ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Кез-келген елдің экономикасының дамуына
әлеуметтік саланың рөлі мен әсерін бағалау маңызды теориялық проблемалардың
бірі болып табылады. Әлеуметтік сектордың көрсеткіштерін ескермей, ел мен
өңірлердің, сондай-ақ олардың аумағында жұмыс істейтін экономикалық
субъектілердің инновациялық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді
бағдарламаларын практикада жүзеге асыру және ғылыми негіздеу мүмкін емес
екені анық. Осыған байланысты, әлеуметтік-экономикалық салдарларды анықтау
тұрғысынан әлеуметтік саладағы ұйымдардың жағдайы мен даму проблемаларына,
атап айтқанда, кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектінің маңызды
компоненттерінің бірі ретінде олардағы еңбек қатынастарын реттеу
механизміне барабар бағалау қажет.
"Әлеуметтік сала" ұғымы әртүрлі контексте әр түрлі қолданылады.
Экономикалық ғылымда ол белгілі бір салалар тобын білдіреді: білім беру,
денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
халыққа қызмет көрсету, тұрмыстық қызмет көрсету, мәдениет, өнер, ғылым,
басқару органдары. Әлеуметтік саясат азаматтардың әл-ауқатын анықтайтын
ұйымдар мен процестерге бағытталған.
Әлеуметтік саясат саласына Әлеуметтік сала салаларынан басқа, қоғам
мүшелері арасында кірістерді бөлу, отбасылық қатынастар, табиғатты қорғау
қызметі және т. б. кіреді. Тиісінше, әлеуметтік саланың экономикасы
әлеуметтік саясаттың барлық объектілерін, мақсаттары мен құралдарын
экономикалық қарастырумен салыстырғанда нақты анықталған шеңберге ие.
Әлеуметтік саланы зерттеу пәні жоғарыда аталған салалық жүйелердегі
шығындар мен нәтижелерді өлшеумен байланысты процестердің, қатынастардың,
институттардың ерекшеліктері болып табылады. Бұл салалар оларды
экономиканың басқа бөліктерінен ерекшелейтін нақты экономикалық
сипаттамаларға ие. Ерекшелік биржалық қатынастардың айқын көрінуінде,
әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырудағы мемлекеттің жоғары рөлінде,
мемлекеттік реттеу мен қаржыландыру формаларында және олардың нарықтық
механизмдермен үйлесуінде, коммерциялық емес ұйымдардың басым болуында
көрінеді. Мұның бәрі арнайы зерттеуге лайық.
Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық
өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты
өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi,
қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi. Осылайша,
экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру
деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын
табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде
тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк
бағдарламалар немесе стратегиялар қажет 1.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу
қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне
байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне
жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық
өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде
басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту
кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен
болуы керек.
Мiне осыдан келiп мен жұмысымның тақырыбын  Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік сала: қазіргі жай – күйі және даму
мәселелері деп алдым.
Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жұмыс барысында жалпы әлеуметтік
саладағы бағдарламалардың әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы
ерекшелiгiн қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге
қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi
жақтарын көрсету,  сонымен қатар, экономикалық өсуге басты бағыт болып
саналатын Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңдағы атқарып отырған 
индустриялы – инновациялы дамуы туралы тоқталу.
Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ, елдiң тұрақты
экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және
оның шешу жолдарын табу, ол үшін келесі мәселелерді:
- Әлеуметтік сала - экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде:
түсінігі, факторлары мен типтерін қарастыру;
- Әлеуметтік сфераны реформалаудың әлемдік тәжірибесін анықтау;
- Қазақстанның экономикалық дамуы сфераның қазіргі жай-күйі мен
стратегиялық жоспарының дамуын талдау;
- Әлеуметтік саладағы қаржы ресурстарының құрылуын ұарастыру;
- Білім беру сапасын арттыру мен халықты медициналық көмекпен жаппай
қамту стратгиясын қарастыру;
- Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту;
- Шартты әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті қысқарту
мен ана мен баланы кешенді қолдау бағдарламасын ашып көрсету;
Тиімді жұмыспен қамтудың негізі ретінде қауіпсіз жұмыс орындары мен
үйлесімді еңбек қатынастарын реттеу жолдарын қарастыру негізіг міндеті
болып табылады.

1 ӘЛЕУМЕТТІК САЛА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ

1.1. Әлеуметтік сала - экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде:
түсінігі, факторлары мен типтері

Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп,
өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы
жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып
табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның
келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты
назар аударылады. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек
экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық
және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі
институционалдық құрылымдардың пропорциялары, өсу қарқынын өсіру немесе
тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық
көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің
мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру
болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің
шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі
бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар
болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және
қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді:
дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен
байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық
қажеттіктер, оларды қаматамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің
өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен
кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер
өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады.
Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайылыққа айналады, ал бұл
жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы екі
бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу
шапшандылығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы
өсуінің (көбеюінің) шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық
экономиканың дамуының қорытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған.
Әдетте экономикалық өсуді өлшеудің қандай әдісін қолданатыны зерттеудің
мақсаттарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе
елдің экономикалық потенциалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін
қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе
әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдісі көбірек
қолданылады. Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты
ұлттық табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық
экономиканың дамуы деп түсініледі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан
қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық
өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. өндірістің құрылымы мен
институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп
есептеледі. Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы
ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ
мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт
түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және
неоклассикалық теорияларына тән болады.
Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриалдық және
постиндустриалдық теорияларда қолданылады. Бұл теориялар тым ұзақ
мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы
мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақұрылым объектері,
экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен 
байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі
ерекшеліктері болады:
Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есептеледі.
Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші жағынан, өзі
құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің нәтижесі болып
табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес, экономикадағы
глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты
тенденциялары мен заңдылықтарына аударылады.
Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық
дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері,
кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және
үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың
қалыптасуы зерттеледі.
Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету –
экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық
өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады,
осының құрамы:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшаңдығын
көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде
орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып
отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудару керек.
ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.
Көпсалалы өндірістің тиімділігі деген түсінікті құратын жағдайлардың
барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады.
Осыған жататындар:
тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және
әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе
оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын
жетілдіру;
басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, Х-тиімді
еместікті жою;
өндірістік ресусртардың салалық және елдің аймақтары бойынша
аллокациясын жақсарту;
жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген түсінік оның
әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің
сапасын құрушылар:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің
тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне
байланысты тікелей және жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық
өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы
мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
өндіріс технологиясы мен ұымдастырылуының жетілдірілуі;
шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен
сапасының өсуі;
қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың
монополиялану дәрежесінің төмендуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие
алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу
факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу
мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық,
инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру
нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі
нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің
ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе
өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар
бойынша нақты аллокациясы;
қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның
тиімділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де
маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін
арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық
потенциалдың мүмкін қарқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік
иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің өсу шапшаңдығына
тең болуы қажет.
Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі типі
болады: экстенсивтік және интенсивт ік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін
қолдану арқылы жүреді: жұмыскелерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты,
отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты
көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу
қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады — өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың
өзгеру қарқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей
факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интенсивтікке.
Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік
типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге
асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, қашан болмасын өндіріс
құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап
етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық
сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді
талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ
экстенсивтік және басымырақ интенсивті деп бөледі.
Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік
факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер
өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50 % артық болса, онда
экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер
нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивтік факторлардың салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50
% төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ экстенсивті
типі тән болады.
Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгілейтін
макроэкономикалық көрсеткшітердің өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП
бірнеше типке бөлінеді.
Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген
шамасына (КL-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір
ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын
алады.
Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек
өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға
еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда –
шекті еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің
арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.
Егер ҒТП дамуында белгіленген еңбек өнімділігінің орта дәрежесіне
еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (YtLt-const,
сондай-ақ DYtDLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп
аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYtDКt-const)
оның орташа өнімділігі де (YtКt тұрақты болса), Харродтың пікірі бойынша,
техникалық прогресс бейтарап деп аталады.
Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шартына
анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі
тепе-тең алғашқы болмысы мен жаңасын сылыстырумен айналысқан болса, тепе-
теңдік өсудің үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті
қамтамасыз етудің шарттарын анықтауға болып табылады. Бұлар тренд
траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен қозғалып
отырады.
Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудың тепе-теңдік
траекторияларын тұрақты және тұрақт ы емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік
траекториясынан экономика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін
қайтып осы тепе-теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-теңдік
траекториясы тұрақты болады. Егер бір траекториямен экономика бір сәтте
тепе-теңдікке жетіп шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай
балансталған өсу траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы
немесе бастапқы даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның
тепе-теңдік болмысы бұзылады да экономика өз күшімен (өндірушілер мен
тұтынушылардың өзара әсерлерінің негізінде) ешқашан тепе-теңдік
траекторияға қайтып оралмайды, ол одан алыстай береді.
Тепе-теңдік өсу үлгілері тепе-теңдік траекториялардың қасиеттерін
(олардың тұрақтылығы және тұрақты еместігі) зерттеуге бағытталған және олар
ауытқу жағдайында экономикалық жүйені тепе-теңдік траекториясына қайтару
шарттарын анықтау үшін қолданылады. Осы үлгілердегі нақты экономикалық
жүйелердің өзгерулерінің ықтималдық тенденцияларын болжауға бағытталған өсу
үлгілерінен айыра білу керек.
Өсудің жабайы неоклассикалық үлгісі. Өсудің неоклассикалық үлгілері
дамудың стационарлық жағдайында трендтік траекторияларды зерттеу үшін
қолданылады. Дамудың стационарлық тәртібі жетілген бәсеке жағдайында және
өсу процесінде макроэкономикалық статикалық тепе-теңдік өзін-өзі ұдайы
өндіреді деп тұжырымдайды. Базалық өзгермелі үлгілер бірдей шапшаңдылықпен
өзгереді, ал олардың өзара байланыстары байқалып отырған мерзімде, оның
қандай уақытын алсақ та тұрақты болады. Осы жағдайда әңгіме динамикалық
статика туралы болып отыр: дамудың болашақтағы сипаты оның бүгінгі
сипатында болады. Осылайша, динамикадағы тепе-теңдік те статикадағы тепе-
теңдік сияқты жүзеге асырылады.: өндірушілердің өз өнімінің бағасын толық
білуінің негізінде, өнімдер мен ресурстардың икемді бағалары икемді
проценттік ставка (өсім ақысы) арқылы жинақтар мен инвестицияларды қолма-
қол теңестіру негізінде барлық өндірушілердің тәртібін жоғарылатын өндіріс
факторларының шекті өнімділігіне пропорционалды түрде табыстарды көбейту
негізінде.
ҒТП үлгілеріне жүргізілген талдаудың көрсетуі бойынша, жетілген
бәсекенің өзі де экономикалық өсу процесінде тұрақты тепе-теңдікті
автоматты түрде ұстап тұруы техникалық прогрестің кез келген типінде жүзеге
асырылуы мүмкін емес. Мұндай мүмкіндік тек ҒТП-тің Харрод көрсеткен
бейтарап жағдайында ғана пайда болады. ҒТП-тің басқа типтерінде қосымша
шарттар қажет болады.
Динамикалық тепе – теңдіктің неокейнстік үлгілері.  Дж. Кейнстің
концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, макроэкономикалық
тепе – теңдікке жету үшін, егер ЖҰӨ — нің барлық көлемін өткізу үшін тиімді
сұраныс жетімсіз болса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы
және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.
Қосымша инвестициялар мультипликатор негізінде қосымша тұтыну заттарына
туынды сұраныс жаратады. Бұл ұлттық өндірістің барлық табиғи көлемін
өткізуге және жұмыспен толық қамтуға мүмкіндік береді. Осыдан кейінгі
экономиканың жағдайы Дж. Кейнстің назарынан тыс қалған, өйткені оның
зерттеуі қысқа мерзіммен шектелген болатын.
Бұл мәселелермен экономикалық өсу теориясы бағытынан Кейнстің
ізбасарлары айналысты. Олар мынаған назар аударды: егер инвестициялар
қосымша тұтыну заттарына сұраныс тудырса, онда осы жаңа сұраныс, туынды
байланыс ретінде, жаңа өндіріс құрал – жабдықтарына, жаңа инвестицияларға
да қосымша сұраныс жаратады. Осы процесте сату көлемінің өсу проценті
маңызды рөл атқарады. Егер көлемі өскен болса, онда осы процесс тудырған
инвестициялар бұдан жоғары шапшаңдықпен өседі. Және керісінше, сатудың
көлемі төмендегенде, инвестициялар осыдан шапшаң төмендейді. Осы жағдай
мультипликатор принципін акселератор принциптерімен толықтыруға мүмкіндік
берді.
Өсудің жабайы посткейнстік үлгілеріне Е. Домар мен Р. Харродтың
үлгілері жатады.
Е.Домардың үлгісі. Өсу теориясына Е.Домардың қосқан негізгі үлесінің
мәні мынада: ол инвестициялардың екі тиімділігін де есепке алудың
қажеттігіне назар аударады – мультипликатормен қатар акселераторға.
Домардың үлгісі бойынша, өндірістік қуаттардың толық пайдаланылуын
қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тұрақты түрде өсіріп отыру қажет. Бұның
өсу қарқыны капиталдың өнімділігінің жинаққа шекті бейімділіктің
көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Ал жұмыспен толық қамтылуды қолдау үшін
еңбек ұсынысының өсу шапшаңдығы еңбек сұранысының өсімінің шапшаңдығына тең
болу керек. Факторлардың біреуінің қызметін басқасы атқара алмайтындығына
байланысты, еңбекке сұраныстың өсімінінің қарқыны капиталдың өсімінің
қарқынына тең болу арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп еңбек нарығындағы тепе
– теңдікті еңбек ұсынысының өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынына тең
болғанда қамтамасыз етіледі.
Домардың үлгісі бойынша, толық жұмыспен қамтуды және игіліктер
нарығындағы тепе – теңдікті қолдап, ұстап тұру үшін инвестициялар көлемін
берілген шапшаңдықта тұрақты түрде өсіріп отыру керек. Бірақ кәсіпкерлердің
инвестициялық жоспарлары сонша оптимистік болмауы мүмкін. Егер
инвестициялар өндірістің нақты көлемінің тепе – теңдікте өсуіне және толық
жұмыспен қамтылуды қолдауға қажет мөлшерден төмен болса, онда экономикалық
жүйе тепе – теңдік траекториядан одан әрі алыстай түседі. Сондықтан
Домардың үлгісіндегі тепе – теңдік тұрақты емес деуге болады. Өйткені мұнда
экономиканы сол тепе – теңдікке келтіру механизмі көрсетілмеген.
Р. Харродтың үлгісі. Р. Харрод  Е. Домардан гөрі өз міндетін кең
мағынада түсінген. Ол үйлесімді өсу механизмін анықтау үшін, экономикадағы
функционалдық байланыстарды көрсететін теңдеулерге ғана сүйенбей, сонымен
қатар талдауға кәсіпкерлер әреккетерінің психологиялық мотивтерін енгізген.
Р. Харродтың үлгісіндегі кәсіркерлердің тәртібі былай сипатталады. Егер
өткен мерзімде сұраныс артық болса, онда олар (кәсіпкерлер) өндіріс
көлемінің өсу қарқынын көтереді. Керісінше болса, қалыптасқан өсу қарқыны
сақталады.
Өсудің неокейнстік үлгілерін талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар
және экономиканың статика жағдайында қызмет етуінің кейнстік үлгісін
талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар бір – біріне өте ұқсас деп
тұжырымдауға болады. Бұлардың мәні мынада: тепе – теңдік өсу тұрақты емес,
сондықтан экономиканың өсуіне мемлекеттік реттеу мақсатпен белсенді кірісу
қажет.
Осы концепциялардың негізгі мақсаты, ол қоғамның даму сатыларындағы
ерекшеліктерін, фундаметалдық айырмашылықтарын көрсету болып табылады.
Экономикалық теорияда қоғамды өсу сатыларына бөлудің екі негізгі
концепциясы орын алған.

1.2 Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу

Мемлекет  экономикалық  өсуді реттеуде маңызды  рөл атқарады. Сондықтан
мемлекет тарапынан реттеудің қандай шаралары осы процесті ең қолайлы
әдіспен ынталандыратынын қарастыру керек:
Кейнсиандықтар көзқарасы жағынан экономикалық өсу , ол сұраныс
факторымен байланысты деп түсіндіреді. Әдетте олар өсудің төмен қарқынын
жалпы ұлттық өнімнің қажетті өсуін қамтамасыз етпейтін адекватты емес
жиынтық шығындар деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар проценттің төмен
ставкаларын (арзан ақщасаясатын) капитал  жұмсау ынталандырушы құрал
ретінде насихаттайды. Қажетті жағдайда финанс – бюджеттік саясат жоғары
капитал жұмсау денгейі инфляцияға әкеліп соқтырмауы үшін мемлекеттік
шығындар мен тұтынуларға шектеу қолданыла алады.
Кейнсиандық бағытты жақтаушыларға қарсы ұсыныс экономикасының
өкілдері экономикалық жүйенің өндіріс потенциялын ұлғайтатын факторларға
сүйенеді. Жеке жағдайда олар салықтың төмендетеді. Ал салықтың төмендеуі
қорлану мен капитал салудың нәтижесінде еңбек жағдайлары мен кәсіпкерлік 
белсенділікті ынталандырады. Мысалы, табыс салығын төмендету немесе алып
тастау қорланудан түсетін табыстың үлкеюіне әкеліп соғады. Керісінше, табыс
салынатын салық көлемін үлкейтсек, онда тұтыну көлемі төмендейді және
қорлану ынталандырылмайды. Кейбір экономистер тұтынуға біркелкі салықты
енгізуді қолдайды. Яғни  бұл салықың түрі  жеке табыс салығының     толық
немесе бөлшектеп ауыстыруы ретінде болады (жеке тұлғаларға , үй шаруаларына
және корпоративтік емес фирмалардың  табысына салынатын салық   ). Бұл
сөйлемнің мағынасы қорды тұтыну мен ынталандыруға қойылатын шектеулерден
тұрады. Капиталды жұисауға қатысты бұл экономистер әдетте инвестицияға
қатысты салық жағынан жеңілдік жасау үшін корпорацияның пайдасына салынатын
салықтарды төмендетуді немесе алып тастауды ұсынады. Кейнсиандықтар қысқа
мерзімді мақсаттарға көп көңіл аударатынын айтып кеткен жөн.  Дәлрек
айтқанда , жиынтық шығындарға әсер ете отырып нақты жалпы ұлттық өнімнің
жорғарғы деңгейіне көңіл аударады.  Олармен салыстырғанда , ұсыныс
экономикасының өкілдері өндіріс күштерінің толық боссыздығы және толық
түрде жұмыс істейтін қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз ететін фаторларға
сүйене отырып ұзақ мерзімді мақсаттарға көңіл аударады.
Әр түрлі бағыттағы теорияларды қолдайтын экономистер экономикалық өсуді
ынталандыратын басқа да мүмкін әдістерді қарастырады. Мысалы , кейбір
ғалымдар жеке саясатты насихаттайды. Оның салдарынан экономикалық өсуде 
қолдау табу үшін өндіріс құрылысының қырылуында мемлекет өзіне тікелей
белсенді рөл алатын еді. Мемлекет жоғары деңгейде өндіретін салалардың
дамытуын тездететін және де төмен деңгейде өндіретін салалардан ресурстарды
тасымалдауға қатысатын шешім қабылдауына болатын еді. Сондай – ақ мемлекет
техникалық прогресті ынталандыра отырып көптеген маңызды зерттеулерге
өзінің шығындарын ұлғайта алар еді. Білім  саласына кеткен шығындардың
үлкеюі де , сондай – ақ жұмыс күшінің сапасының және еңбек өнімділігінің
өсуіне елеулі әсер ететін еді.
Экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкін әдістердің көптігі мен
күрделілігіне қарамастан экономистердің басым бөлігі экономикалық өсудің
қарқындылығын ұлғайту оңай емес екендігі , — капиталдың көп мөлшерде қажет 
болуы және  кор жинауға талпыныс ынталандыру шараларына оңай берілмейтінін
түсінеді.

1.3 Әлеуметтік сфераны реформалаудың әлемдік тәжірибесі

Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-
бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн
жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.
Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр
түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму
жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:
1. Жоғары дамыған елдер;
2. Дамушы елдер;
3. Даму жағынан артта қалған елдер 4.
Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан
кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап
көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына
қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және
даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-
технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан
артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан
елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың
индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде
алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады 10.
Қазiргi әлемдiк экономикада шикiзат бағыттағы экономиканың дамуы
тұрақсыз болып келiп, ол әлемдiк рыноктағы шикiзат бағаларының өзгеруiне
тәуелдi болады. Бүгiнде шикiзат бағытындағы елдер даму жағынан артта қалған
және экономикасы тиiмсiз жағдайда болып отырған дамушы елдер айналысады. Өз
кезегiнде шикiзат бағытындағы экономиканың шығындары көп болып, ол қоршаған
ортаға, жалпы қоғамға өз зиянын тигiзедi.
Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары дамыған
және өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi iске
асырып отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады. Олардың
iшiнде экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары
дәрежесiне жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер
20-30 жыл iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары”
деген атпен дүниежүзiне белгiлi болды. Бұл елдерге:
1. Оңтүстiк Корея;
2. Тайван;
3. Китай;
4. Сингапур;
5. Малайзия;
6. Индонезия;
7. Гонконг елдерi жатады 7.
Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан
қол үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде
әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.
Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға
түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi деп
айтсақ болады. Бұл елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау
кезеңдер арқылы және даму стратегиялары арқылы iске асты.
Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын жасауда
осы елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып табылады.
Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап, оның
елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi тапсырмалардың
бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң экономикалық өсуiнiң
процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.
Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес
болып отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа
өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа
елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары
мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және
т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған
елдермен бәсекеге түсуде.
Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi.
Сол уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы
үлесi 57%, 52,4% — түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% — ақпаратты талдау
құрылғылары, 40,9% — ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% —
металдық контейнерлер экспорттады 7.
Кореяның өткен ғаысрдың соңғы ширегiндегi ЖҰӨ-нiң орта жылдық өсуi 8,5%
төңiрегiнде болып отырды. 1971 жылы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi жалпы
өндiрiстiң 20%-ын құраса, ал 1980 жылдары бұл көрсеткiш 30%-ға жеттi.
Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары
азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып,
ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.
Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды
1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп
отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға
бағытталды 7.
Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл
өнеркәсiпке салынды.  Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi
жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол
инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы
қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi
бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.
Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс
объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй
секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына
салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң
экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.
Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк
инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар
негiзiнде қызмет еттi.
Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi кезеңiнде
жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы елдiң қажеттi
деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi.  Шетел инвестициялары
арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық негiзде жұмыс iстедi
6.
Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар
келесi талаптарға жауап бере алса:
• Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр
жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
• Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын
60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
• Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен
араласапауы қажет 7.
Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық аймақтардың
болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам арнайы
өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен қызметкерлер
еңбек етедi.
Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады.
Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа
шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз
инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн
капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге
белгiлi.
Корея дамыған елдерден нақты экономикалық көрсеткiштердiң шамасымен
оларға жете алмауда. Мысалы, 1991 жылы ЖҰӨ АҚШ-та 4,5 млрд. доллар,
Жапонияда 2,7 млрд. долларды құраса, ал бұл көрсеткiш Оңтүстiк Кореяда 119
мың доллар болып отыр. Сондай-ақ iрi компанияларының табыстары әлемдегi
дамыған елдер iрi компанияларының табыстарынан көп артта болып табылады.
Бүгiнде “Самсунг” компаниясының табысы 20 млрд. доллар, ал “Ниссан”
компаниясының табысы 33 млрд. егер Кореяда 1962 жылы жан басына шаққанда
ЖҰӨ-нiң көлемi 87$ болса, ал 80-шi жылдары бұл көрсеткiш 3000$-ға жеттi
7.
Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне
мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде
табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары,
өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери
шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5% , ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын
құрайды.
Коорея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi
жұмыс күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi,
яғни халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге
жауапкершiлiкпен қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның
жұмысшыларының еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса,
ал Кореяда бұл көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы
күшiнiң арзан болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды
6.
Сонымен соғыстан кейiнгi жылдары Корея экономикалық өсуiн үш кезеңге
бөлуге болады:
Бiрiншi кезең (1961-1965ж.ж.) – ел алдындағы негiзгi мәселелердi
анықтау, дамудың тиiмдi жолдарына экононмиканы бағыттау. Бұл кезеңде
кономиканың негiзгi бағыты жылдам және тиiмдi түрде ел экономикасын
индустриялау, ол үшiн шетел инвестицияларына қолайлы ортаны қалыптастыру;
Екiншi кезең (1966-1980ж.ж.) – экономикалық саясаттағы даму модельдерiн
жан-жақты қолдау және өсудiң жаңа көздерiн үзбей iздестiру. Экономикадағы
өндiрiстi қатаң түрде экспортқа бағыттау, осы мақсатта импортқа қатаң түрде
мемлекеттiк реттеу жүргiзу;
Үшiншi кезең (80-шi жылдардан кейiнгi) – алдағы кезеңдердегi
жетiстiктердi максималды деңгейге жеткiзу, әлемдiк экономикалық
қатынастарда елдiң тиiмдi стратегияларды қолдануы, әлемдiк бәсекелестiкке
төтеп беру үшiн және дамыған елдерден қалмау үшiн ғылыми-техникалық ,
инновациялық секторды, елдiң сыртқы экономикалық және қаржылық қызметiн,
индустриялық дамуға басты көңiл бөлдi 7.
Бiрiншi кезеңде елде экономиканы экспортқа ынталандыру мақсатында
келесi шаралар жүргiзiлдi:
• Шикiзаттар мен материалдар импортына кедендiк тарифтердi алып тастау;
• Импортталатын тауарларға, жартылай фабрикаттарға, комплекстiк
өнiмдерге, экспортқа бағытталған өнiмдерге, делдалдық қызметтерге
жанама салықтарды алып тастау немесе жеңiлдiктер беру;
• Экспортқа бағытталған өнiмдер шығарушы компанияларға, жартылай
фабрикаттармен қамтамасыз етушiлерге тарифтер мен салықтарды азайту
немесе алып тастау;
• Фирма табысына тiкелей салықтарды азайту;
• Экспортқа бағытталған өнеркәсiп орындарына мемлекеттiк субсидиялар мен
гранттар бөлу.
Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамыды.
Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға, шетел
техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж. мемлекет
тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым және
технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел
технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың
ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән
технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және
электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.
Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін
ЖОО  KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology) ашылды.
Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын
жүзеге асыруға көмектесті 6.
80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге
асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған
инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік
бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар
саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды
даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы
құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан
қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға
ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.
Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің
2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында
да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады 7.
Осындай экономикалық өсудi реформалаудың кезеңдер арқылы жүргiзiлiп
және нәтижесiнiң орындалуына қатаң түрде бақылау жүргiзу себебiнен, елдегi
индустриялық-инновациялық дамуды негiзгi орынға шығарудан бүгiнде Кореяда
50-ден астам әлемге белгiлi iрi өнеркәсiптiк-қаржылық компаниялар мен
ұйымдар бар. Олар елдiң ЖҰӨ-нiң төрттен-үш бөлiгiн құрап отыр. Бұл iрi
компониялар iшiндегi “Самсунг”, “Хюндай”, “Голдстар”, “Дэу”, “Санкен” және
т.б. iрi компанилар әлемдегi бәсеке қабiлеттiлiк деңгейi жоғары екенi
белгiлi.
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды
басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып
келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар
психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде
тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты
бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ
мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.
Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке
меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай
нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы
жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз
құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi
төмендедi.
Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы
республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады.
Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек
ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы
деңгейiмен өлшенедi.
Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей
мәселелер орын алуда:
• Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
• Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
• Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
• Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық,
жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
• Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және
газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да
салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны
рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар
жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде
орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық
қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн
келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол  реформаларға:
• Экономиканы жекешелендiру;
• Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
• Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде
индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған
қабылданды;
• Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
• Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық
саясатты жүргiзу;
• Ауыл шаруашылығын реформалау;
• Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;
Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп,
елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың
жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр.
Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл
дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады.
ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды.
Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық
Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және
инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан
бастап экономикалық даму сатысына өттi.
1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың
бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1,7%-ке жеттi. Отандық
товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы
сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды.
Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9,8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13,5%, 2002 жылы
10,5% құрады, 2004 жылы 8,4%, 2005 жылы 9,1% және 2006 жылы 9,6% құрады.   
13 .
 Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты
дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi
құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту
бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге
қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған
Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық.
Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге
қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала
— өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн
жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.
Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда.
Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп
келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде
рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген
түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер
мен олигополистер  баршылық.
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып
отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен
бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық
мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi
дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық
құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және
өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.
Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған
елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн
индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға  өту үшiн
2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды 10.
2020 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті Жолдауында
Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал бұл
бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті
етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және
кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен
ерекшеленетін инвестициялар болып табылады.
Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада
болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi
трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына
шаққандағы табыстың өсуi  болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық
жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс
шектеулiгi ахуалын шешедi.
Осы уақытқа дейiн жүргiзiлiп келген экономикалық бағдарламалар өз
жемiсiн бере бастады, жекешелендiру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Қаржы саясаты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Нарықтық экономика жағдайындағы қысқа мерзімді несиелеу проблемаларын зерттеп, сараптау
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Қазіргі қоғамдағы қаржы мамандығы және оның болашағы
Пайда және оның эволюциясы
Экономикалық дамудағы қаржы
Пәндер