Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері


Диссертация тақырыбы:
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы халыққа Жолдауында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында өсіп келе жатқан ұрпақты болашақта қандай сапада көруіміз керек екендігіне үлкен назар аударылған. Сонымен бірге, «Балалар құқығы туралы» Заңында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.
Күнделікті өмірде мінезқұлық ерекшеліктері және жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар байқалады, осы ерекшеліктердің дұрыс құрылмауы мінезқұлықтың кері әрекеттерінің пайда болуына әкеліп соғады. Осыдан зерттеу тақырыбының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол еңбірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі [1, 12б. ] .
Мектептегі әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.
Негізгі қызметі-адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі әлеумет-тік педагогтың басты мақсаты - оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір-салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы - отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеу-меттік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелерін-дегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйе-сіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады [2, 7б. ] .
Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, баланың блім алуына, тәр-биесіне, дамуына байланысты, оны қорғауға өзінің белсенді роль атқара-тынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, ұстанымы болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспар-лауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа интен-сивті әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білу қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес беріп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.
Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата-ана-ның жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.
Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз беріл-ген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын бала-лар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар».
Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін, жан-жақты ойлас-тырылған, ғылыми негізделген психологиялық - педагогикалық жүйе болуы керек. Бұл жүйенің ерекшелігі - «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта өзгеретін-дігіне кәміл сену қажеттігінде. Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек: біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады; екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе, қалыпты нормадан ауытқуы; үшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы.
Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтас-тарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға бола-ды. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- қиын балалардың пайда болу себептері;
- қиын балалардың ерекшеліктері;
- қиын балаларға әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету;
- қиын балаларды тәрбиелеудегі әлеуметтік педагогикалық тұрғыда отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру;
- қиын балаларды әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау;
- құқық бұзушы балаларға профилактикалық және диогностикалық көмек;
- қиын балаларды қоғамға қайта қосудағы әлеуметтік жұмысты іс-жүзіне асыру.
Зерттеу жұмысының нысанасы. Қиын балалармен және олардың әлеуметтік ортасы.
Зерттеу жұмысының пәні. білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтарының қиындауы, іс-қимылдарының алдын алуын және оны жеңу жолдарының тәрбиелік ролін арттыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, жеке тұлға ретінде дамыту;
- әлеуметтік педагогикалық тұрғыда қиын балаларды қайта тәрбиелеу жол-дар арқылы қоғамға қайта қосуға болатынын және оларға қоғамымыздың болашақ азаматтары екенін сендіру;
- зерттеу барысында қиын бала мәселесін, тарихын және теориясын анықтау;
- Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойынша алдын-алу жұмыстарын жүргізу;
- зерттеу барысында қиын бала мәселесін, тарихын және теориясын
анықтау. Соның ішінде қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу барысында - қиын баланың ой-пікірлерін, анықтау және «қиын» атаудан арылту, олардың қоғамдағы ролін биіктету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін. Мінез-құлықтағы қиын-дық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданылған ғылым ұмтылып, 1950-1960 жылдардың басын-да қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр. Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс жасады. (Мысалы, В. Г. Баженов, Р. А. Дебагян, А. Жұмабаев, К. А. Жүкенова, А. М. Қарабаева, Л. К. Кермиов, В. П. Кривошеев, Л. В. Лысенко, М. Ф. Назаров, В. А. ) . Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті. Қазiргi уақытта мiнез-құлықтың бұзылу себебi түбегейлi түрде зерттелiнiп жаңа сипатқа ие болуда. Әлеуметтiк-психологиялық және педагогикалық (М. А. Алемаскин, А. С. Бехкин, Л. М. Зюбин, М. Р. Мягков және тағы басқа) ; клиникалық (Г. А. Власова, В. Я. Гиндикин, О. В. Кербиков, В. В. Ковалев, М. З. Певзнер, Г. Е. Сухарев тағы басқа) ; және тағы басқа) аспектiде қарастыруда.
Зерттеу әдістері . психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау, эксперимент (анықтаушы, қалыптастырушы) .
Зерттеудің теориялық мәнділігі. әлеуметтік педагогикалық тұрғыда қиын балаларды қайта тәрбиелеуде тұлғалық қасиеттерін зерттеп, оның рухани және әлеуметтік дамуы, мінез-құлқын қалыптасу шарттары анықталуында.
Зерттеу практикалық маңыздылығы. қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз әдеттерінің пайда болуы жөніндегі ғылыми әдебиеттерді талдау; жалпы білім беретін мектептерде кедесетін «қиын» балалармен қайта тәрбиелеу жұмысын жүргізудің әлеуметтік-психологиялық әдістерін және механизмдерін зерттеу. Мектептегі «қиын» жасөспірім оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс істеу технологиясының негіздерін дәлелдеу, талдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
- әлеуметтік педагогикалық тұрғыда қиын балаларды қайта тәрбиелеу жолдар арқылы қоғамға қайта қосуға болтынын және олар қоғамымыздың болашақ азаматтары екенін сендіру керек. Мысалы, ұрпақ жалғастырушы және балалар болашағымыз.
- зерттеу барысында қиын бала мәселесін, тарихын және теориясын анықтау. Соның ішінде қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу барысында - қиын баланың ой-пікірлерін, анықтау және «қиын» атаудан арылту олардың қоғамдағы ролін биіктету.
- Қазақстан Республикасында балалар қоғамын құру олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Диссертация жұмыстың ғылыми ұсыныстары: Қиын баланың әлеу-меттенуі және олардың бос уақытын өткізуі туралы, әлеуметтік бағдарламаны іске асыру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығару, әлеуметтік педагог қызметінде әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытын-дыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚИЫН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың ой-пікірлері
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі - салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығын-дағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын».
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайда-ланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құл-қына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ [3, 9б. ] .
А. Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәр-биесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлем-нің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек. Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз - біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрби-бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз». Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.
Мінез-құлықтағы қиындық -бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерек-шелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақ-тануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала - біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және ба-қылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік пе-дагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П. П. Бельский (1917ж., 1924ж. ) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырды. П. П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л. И. Петражицскийдің теориясына сүйенеді(1908), З. Фрейд пен К. Левиннен, сонымен қатар, Ч. Ломбрододан да бірталай мағлұматтар алды.
Осы қиын балалар мәселесі бойынша, жоғарыда аталған ғалымдарымыз-дың ішінде А. С. Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогикалық алтын қорына енді.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындық-тары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқу-шыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиелену-ші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтыр-майтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады [4, 37б. ] .
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыны-бындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа со-зылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдық-тырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі-тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі-отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалып-тастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдаған-да, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көз-қарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес от-басында тәрбиеленуі [5, 78б. ] .
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс мейі-рімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Жеткеншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің сал-дарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасы-ның әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткілік-сіздігі; шектен тыс қамқорлық т. б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе алмайды (отбасының еркесі) . Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады («золушка»-«өгей қыз») . Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі. Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, бірінші-ден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б. Г. Божович, И. С. Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz