Асқазан ішек жолдарынан қан кету


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Мед-Профи колледжі
Реферат
Тақырыбы: Асқазан ішек жолдарынан қан кетуОрындаған:Слемғали Жұмагүл
Тексерген: Айтжанов Бауыржан Смағұлұлы
2020 - 2021ж. ж
Қан кету - қан айналу ағзаларынан қанның шығуы. АІЖ - нан массивті қан кету адам ағзасына қауіпті геморрагиялық шокқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Этиологиясы мен патогенезі:
Жиі қан кету мына себептермен шарттанған:
- Тамыр қабырғасында патологиялық процесс дамуына байланысты деффект (жедел немесе созылмалы жарадан аррозивты қан кету, ыдыраушы ісік)
- Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің нашарлауы (авитаминоз, жедел инфекциялық сырқат, анафилаксия, сепсис, интоксикация)
- Бауыр циррозы кезіндегі өңештің кеңейген веналарынан және асқазаннан қан кету
- Өңеш және асқазанның шырышты кабатының жыртылуынан қан кету (Меллори -Вейсс синдромы)
АІЖ жоғары бөлігінен(90%), қан кету көзі өңеште, асқазанда, он екі елі ішекте болғанда және егер қан кету көзі жіңішке ішек пен тоқ ішек болса, АІЖ-ның төменгі бөлігінен (1%) қан кету түрлерін ажыратады.
Асқазан ішек жолдарынан қан кетудің себептері
АІЖ - ның жоғарғы бөлімдерінен:
- Асқазан немесе он екі елі ішек жарасы
- Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету
- Шырышты қабаттың эрозивті - жаралы зақымдалуы (стресстік, дәрілік, азотемиялық)
- Мэллори -Вейсс синдромы
- Өңеш, асқазан, он екі елі ішек ісіктері
- Ангиомалар
АІЖ - ның төменгі бөлімінен:
- Дивертикулит немесе меккель диверертикулиті
- Тоқ ішек ісіктері және полиптері
- Ангиодисплазия
- Спецификалық емес жаралы колит және Крон ауруы
- Геморрой
- Инфекциялық ауруы
Гемодинамикалық бұзылыстардың патогенезі: Қан кетуге жауап ретінде организмнің компенсаторлық реакциялары іске қосылады. Оларды үш кезеңге бөлуге болады:
- Олигемия кезеңі (АҚҚ төмендеуі) - ұзақтығы 12-24 сағ. Рефректорлы спазм мен қанның деподан қан айналымға шығуымен сипатталады. Эритроциттер мен гемоглобиннің қаның көлемдік сандық құрамында өзгермейді.
- Гемодилюция кезеңі - 2-3 күннен кейін тіндік сұйықтықтың қан ағымына ағуы салдарынан дамиды.
- Эритропоэздің белсену кезеңі - 3 - 4күннен кейін басталады. Перифериялық қанда ретикулоциттер пайда болады.
Организмде пайда болатын өзгерістер жоғалтқан қан көлеміне байланысты. АҚҚ 10-15% -дай қан кету кезінде гемодинамика бұзылмайды. Ал АҚҚ15% көп жоғалтқан жағдайда АҚҚ 15-30%-ға төмендейді. Гиповолемия спазмын тудырады. Тіндік гипоксия дамиды. Зат алмасу процесі анаэробты түрге ауысады, соның салдарынан сүт қышқылы бөлініп метаболикалық ацидоз дамиды. Ішек қуысына түскен қанның гидролизге ұшырауы салдарынан организмнің интоксикациясы.
Массивті қан кету тудырады:
гиповолемиялық шок;
бүйрек каналшаларының некрозымен, гипоксиямен, фильтрацияның төмендеуімен шақырылған жедел бүйрек жетіспеушілігі;
гепатоциттер дистрофиясы, гипоксия, бауырлық қан айналымның нашарлауынан бауырлық жетіспеушілік;
миокардтың оттегілік ашығуымен шарттанған жүрек жеткіліксіздігі;
гипоксия салдарынан мидың ісінуі;
диссеминирленген қан тамыр ішілік қанның ұюы;
Ішек қуысына түскен қанның гидролиз өнімдерімен организмнің интоксикациясы.
Бұл белгілердің болуы полиоргандық жетіспеушіліктің дамығанын көрсетеді.
Асқазан ішек жолдарынан қан кетудің клиникалық көріністері
АІЖ-нан қан кетудің жасырын кезеңін, айқын клиникалық симптомдар болмайтын (жалпы симптомдар) және айқын симптомдар кезеңін ажыратады.
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің жалпы белгілері:
Жалпы әлсіздік
Селқостық
Көз алдыда шіркейлердің көрінуі
Суық тер
Коллапс
Бас айналу
Құлақта шу
Көз алдында қарауыту
Ентігу
Жүрек қағу
Асқазан - ішек жолдарынан қан кетудің жергілікті белгілері:
Қан кетудің айқын белгілеріне жатады: Қан құсу және қан аралас нәжіс.
Қан құсу (гематомезис) - құсық массаларымен өзгерген (қою кoфе тәрізді құсық) немесе өзгермеген қанның шығуы. Асқазаннан, өңештен, ұлтбардан қан кеткенде байқалады.
Мелена - нәжіспен өзгерген қанның шығуы (сұйық қара нәжіс) . Ұлтабардан және асқазаннан көлемі 500мл және одан көп профузды қан кеткенде байқалады.
Гематохезия - нәжіспен ал-қызыл қанның шығуы.
Асқазан
ішек жолынан қан кетудің ауырлық дәрежесі (Горбашко А. И., 1982)
Жіктелуі:
Клиникалық көрінісіне байланысты:
Сыртқы
Ішкі
Жасырын
Уақытына байланысты:
Біріншілік
Екіншілік: ерте, кеш
Орналасуына байланысты: өкпе, өңеш, асқазан, ішек, бүйректе
Гастродуоденальды қан кетулердің жіктелуі (Стручков В. И., 1977)
І дәреже - жеңіл қан кету. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қан аралас құсу бір рет немесе қоймалжың нәжіс. Пульс аздап жиілеген, АҚҚ қалыпты, гемоглобин 100 г/л жоғары, ЦҚК дефициті 5% шамасында.
ІІ дәреже - анық қан кету. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, бас айналуына, әлсіздік, қайталанатын құсық немесе қоймалжың нәжіске шағымданады. Тері жабындылары мен шырышты қабаты бозарған. Пульсі жиілеген. АҚҚ 90 мм. с. б. дейін төмендеген, гемоглобин - 80 г/л дейін, ЦҚК-нің дефициті 15% шамасында.
ІІІ дәреже - ауыр қан кету. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Шөлдеу, ұйқышылдық. Талықсу жағдайы, тері жабындылары мен шырышты қабатының бозаруы, суық тер, көп қайталанатын құсу байқалады. Пульсі анық жиілеген, АҚҚ 60 мм. с. б., гемоглобин 50 г/л дейін төмендеген. ЦҚК дефициті 30%. І-ІІ дәрежелі геморрагиялық шок.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz