Қалқаман Сарин шығармаларындағы ұлттық рухтың көрінісін нақтылы дәлелдер арқылы бағамдап беру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қалқаман Сариннің өмірі мен шығармашылық жолы . . . 7

  1. Ақынның өмірбаяны . . . 7
  2. Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырнамасы . . . 9

2 Ақын поэзиясының өзіндік қолтаңбасы . . . 16

2. 1 Қалқаман Сарин - нәзік жанды лирик . . . 16

2. 2 Қалқаман Сарин поэзиясының стильдік ерекшелігі . . . 19

3 Ұлттық рух және оның әдебиеттегі көрінісі . . . 22

3. 1 Ұлттық рух ұғымының мәні . . . 22

3. 2 Ұлттық рух және дәстүр . . . 30

4 Қалқаман Сарин поэзиясындағы ұлттық рухтың көрінісі . . . 36

4. 1 Қазақ әдебиеті тарихындағы ұлттық рух мәселесі . . . 36

4. 2 Туған жерге деген махаббаттан туындаған ұлттых рух . . . 38

Қорытынды . . . 46

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 48

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық рух - бүгінгі күні үлкен маңыздылыққа ие, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе. Себебі, қазақ поэзиясы - қазақ әдебиетінің, қазақ мәдениетінің, қала берді қазақ тарихы мен ұлттық танымының бір бөлшегі. Біздің ата-бабаларымыз тарихын тасқа қашап, дуалы сөз өнерінің ішіне өзінің рухын, өз рухын, өзінің тарихы мен дүниетанымын сыйдырып келген. Ол ғасырлар бойы бабаларымыздың көкейінде сақталып, сан ұрпақ атадан балаға мирас етіп, ана сүтімен сіңіп, ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді.

Ұлттық рух қана халықты, ұлтты ертеңге сүйреп, тәуелсіздікке ұмтылдырып, туған тілді тәрбиелеуге шақырады. Бабаларымыз аақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап келген жерімізді сақтап, тәуелсіздігімізідң тұғырын қадірлеп, бүтіндігімізді, бірлігімізді ұлықтауға жетелейді. Қазақтың рухы - қазақтың тарихында жатыр, қазақтың рухы қазақтың көлөнерінде, ұлттық спортында, ұлттық мәдениетінде және тілінде жатыр. Ең бастысы - ұлттық рух қазақтың әдебитетінде жатыр.

Халықтың әдебиеті, ұрпақтардың жадында жатталып келген Томирис, Ширақ батыр туралы аңыздардың негізінде, Алып Ер Тұңғаны жоқтаудан біз қазақ жеріндегі көне ғұндардың рухын көреміз. Ол ұлы ғұндардың әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Римнің қақпасын қаққан, Еділ патша бастаған ержүрек рухты ел екенін танимыз. Ол ғұндардың біздің ата-бабамыз екендігін біліп, к ейдемізге мақтаныш сезімі орнайды.

Сонау көне түркілер Еуразияның қақ төрінде тұлпарының дүбірінің ізін қалдырған ілкі замандарда да әдебиет жасаған. Ол әдебиет халыққа қызмет етекен, ол әдебиетбабалар атын бізге жеткен, сол әдебиеттен тарыхтың ізін көреміз.

Сол әдебиеттен түркі халқы үшін түн ұйықтамай, күндіз күлкі көрмеген Тоныкөк, Бірге қаған, түркі халқы үшін отыз жеті рет ұрысқа а ттанған Күлтегінтердің рухын танимыз.

Әдебиет арқылы бабаларымыз батыс пен шығыстың білімін меңгерген кемеңгер болғанын, жер ғаламның тілін білгенін ұқтық. Оған дәлел - Әл-Фарабидың трактаттары мен Жүсіп Баласағұнның дастаны, Махмұт Қашқаридың сөздігі.

Біз осы әдебиет арқылы халқымыздың сезімді ұлықтап, махаббатты қадірлеген нәзік сезімді халық екенін білдік, адамдық, адамгершілікті бәрінен жоғары қойып, сезім үшін жанын беруге дайын жанкештігін, адалдығын, тұрақтылығын таныдық. Алтын Орда кезеңіндегі ғашықтық дастандар мұның дәлелі бола алады.

Қазақ әдебиеті қазақтың қазақ болып, ел болып, керегесінің кең, шаңырағының биікте болуына, басқа халықтармен тең тұрып мемлекет болуы жолында үлкен маңызға ие болған құбылыс.

Асан мен Қазтуған, Доспамбет пен Бұқарлар, Шалкиіз бен Жиембеттер, Ахтамберді мен Тәтіқаралар бірде ханның қасында болып, кеңесші, ақылшы болып; енді бірде тұлпар мініп, ту ұстап батыр болып; енді бірде хан мен халықты, қазақ пен басқа халықты бітістіруші болып Қазақ хандығының басқа халықтармен терезесі тең, біртұта смемлекет болуына өз еңбектерін сіңіргендігіне ешкімнің дауы жоқ.

Қазақтың әдебиеті халқымыз басқа халықтың бодандығына кеткенде «зар заман» болып жылаған Дулат пен Шортанбайлардың үнінде жатыр. Қазақтың әдебиеті қараңғылықтан жарық сәуле ретінде білім ғана алып шығарын түйсінген Ыбырайдың тілінде жатыр, қазақ әдебиеті «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп аһ ұрған Абайдың өлеңінде жатыр. Осының бәрі ұлттық рухты алыстан емес, әдебиеттен іздеу керек екендігіне тікелей дәлел бола алады.

Халқымыз тілінен, дініне, тіпті ұлттық дүниетанымы мен ділінен айрылған Қызыл империя кезінде де халыққы азаттыққа шақырып, «Оян, қазақ» деп ұран тастаған осы әдебиет өкілдері - Ахмет пен Міржақып, Сұлтанмахмұт пен Мағжандар.

Ел іргесін жинап, етегін жауып, өркениеттері көші болып жатқанда сол көшке біздің халықтың енгенін қалап, қазақтың мәдениетін әлемге танытқан М. Әуезов бастаған қаламгерлер легі де қазақ мәдениетінің алға жылжуына сеп болды.

Бұғаудан босадық, болашаққа көз тіктік, жаһанның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосылуыды көздедік. Осы тұста да халықтың рухын көтерер басты құрал ұлттық рух болмақ, әдебиеттегі ұлттық рух болмақ. Оны оятатын қазіргі қазақ әдебиетінің қаһармандары. Ол - Жанат Әскербек, Дидар Амантай, Ақберен Елгезен, Қалқаман Сарин . . . Бұл тізімді әлі де жалғастыра беруге болады. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай.

Осы тұста, біздің диплом жұмысының тақырып өзектілігі күмән турымауы керек. Себебі, әдебиеттер көшін болашаққа өз иықтарына көтеріп алып бара жатқан қаламгерлердің қатарындағы Қалқаман Сарин поэзиясының өз бағасын алып, ондағы ұлттық рузтың халықтың игілігіне қызмет етіп жатқанын зерттеу - бүгінгі күн үшін де, болашақ үшін де кезек күттірмес мәселе.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Ия, ақын поэзиясы зерттеушілер нысанына ілінбеді десек, артық айтқандық болар. Қалқаман ақынның өлеңдері, бүкіл шығармашылығы туралы мақалалар жазылып, еңбектер жарияланып жатыр. Дегенмен, ақын поэзиясындағы ұлттық рухтың орнын анықтау - дипломдық жұмыстың басты жаңашылдығы болып табылмақ. Біз зерттеуімізде Қалқаман Сарин шығармалары туралы ғалымдар пікіріне сүйене отырып, оның туындылардындағы ұлттық рух мәселесінсүзіп қарауға тырыстық. Бұған дейін осы тақырыпта айтылған зерттеушілер толғамдарын жүйеледік.

Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысының нешгізгі мақсаты - Қалқаман Сарин шығармаларындағы ұлттық рухтың көрінісін нақтылы дәлелдер арқылы бағамдап беру.

Жұмыстың міндеттері. Осы мақсаттан барып келесі міндеттер туындайды:

  • Қалқаман Сариннің өмір жолына, шыққан ортасына, өткен жолдарына шолу жасау;
  • ақынның шығармашылық ғұмырнамасына тоқталу;
  • ақын поэзиясы туралы бұрын - соңды айтылып келген пікірлерді жүйелеп, зерттеушілердің мақалалық, монографиялық деңгейдегі еңбектеріне талдау жасау;
  • ақын өлеңдеріндегі сыршыл реализмді айқындау;
  • Қалқаман Сарин өлеңдеріндегі сезім мен ойдың арақатынасын анықтау;
  • Қаламгер Қалқаман Сарин өлеңдерінің қазіргі қазақ поэзиясындағы орнын саралау;
  • ұлттық рух ұғымын философиялық, ұлттық дүниетанымы тұрғысынан бағамдау;
  • қазақ әдебиетіндегі ұлттық рухтың орнын айқындау;
  • Қалқаман Сарин өлеңдеріндегі ұлттық рухқа талдау жасау.

Зерттеу әдістері. Диплом жұмысында талдау, салыстырмалы-типологиялық, тарихи, салыстырмалы- тарихы. ретроспективалық әдістер қолданылады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысында жасалған негізгі нәтижелерді, тұжырымдар мен қорытындыларды қазақ тарихы, қазіргі қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ рухани ой-пікірлерінің тарихы, қазақ дүниетанымы, қазіргі қазақ дүниетанымы, ұлттық рух, ұлттық дүниетанымғ қазақ философиясы, қазақ мәдениеттануы, қазіргі қазақ поэзиясы жөніндегі еңбектерде, сонымен қатар орта, жоғары оқу орындарында, филология мамандығының оқытушылары мен студенттеріне, магистранттарына білім алушыларына көмекші құрал ретінде де пайдалануға болады.

Сонымен қатар, қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы, ұлттық дүниетаным, ұлттық рух, қазақ діни ой-пікірлерінің тарихы, қазақ әдебиеті, қазақтың философиясы мен мәдениеттануы, қазіргі қазақ әдебиеті, қазіргі қазақ поэзиясы саласы бойынша зерттеу еңбектерге дерек көзі де бола алады. Диплом жұмысының нәтижелері бойынша арнайы семинарлар өткізуге болады.

Диплом жұмысының болжамы. Егер Қалқаман Сариннің шығармашылығына әдеби-теориялық зерттеу жасаса, оның поэзиясындағы ұлттық рухс арынын тани аламыз.

Диплом жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысы негізінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жас ғалымдар форумында баяндама жасалып, жинаққа мақал еніп, жұмыст Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Педагогика және психология» кафедрасында алдын ала-қорғаудан өтті.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы зерттеу мақсатына сай кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 Қалқаман Сариннің өмірі мен шығармашылық жолы

1. 1 Ақынның өмірбаяны

Қазақта кие деген ұғым бар. Елдің киесі, жердің киесі, құстың киесі, жануардың киесі деп жатады. Қазақтың да киелі жерлері көп. Ұлыларды ұлы жерлер туғызады. Айталық, қасиетті Көкше өнері сал-серілеріміздің қанатына шабыт беріп, домбырасына ән дудырса, Баянауыл өлкесі Сұлтанмазмұт пен Мәшһүр Жүсіптей ұлыларды өмірге әкелді.

Сол сияқты Семей өңірі де ақындық пен даналық дарыған өлкен. Он алты ақын тудырған Аягөз өңірін атйпағанда Шыңғыстау өлкесі қазаққа қаншама дара ұлдар сыйлады.

Солардың бірі - ақын, Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Шабыт» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тағайындаған «Туған тілім - тұғырым» мұшайрасының жүлдегері, «Алтын қалам» сыйлығының жүлдегері, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Қоры сыйлығының иегері, «Арманымның алтын бейнесі (2011 жыл, «Нұр Астана» баспасы, Астана), «Жібек сезім - Жүрек сөзім» (2011 жыл, «Ел» орталығы, Алматы), «Құс жолындағы керуен» (2014ж., «Профи Медиа» баспасы, Астана) атты жыр жинақтарының авторы Қалқаман Сарин.

Қалқаман Сарин - Абаймен Мұхтарды дүниеге алып келген киелі өлкенің тумасы. Қалқаман Сарин - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын. Қалқаман Айығазыұлы Сарин 1978 жылдың екінші қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Ахат ауылында дүниеге келген. Қалқаман Сарин қарапайым қазақ шаңырағында, көп балалы отбасында тәрбиеленып өскен.

Туған жердің тұмса табиғаты мен бабалар рухынан рухтанған ақын бала кезінен өлең жазумен айналсып, поэзияға үйір болып өседі. Ол мектепте оқыған кезде айтыстарға қатысып та танылып жүрген. Ақын бала кезінен домбыра шертіп, ән айтып, өнерге әуес болған. Ақын бір сұхбатында туған ауылындағы алтын шаңырақ - мектебіндегі ұстаздарына разы болып, өнерінің ұшталуына себеп болып, дем бергендерін, ақындық талантына қолдау көрсеткендерін атап айтады[1, 1б. ] .

Ақын бала кезінде руханият мен мәдениеттіңң орталығы болған Алматы қаласына оқуға түсуді армандаған. Дегенмен, бала ақын әкесінің өсиетімен, бір жағынан ағасы болғандықтан Астана қаласына барып, бұрынғы Ақмола пединститутына, қазіргі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түседі.

Ол Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқып, оны 1998 жылы тәмамдаған.

Алғашқы өлеңдері де сол студенттік кездерде, дәлірек айтқанда, 1995 жылыбұрынғы «Ақмола ақиқаты», қазіргі «Астана ақшасы» газетінде жарық көрген. Бұл өлеңнің жариялануына сол кездегі газеттің бас редакторы болған Кенже Дұмағұлов әсер етеді. Ақын бұл оқиға қаламының ұшталуына септігін тигізгенін айтып өтеді.

Ол студент кезде досы Айбек Қалиевпен бірге бірқатар айтыстарға да қатысқан. Жоғарыда айтыспен ақын мектепте де айналысып, мектеп қабырғасында домбыра алып айтысқанын айтқанбыз.

Ол өзінің еңбек жолын ҚазҰМА-да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің оқытушысы болып, бастап, 1998-2008 жылдары он жыл оқытушылық қызметте болады.

Ол - тарих ғылымдарының магистрі, бұл академиялық дәрежені ақын 2014 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Магистратураны тәмамдаған соң алды.

2014-2015 жылдары Қалқаман Сарин Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі қызметін атқарады.

Ал 2013-2015 жылдары «Астана» телеарнасында «Кеш емес» ток -шоуын жүргізген. Бұл бағдарлама саяси-әлеуметтік тақырыпта.

Ол 2008 жылдан бастап Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып, аға оқытушы болған.

Ақын 1998- 2008 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушы болған.

2018 жылы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жанынан құрылған «Атамекен» пікірталас клубында жетекшілік еткен.

2012 жылы ақын қалқаман Сарин қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.

Ал 2019 жылы жаңа қызметке, Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ақынның жетістіктері.

2015ж. Елбасы қоры сыйлығының лауреаты.

2012ж. «Дарын» мемлекеттік астар сыйлығының лауреаты.

2010ж. «Алтын қалам» атты әдеби сыйлығының иегері.

2010ж. «Туған тілім-тұғырым» атты Халықаралық мүшәйраның жүлдегері.

2009ж. Республикалық мүшәйраның жеңімпазы.

2008ж. »Шабыт» жастар сыйлығының лауреаты.

Басқа да халықаралық, республикалық жыр-мүшәйралардың жүлдегері атанған.

Жарық көрген кітаптары.

2011 ж. «Арманымның алтын бейнесі».

2011ж. «Жібек сезім - жүрек сөзім».

2014ж. «Құс жолындағы керуен».

1. 2 Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырнамасы

ХХІ ғасыр - поэзияның классикалық бағытпен қатар модернизммен айтасқан, постмодернизстік ағыммен қатар келе жатқан, мына ғаламтор мен ақпараттық өркениет қатар келе жатқанда, солардың көлеңкесінде қалып қояр қаупі бар кезеңі.

Осы кезеңде қалам алып, өлең жазып жүрген ақындарды батыр дерсіз. Солардың бірі - біз поэзиясын зерттеу нысанына алып отырған Қалқаман Сарин.

Қалқаман Сарин - тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиетінің белді өкілі. Оның сөзіне әндер жазылып та, ол ел арасына таралып та жүр. Қазіргі қазақ ән өнерінің мазмұнын дамытуға да Қалқаман Сариннің өзіндік сіңірген еңбегі бар. Себебі, әншейін ырғаққа құрылған әуен мен құрған сөзден құралған ән халықтың поэзияға деген талғамын түсіріп жібереді.

Ақын шығармашылығын тек қана бірқырынан қараған дұрыс емес. Қалқаман ақынның поэзиясы сан қырынан танылады.

Кез келген өнер адамының өсу, жетілу, шарыққтау шегіне жеткен тұсы бар. Қалқаман ақын да ос ызаңдылықпен жетіліп, өсіп, шақытап келеді.

Ақын өлең дейтін, поэзия дейтін киелі өлкеге, киелі өнерге енген поэзия тұлпары әлі шабысын күннен-күнге арындатып келеді.

Алқаман Сарин өлеңдерінің тырнақалдысы «Арманымның бейнесі» жинағында басылып шыққан. Ол жинақта адам мен дін, ар мен ұят, адамгершілік қасиеттер, адамдық қасиеттер, туған жер мен ел тақырыбы қозғалған.

Осылардың ішінде ерекше көңіл бөлуге тұрар тақырып - табиғат. Айталық, «Күзгі көрін» өлеңіндегі күз көрінісін қағазға аударып көрелік: Жаз өтіп, оның орнын күз басты. Күздің салқын сазы көңілді жүдетеді. Барлық жапырақтар күздің құдыретіне бас иіп, жерге құлайды. Жасыл жаза үміт жоқ. Күздің суығы келді. Бақтың базары тарқап кеткен баяғыда. Аптыққан жел жас талдың алба-жұлбасын шығарды. Жапырақтың жылаған күйі көңілге көшіп алды.

Ақын өлеңдерінің бір парасы поэзияға, өлеңге арналған. Ол « Өнерпаз көп қой өлмейтін» деген өлеңінде өлеңге жоғары талап қоя білген. Ақындықтың талабы мен ақынның талғамына тоқталады. Кейбір замандастарын ақын емес, атақ қызықтыратынын айтады.

Өнерпаз көп қой өлмейтін,

Өресі биік өнерлі аз.

Танытып ақын өр кейпін

Өлмейін десең, өлең жаз[2] .

Ол «Өресі биік өнерлілерді» дәріптейді ақын.

Өлеңнің поэтикасы көркем, тынысы кең. Ол қалыптасқан, ақжем болған дайын шаблондардан аулақ. Поэзия деген сөз бен ойдың қосындысы, жай ғана бір ұйқас пен ырғақтың бірлігі емес. Поэзия - ақынның жаны, сыры, ақынның өмірі.

Ақын өлеңді текті өлең жіне тексіз өлең деп бөледі. Осы шумақта «тыпыршып, түнімен ұйқас іздеп» кеткен ақынның жанын да көреміз. Ақын баспаның бетінің бәрін жаулап кеткен ақындарды сынап, біреуге алғы сөз жазғызып алып, шетінен кітап жазып, көр жерді өлең қылып кеткен ақынсымақтарды сынайды да ақын деген ардақты атты қадірлеуге үгіттейді. Ақын өлеңге ұмтылушыларды әдебиет жолына, өнерге адал оқырманның алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырады.

Оқырманның да естісі бар, ессізі бар. Оқырманның да талғамы әр түрлі. Дегенмен, оқырман талабына, таяз талғамды кейбір тыңдаушыға лайықтап өлеңнің қабірін кетіріп алмақ дұрыс емес.

Өнерді, поэзияны осылай оқырманның саудасына салып жіберген дұрыс емес.

Ақын барған келесі тақырып - көре алмаушылық, өсек, күншілдікті сынау:

Сыр айтар кезде дос таппай

Жылауға, көзге жас таппай

Бір өлең жаздым осылай

. . . бос жатпай - дейді[2] . .

Бұл жолдардан Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңімен ортақ сарын көреміз.

Қай заманда да ақындар ақындыққа биік талап қойған, ол ізденіс үшін, ақын жаны үшін, шабыт үшін керек те шығар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жас ақындар поэзиясы
Абай шығармашылығы туралы
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Концепт туралы түсінік
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИЕТТІ БІЛІМДЕНУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫМЕН ОҚЫТУ
Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz