Медиацияның шетелдік тәжірибесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
СӨЖ
Тақырыбы: «Медиацияның шетелдік тәжірибесі»
Орындаған : Жеңісқызы Қ.
Оқытушы : Ниетбаева Г. Б.
Алматы 2021
ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары АҚШ-та медиация жылдам дами отырып, англо-саксондық елдерге де әсерін тигізді. Мысалы, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Үндістан, Австралия және бүкіл Еуропаға тарады. Нидерланды, Франция, Германия, Бельгия, Швейцария, Италиядағы медиация заң деңгейінде бекітілген.
Медиацияны пайдаланудағы алғышарттар, әдетте еңбек, коммерциялық және отбасылық дауларды шешуге қатысты болды. Жаңадан туындаған еңбек дауларын шешу үшін әлеуметтік тұрғыдан шартталған қажеттілік пайда болды.
Ежелгі Рим, Ежелгі Греция елінде дау мəселелерін делдалдық қатынастар арқылы шешкен. Рим халқы «делдал» ұғымын əр түрлі терминдермен пайдалана білді: «internuncius, medium, intercessor, philantropus, interpolator, conciliator, interlocutor, interpres, mediator» . Бүгінде елімізде медиация институты азаматтық қоғамда дауларды шешетін негізгі құрал болып отыр. Соңғы жылдары соттан тыс дауларды шешу жолдарына бірінші кезекте медиацияны көбірек тартуда.
Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету
Медиация тез әрекет етеді, бюрократиялық емес, уақытты, ақшаны, жүйке жүйесін үнемдейді. Оның басты ерекшелігі - медиаторлар («mediare» - делдалға дейін) шешімдерді әзірлеуге көмектеседі, онда жеңімпаздар мен жеңілгендер болмайды; шешімдер олардың орындалуын қамтамасыз ететін тараптардың толық келісімі бойынша қабылданады. Медиация дауларды мәдениетті реттеуге, 60 келіссөздер технологияларын жетілдіруге, даулардың бейбіт жолмен шешілуіне ықпал етеді. Бейтарап үшінші тараптың рөлінде медиаторлар - тіпті даулар мен жанжал жағдайында да тыныштықты жеңуге көмектеседі, ең жақсы және тиімді жолды іздейді.
Медиация - дауларды шешудің балама жолы. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған. Жалпы, медиация әдісі дүниежүзінде 20 ғасырдың екінші жартысында дами бастады.
Медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады. Түптеп айтқанда, медиация әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40% медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Өркениетті дейтін шетелдердің тәжірибесі дауларды медиатордың қатысуымен реттеу көп жағдайда екі тараптың келісімге келуімен аяқталатынын көрсетеді. Бұл даулаушы тараптардың санын азайтады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша медиация рәсiмi қолданылмайды. Өйткені, медиация - тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi . Бір сөзбен айтқанда, медиацияның мақсаты дауды шешуде медиацияның екi тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткiзу, тараптардың дауласушылық деңгейiн төмендету болып табылады. Сондай-ақ, судьялардың және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары көп. Тиісті актілер АҚШ-та, Австрияда, Германияда қабылданған. Еуропа комиссиясы Медиатордың кодексін бекітті, ал Еуропалық Одақ медиаторлардың қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ІІМСІТРАІ) медиация туралы заңның үлгісін әзірледі. Мәселен, АҚШ-та экономика, саясат, бизнес саласында медиаторсыз бірде-бір маңызды келіссөз жүргізілмейді. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, Ұлыбританияда медиация әдісі өте кең тараған. Тіпті, медиаторға байланыс желісі арқылы кез келген жерден қоңырау соғып, жанжалды сипаттап, өздерінің талаптарын білдіре алады. Германияда бітімгерлер тікелей соттардың жанында жұмыс істейді. Бүгінде бұл мемлекетте медиация азаматтық істерді ғана емес, әкімшілік істер бойынша да қолданылады. Неміс мектептерінің көпшілігінде тұрақты медиация курстары оқытылады. Австрия - медиаторларды дайындауды және дайындықтың белгіленген нормативтерін реттейтін медиация туралы федералдық заң қабылдаған жалғыз мемлекет. Қытайда даулардың шамамен 30 пайызы соттан тыс тәртіппен шешіледі. Венгрия мен Кореяда тараптар медиация шеңберінде келісімге келіп, оны аралық соттардың (төрешіліктің) қарауы үшін заңда қарастырылған тәртіпте бекітуге құқылы. Мұндай шешім (төрешілік) күшіне ие болса, тиісті тәртіппен орындауға жатады. ТМД елдерінің ішінде медиация туралы заң Молдовада қабылданды. Медиацияны қолданудың алғашқы әрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды шешу кезінде тәжірибеге енгізілді. Кейін медиация отбасы жанжалдарынан бастап коммерциялық көп жақты жанжалдарға дейінгі даулардың кең шеңберін шешу кезінде қолданылатын болды.
АҚШ-та 1964 жылы құрылған Әділет министрлігінің «Қоғаммен байланыс қызметі (CRS) » (Community Relation Service (CRS) маңызды рөл атқарады. Бұл мекеме медиация мен келіссөздердің арқасында нәсілшілдік, этникалық, ұлттық сипаттағы жанжалдарды шешуге арналған болатын. Сонымен бірге, көптеген ірі дауларды жеңілдетуге көмектесті.
1970-жылдары медиация техникасының ауқымы ұлғайды. Алғашқы орталықтар тегін немесе аса қымбат емес медиациялық қызметтерін ұсынды. Медиаторлар көбінесе жалдаушылар мен жалға алушылар, ерлі-зайыптылар мен отбасы, көршілер және т. б арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысты. Қазіргі уақытта АҚШ-та мұндай медиация орталықтары 700-ден астам. Медиаторлар мемлекеттік немесе тәуелсіз болып келеді, бірақ мақсаттары біреу: өздерін құқықтық жүйеге балама (альтернативті) ретінде қарайды.
АҚШ-та медиация рәсімін реттеуге байланысты 2, 5 мыңнан астам нормативтік актілер бар. Осы елде медиаторға жүгіну - 75-85%, 9 жанжалды жағдай мен келісім медиация негізінде қол жеткізуге жол ашылған, демек, даудың 90-95% бітімгершілікпен аяқталады. Кейбір елдерде, мысалы АҚШ-та заң медиаторды қорғайды. Медиатор медиация қағидаты ретінде медиация процесінде белгілі болған ақпаратты сотқа хабарламауға мүмкіндігі бар.
Медиацияны халықаралық жанжалдарды реттеудегі маңыздылығына тоқталсақ, БҰҰ-ның Жарғысында медиацияны жанжалдарды шешудің бір мүмкіндігі ретінде көрсетеді. Мысалы, 1978 61 жылы Кэмп Дэвидте Израиль мен Мысырдың арасындағы бейбітшілікке қол жеткізілген келісім, президент Картердің жүргізген медиациясы арқылы жасалған болатын.
ХХ ғасырдың 80-жылдарында медиация тұжырымдамасы Еуропаға (Англия, Ирландия, Франция, Германия және т. б. елдер) келді. Қазіргі кезлде медиацияның нақты бірыңғай моделі жоқ, ол әрбір елдің жағдайына қарай бейімделіп, құқықтық тәжірибеге енгізілуде [7] . Сонымен, әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің көптеген мысалдары белгілі. Тиісті актілер АҚШ, Австрия, Германияда қабылданған. Еуропа комиссиясы Медиатордың кодексін бекітті, ал Еуроодақ медиаторлар қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды.
Қазіргі уақытта медиация шығыс Европа мен ТМД елдерінде, атап айтсақ, Польша, Румыния, Литва, Эстония, Ресей, Украина, Молдова, Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және т. б. елдерде қарқынды дамып келеді.
Медиация әлеуметтік институт ретінде объективті түрде дамып келеді. Елдегі экономикалық және саяси ахуалды бақылауды қамтамасыз ету үшін АҚШ билігі құқықтық дауларды реттеуде медиацияны татуластырушы ретінде кеңінен пайдаланады, ол жақсы нәтижелер көрсетуде. Бүгінде жанжалды ісәрекеттерді шешудің практикалық шешімі ретінде таңдалып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz