Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ШЖҚ КМК АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Бекітемін
Ғылыми-әдістемелік
бөлімнің меңгерушісі,
ӘК төрайымы_____Куанова И.А.
___________20 __ж
ДӘРІС КЕШЕНІ
Э 02 Электив-Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
Мамандық: 0302000-Мейіргер ісі
Біліктілігі: 0302043-Жалпы практика мейіргері
Курс: 2
Семестр: ІV
Барлық сағат кредит көлемі KZ -4020
Атырау, 2021 ж.
Пәннің дәріс кешенін құрастырған: Э-02 Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі пәнінің оқытушысы________ Зулхарнаева А.Е.
0302000-Мейіргер ісі мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары
негізінде құрастырылды.
№4 Арнайы пәндер ЦӘК мәжілісінде қарастырылды және ұсынылды бастап
"10" қаңтар 2021 ж., хаттама № 5
ЦӘК төрайымы ____________ Успанова Н Ж
Тақырыбы: Терминальды жағдай. Жүрек өкпелік реанимациясы
Мақсаты: Терминальды жағдай түсінігін. Клиникалық және биологиялық өлімнің белгілерін. Жүрек-өкпелік реанимациясы. Өлікті ретке келтіруді
Дәріс тезистері
Жоспар:
Терминальды жағдай туралы түсінік
Клиникалық және биологиялық өлімнің белгілері
Жүрек-өкпелік реанимациясы
Өлікті ретке келтіру
Терминальдыөмірге қауіп төндіретін жағдайлар - бұл кешіккен және тиімсіз орындалған медициналық көмектерде өліммен аяқталатын ауыр жағдайлар.
Терминальды жағдайларды туындататын себептер:
ауыр жарақаттар
жіті қан кетулер
жоғары және төмен температураның әсері
электр жарақаттары
ауыр улану
қанайналымның бұзылыстары
Терминалдық жағдай - (лат. terminalis-соңына қатысты), өмірдің соңғы сатылары -- өмір мен биологиялық өлім арасындағы өтпелі жағдайлар.Терминальдық өлім жағдайлары өмірге маңызды мүшелер мен жүйелердің қызметі күрт азаюымен жүретін өлудің бірнеше сатылардан тұрады: преагония, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім.
Жантәсілім жағдайлардағы реанимация
Организмді тірілту, реанимация (лат. re - қайта және лат. anіmatіon - жандандыру) - ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру.
Организмді тірілту терминальдық жағдайларда, оның ішінде клиникалық өлім кезінде қолданылады. Әдетте, ағза тіршілігі біртіндеп барып тоқтайды. Бұл кезде ми және орталық жүйке жүйелері тіршілігін толық жоғалтпайды. Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде өмір мен өлім арасында белгілі бір аралық жай болатыны дәлелденген.
Күнделікті практикада терминальды жағдайлардың жіктелуін академик В.А.Неговский ұсынған.
Преагонияжанталасу алды кезеңі - терминальдық жағдайдың бастапқы сатысы - ОЖЖ қызметінің бұзылуы, қанайналыстың күрт төмендеуімен сипатталады.Ұзақтығы: бірнеше минуттан бірнеше тәулікке дейін.
Белгілері:
Есі шатасқан
Тыныс алу ырғағының бұзылуы минутына 8 ретке дейін азаюы мүмкін
АҚҚ төмендеуі систолдық қысым 80-60 мм.с.б., орталық қанайналысың бұзылуы, перифериялық қанайналыстың тоқтауы
Тері жамылғысының өзгеруі: бозару,көгеруцианоз, мрамор тәрізді
Дене температурасының күрт түсуі
Терминальдық үзіліс пауза - преагония және агония арасындағы болуы мүмкін үзіліс жағдайы. Ұзақтығы - бірнеше секундтан 3-5 минутқа дейін.
Белгілері:
Тыныстың тоқтауыапноэ
Пульстің жай соғуы, тек ірі артерияларда пульс сақталған
Көз қарашығы үлкейген, жарыққа реакциясы біртіндеп жоғалады
Агония жанталасу кезеңі - клиникалық өлімге өту кезеңі. Ұзақтығы: бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін.
Белгілері:
Есі жоқ, бірақ пациент зардап шегуші естуі мүмкін
Тері жамылғысының өзгеруі: бозару,көгеруцианоз, акроцианоз, мрамор тәрізді
АҚҚ төмен, систолдық қысымы 60 -40 мм с б жоғары болмайды
Пульсі тек ірі артерияларда сақталған, брадикардия немесе тахикардия
Тыныс алуы жиі, құрысулы, ырғақсыз, терең, Куссмауль немесе Чайн - Стокс патологиялық тыныстары
Көз қарашығы үлкейген, жарыққа реакциясы әлсіз
Соңғы дем алу - клиникалық өлімнің басталуы.
Клиникалық өлім -- өлудің қайтымды кезеңі, өмір мен биологиялық өлімнің арасындағы жағдай, барлық органдардың қызметін тоқтатуы, бірақ науқасты қайтадан тірілтіп алуға мүмкіндік болады
Ұзақтығы: 3-6 минутқа жалғасады.
Белгілері:
Есінің болмауыкома
Тыныстың тоқтауыапноэ
Қанайналымның болмауы асистолия
Көз қарашығы үлкейген, жарыққа реакциясы жоқ
Бет терісі бозарған, жасыл - күлгін түске өзгеруі
Бұлшықет тонусы әлсіз, рефлекс жоқ
Еріксіз кіші және үлкен дәреттің шығуыдефекация.
Аталған симптомдардың болуы организмді тірілту бойынша шараларды жедел орындау қажеттігін көрсетеді. Реанимациялық шаралар қатаң түрде бір жүйемен орындалады.
Жүрек-өкпе реанимациясы еуропалық стандартқа сәйкес САВ 30:2 алгоритмі арқылы жүргізіледі:
С - Circulation his blood - Жүрекке сырттай массаж жасау арқылы қан айналымын қалыпқа келтіру.
А - Air way open - Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.
В - Breathe for victim- Өкпеге жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды қалыпқа келтіру.
Жүрек өкпе реанимациясы клиникалық өлім кезінде ғана жүргізіледі:
Қауіпсіздігін тексеру
Есін тексеру
Көмекке тарту
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін тексеру және қалпына келтіру
Тыныс алу тексеру
Шұғыл қызметтерді шақыру
ЖӨР жасау
Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу ережелері
Қауіпсіздігін тексеру -- жақындату және оқиға болған жерді қарау, барынша сақтықпен және ең төмен тәуекелмен жүргізілуі тиіс. Егер Сіз біреуге көмек көрсетемін деп шешсеңіз, ең алдымен өз қауіпсіздігі туралы ойлағаныңыз жөн, Сіз де зардап шегуші болуыңыз әбден мүмкін. Бір адам биктен құлайтын болса, Сіз оған жақындаған кезде онын артынан ауыр және қауіпті заттың құлауы мүмкін. Егер асфальтта жатқан біреуге көмек көрсету үшін алдымен өзініздің қаупсіздігінізді ойлағаныңыз абзал.
Есін тексеру -- алғашқы өмір сүру белгілерін тексеру. Егер адам Сіздің әрекетіңізге жауап берсе, онда ол тірі, онда реанимациялық алгоритмдерді қажет етпейді. Естің болуы -- бұл әрине, оны қалдырып кету деген түсінік емес, әрі қарай жағдайын бақылап қандай көмектін қажеттілігін анықтау.
Көмекке тарту -- егер тексеру нәтижелері бойынша естін жоқтығы анықталса, бұл анық белгі зардап шегушінің ағзасының елеулі түрде бұзылған. Бұл жерде Сізге шұғыл қызмет көрсету шақыруға себеп бар, бірақ оның алдында артық болмайды, айналадағылардың назарын және көмекке тарту. Одан әрі зардап шегушінің жағдайын шұғыл қызмет көрсету келгенше тұрақтандыру үшін, Сізге күш керек, уақыт керек және айналасындағы адамдардың көмегі қажет болады. Айналаңыздағы адамдардан көмек сұраңыз.
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін тексеру және қалпына келтіру -- естен танудың ең жиі кездесетін себептерінің бірі тыныс алу жолдарының тілмен немесе басқа да бөгде заттармен бітеліп қалуы. Егер Сізге көмекке шақыруға кету керек болса, зардап шегушінің Сіз келгенше дем ала алатынына көз жеткізіңіз. Басты артқа шалқайту бір мезгілде иек көтерумен қатар жүргізілсе, зардап шегушінің дем алып кетуіне жеткілікті болуы мүмкін.
Тыныс алу тексеру -- егер тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіргеннен кейін, зардап шегушінің дем алуын тексерген жөн.
Шұғыл қызметтерді шақыру -- егер Сіз зардап шегушінің тынысы жоқтығына көз жеткізсеңіз, бірден реанимациялық жедел жәрдем шақыруыңыз қажет. Жедел жәрдем шақыру барысында диспетчермен көп сөйлесіп, уақыт жоғалтпаған абзал. Осындай жағдайда Сіз қаншалықты тиімді ақпаратты дұрыс бересіз, зардап шеккен адамның өмірі соған байланысты.
Жүрек-өкпелік реанимация 30:2 -- реанимациялық бригада келгенге дейінгі Сіздің міндетіңіз -- жүрек-өкпелік реанимация (ЖӨР) жүрекке тікелей емес массаж және өкпеге жасанды дем арқылы мидың қамтамасыз етілуін және жүрекке оттегінің жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет. Сапалы ЖӨР ми гипоксиясын болдырмайды және клиникалық өлімге әкелмейді.
ЖӨР алгоритмі - базалық деңгей
Қауіпсіздікті тексеру. Белгісіз жағдаймен құлап жатқан зардап шегушіні көрсеңіз, маңына жақындамай тұрып, зардап шеккен адам мен өзіңізқұтқарушы қауіпсіз жағдайда екеніңізге көз жеткізіңіз.
Зардап шегушіден жауап алу мақсатында,реакциясын тексеріңіз:
Екі иығынан қағып, қатты дауыстап сұраңыз: Сізде бәрі дұрыс па?Мені естіп тұрсыз ба?
3.1.Егер зардап шегушінің есі болса:
Зардап шегушіні сол қалпында қалдырыңыз, қауіпсіз жерде екенінен көз жеткізіңіз.
Қажет болған жағдайда, себептерін анықтап,шұғыл көмекті жасаңыз.
Зардап шегушіні жалғыз қалдырмаңыз.
3.2.Егер зардап шегушінің есі болмаса:
Көмекке шақырыңыз
Зардап шегушіні арқасымен жатқызып, тыныс алу жолдарын ашыңыз:
Қолыңыздың алақанын зардап шегушінің маңдайына орналастырыңыз;
Екінші қолдың екі саусағымен төменгі жақты алға қарай тартып көтеріңіз.
4.Тыныс алу жолдарына өткізгіштік жасаған соң, зардап шегушінің тыныс алып жатқанын бақылаңыз, ол үшін құлағыңызды мұрын қуысы мен ауыздың тұсына орналастырып, көзіңізбен кеуде клеткасына қараңыз. Көремін-сеземін-естимін бойынша баға беріңіз.
Тыныс алуын анықтаумен қатар, ірі тамырлардан пульсті анықтаңыз. Бас бармақтан кейінгі, екі саусақпен мойын тұсынан ұйқы артериясынан пульсті бағалаңыз.
Тыныс алуы мен жүрек соғысын бағалауға 10 секундтан артық уақыт жоғалтау керек.
5.1. Егер зардап шегушінің тыныс алуы қалыпты болса:
Зардап шегушіні бір жақ қырына жатқызыңызқайта қалпына келтіру жағдайы
Жедел көмек беру қызметін шақырыңыз немесе басқа көмекшіге өтініңіз
Зардап шегушіні жалғыз қалдырмаңыз, тыныс алуын қайталап бақылап тұрыңыз.
5.2. Егер зардап шегушінің тыныс алуы болмаса:
Жедел көмекті шақырыңыз Егер мүмкіндік болса,басқа көмекшіні жедел көмек шақыруға жіберіңіз,егер жалғыз болсаңыз, өзіңіз шақырыңыз.
Автоматтық сыртқы дефибрилляторды әкелуге жіберіңіз.
Жүрекке сырттай массаж компрессия жасауды бастаңыз.
Зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызыңыз, мүмкіндік болса аяқ бастарын жоғары 30-40 градус бұрышқа көтеріп қойыңыз жүрекке қарай қан айналу үшін
Кеудесін қысып тұрған киімдерден босатыңыз.
C - Circulation:
Зардап шегушінің жанына тіземен отырыңыз, компрессия жасайтын жерді белгілеңіз.
Бір қолыңыздың алақан қырын төс сүйегінің төменгі бөлігі - семсер өсіндісінен 2 см-дей жоғары орналастырып, екінші қолыңыздың алақанын үстіне қойып, біріктіру арқылы байлап ұстаңыз.
Қолыңыздың алақан қыры қабырғаға қарай ығыспауын қадағалаңыз, қолдарыңыз кеуде клеткасына тіке, шынтақ бүгілмеген күйінде орналасу керек.
Кеуде клеткасын төс сүйегінен 5-6 см тереңдікке дейін ырғақты басыңыз, 30 рет компрессия жасаңыз. Компрессия кезінде, кеудені басқан соң қайта қалпына жіберіңіз алақаныңыздың қыры ығыспауы керек
1 минутта 100-120 рет басыңыз.
A - Air way: Компрессия30 рет жасаған соң, тыныс алу жолдарын ашыңыз: басын кері шалқайтыңыз.
Қолыңызды маңдай тұсына қойып, қалған саусақтарыңызбен мұрын қанатын қысып ұстаңыз.
Төменгі жақты алға қарай көтеріп, аузын ашыңыз.
B - Breathing:
Зардап шегушінің аузын ауызбен түгелдей қамтып, ауыздан ауызға жасанды ауа үрлеңіз. 1 рет үрлеудің ұзақтығы - 1 секунд болуы керек. Өкпеге ауа жібергенде, кеуде клеткасының көтеріліп түскенін бақылаңыз.
2 рет өкпеге жасанды желдетіңіз, барлық уақыт 10 секундтан аспауы тиіс.
30:2 бойынша циклды жалғастырыңыз.
30:2 - 1 цикл, 5 рет қайталанады!!!
5 циклдан кейін стоп-анализ жасаңыз, 10 секундтан артық уақыт жоғалтпаңыз.
Тіршілік белгілері байқалмаса, әрі қарай реанимацияны жалғастырыңыз.
5 цикл = 1 период
1 периодтың ұзақтығы - 1,5-2 минуттан аспауы керек.
ЖӨР үзіліссіз жедел көмек бригадасы келгенге дейін жасалады!!!
Егер жедел көмек келмесе, 25-30 минутқа дейін жүргізіледі.
Жедел көмек келгенше, зардап шегушінің жағдайын 5 минут сайын бақылаңыз.
АСД - жүрек жұмысы тоқтағаннан кейін, 3-5 минут ішінде қолданылса, зардап шегушінің жағдайын 50-70 % ға дейін өмір сүру көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар.
Автоматтық сыртқы дефибриллятор жеткізілген жағдайда, оны қосыңыз
Электродтарды кеудеге орналастырыңыз, біреуін оң жақ кеуденің жоғары тұсына, екіншісін, сол жақ кеудеге жүрек ұшы үстінен орналастырыңыз.
Дауыстап белгі беріңіз: Зардап шегушіден аулақ тұрыңыз!
Зардап шегушімен ешкім жанасып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Дефибриллятордан, разряд түймесін басыңыз.
Ересек адамдарға 120-200 Дж аралығында беруге болады.
АСД көмектеспеген жағдайда, тіршілік белгілері байқалмаса, ЖӨР жалғастырыңыз.
Реанимацияны келесі жағдайларда тоқтатуға болады:
Арнайы медицина қызметкері нұсқау берген болса
Зардап шегуші көзін ашып, қозғалып, тыныс алуы мен жүпек соғысы қалыпқа келсе
Егер сіз физикалық түрде қатты шаршасаңыз
Егер зардап шегушінің есі жоқ, бірақ тыныс алуы болса, оны оянуға ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
Жүрекке тікелей емес массаж жасаудың нәтижелері оң: егер тірілту әдістері дұрыс жасалынып жатса, зардап шегушіде:
- Ұйқы және перифериялық артерияларда пульстің пайда болуы;
- Көз қарашығы біртіндеп тарылуы, жарыққа реакциясының пайда болуы;
- Тыныс алудың қалпына келуі;
- Тері түсінің жақсаруы.
Жедел жәрдем келгенге дейін, әрбір 3-5 минут сайын пульсін, тыныс алуын және көз қарашығы реакциясын бақылап тұру қажет.
Клиникалық өлімнен кейін биологиялық өлім дамиды.
Биологиялық өлім - (немесе шынайы өлім) жасушалар мен тіндердегі физиологиялық процестердің қайтымсыз тоқтатылуын білдіреді. Биолгиялық өлім реанимациялық шаралар тиімсіздігі, организмді тірілті мүмкін емес жағдайалары.Ұзақтығы - 30 минуттан - 2 сағатқа дейін.
Биологиялық өлімнің дәлелді белгілері:
Биологиялық өлімнің ерте белгілері10-15 минут:
1. Көз қабықшасының бұлдырауы және қасаң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz