Түркі тілдерінің жіктелуі: тарихи және лингвистикалық талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)

Қабылдаған: Аймұрзаев Ф

Орындаған: Бекмұхамед С. П

Тобы: 117-81

Шымкент 2021 жыл

Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)

Біз салыстырып тексергелі отырған Қазақстан мен Орта Азия тілдері түркі тілдерінің әр түрлі группасына жатады. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері - қыпшақ, өзбек, ұйғыр тілдері - қарлұқ, түрікмен тілі - оғұз группасына кіреді. Біз осы тілдерді салыстырып зерттеу арқылы қалған түркі тілдердің генетикалық байланысын да анықтауымыз киын емес. Өйткені бүл тілдер қалған түркі тілдерімен де тығыз байланыста болды. Көптеген тюркологтар түркі тілдерін бір-бірімен салыстырып зерттеу былай тұрсын, оны монғол, тұңғыс, маньчжур тілдерімен байланыста тексереді. Типологиялық жақтан бұл тілдер орал тілдерімен (угро-фин, самодий) бірігіп, Орал-Алтай тілдерінің үлкен группасын түзеді. (Бұған қосымша: Е. Д. Поливанов, Ғ. И. Рамстедттер корея тілін, Т. Винклер жапон тілін де қосуды ұсынған) . Қазіргі түркі тілдері мен алтай тілдерінің генетикалық байланысын былай қойғанда, алтай тілі мен орал тілдерінің байланысы онан артық болмаса, кем емес деген пікірді айтады.

Б. Я. Владимирцев бұл тілдердің геңетикалық жақтан байланысын мынадай схема арқылы көрсетеді.

Алтай ата тілі (Алтайский праязык.

жалпы монғол-түркі

жалпы монғол жалпы түркі жалпы тұңғыс

Тюркологтардың басым көпшілігі өздерінің классификациясында түркі тілдерін ғана қамтыды. Бұлардың кейбіреулері ғылыми негізде жасалмағаны былай тұрсын, түркі тілдерінің өзі де толық аталмайды.

Абель Ремюза 1820 жылы жазған жұмысында түркі тілдерін мынадай группаларға бөлген:

1) Якут группасы (якут тілі) ;

2) Ұйғыр группасы (ұйғыр, шағатай, түрікмен тілдері) ;

3) Ноғай группасы (татар тілі) ;

4) Қырғыз группасы (қырғыз, қазақ тілдері) ;

5) Түрік группасы (чуваш тілі) .

Абель Ремюза бұл классификацияға қосымша кейбір мағлұматтар берген, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тұратын территориясын атаған. Бұл классификация толық емес, оның үстіне ғылми негізде берілмегендігі де сезіліп тұр.

Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі:

1) Шығыс группа (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т. б. тілдер) ;

2) Батыс группа (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері) ;

3) Орта Азия группасы (ұйғыр, өзбек тілдері) ;

4) Түстік группа (түрікмен, азербайжан, түрік т. б. тілдері) .

Бұған қосымша В. В. Радлов бұл тілдердің фонетикалық өзгешелігіне тоқтаған, ал этникалық жағын есепке алмаған.

Вамбери классификациясы төмендегі үш группадан тұрады:

1) Түстік-Сібір группасы;

2) Шығыс-түркі тілдері группасы (ұйғыр, өзбек, қазақ, қырғыз т. б. ) ;

3) Аралас группа (башқұрт, татар, ноғай т. б. тілдер) . Вамбери барлық түркі тілдерін жалпы түркі тілінің диалектісі деп қарайды.

Профессор Н. Ф. Катанов түркі тілдеріне этнографиялық шолу жасай келіп, төрт группаға бөледі. Бұл классификация әрбір түркі тілдерінің езгешелігін есепке алмайды. Оның үстіне кейбір түркі тілдері аталмай қалған.

Академик Ф. Корштың классификациясы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық өзгешелігін есепке алып, олардың тілдік материалын талдау негізінде жасалған. Ол түркі тілдерін төмендегі төрт группаға бөледі:

1) Солтүстік группасы( географиялық белгілеріне қарап бұған: құмық, ноғай, татар, башқұрт, чуваш т. б. тілдерді кіргізген) ;

2) Шығыс группа - половец(құман, қыпшақ), ескі өзбек (шағатай), ұйғыр, орхон, қарагас сияқты тілдер) ;

3) Батыс группа (түрік, азербайжан, түрікмен тілдері) ;

4) Аралас группа (солтүстік алтайлықтар, чуваш, якут тілдері) .

Академик А. Самайловичтің классификациясы түркі тілдерінің лингвистикалық езгешелігін есепке алады. Ол Радлов пен Корштың классификациясының дұрыс екендігін айта келіп:, «Пытаясь в настоящей работе дополнить существующие классификации турецких языкйв, а не изменить из нового, а позволяю себе вносить некоторые изменения и в принятую различными учеными номенкулатуру отделов системы турецких языков, - дейді.

Түркі тілдерінің тарихы мен этнографиясын зерттеуде көрнекті орын алған XIX ғасырдағы орыс ғалымы Н. А. Аристов болып есептеледі. Ол түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың Алтай, Монғол жерінен қазақ далаларына өтерінде бәрі араласып, бір-бірімен тығыз карым-қатынаста болған деп есептеп, төмендегі рулардың түркі халықтарының қалыптасуына ұйытқы болғандығын көрсетеді: қаңлы, қыпшақ, дулат, алшын, арғын, найман, керей, қырғыз, саха немесе якут, теле, түрк-түкю; карлұқ т. б.

Профессор В. А. Богородицкий Іуркі тілдерін классификациялағанда, оның территориялық орналасуын есепке алып, әрбір тілдің географиялық жағдайына қараған. В. А. Богородицкийдің классификациясы төмендегіше:

І. Солтүстік-шығыс группа (якут, карагас, тува тілдері) .

II. ” Хакас. (абакан) группасы (хакас тілі) .

III. Алтай группасы (алтай тілі) .

IV. Батыс-Сібір группасы.

V. Волгалық-Оралдық группа (татар, башқұрт тілдері) .

VI. Орта Азиялық группа (ұйғыр, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ тілдері) .

VII. Түстік-батыс(түстік) группа(түрікмен, азербайжан, құмық, гагауз, түрік тілдері) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің тарихи жіктелуі: Батыс ғүн тілдері және көне түркі дәуірінің лингвистикалық ерекшеліктері
Түркі тілдерінің жіктелуі: тарихи-салыстырмалы аспектілері
Шумерлер мен түркі (қазақ) тілдерінің тарихи-лингвистикалық байланыстары
Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи жіктелуі мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің рөлі
Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи зерттеулері және салыстырмалы грамматикасы
Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи классификациясы: принциптер мен әдістер
Түркі тілдерінің жіктелуі мен классификациясы: тарихи көзқарастар және М. Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрік мұрасы
XI-XV ғасырлардағы түркі тілдерінің тарихи-диалектологиясы және жазба ескерткіштері
Түркі тілдерінің жіктелуі және Махмұд Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрік сөздігінің маңызы
Ағылшын, қазақ, өзбек және түрік тілдерінің салыстырмалы лингвистикалық талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz