Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae). Айлауықтар тұқымдасы (лат. Boragіnaceae)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae) .

Айлауықтар тұқымдасы (лат. Boragіnaceae ) - бір, екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

100-ге жуық туысы, 2000-дай түрі бар. Қазақстанда айлауықтар тұқымдасының 40 туысы, 130-дай түрі кездеседі. Сабағы цилиндр тәрізді, оған жай жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырағының сыртын қалың түк басқан. Гүлшоғыры бұйра, кейде қос бұйра. Толық жетілгенде жазылып, шашақ гүлшоғырына ұқсайды. Әрбір гүлінің 5 тостағанша және 5 күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу болады, ол екі жеміс жапырағынан тұрады. Алдымен екі ұялы, кейін жалған пердемен бөлініп төрт ұялы, әр ұясында бірден тұқым бүршігі жетіледі. Жемісі - 4 жаңғақша. Жемістері гүл қасы жапырақшаларының қасаңданып кеуіп кеткен түкті өсінділері арқылы мал жүніне жабысып таралады. Айлауықтар тұқымдасы негізінен бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер. Оның көптеген түрінің гүлінен ара бал жинайды. Бояғыштар жасау үшін де пайдаланылады. Мал сүйсініп жемейді.

Ерінгүлділер, немесе таукалакайлар тұқымдасы (губоцветные, или яснотковые) - Labiatae, Lamiaceae

Тұқымдасқа 4 мындай түр жатады (200-ден астам туыс) . Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бүталар. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында өседі, бірақ түрлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі жағалауының, Алдыңғы және Орта Азияның ш өлді және шөлейт аудандары. Сабағы 4- қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қарапайым (жай жапырақтар), қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтары мен жапырақтары безді түктермен немесе қабыршақтармен жабылған, олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры әртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморфты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын болады. Тостағанша жапырақшалары біріккен, қоңырау тәрізді, түтік тәрізді немесе екі ерінді, әдетте 5-мүшелі. Күлтесі барлық уақытта 5-мүшелі. Желектердің бірігуінің нәтижесінде күлтенің төменгі жағы трубка ал жоғарғы жағы отгиб (күлте алақаны) түзеді. Қалыпты жағдайда отгиб екі ерінді болады, жоғарғы ерін 2 желектен, ал төменгі ерін 3-желектен түрады. Сиректеу ол 4-мүшелі немесе бір ерінді болады. Түтіктің іші жалаңаш және жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен сәл төмендеу түктердің (үлпектердің) шеңбері болады. Осы бейімделушіліктің болуы немесе болмауы - аса маңызды систематикалық белгі болып табылады. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан түрады, оның 2 үзын, 2 қысқа болады. Андроцейі 2 аталықтан түратын туыстарыда кездеседі. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, бірақ 4- үялы (бөліп тұратын пердесінің 2-жалған), өр ұяда 1-ден түқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама үзын болады және 2-жақтаулы аналық аузымен (2-лопостным рыльцем), аяқталады.

Жемісі 4 жаңғақшаға бөлінеді. Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде, жағымды иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде (розмарина - Rosmarinum және лаванда - Lavandula), тамақ өнеркәсібінде (мускат шалфейі - Salvia sclarea) және медицинада (бұрыш жалбызы - мята перечная - Mentha piperita, сасықшөп - пустырник - Leonurus, шалфей туысьшың түрлері - Salvia, насыбайгүл - базилик - Ocimum, жебір - тимьян - Thymus) кеңінен қолданылады. Кейбір өсімдіктер сәнді болып келеді, сондықтанда оларды гүл өсіру шаруашылығьшда (в цветоводстве) пайдаланады (шалфей блестящий - Salvia splendes дәрілік, сайсағыз - иссоп лекарственный - Hyssopus officinalis) . Мындай түрлері арамшөптер больш табылады: ақ тауқалақай (Lamium album), қайызғақшөп туысының түрлері (чистец Stachys), пикульник (Galeopsis) және басқалар.

Алқрлар тұқымдасы (пасленовые) - Solanaceae

Алқалар түқымдасының 2300-дей түрі бар (85 туыс) . Ортаңғы ендіктерде олар негізінен шөптесін өсімдіктер болып келеді. Сиректеу жартылай бүталар, кейде тіптен бүталар. Тропикалық елдерде, әсіресе Оңтүстік Америкада өрмелеп өсетін бүталары мен ағаштары басым болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ серіктері (қосалқы жапырақшалары) болмайды, жапырақтары жай, жапырақтақталары түтас немесе тілімделген болып келеді. Сабақтарында биколлатералды өткізгіш шоқтары болады. Гүлдері монохазий бүйра гүлшоғырына жиналған немесе жекелеген гүлден түратын, көрнісі актиноморфты, көп жағдайда гүл түйінінің көлбеу орналасуына байланысты аздап зигоморфты болып келеді. Тостағаншасы 5-тісті, ал гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 үялы болады. Күлтежапырақшалары бір-бірімен біріккен, дөңгелек, табақша, трубка тәрізді, немесе кең қоңырау секілді болып келеді. Күлтенің трубкасына, оның тістерімен кезектесіп, іттткі жағынан әрқайсысының басында 2-ден, сиректеу 4- тен тозаң үясы бар 5 аталық жабысып өседі. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшадан түрады. Гүл түйіні жоғарғы, әдетте 2 ұялы, бірақта жалған перденің пайда болуына немесе гүлдердің бірігуіне байланысты ол 4-6 ұялы болады. Жемісі шырынды немесе қорапша (қауашақ), сиректеу сүйекті болып келеді. Көптеген түрлерінің көкөністік өсімдіктер ретінде (картоп, помидор, баклажан, бүрыш) шаруашылықтағы маңызы аса зор, ал кейбіреулерінің бойында улы аккалоидтары болады, оларды дәрідәрмек ретінде пайдаланады. Кейбір біржылдық түрлері сәндік өсімдіктер болып келеді. Алкц туысы ( паслен - Solanum ) . 1, 5 мыңдай түрлері бар. Түрлерінің ең көп кездесетін орталығы Оңтүстік Америка. БОР-дың флорасында бары-жоғы 10-ақ түрі кездеседі. Экономикалық жағынан ең маңыздысы картоп (картофель - S. tuberosum), ол осы тұқымдастың ішіндегі мәдени жағдайда ең кең таралған түрдің бірі. Біржылдық өсімдік ретінде отырғызылады. Гүлсерігі актиноморфты, күлтежапырақшаларының түсі ақ, ашықсия көк, сарылау-қызғыш, аталықтары аналықтың мойнының айналасында конус түзіп орналасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae)
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Біріккен күлтелілік қатары. Айлаулықтар, сабынкөктер, алқалар тұқымдасына сипаттама
Қарқаралы қаласының физикалық - географиялық сипаттамасы
Қазақстан ғалымдарының дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қосқан үлестері
Ежелгі қосмекенділер, Құйрықты және Аяқсыз амфибиялар: систематикасы, ерекшеліктері мен маңызын талдау
БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР. ЖЫЛАНДАР ОТРЯДЫ (OPHIDIA)
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы
Жорғалаушылардың эвалюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz