Еркек жыныс мүшесінің құрылысы



М а з м ұ н ы

І Кіріспе бөлім

ІІ Негізгі бөлім
1) Еркек жыныс мүшесінің құрылысы
2) Еркек жыныс мүшелерінің дамуы
3) Еркек жыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері

ІІІ Қорытынды бөлім
Кіріспе
Жыныс мүшелері аталық (еркектің) жыныс мүшесі және аналық (әйелдің) жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді. Кейде екі жыныс мүшесінің бір кісіде болуы да мүмкін, ондай адам қызтеке (гермафродитизм) деп аталады. Қызтекенің нағыз және жалған түрлері болады. Нағыз қызтекеде аталық ен де аналық жыныс безі де бірдей болып, жалған қызтекеде екі жыныстың біреуінің кызметі ғана басымдық көрсет.
Аталық (еркектің) жыныс мүшелері ішкі және сырткы мүше болып екіге бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне: ен, ен қосымшасы немесе сағағы, ұрық шығаратын және ұрық шашатын жолдары, шәует куықшасы, қуықалды безі және бадана (үрпі) безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне: ұма және еркектің жыныс мүшесі жатады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
1) Еркек жыныс мүшесінің құрылысы
2) Еркек жыныс мүшелерінің дамуы
3) Еркек жыныс мүшелерінің жас ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды бөлім

Кіріспе
Жыныс мүшелері аталық (еркектің) жыныс мүшесі және аналық (әйелдің)
жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді. Кейде екі жыныс мүшесінің бір кісіде
болуы да мүмкін, ондай адам қызтеке (гермафродитизм) деп аталады.
Қызтекенің нағыз және жалған түрлері болады. Нағыз қызтекеде аталық ен де
аналық жыныс безі де бірдей болып, жалған қызтекеде екі жыныстың біреуінің
кызметі ғана басымдық көрсет.
Аталық (еркектің) жыныс мүшелері ішкі және сырткы мүше болып екіге
бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне: ен, ен қосымшасы немесе сағағы, ұрық
шығаратын және ұрық шашатын жолдары, шәует куықшасы, қуықалды безі және
бадана (үрпі) безі, ал сыртқы жыныс мүшелеріне: ұма және еркектің жыныс
мүшесі жатады.

ЕРКЕКТІҢ ІШКІ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Ен ұма ішінде орналасатын жыныс безі. Оның пішіні — сопақша,
ұзындығы — 4,5 см, әні — 3 см, қалыңдығы — 2 см, салмағы 15-30 грамм. Ен
аралас бездерге жатады, өйткені онда негізінен ұрық (сперматозоид) жетіледі
және ішкі бездер тәрізді гормон бөледі. Еннің шеткі және ортаңғы беттері,
алдыңғы, артқы екі жиегі, жоғарғы ұшы және төменгі ұшы болады.
Еннің сырты ақ түсті талшықты қабатпен қапталады. Оны ақ қабат дейді.
Ен паренхимасы сол қабаттың астында жатады. Паренхиманың арасына ен
аралықтары орналасады. Одан желпуіш тәрізденіп көрінетін еннің
паренхимасын бірнеше бөлшектерге бөлетін перделер түзіледі. Ондай
бөлшектердің саны 250-300-ге дейін жетеді. Әрбір бөлшекте иректелген 2-3
ұрык түтікшелері болады. Ол түтікшелерде ұрық пайда болатын эпителий бар.
Ирек түтіктер бір-бірімен қосылып, тік түтіктерге айналады. Ол тік
түтіктер ен аралықтарындағы торға қосылады. Ол талдан 12-15 ұрық
түтікшелері ен сағасына қосылады.
Ен сағасы қосымшасы еннің артқы жиегіне созыла орналасқан жұп
без. Оның жуан ұшы басы, ортасында — денесі, ал сүйірленген екінші
ұшы — құйрығы деп аталады.
Ен сағағында 12-15 бөлшектер болады. Олардың ішіндегі иректелген
жолдардың ұзындығы — 6-8 м. Ол ирек жолдар бір-біріне қосылып, ен
сағағының құйрық жағынан ұрықты өкететін жолға айналады.
Ұрықты әрекететін жол — ен сағасынан шәует қуығына дейін созылатын
жұп түтік. Ол еннің артерия, вена және жүйкелермен қабат ұмадан жоғары
қарай ұрық бауының ішімен шат түтігі арқылы құрсай қуысына енеді де ен
тамырларынан ажырап, ішпердемен жабылған күйі темендеп, қуықтың түбіне
қарай иіледі де оның алдындағы безге келеді. Оның ұзындығы — 40-45
см, ені — 2,5 мм, қабырғасы кілегейлі, бұлшықетті және бірікпе қабаттардан
түзіледі.
Шәует қуығы ұрық әкелетін жолдың шешетіндегі қуық артына иілген
қапшық түтік. Шәует қуығы иілген күйінде 4-5 см жазған кезде 12 сантиметрге
жететін мүше. Оның жоғарғы кеңейген бөлігін — денесі дейді, төменгі жары
сүйірленіп, түтікке айналады. Ол шәует шашатын жолға жалғасады.
Шәует қуығы түссіз сүйықтыққа толы болады. Ұрық осы жерге жиналады.
Сондықтан бұл жерді ұрық жинаушы қойма деп те атайды. Оның кілегейлі
қабатынан шығатын коймалжың сүйықтық шындығында да бір-біріне соқтықтырмай,
ұрыктың белсенділігін арттырады.
Қуықалды безі — бұл-шықетті тақ безден түзілген мүше. Ол куықтың
алдыңғы жағында, қуықтың астында орналасады, артқы жағымен тік ішекке
жалғасады. Бұл без 30-40 майда безшелерден түзіледі. Қуықалды безінен
сілтілі-қышқылды сүйықтық бөлінеді, ол ұрык құрамына еніп, шәуетке тән иіс
береді де тек жыныстық қатынас кезінде ғана бөлініп, жатырдың қышқылдық
ортасын жойып, ұрыктың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдай жасауға
жәрдемдеседі. Бұл без 16 және 21 жас аралығында қалыптасады, бұған дейін
куықалды безі тек бұлшықеттік қызмет қана атқарады. Қуықалды безінің
бұлшыкеттің кызметі көмелетке жеткеннен кейін де тоқталмайды. Адамның
бойынан шәует кеткен кезде адамның еркінсіз куықтары зәр (несеп) шығатын
жолды (үрпіні) қысып, зәрді тоқтатады. Зәр соның нәтижесінде шәуетке
араласа алмайды. Өйткені қуықалды безі арқылы зәр шығатын жолдың (2,5 см)
алдыңғы бөлігі және шәует (ұрық) шашатын оң және сол жолдары өтеді.
Қуықалды бездің жоғарғы жалпақ жағы — негізі қуықтың түбіне және
шәует куығына беттеседі. Оның ұшы (арех) төмен қарай бағытталып, несеп-
жыныс көкетіне жетеді, ал алдыңғы беті — қасағаға жанасып
жатады.

ЕРКЕКТІҢ СЫРТҚЫ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Еркектің сыртқы жыныс мүшелері. Ұма өзара қатынаспайтын, ортасы
пердемен белінген бұлшықетті тері қалта тәрізді мүше. Ұма еркек жыныс
мүшесінің түбінде төмен салбырап орналасады. Ұманың қабырғасы жеті қабаттан
түзіледі, олар: тері, бұлшықет қабаты, ұрықтың сыртқы шандыр қабаты, енді
көтеретін бұлшықет, енді көтеретін бұлшық еттің шандыр қабығы ұрықтың ішкі
шандыр қабығы және еннің қынап қабаты болып саналады. Бұлшықет қабатынан
пайда болған ұма пердесі ұмадағы екі енді екіге бөліп тұрады.
Еркектің жыныс мүшесі. Еркектің (аталық) жыныс мүшесі зәрді қуықтан
сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін
атқарады. Бұл мүше жұмырланып, үш үңгір және қуысты денелерден тұрады. Оның
екеуі — үңгірі дене және сыңары — кеуекті дене. Екі үңгірлі дене де жұмыр
денелі, ал үштары сүйір болып келеді. Қасаға сүйегіне тірелетін ұштары екі
жаққа ажырап, аша түзеді. Бұл екі денені ақ қабық орайды. Екі дененің
аралығындағы үстіңгі сайда мүшенің арқа венасы, ал астыңғы сайда кеуекті
дене орналасады.
Кеуекті дененің іші қуыс, зәр және шәует шығаратын жолдарын үрпі
дейтіні жоғарыда айтылды. Кеуекті дененің артқы түбі буылтықтанған және
алдыңғы ұшында

2 ЕРКЕКТІҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНІҢ ДАМУ.
Атабездер, ұмада орналасқан, бүйірлерінен сәл қысыңқы келген, сопак
пішінді жұп денелер болып табылады. Атабездің ұзындығы орташа 4 см-ге тең,
көлденеңі 3 см, массасы 15-25 г. Атабездің екі беті - медиалды және
латералды, екі жиегі - алдыңғы және артқы, екі шеті - жоғарғы және
төменгі, болады. Атабездің ұмадағы қалыпты жағдайында оның жоғарғы шеті
жоғары, алға және латералды жаққа қарайды, сол себепті төменгі шеті да
төмен қарай ғана емес, сондай-ақ артқа және медиалды жаққа қарайды.
Сол атабез, әдетте оң жақтағы безге қарағанда сәл төмен жатады. Оның артқы
жиегіне шәует шылбыры, пен атабез қосалқысы, келеді; атабез қосалқысы,
артқы жиек бойында орналасады. Жіңішке ұзын дене, онда жоғарғы, біршама
қалың бөлінген атабез қосалқысының басын, және төменгі, үшкір шетін,
ажыратады; аралық бөлігі денесін, құрайды. Дене аймағында атабез қосалқысы
мен атабез арасында сірлі кабықпен астарланған және латералды жаққа қарай
ашылған қойнау, жатады.
Атабездің жоғарғы шетінде кішкентай өсінді - орналасады, жарып
қарағанда ол жіңішке өзекшелерден тұрады, сірә, ол рудименттік қалдығы
болуы керек. Қосалқы без басында әдетте аяқшада орналасқан кездеседі.

ШӘУЕТ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІК
Шәует шыгаратын түтік, атабез қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы
бола тұра, одан өз қабырғаларының қалыңдығымен өзгешеленеді. Атабезден
тамырлармен бөлініп, жоғары көтеріліп, шәует шылбыры құрамына қосылады.
Шәует шылбырытік жоғары беткей шап сақинасына көтеріліп, шап өзегінде қиғаш
жоғары және латералды өтіп, ол терең шап сақинасында бұлар бел аймағына
қарай өтеді қалдырып, ішастармен жабылып, жамбас астауының бүйір
қабырғасымен төмен және артқа қарай өтеді. Несепқуыққа жетіп, түтік оның
түбіне бұрылып, куыкдсты безіне келеді. Оның төменгі бөлімі шәует шығаратын
түтіктің кең жері, түрінде едәуір кеңейеді. Ұзындығы 40 - 45 см қабырғасы
үш қабықтан: сыртқы - дәнекертінді қабық, ортаңғы - бұлшықетті қабық, және
ішкі - шырышты қабықтан, тұрады.

ШӘУЕТ ҚУЫҚШАЛАРЫ
Шәует қуықшалары, шәует шығаратын түтіктерден латералды, несепқуық
түбі мен тік ішек арасында жатады. Әрбір шәует қуықшасы өте иілген,
жазылған кездегі ұзындығы 12 см, жазылмаған кездегі ұзындығы 5 см түтік
болып табылады. Шәует қуықшасының төменгі үшкір шеті тар шығарушы түтікке,
ауысады, ол сүйір бұрыш жасай өзінің жағындағы қосылып, онымен бірге шәует
жіберетін түтік, түзеді. Соңғысы жіңішке түтікше болып табылады, ол
қосылған жерден басталып, куықасты безі қабаты арқылы өтіп, несеп шығаратын
өзектің қуықтық бөлігіндегі шәует төмпешігі мегізі қасында тар тесік арқылы
ашылады. Шәует жіберетін түтіктің ұзындығы 2 см шамасындай. Шәует
қуықшаларының қабырғалары енсіз тұратын қабаттардан тұрады. Шәует
қуықшалары шәуеттің сұйық бөлігін өндіретін секреттік ағзалар болып
табылады.

ШӘУЕТ ШЫЛБЫРЫ ЖӘНЕ АТАБЕЗ ҚАБЫҚТАРЫ
Атабездер ұмада (ен қалтасында) орналасып, онда шәует шылбырымен
ілініп тұрған сияқты көрінеді. Шәует шылбырының құрамына, лимфа тамырлары
мен нервтер кіреді. Шап өзегінің терең сақинасында шәует шылбырының кұрам
бөліктері ажырайды да, ол тұтас құрылым ретінде тек атабездің артқы
жиегінен шап өзегінің терең сақинасына дейін ғана созылады. Шәует шылбыры
алғашқы кезде іш қуысында дамитын атабездер, ұмаға түскеннен кейін ғана,
дамиды.
Қарапайым сүтқоректілерде атабез іш куысында жатады. Күрделі
құрылыстыларда, мысалы, кемірушілерде, ол жануарлардың шағылысу кезінде
уақытша сыртқа шығады. Бұл жануарларда атабезді көтеретін бұлшықет, күшті
дамыған да, ал күрделі сүтқоректілер мен адамда редукцияланған, өйткені
оларда атабез толығынан іш қуысынан ұмаға ауысқан. Адамда осы үрдістің
көрінісі ретінде антогенез барысында атабездің, төмен түсуі байқалады.
Ұрықта атабездер іштің артқы қабырғасында жоғары екі бел омыртқалары
деңгейінде орналасқан. Атабездің төменгі шетінен төмен қарай бірыңғай
салалы бұлшықет талшықтары мен фиброз тінінен тұратын атабез бастаушысы,
созылады. Ұрықтың өсуімен қатарласа атабсз біртіндеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Несеп- жыныс ағзасы туралы
Күйіттеуші малдарды дайындау әдістері
Жыныс жүйесі
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Көбеюдің мәні
Бұқаның жыныс бездері
Сиыр, қой және басқа малдардың жыныстық циклдерінің көріну ерекшеліктері
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Еркек малды пішу
Пәндер