Абай өлеңдеріне лингвопоэтикалық талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Абай өлеңдеріне лингвопоэтикалық талдау

Орындаған: Метрше Г.
Мамандығы: Қазақ филологиясы
Қабылдаған: Салқынбай А.

Алматы, 2020 жыл
Абай өз заманының шыншыл ақыны ғана емес, өзінен кейінгі жалғасатын дәуірдің ұлы ақыны. Абай тек он тоғызыншы ғасырды суреттеп қоймады, ол адам ғұмырының барлық кезеңін көрсете білген. Автор прагматикасын түсіну үшін Абайды бір емес бірнеше, тіпті он мәрте оқыған абзал. Әр оқыған сайын өлеңі, сөзі түрлі ойға жетелейді.
Абайдың әрбір сөздің тура, дәл қолданғаны ақынның шеберлігін танытады.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Сөз білімді адамнан шықты делік. Абай атамыз бұл сөзді талаптыға кез болсын дейді. Неге? Себебі талапты жан білімді адамның сөзін көкірегіне түйіп, әрі қарай соны жетілдіреді, ізденеді. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар білімділерден үлгі алады. Иә, әр сөздің мәнін білген, сөз құдіретін түсінген ақынды асқар шыңға алып шыққан өлеңі мен қарасөзі.
Абай - экзистенциалист. Абай гуманистік ұғымдарды аша білді. Өмір сүру философиясын жасай алды. Адам өмірінің мәні мен тұлғалық болмысын анықтады. Адамның өзіндік менін танытты.
Абай - психолог. Абай саяламай сай таппайтын көңіл бар екенін аңғартты, аяқты алшаң басатын мен дейтіндерді танытты, ең жаман адамның талапсыз болатынын ұғындырды.
Бүгінгі жаһандану заманы - психологияның өрістеген дәуірі. Адамның өзін-өзі басқара алуының, өзін дамытуының, өзін ұстау мәнерінің түрлі сипаттарын ашу үшін көп туындылар дүниеге келді. Бір сәт Абайды да оқып қарайық. Адамның түрлі мінезін даттаушы да, жақтаушы да - осы Абай. Толық адам деген кім? Осы сұрақ жауабын білу үшін Абайды оқу керек. Абай айтқан жапырағы қуарған ескі үмітпен қиялдап бос жүре берсек, көп күніміз өзімізді алдаумен өтеді. Көңіліміз де сол үшін тыншымайды.
А. Байтұрсынов: Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. [1, 94]
Абайды түсіну үшін оқырман Абайды толық оқу керек, толық оқып қана түсінеді. Мына бір өлеңін тұтас алып қарайық.
Көк тұман -- алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.
Келер заманды, болашағымызды ойлаймыз. Алайда не боларынан ештеңе білмейміз. Осы күн өтіп кетсе екен, осы апта бітсе екен дейміз, өтіп жатқан өміріміз екенін ескермейміз.
Ол күндер -- өткен күнмен бәрі бір бәс,
Келер, кетер, артына із қалдырмас.
Соның бірі -- арнаулы таусыншақ күн,
Арғысын бір-ақ алла біледі рас.
Мұқағали айтпақшы, Өлемін деп қарамайтын адамдармыз, арнаулы таусыншақ күн, таусылатын күннің барын ойламаймыз.
Ақыл мен жан -- мен өзім, тән -- менікі,
"Мені" мен "менікінің" мағынасы -- екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі.
Шырақтар, ынталарың "менікінде",
Тән құмарын іздейсің күні-түнде.
Әділеттік, арлылық, махаббат пен --
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.
Абай айтатын әділеттілік күш-жігер арқылы болады, арлылық күзетшісі - ақыл, махаббат - жүрек ісі. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап, адалдықты ту еткен шын иман иесі болуды айтады.
Малға сат, пайдаға сат қылығыңды,
Ылайла ылай оймен тұнығыңды, --
Сонда өмірден алдамшы бола алмассың,
Ол білдірмей ұрламақ қызығыңды.
Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі оныкі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда, ойла, болады не сенікі?
Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін.
Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.
Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек.
Ғадәләт пен мархамат -- көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек
Дүниеде бос жүрмей харекет қыл, ол әрекетің елге пайдасын тигізсін дейді. Осы өлеңнің осы бір толық нұсқасын оқығанда, көкейге келер ойды көкірегіңе берік байлап, түйсінесің.
Әркімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
Қазақ сөзінің бапкері
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
М. Әуезовтың әдебиет тарихы туралы зерттеулері
Абайдың лирикалық өлеңдерінің тілі
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Абай және қазақ әдебиеті
Пәндер