ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жаратылыстану факултеті

Химия кафедрасы

Тексерген: Дузмагамбетов. Е

Орындаған: Қарабажақова Кәмила

Тобы: Химия01 101

ОСӨЖ тақырыбы: ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият.

Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары

Ақтөбе 2021


ХІХ ғасырлағы қазақ әдебиетіндегі Ұлт мұраты және руханият.

"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.

ХІХ ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi - әлеумет халiн ұғып, ел
қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес,
қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар
сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға
кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық
нысанасы бой көрсеттi.
Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде
орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу,
сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халық тың
тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары
шығармаларында кеңiнен бейнелендi.
Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен
айқын көрiнедi. Махамбет жырлары - Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң
(1836-37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты (“Қорлықта жүрген
халқыма бостандық алып берем деп”), оған қатысатын ерлердiң сипаты
(“Ереуiл атқа ер салмай”), соғыс суретттерi (“Соғыс”), Исатайдың батырлығы
мен оны жоқтауға арналған жырлар (“Тарланым”, “Мұнар күн”), ақынның өз
жайына, көңiл-күйiне (“Баймағамбет сұлтанға айтқаны”, “Қызғыш құс”)
байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi
әлеуметтік жағдайды бейнелейдi.

Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары

Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихында шығармашылығының өзегіне білім мен ғылымды арқау еткен Абайдай ақын болған емес. Ол білім мен ғылымды барлық жайдан жоғары қойды. Неге? Себебі, Алланың өзі де рас, сөзі де рас, -деген хәкім Абай: "Ғылым - Алланың бір сипаты, ол хакиқат, оған ғашықтық өзі де хақылық һәм адамдық дүр", - дейді өзінің отыз сегізінші қара сөзінде [1, 186] .

Егер ғылым Алланың бір сипаты болса, сонда ғылым деген не?

Ұлтымыздың бас кітабы Ұлттық Энциклопедия: "Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі", - дей келіп: "Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысымен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру", -деп жазады [3, 115] .

Абай ғылымды Алланың ғылымы және адамның ғылымы деп екіге бөле отырып: "Адамның ғылымы, білімі, хақиқатқа, растыққа құмарлық болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады ", -дейді [1, 186] . Энциклопедия ғылымды болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру, жүйелеу десе, Абай ғылымды әр нәрсенің түбін, хикметін, яғни себебін білмек, - деп түсіндіреді. Ғылымға анықтама беріп түсіндіруде Абай Ұлттық Энциклопедиядан алшақ кетпеген.

Барлық жайдан ғылымды жоғары қойған Абай, ғылымның түрлеріне кеңінен тоқталып, оларды жан-жақты жүйелемесе де, 32-қара сөзінде білім-ғылым үйренгісі келетін талапкерлерге өзінің ақыл-кеңесін береді. Оқып отырып, 32-қара сөзді жазған адамның ғылыммен кәсіби түрде айналысқанына титтей де күмәніңіз қалмайды.

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуел білмек керек, - деп басталатын [1, 174] Абайдың 32-қара сөзін қарапайым тілде қысқаша жүйелесек, Абай былай дейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Бала - ақыл мен сезім күресінің бейнесі
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ - ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz