РАУШ АНГҮЛДЕР TEKTEC БОС Ж ЕЛЕКТІЛЕР КДТАРЛАР ТОБЫ - MELOPHYTA CHORIPETALAE


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Розидтер класс тармағы (Rosidae) .

РАУШ АНГҮЛДЕР TEKTEC БОС Ж ЕЛЕКТІЛЕР КДТАРЛАР ТОБЫ - MELOPHYTA CHORIPETALAE

Осыған дейінгі қатарлардың тобымен туыстық байланысын гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының құрылыстарының ортақ ұқсастығына қарай; өмірлік формаларының ортақ ұқсастықтарына қарай; вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысының және гистологиялық элементгерінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына қарай оңай және дұрыс анықтауға болады. Бірақта раушангүлдер тектес жеке жапырақшалылардың көпжеміс - тілермен салыстырғаңда біршама жоғарғы деңгейде жеіілген құрылыстық (структуралық) белгілері болады. Ол белгілеріне мыналар жатады: гинецейінің гүлтабанына еніп жабыльш кетуі арқылы қорғалуы, жатынының жаргылай төменгі және төменгі болып келуі, алысқа баратын апомиксисіің пайда болуымен қатар, айқас тозаңдануға бейімделушілігі. Бұның жабық тұқьщдылардың эволюциялық системасындағы басты топ екендігіне күмән жоқ. Түқымдастарға көп жағдайда эволюцияның әртүрлі жолдарында түрған туыстар біріктірілген, бүл жағынан раушангүлдер тұқьщдасы ерекше мысал (үлгі) болады.

Раушангүлдер тұқымдасы (розановые) - Rosaceae

Түрлерінің саны 3 мындай (115 туыс), олар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен таралған, кейбір түрлері оңтүстік ендіктегі елдерде де өседі. Раушангүлдер жалпы алғанда табиғи тұқымдас болғанымен, олардың вегетативтік және генеративтік (репродуктивтік) оргаңдарының қүрылысы алуантүрлі болып келеді. Өмірлік формалары - мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін (негізінен көпжылдық) болады. Жапырақтары қарапайым және күрделі, жапырақ серігі бар немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ- салалы жүйкеленген болып келеді. Бір түрлерінде гүлдерінід және жемістерінің белгілерінің біршама қарапайым болып келуі, бұларды көп жемістілерге жақындатады, мысалы пестиктерінің санының көп болуы. Екінші біреулеріне гүлдің жекелеген бөліктерінің (мүшелерінің) редукцияға үшырауы және прогрессивтік белгілерінің болуы, мысалы жатынының томен болуы тән. Гүлдерінің мамандануы көп жағдайда жемістерімен дәндерінің таралуына негізделіп бағытталған бейімделушіліктің пайда болуына қарай жүрген. Тұқымдастың негізгі қасиеті оның гинецейімен гүл табанының қүрылысында. Гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді жөне гинецейі көп апокарпты немесе гүл табаны ойыс және гинецейі ценокарпты болып келеді. Осындай бір-бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формаларыда болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып үлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне, гүл табанынан басқа, гүлдің басқада бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшалардың, аталық- тарының түп жағы кейде тіптен тостағаншаның астыда қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып етженді және шырыңды жағдайға келеді, ол дегеніміз жемістерімен дәндерінің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Раушангүлдер сарғалдақ гүлдерден мынадай белгілері арқылы ажыратылады:. гипантиі жақсы жетілген; жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы; кейде гүлдерінің астында тостағанша асты жапырақшаларының (подчащия) болуы, әсіресе шөптесін формаларында, гүлдері барлық уақытта актиноморфты, циклді, гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі (сиректеу 4 мүшелі) және аталықтары көп мүшелі, олар 5 қатар шеңбер түзіп орналасады. Раушангүлдердің шөптесін формаларының ішіңде сарғалтақгүлдер тұқымдасы секілді мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдіктер жоқтың қасы, а лайда улы түрлері өте сирек кездеседі. Раушангүлдер тұқымдасын гүлдерінің және жемістерінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай төрт тұқымдастармағына бөледі: тобылғылар, итмүрындар, алмалар, қараөріктер.

Бұршақгар түқымдасы (бобовые, или мотыльковые) - Fabaceae, Papilionaceae

Бұршақтар түқымдасы-ның 120 мындай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты) . Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор. Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бүталарының көп- шілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мы- салы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік а лады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дүрыс немесе зигоморфты (екі ерінді) . Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қа- натша) және жоғарғы жағы- нан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасы- ның, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Аңдроцейі 10 аталықтың жиынтығынан түрады. Бір түрлерінде аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) түтік түзеді, оның ішіңде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарыньщ 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей) . Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды затгар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы.

Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын (ашылатын) немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың процентгік мөлшері өте жоғары: асбүршақта (горох - Pisum) 34% дейін, ноқатга (нут -Сісег) 31%, люпинде (Lupinus) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль (Phascolus) мен жасымық (чечевица - Lens) түрады. Белоктардың қүрамында адамдар мен малдарға аса қажетгі аминокислоталар болады.

Бүршақтар түқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жем - шөптік, бал жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т. б. өсімдіктердің топтарын қүрайды. Бүршақтар түқымдасының азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин) . Сиыржоңышкц туысы (вика, немесе горошек - Vicia) . 150-дей түрі бар; БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем- шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға еңдірілген. Кейбіреулері арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді. Егістік сиыржоңышқа (вика посевная - V. sativa) пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая - V. villosa) біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлык жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа (вика волосистая - V. hirsuta), ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыр- жоңышқа (вика узколистная -V. angustifolia) өседі.

Асбүріиақ туысы (горох - Pisum) . Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.

Егістік асбүріиақ (горох посевная - P. sativum) біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын (грох полевой - P. arvense), шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.

Беде туысы (клевер - Trifolium) . Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасында 65 түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континен- терінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1-3 дәнді қақырайтын боб (сиректеу 4-6 дәнді), әдетте екі ерінді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп түрады.

Қызылбас беде (клевер луговой - T. pratense) биіктігі 30-50см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дәні болады, мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский - Т. hybridum) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудандарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый - Т. repens) күлте жапырақшасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса құнды өсімдік, әрі малдың таптапжаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.

Жоңышкц туысы (люцерна - Medicago) . 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігінінде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасыңда 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәңді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Қүрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырыньщ үзыңдығы 1, 5 м-ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агро- мелиоративіік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса қүңды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.

Сарбас жоңышқа (люцерна серповидная, или люцерна желтая - M. falcata) биіктігі 100-120см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, қүрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда) және мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышщның (люцерна посевная, или синяя - M. sativa) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль тәрізді бүралған болып келеді. Табиғи жағ- дайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсері
Өсімдіктер систематикасының міндеттері
Дара жарнақтылар немесе лилиопипсидтер класы - моnосотүlеdоnеае, lilioрsidае
Көне Түркі жaзулaрының зерттелуі. Орхон жaзуындaғы жәдігерліктер
Ұлттық нақыштағы киiмдердi әзiрлеу барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерi
ЖAЛПЫ ЖӘНE МҰНAЙ ГEOЛOГИЯCЫ
Белсенді әсер ететін заттар
Лигyлeз жәнe дигpaммoз – тoғaн cyлapындa тіpшілік eтeтін бaлықтapдың ішіндe жиі кeздeceтін, қoздыpyшыcы лeнтaлық құpт тyдыpaтын aypy
Наркозға арналған заттар
Еттi бaғыттaғы ipi қapa мaлдapдың aзықтapынa құнapлы aзық қocып aзықтaндыpy, яғни минepaльды-дәpyмeндep қocy
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz