Зияткерлердің сыртқа кетуін қалай тоқтату жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Зияткерлердің сыртқа кетуін қалай тоқтатуға болады?

ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры десек, бүгінгі замандағы ең маңызды капитал - адамның ақыл-ойы, білімі мен білігі. Сол себепті де ой жарыстырған заманда зияткерлер кез-келген мемлекеттің аса құнды капитал көзі болып табылатыны хақ. Жалпы, «зияткерлер» дегеніміз кімдер? Оның жай ғана «сауатты адамнан» айырмашылығы неде? Менің түсінігімдегі «зияткерлер» жай ғана «оқыған», «сауатты» адамдар емес; олар өз білімі, білігі, дағдысы арқылы қоғамға пайдалы бола алатын, бәсекеге қабілетті, талантты да белсенді азаматтар. Бүгінгі таңда әлемде зияткерлердің өзге елдерге қоныс аудару тенденциясы жаппай белең алуда. Бұл тенденция ғылыми тілде «интеллектуалды көші-қон» ұғымы ретінде (brain-drain) ХХ ғасырдың ортасында қалыптасып, Ұлыбританиядағы ғалымдардың, инженерлер мен техниктердің АҚШ-қа эмиграциясымен сипатталған еді. Жарты ғасырдың ішінде бұл үрдіс барлық әлем елдері үшін өте өзекті мәселеге айналып, әсіресе дамушы елдердің дамыған елдерге көшу ағынының қарқындылығымен ерекшеленіп отыр. Жаһандық үрдістің бір бөлігі ретінде ретінде Қазақстан Республикасы да аталған мәселеден тысқары қала алмайтыны сөзсіз.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында ерекше белсенді болған ақыл-ой миграциясы КСРО-ның ыдырап, сәйкесінше Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тарихи отандарына оралуымен сипатталады десек, бүгінгі еліміздің зияткер жастарының шетелге кетуінің мазмұны біршама өзгеше. 2000 жылдардан кейін ақыл-ой ағыны ұлттық сипатқа емес, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми ізденушілік мәселелерге байланысты өзгере бастады.

Ұлттық статистика бюросының ресми ақпараттарына сүйенсек, 2020 жылы 30 мыңға жуық Қазақстан азаматы шетелге қоныс аударған. Олардың әрбір үшіншісі жоғары білімді, 30-жасқа толмаған білімді де білікті жастар екенін ескере отырып, аталған түйіткілге жоғары деңгейдегі дабыл қағудың қажеттілігіне көзіміз жетеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы жылдардағы «ақыл -ой көшінің» қарқындылығы мәселесін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында көтерген болатын. Қазақстандық әлеуметтанушылар зияткерлеріміздің көшу бағыты негізінен Солтүстік Америка, Батыс Еуропа құрлықтарындағы дамыған елдер және көрші Ресей мен бауырлас Түркия елдері екендігін атап көрсетеді.

Еңбек күшінің миграциясымен салыстырғанда зияткерлердің сыртқы ағыны Қазақстан сынды дамушы мемлекеттер үшін аса үлкен шығын, дамуды тежеуші фактор болып саналады. Себебі, бұл жай ғана миграциялық процесс емес, еліміздің экономикалық, әлеуметтік әл-ауқатымен, адами капиталдың бағасымен тікелей байланысты үлкен проблема.

Ендеше, зияткерлердің сыртқа кетуін қалай тежеуге немесе минимумға дейін қалай азайтуға болады деген заңды сұрақ туындайды. Мәселенің ең алдымен салдарымен емес, себебімен күресу арқылы ғана сұрағымызға дұрыс жауап ала аламыз. Дүниежүзілік экономикалық форумы өзге елге қоныс аударуға себеп болатын шешуші фактор жақсы жұмыс пен сапалы білімге деген сұраныс деп түсіндіреді. Ал біздің елдегі зерттеулердің қорытындысы қазақ жастарының өз ота­ны­нан алыстауға итермелейтін негізгі себеп ретінде кірістің төмен деңгейін көрсетеді. Білімді, жаңа, тың идеяларға бай, креативті «жаңа ақылдың» өз потенциалын көрсету мүмкіндігінің шектеулілігі немесе өз еңбегінің лайықты бағасын алмауы, беделді тараптар тұрғысынан еленбеуі, парақорлық жағдайында жұмысқа орналасу қиындығы сынды мәселелер «интеллектуалды көші-қонның» ең салмақты түрткісі болып отыр. Бұл мәселелер ақыл-ой еңбегіне лайықты құнын төлейтін және өз потенциалын барынша көрсетуге мүмкіндік ашатын жерлер іздеуге мәжбүр болады. Осы орайда тәуелсіздік жылдарында шекара асқан зияткерлердің мамандық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау арқылы, олардың 30 % - ы техникалық мамандық иесі екендігін анықтадық. Ақпараттық-инновациялық технологиялардың қарыштап дамыған заманында елімізден ең керекті капиталдардың алыстауы аса қатты қынжылтады.

Зияткерлердің сыртқа кету құбылысының басталуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі 30 жыл мерзімінде аталған мәселе мемлекеттік саясаттың күн тәртібінен түспей келе жатқанымен де, оны шешу жүйелі түрде жолға қойылған жоқ. Жоғарыда атап айтқандай, салдармен емес, себеппен күресу қажет. Еліміздегі коррупция мәсе­лесімен күреспей жас мамандарды жұмыспен қамту мүм­кін емес. Қоғамдағы осы сынды күрделі мәселелер кешенді түрде жұмыс жүргізгенде ғана шешімін табады. Өйткені, бұл мәселе бір-бірімен өте тығыз байланысқан шырмауық сияқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туу патологиясы және тууға жәрдем көрсету
Ақпараттың түсінігі мен мәні
Интеллектуалды миграция мәселесі бойынша қоғамның ойы
Алғашқы жәрдем
Медицинадағы электро термометрлер жұмыстың физикалық негіздері
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Қансырау. Дисмургия
Жылу электр станциясының қазандық цехтың жұмысын жетілдіру
Бірінші медициналық көмек
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы.Қан кету кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы. Травмалық шок кезіндегі алғашқы жәрдем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz