СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ – АЛАШ САҢЛАҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ - АЛАШ САҢЛАҒЫ

Тұржанова Ғалия Құралқызы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,
филология мамандығының 1-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ниязова Ғ.М.

Қазақ елі тұғырлы мемлекет болып, тәуелсіздікке қол жеткізгенше азап пен қайғы, мұң мен күйзелістің ащы дәмін талай татты. Ғасырлар бойы егемендік таңына талпынған бабамыз бірде ереуіл атқа ер салып, егеулі найзасын қолға алса, енді бірде қаламын қару етіп ашық күреске түскен. Ақтық демі біткенше, елім, жерім, - деп шырылдап, ажал аузынан қорықпай, азап пен өлімнен сескенбей, соңғы үміті мен сенімін ұрпаққа арнаған ерлеріміздің алаулаған арманы бүгінгі күні орындалды. Көк аспанымызда тәуелсіздік туы желбіреп, еңселі, егеменді ел болдық. Осынау манаураған мақсатқа жету жолындағы нар тұлғалы азаматтарымыздың атын тарих беттеріне алтын әріппен жазып, дәріптеп өту біздің міндетіміз. Сондай құрметке лайықты жандардың бір легі - Алаш қайраткерлері екені дау тудырмас ақиқат. Алаш дегенде, ең алдымен, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейханов, Х. Досмұхаммедұлы сынды әдебиетіміздің асқар тұлғалы ардақтылары есімізге оралады. Дегенмен, олардан басқа да 101 мың қазақстандық ГУЛАГ (Лагерлер бас басқармасы) азабынан өтті, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл үлкен қасірет қазақ халқының көзі ашық азаматтары мен олардың жақындарының көзін құртып, халықты құл ретінде қолдануға мақсатты түрде бағытталған әрекет болатын.
Солардың бірі солақай саясаттың құрбаны болып, көзі тірісінде талай айыпқа ілініп, өмірінің соңғы сәттерін жат жұртта, жау жерінде жол құрылысына қатысып, опат болған қайраткер, әрі алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың күйеу баласы Смағұл Сәдуақасов еді. Оның есімі көпшілік қауымға таныс болмауы да мүмкін, бірақ оның халқымыз үшін атқарған еңбегі бүгінгідей жарқын күндерімізге жетуімізге себепкер болғаны сөзсіз. С.Сәдуақасов мұғалімдіктен бастап, Жер-су басқармасында қазақ бөлімі оқу ісінің меңгерушісі, Жастар комитетінің мүшесі, Жас азамат, Еңбекшіл жастар, Кедей сөзі, Ұшқын, Еңбек туы газеттерінің жауапты шығарушысы, саяси хатшы, инженер қызметтерін атқарды.
Оның халық, ұлт үшін жүргізген жұмыстары бірнеше бағытқа сараланады. Ең алдымен, С. Сәдуақасов басқа алаш қайраткерлері секілді жастарға сенім артып, тәлімгер, жол нұсқаушы дана көсем еді. Мұны оның баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары дәлелдейді. Сондай-ақ Жастарға жаңа жол (1924), Кооперация һәм қазақ шаруасы (1924), Жастармен әңгіме (1925) атты кітаптарында оның негізгі идеялары берілген. Ол ұлт ісін атқаратын, еңбекшілерге ақылшы болатын, келешекте жол бастайтын жастарға үміт арта отырып, Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет керек [1; 117] , - деген ойы арқылы мақсатқа жету жолын меңзейді.
Екіншіден, сол мақсатты орындауда жастарға жағдай туғызу қажеттілігін жете түсініп, халық ағарту мәселесіне тоқталады. С.Сәдуақасовтың Нужды аула (1919), Бірінші мақсаттарымыз (1920), Халық ағарту мәселелері (1925), Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар (1926), Қазақстанда халық ағарту мәселелері (1927) атты мақалаларында халыққа білім берудегі өзекті проблемаларға тоқталып, шешу жолдарын қарастырады. Биылғы жылғы оқу маусымында атты мақаласында Бастауыш мектепті қазақ баласы ауылда бітіруі керек. Орта дәрежелі, жоғары дәрежелі мектептерге түсу үшін ғана қалаға келу жөн. Оқушы балаға да пайдалысы осы. Жас күнінде қазақ баласы қалалы жерде ауырымпаз болады [1; 323], - деген пікірін айтады. Бір жағынан халықтың жағдайынан хабардар екенін байқаймыз, екіншіден бастауыш білім қазақ тілінде берілуі қажеттілігі, демек, ана тілі арқылы балаға жері мен еліне деген махаббатты сезіндіру, қазақтың қамын ойлайтын ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы туралы ойының орынды екендігіне көзіміз жетеді.
Үшіншіден, жерімізде шикізаттың болып, бірақ елімізде өндірістің жоқтығы туралы сөз қозғайды. Мұны Большевик журналының 1928 жылғы №1 санында жарияланған О национальностях и националах мақаласына көз жүгіртсек байқай аламыз. Алаш қайраткері бұл мақаласында: Іс жүзінде теңсіздіктердің себебі тек қана осы халықтардың тарихында емес, сондай-ақ царизм мен орыс буржуазиясының шет аймақтарға жегілген, солар пайдаланатын бірыңғай шикізат аудандарына айналдыруға тырысқан саясатында жатыр [2; 302] , - деп ой түйеді.
С. Сәдуақасов көтерген өзікті мәселелердің бірі - ел шекарасын анықтау, қазақ жерінің тұтастығына қатысты жұмыстар. Николай үкметі қазақ жерін қазынаның мүлкі деп жариялады. Русияда жер үшін жанжал шығып, көтеріліс жасаған мұжықтарды қазақтың даласына айдады. Отырған қонысынан қалың елді дүркіретіп қуа бастады [1; 312], - деп күйініп, Ақмола, Семей губернілері, Орал, Астрахан аймағындағы казак пен орысқа қарап кеткен жерлер, Жетісу, Сырдария губернілерін Қазақстанға қосу үшін шаруашылық пен ел басқаратын азаматтар жөнінде бірқатар батыл шараларға барады. Оған қоса Ф.И.Голощекиннің іс-әрекеттері қара халықты жақсылыққа әкелмесін білген көреген саясаткер, ел билеушісімен ашық күреске түседі. Расымен, Голощекин жасаған алғышарттың нәтижесінде ...ауылдар мен селоларда сұмдық оқиғалармен қоса аштық кең көлемде етек алған. Ит пен мысық желініп жатыр.. халық аштықтан ісініп өлуде... ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы келмеуде: өліктер шашылып жатыр.. [3; 64], - деп сипатталған азап келеді, 2 миллионнан аса адам аштықтан қырылады. Осы жайтты алдын-ала болжай білген С. Сәдуақасов қужақ большевикке барынша қарсы тұрады, жанын шүберекке түйіп, ақиқатты айтады. Осы себептермен 1927 жылдан бастап саяси қызметтен қуғындалады.
Жоғарыда келтірілген фактілерге сәйкес С. Сәдуақасов саясаткер, педагог екендігіне көз жеткіземіз, бірақ бұл - оның тек бір қыры. Өйткені ол еңбектері өз тұсында танымал болған әдебиетші. Оның театрдың, әртістік кәсіптің, пьеса танудың әліпбиі іспеттес Ұлт театры туралы (1925), Алғашқы тәжірибелер, Баянды еңбек күтеміз, Мәдениет тәрбиесі (1923), Ұлт театрына бір жыл (1927), тағы осы секілді бірнеше мақала жазады. С. Сәдуақасов бұл мақалаларында театр халыққа не үшін қажет екендігін, әртістердің шеберлігінің сырлары туралы пікірлерін, театрды қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары
Алаштың ұлы – Смағұл Садуақасұлы
Жастарға жаңа жол
Смағұл Садуақасов – ұлттық элитаның көрнекті өкілі
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
Смағұл Садуақасовтың
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Смағұл Сәдуақасовтың дүниетанымының қалыптасуы және мемлекеттік қызметінің басталуы
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933 жж. )
Пәндер