін орнатпай-ақ тура сондай үзындық қатарын жасап шығарады. Бүл жерде кеңістікте алатын мөлшері арқылы бағаланатын интуицияның қарапайым формасы көрініс табады.
5-6 жасқа таман бала қызыл фишканы көк фишкаға карама-қарсы қойып өзара біржақгы сәкестілік негізінде қатарлар тең деп шешімге келеді. Олар қатарлардың эквиваленттілігін мойындамайды. Бірде-бір фишканы екі қатарға қоспағанын немесе алып тастағанын көріп түрса да, үзынырақ қатарды көп фишкалардан түрады деп ойлайды. Бүл жерде саналы операция жоқ, ол тек интуиция, жалпы емей бөлшектенген интуиция, бірақ соның өзінде қабыддауға тәуелді болып қалады. Пиаженің ойы бойынша бұл интуицияның элементарлы түрлері әрекеттер схемасы сияқгы, яғни елестеу жоспарына ауысқан сенсомоторлы схема. Бүл әлі жалпыланған логикалық операциялар емес. Осы схемалар операцияға айналу үшін балаға өзіне белгілі екі бағыттағы әрекеттерді орындау қабілеті жетіспейді. Алғашқы интуиция қайтымсыз, өйткені интериоризацияланған сенсомоторлы схемаға ие және сондай-ақ оның барлық кдсиеттері берілген сондай операциялардың пайда болуына міндетті түрде осы интериоризациялық әрекет қайтымды болуы керек.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.
«Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын.
Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген;
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.
Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
- Түрлі - түсті текшелерден үйді қалай салу керек?
- Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз?- деген болмашы сұрақтарды өздері олар ересектер ше талқылап жатады.
Сонымен мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл - ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский:”Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс “- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.
Кішкентай балалар тез еліктегіш жан - жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез - құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.
- Тілді дұрыс меңгеру;
- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға үйрету
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.
Мектеп ж. д. бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.
Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді.
Кері қайту Ілмек сөздер: Балабақша, Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу 0 - 5 жасқа дейінгі балалардың ақыл-ойының даму ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық көрсеткіштерінің диагностикалық маниторингісі [Ғылыми зерттеу жұмысы. «0 - 5 жасқа дейінгі балалардың ақыл - ойының даму ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық көрсеткіштерінің диагностикалық маниторингісі»
2. Мектеп жасына дейінгі оқытуда жаңа технологияларды қолдану
2. 1 Он екі жылдық оқу жүйесіне көшу немесе мектепке дейін оқытудағы жаңаша бағыт
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында ''XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап он екі жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің он екі жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz