Азаматтық-құқықтық шарттар мәміленің құқықтық нысаны ретінде


ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2 АЗАМАТТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Азаматтық . құқықтық шарттардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ . ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 22 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Азаматтық - құқықтық шарттардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері заңмен қорғалады
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар арасында қалыптасатын нақты қатнастар сан түрлі. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатнастардың бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатнастар нысанына ие болады. Яғни құқықтық қатнастар - бұл нақты қоғамдық қатнастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатнастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінің меншік қатнастары қалыптасатын қатнастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатнастар-құқықтық қатнастар , атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатнастар сапссына ие. Азаматтық - құқықтық қатнастар- азаматтық құқық нормаларын реттеген қоғамдық қатнастар.
Қазіргі таңда азаматтық құқықтық қатнастардың ішінде шартқа отыру ерекше орын алып отырғандықтан, менің дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбын таңдауға себеп болды. Азаматтық құқық субъектілері шарт жасасу арқылы ғана меншік құқығына ие бола алады. Қазақстан Республикасының меншігін қорғау азаматтық-құқықтық тәсілдері, азаматтық құқықтағы мәселелер болып табылады.
Меншік құқығының қорғалуының бірі ретінде Конституцияда жазылған: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, сонымен қатар өзге де меншік түрлерінің қорғалуы
туралы атауға болады. Әрдайым тізімге ілініп жүрмесе де, осылардың ішіндегі ең қажеттісі жеке меншік екені белгілі. Бұл адам құқығы мен бостандығын басты құндылық деп жариялап, ал мемлекет міндетіне оны орын орындауды жүктеумен, жеке меншікке деген қызуғышылықты сақтап қалумен тікелей меншікке қарсы жасалынатын қылмысқа арналған. Мемлекетімізде меншіктің барлық түрлерін қорғайды.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқықтық қатнастағы шарттың түсінігі мен оның маңызына арналған. Тақырыптың өзектілігі шарттың азаматтық құқықтық қатнастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатнастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатнастардың заңды түрде жасалуында.
Жұмыстың мақсаты шартқа құқықтық сипаттама беріп, сонымен қатар мазмұнын қалыптастырып, маңыздылығын зерттеу.
Жұмыстың ғылыми негізін белгілі ғалымдардың еңбектері мен Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық қатнастарды реттеу туралы заңнамалары және іс-тәжірибе материалдары құрайды.

1.Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері.

Мәміле - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет болып табылады.
Мәміленің ең көп тараған түрі - шарт, яғни екі жақты немесе көп жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәміле болып саналады. Бір адамның еркін білдіретін бір жақты мәмілелер де болады. Жоғарыдағы мәміленің анықтамасы Азаматтық кодекстің 147 бабынан туындайды. Нақтылы айтар болсақ мәміле дегеніміз - заңды факті. Заңды фактілердің оқиғалардан немесе әрекеттерден тұратындығы белгілі. Мәміле соның ішінде әрекет болып саналады. Әрекет болғанда да ол азаматтық құқық субъектісінің заңды әрекеті. Міне осы жерден мәмілеленің белгілері мен өзіндік ерекшелігі көрінеді. Мәміленің басты ерекшелігі оны жасағанда азаматтық салдар туындап - белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленіп, өзгеріп, тоқтатылып жататынында.
Мәміленің өзіне тән бірқатар белгілері бар. Мәміле - азаматтық құқық субъектілерінің ерікті актісі.
Мәмлемелерде азаматтық құқық қатнастары қатысушыларының еркі көрінеді . Оны біз адамдардың еркіне бағынбайтын және еркінен тыс болатын оқиғалардан ажырата білгуіміз керек. Бұл арада ерік саналы мақсатқа жету үшін белгілі бір құқықтық салдарды туғызуға бағытталған. Атап айтқанда, мәселен, өздерінің шаруашылық, тұрмыстық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдардың тұрмыстық, өндірістік, азық - түлік тауарларын сатып алуы және т.б. әрекеттері.
Мәмілеге қатысушылардың ішкі еркін және оның сыртқа байқалғандығын ажырата білу керек. Егер ішкі ерік сыртқа көрінсе, бірақ басқа тұлғаларға байқалмаса, онда ол заңдық салдарды туындата алмайды. Осы сияқты, егер сыртқа байқалған ерік мәміле қатысушы ішкі еркімен сәйкес келмесе мәміле жасалмаған болып саналады. Мысалы, кіріптарлық мәміле. Ол Азаматтық кодекстің 159 бабының 9тармағында көрсетілген.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды.Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы - ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
52 бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
* егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
* мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
* заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп саналады.
Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Мәмілелердің түрлері. Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілелер - бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды.
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер - көп жақты мәмілелер болып табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады.
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.

1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер.

Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.
Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.
Өкілдіктің негізгі белгілері:
1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.
Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.
Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.
Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.
4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.
Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттік туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).
Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.
Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.
Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады. Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.
Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл - бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу - заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы). Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).
Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.
Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы нормативтік актілермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы" Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:
1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі тиіс;
2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.).
3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;
4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.
2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы

Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт - сату - сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз - екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.
Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:
oo шартты жасау еркіндігі;
oo шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
oo жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
oo тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе
алатындығын;
oo тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса
алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тарптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.
Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.
Тарптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Шарттың жіктелуі. Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.
Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі - мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды деп есептелінеді. (Мысалы, несие шарты.)
Жеткізіп беру шарты - бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сәті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді және т.б. талап етуге құқылы.
Несие шарты - бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.
Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қарауға болады. Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады.
Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақты да бірдей.
Мәселен, сатып алу - сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге мінлетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап - сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.
Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады.
Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ.
Жария шартының талаптары барлық тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.
Сенімхат - бір тұлғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.
Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті мерзімі - 3 жыл. Егер сенімхатта жарамды мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды болып есептеледі, ал егер сенімхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

2.2 Азаматтық - құқықтық шарттардың түрлері

Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Жалпы ҚР ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық әдет – құқықтық нысаны ретінде
Мәмiленің құқықтық жағдайы
Мәміленің нысаны және түрлері
«мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар»
Азаматтық-құқықтық қатынастардағы мәмілелер
Азаматтық құқықтық қатынас
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелер
Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі
Ақпарат азаматтық-құқықтық қатынастар объектісі ретінде
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь