Дара жарнақты өсімдіктер (Liliopsida): лалагүлдер (Liliaceae) және кияқөлендер (Cyperaceae) тұқымдастарының морфологиясы мен таралуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тұқымды өсімдіктер. Дара жарнақты өсімдіктер класы (Liliopsida) .

Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные) - Liliaceae

Бүл тұқымдаста 470-тей тур бар (10 туыс) . Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын қүрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық емес елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің өсімдіктер қауымының қалыптасуьша лалагүлділердің тигізетін әсері орасан зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жарты лай лианалар, негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мәңгіжасыл немесе жаздықжасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында әсіресе терең өзгерістерге вегетативті органдары ұшыраған. Олар баданаларға (луковицы), тамырсабаққа, түйнектерге, филлокладииге, өнім бүрлеріне (выводковые почки) айналып кеткен. Жапырақтары әдетге азды-көпті етжеңді, сырты жылтырлау, шетгері тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі қарапайым, күлтежапырақшалар түріңде берілген, актиноморфты, қосжынысты, 3-өлшемді (сиректеу 2-4 өлшемді) . Гинецейі ценокарпты, сиректеу апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы. Жемісі қорапша (қауашақ) немесе жидек болып келеді. Дәнінің эңдосперімі болады.

Лалагүл туысы (лилия - Lilium ) . Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100 түрі бар. БОР-дың территориясында 15 түрі (БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда) кездеседі. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып келетін өсімдік. Гүлдері үлкен, шашақты гүл шоғырына жиналған немесе жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті немесе таза ақ) . Ақ лалагүлдің (лилия белая - L. candidum) шыққан жері (отаны) Кавказ. Бірағаиынды лалагүлдщ (л. однобратственная - L. monadelphum) гүлдерінің түсі сары болады. Король лалагүлі (л. Королевская - L. regale ) сәндік өсімдік. Қазіргі кезде бүл түрдің 2000-дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс (овощтық) дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады. Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер табылды. Бұйра лалагүл, (л. кудреватая, или мартогон - L. martagon), негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде кездеседі деуге болады (Орта Азиядан басқа жерлерінде) . Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.

Казжуа туысы (гусиный лук - Gagea) . Туыста шамамен 70 түр бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфе- мероидтар. Олар өте үсақ өсімдіктер, жапырақтары жіңіш- ке, гүлдері үсақ, түсі көпшілігінде сары болып келеді. Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңін тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.

Кияқөлендер түқымдасы (осоксвые) - Сурегасеае

Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс) . Бүлар үзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер - шымдар (кусты - дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөітгесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық қүрлықтарыңда кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай, және сал- қьш климатгы белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны көп болады және өсімдікгер жабынының әсіресе батпақ- ты жерлердің, аса маңызды компонентгері болып табылады. Сабақтары үшқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді (өлеңшөп туысы - Scirpus), ішінің қуысы болмайды буындары мен буы- наралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері томен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытга жабық болып келеді, іілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатгы, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть - Cyperus, қиякөлең-осока - Сагех туыстары) немесе ол редукцияға қатгы ұшыраған және 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш - Scirpus), сиректеу коп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пупшца - Егіорһогшп) . Аңдроцейі әдетге, бір шеңбердің бойына орналасқан 3 ата- лықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-үялы, 1 тұқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп тұрады. Гүлдері қосжынысты (сәлемшөп, өлеңшөп, үлпабас туыстары) немесе даражынысты (қияқөлең туысы) . Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі болып келеді. Бірүйлі қиякөлендердің аталық және аналық гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек аталық немесе аналық гүлдерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық гүлдері, ал екінші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дара жарнақтылар класы және Құртқашаштар (Iridaceae) мен Лалагүлдер (Liliaceae) тұқымдастарының сипаттамасы
Дара жарнақтылардың систематикасы, анатомиялық ерекшеліктері және негізгі тұқымдастардың морфологиясы
Теңгебастар, сукөріктер, астық және қияқөлең тұқымдастарының морфологиясы, систематикасы және Қазақстандағы таралуы
Лалагүл тұқымдасы (Liliaceae): ботаникалық сипаттамасы, таралуы, будандары және Қазақстандағы маңызы
Алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер: көкнәр мен алқа тұқымдастарының таралуы, химиялық құрамы және қолданылуы
Өсімдіктер анатомиясы, морфологиясы, систематикасы және физиологиясы: оқу жоспары
Өсімдіктер биологиясының негіздері: жасуша құрылысы, таралуы, анатомиясы, морфологиясы және тіршілік формалары
Біріккен күлтелері бар өсімдіктер тобы: Айлауықтар, Сабынкөктер және Алқалар тұқымдастарының сипаттамасы
Оомицеттер мен зигомицеттер және таңдаулы өсімдік тұқымдастарының морфологиясы мен шаруашылық маңызы
Лалагүлділер тұқымдасының морфологиясы, жіктелуі және Қазақстандағы таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz