Адалдық-адамгершілік бастауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Адалдық-адамгершілік бастауы. (эссе)

Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болуы - өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.

(Әл-Фараби)

Адалдық - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т. б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады. Дана халқымыздың «біреудің ала жібін аттама» деген насихатын бүгінгі ұрпақ қалай орындап отыр ?

Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық- жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет. Шыншылдық, турашылдық - өлмес рух пен арлылықтың, адалдықтың алғышарты. Кез келген халықтың моральдық қағидасы - осылай. Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды . Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Тіліміздегі «Адалдық үшін арыдым деме». «Адалдық - ардың ісі, ауырды көтеру - нардың ісі». «Ала жіпті аттамағанның абыройы биік». «Асылдың бірі - адалдық». «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» деген сөз қолданыстар адал істің аты тек жақсылық екенін білдіреді. Қазақта «адал жар», «адал мал», «адал құс», «адал ит», «адал іс», «адал кәсіп» тіркестерінің өзі таза ұғымымен ұш­та­сып жатыр. Рухани таза, «шынайы берілген» деген мағыналарды білдіреді.

Бүгінгі күні үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық- саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Еліміздің дамып, көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын қоғамдық дерт - осы. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс». Сыбайлас жемқорлықпен күресу- Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі .

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде, билікке деген сенімін әлсіретеді.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл -тамырын тереңге жайған, қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек . Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс деп ойлаймын. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта, сол адами қалып-парасат биігінен, яғни «біреудің ала жібін аттамау» нақылынан көрінуге тиіспіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Адамгершілік өмір бастауы
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш мектепте оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Қытай философия мектебінің ең көрнекті өкілдерінің бірі – Конфуций
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері
Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz