Экскурсиядағы дайындық технологиясы


ЖОСПАР
Кіріспе
Экскурсия (латын тілінде excursion - жол жүру) - экскурсияны жүргізушінің жетекшілігімен оқу немесе мәдени-ағартушылық мақсаттармен көрнекі орындарда, мұражайларда және т. с. с. жерлерде. Ұжымдық немесе жеке түрде қарап шығу. Экскурсияның осындай анықтамасы 1993 жылы шыққан «Энциклопедия туриста» кітабында берілген. Экскурсияның мәні туралы «Орыс тілінің сөздігі» кітабында терең көрсетілген.
Экскурсия - бұл оқыту және таныстыру мақсатымен белгілі жоспар бойынша айтылатын, қандай да бір заттарды (өнер шығармалары, өткен күндердің ескерткіштері, қандай да болса құрылыстар, механизмдер және т. б. ) ұйымдастырылған түсініктемелермен жүргізілетін көрме.
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар бойынша әрбір экскурсияның спецификасы көрме мен әңгіменің бірлестігіне сүйенеді.
Әрбір экскурсияға белгілі анықталған белгілер тән. Емельянов Б. В. (1976 ж) 5 керекті белгілерді бөліп көрсетті:
- Уақыт бойынша ұзақтығы, көбінесе 1 академиялық сағаттан 1 күнге дейін.
- Мамандырылған экскурсия жүргізушінің болуы.
- Экскурсиялық нысандарды қарау, көру, әсер алудың алғы шарттары.
- Нысандармен қозғалу және тоқтау кезінде таныстыру, әсіресе автобустан шығу кезінде.
- Осы көрменің негізі болып табылатын, яғни оның тұрақталатын нақты анықталған тақырыбы.
Экскурсияға тән белгілерге оның мақсаты мен міндеттерінің болуын, (яғни олар экскурсиялық нысандардың таңдауын экскурсия жүргізушінің портфелі деп атайды. )
Барлық экскурсияның басты белгісі оның жүргізу кезіндегі экскурсиялық әдісті нақты пайдалануы болып табылады. Яғни көру мен әңгіменің бірлестігі
Курстық жұмыстың мақсаты - экскурсияға дайындық технологиясын зерттеу. Осы мақсатқа сүйене отырып, курстық жұмысты жазу барысында мынадай міндеттерді алға қойдым: экскурсияның мақсаты, міндеттері, белгілеріне тоқталу, экскурсия функцияларын анықтау, экскурсияны педагогикалық үрдіс ретінде қарастыру, экскурсиядаға көрсету тәсілдерін анықтау, экскурсияның өткізу техникасын жетілдіру жолдарын қарастырдым.
1 ЭКСКУРСИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Экскурсияның мақсаты, міндеттері, белгілері
Экскурсияның жіктемесі олардың топтары мен түрлеріне және сол немесе басқа экскурсияның жүргізу сипатын анықтайтын олардың әрбірінде негізгі белгілерінің бөлінетіндігін өзі көрсетеді.
ХХ ғ-ң 70-ші жылдары Кәсіби Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесінің туризм және экскурсия бойынша орталық кеңесі қазіргі уақытта да қолданылатын өзгертілмеген экскурсияның жіктемесі қабылданды:
- мазмұны бойынша,
- қатысушының құрамы бойынша,
- өткізу орны бойынша,
- қозғалу тәсілі бойынша,
- өткізу формасы бойынша.
Мызмуны бойынша экскурсиялар бөлінеді: шолуық және тақырыптық. Оның ішінде тақырыптық келесі топтарға бөлінеді:
- Тарихи;
- Тарихи-төнкерістік;
- Әскери-тарихи;
- Өндірістік;
- Табиғатт танушылық;
- Өнер танушылық;
- Әдеби;
- Архитектуралық-қала құрылысшылық.
Қазіргі уақытта экскурсиялық тәжірибеде тарихи төңкерістік экскурсиялар толық жойылуда, тарихи төңкерістік тақырыбына сәйкес тақырыпшалар бірқатар шолулық экскурсияларда сақталынды. Тақырыптық экскурсияның жіктемесіне бүгінгі күнде діни тақырыбына байланысты экскурсияларды енгізу керек.
Әрбір аталған тақырыптық топтар өзінің ішінде мазмұны бойынша белгілі топшаларға бөлінеді:
- Тарихи экскурсиялар(тарихи өлкетанушылық, археологиялық, этнографиялық)
- Әскери-тарихи. ХХ ғ-ң әскери инженерлік құрылыстарды, бекіністерді, мұнараларды, көпірлерді және т. б. көрсетумен әскери оқиғалар болған естелік орындарындағы; халық кейіпкерлерінің ерлігімен байланысты орындарындағы әскери-тарихи және мемориалды мұражайлардағы экскурсиялар.
- Өндірістік экскурсиялар. Өндірістік-тарихи, өндірістік экономикалық, өндірістік-техникалық, профарентациялық, табиғаттанушылық: географиялық, шолулық, ботаникалық, геологиялық, топырақтанушылық, табиғаттыңтаңғажайып ескерткіштері мен зоологиялық экскурсиялар, табиғат қорғаушылық немесе экологияға байланысты экскурсиялар, экскурсиялық мұражайлар бөлімдерінде.
- Өнертанушылық. Театрельды композиторлар мен музыканттардың творчествосы туралы әңгімесі мен тарихи-музыканың, монументалды мүсіндерінің шығармалардың көруімен экскурсиялар, сурет галереясындағы, мұражайдағы мүсіншілер мен суретшілердің шеберханасындағы, халық бұйымдары бойынша көрмелерінде, әртіс пен суретшілердің өміріменәрекетіне байланысты орындарындағы экскурсиялар.
- Әдеби. Жазушы немесе драматургтың өмірі мен творчествосы туралы естелікті сақтайтын орындар бойынша әдеби-биографиялық, мысалы: «Баянауыл» - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың отаны; қазақ әдебиетінің белгілі кезеңдерін алатын тарихи, тарихи-әдеби. Мысалы: ХХ ғ-ң 20 ж. ж. «Әдеби Алматы» жазушылардың шығармасында суреттелген орындар бойынша экскурсиялар, мысалы: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша мемориалды мұражайларында.
- Архитектуралық-қала құрылысшылық экскурсиялар. Белгілі кезең бойынша архитектуралық ескерткіштерді көрсетумен байланысты экскурсиялар; бір архитектордың творчествосы туралы берілетін экскурсиялар; қаланың планировкасымен және құрылуымен таныстыратын экскурсиялар.
Діни тақырыбына байланысты экскурсиялар қазіргі уақытта жалпы қабылданған мазмұны бойынша жіктемесі жоқ. Туристік ұйымдар және епархиялардың қажылық қызметтерімен храм және монастірлер, мешіттер бойынша экскурсияларды жүргізеді.
Экскурсиялар қатысушылардың құрамы бойынша келесі топтарға бөлінеді:
- Ересек азаматтар (әр алуан ұйымдардың студенттер топтарының жинақтары, кәсіби топтар және т. б. ) ;
- Әр түрлі жастағы балалар (мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, орта және жоғарғы сыныптағы оқушылар) ;
- Жергілікті тұрғындар;
- Қаладан тыс тұрғындар;
- Шетелдіктер.
Экскурсияны өткізу бойынша 5 топқа бөлеміз:
- қалалық
- қаладан тыс
- Өндірістік
- Мұражайлық
- Табынушылық құрылыстар және
- монастірлер мен мешіттер.
Қалалық экскурсиялар шолулық және тақырыптық болуы мүмкін және тек бүкіл қаланы көрсетумен ғана шектелмейді, оның жеке бөліктерін де көрсетеді. Мысалы, қаланың ескі орталығы.
Қаладан тыс экскурсиялар қаланың шетінде ұйымдастырылады және автобусты немесе жаяу болуы мүмкін. Автобусты экскурсиялардың 100 км-ден аспайды. Жаяу экскурсияларды көліктің бір түрімен(арнайы жалданған немесе рейсті автобус, қаладан тыс поезд, теплоход немесе тік ұшақ) . Экскурсиялық топты қандайда бір нақты орнынға апарып сол жерде ұйымдастырылады. Қаладан тыс экскурсиялар бірнеше түрге бөлінеді:
- Экскурсия қорытынды нүктеде жүргізіледі. Мысалы, орманда немесе тарихи-мәдени нысандарға бай ұсақ қалада.
- Экскурсияны жол барысында жүргізу, көрсету нысандары ретінде маршрут бойында жақсы көрінетін көрнеліктерді пайдаланады.
- Жол барысындағы экскурсияның, маршруттың соңғы нүкиесіндегі экскурсияның жиынтығын айтамыз. Соның ішінде экскурсияны қорытынды нүктеде топты қабылдайтын туристік ұйымның экскурсияның жүргізушісі немесе мражайдың қызметкері жүргізеді.
Мазмұны бойынша қаладан тыс экскурсиялар шолулық және тақырыптық болып бөлінеді. Шолулық экскурсия да бірнеше тақырыпшаларды ашады: өлкенің тарихы, экономикадағы жетістіктер( мәдениетте, ғылымда), табиғаттың ерекшеліктері және т. б.
Өндірістік экскурсияның өткізу орны: заводтар, фабрикалар, тұрғын, мәдени тұрмыстық нысандардың құрылыстары, ауыл шаруашылық кәсіпорындары, теміржол вокзалдары, аэропорттар, ғылыми-зерттеушілік институттар, ЖОО, планетарий, театр, цирк, филармония және басқа өндірістік, оқу, ғылыми, әлеуметтік-мәдени мәні бар нысандар болып табылады. Өндірістік экскурсияның маршруттары тек бүкіл кәсіпорындағы емес, сонымен оның жеке өндірістік учаскелерінде жүргізілуі мүмкін.
Мұражай экскурсиялары: экскурсанттар саны бойынша жоғарыда аталған топтардан күрт артығырақ болады. Олар мемлекеттік, ведомстволық мұражайларында, сурет галереяларында, көркем көрмелерде, шаруашылық жеке салаларының (машина жасау, ауыл шаруашылық және т. б. ) тарих пен жетістіктер көрмелерінде, мемориалды мұражайларда және т. с. с. жүргізіледі.
Діни құрылыстар мен монастырлерде діни тақырыпқа байланысты өзіндік экскурсиялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар архитектуралық-қала құрылысшылық, өнер танушылық және тарихи экскурсияларды пайдаланады.
Экскурсиялар қозғалу тәсілі бойынша жаяу, көліктік және комбинирленген болып бөлінеді. Әрбір аталған экскурсияның түрлері өзінің артықшылықтарына ие.
Жаяу экскурсияларда (маршруттағы топтың қозғалысының темпінің баяу кезінде) экскурсиялық нысандарды көруіне және экскурсия жүргізушінің әңгімесіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етеді. Жаяу қалалық экскурсияның ұзындығы 2-6 км.
Көліктік экскурсияның артықшылығы - қалалық немесе қаладан тыс үлкен территориялармен таныстыру, нысандардың(бір-бірінен алыс алыс орналасқан) экскурсияның көрінуіне мүмкіндігін береді. Ең тарлған түрі - автобустық. Олар 2 бөліктен тұрады: автобустың қозғалыс барысындағы көру және әңгіме; тоқтаулардағы автобустан шығу мен экскурсиялық нысандарға талдау жасау. Қазіргі уақытта экскурсиялық ұйымдар, экскурсиялардың өткізуіне көліктік құралдар ретінде, сонымен қатар өзен теплоходтарын, арнайы жабдықталған трамвайларды, тік ұшақтарды пайдаланады.
Комбинирленген экскурсиялар көліктік жаяу құралдарды, тәсілдерді пайдаланады.
1985 жылы Емельянов Б. В. экскурсияларды өткізу формасы бойынша келесі түрлерге бөледі:
- кәдімгі экскурсиялар;
- оқу;
- экскурсиялар-массовкалар;
- экскурсиялар-серуендер;
- экскурсиялар-концерттер.
Кәдімгі экскурсия дегеніміз - туристік экскурсиялық ұйымдармен жүргізілетін шолулық және тақырыптық экскурсияның барлық спектрі деп аталады.
Оқу экскурсиялары - жұмыстың жоспары бойынша экскурсия жүргізушінің кәсіби мамандылығын арттыру формасын өзіндік көрсетеді. Олар экскурсия жүргізушілерін дайындау және қайта дайындау бойынша, жаңа экскурсияларға экскурсия жүргізушілердің дйындау кезіндегі курстар немесе семинарлардың тыңдаушылары үшін жүргізіледі.
Оқу экскурсиясының қатысушылары алдын ала экскурсияның бақылау мәнімен оның маршрутымен, экскурсиялық нысандардың карточкаларымен т. б. танысады.
Оқу экскурсиясының басқа мәні де бар. Олар сонымен қатар оқу үрдісінің ұйымдастыру формасын әр түрлі дәрежелі оқу орындарындағы сабақтың түрі болып өзінді көрсетеді. Көбінесе ең белсенді олрды географтар, биологтар, геологтар, тарихшылар, архитекторлар өз тәжірибелерінде қолданылады.
Экскурсиялар-массовкалар - духовой оркестрдің қолдауымен плакаттар мен тулармен көңілді шеруімен тән.
Экскурсиялар-серуендер - көбінесе табиғаттағы демалыс пен табиғаттанушылық экскурсияларды көрсетеді. Өткізу орны - ботаникалық бақтар, теңіздің, көлдің, өзеннің жағалаулары.
1. 2 Экскурсия функциясы
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Экскурсияның белгілері:
- Уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. 1 сағат - 45 минут академиялық болады.
- Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттар саны 1-70 адамға дейін.
- Жоғарғы маманды экскурсоводтың болуы. Экскурсоводтар 4 категорияға бөлінеді: 1- категориялы экскурсоводтар 1 тақырып және 1-2 экскурсия жүргізеді. 2- категориялы экскурсоводтар 1-2 тақырып 7-8 экскурсия жүргізу керек. 3- категориялы экскурсоводтар 4 тақырып 60-70 экскурсия жүргізеді. 4- категориялы экскурсоводтар 10 тақырып және экскурсияларды жеке ұйымдастыру.
- Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.
- Экскурсанттардың алдын-ала құрастырылған маршрутпен жүргізу. Экскурсия шеңберлі болу керек.
- Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаттылығы.
- Экскурсиялық құжаттар:1) Экскурсияның маршрутының схемасы.
2) Экскурсияның мәліметтері.
3) Эксурсоводтың портфелі.
8. Экскурсанттардың белсенділігі.
Экскурсияның функциялары:
1. Танымдылық
2. діни
3. мәдени
4. рекреациялық
5. ақпараттық
6. белсенді түрі
Экскурсияның құрылымы:
1. Кіріспе. 3-15 минут созылу керек.
2. Негізгі бөлім. Экскурсияның басты ақпараттары айтылады.
3. Қорытынды. 3-5 минут.
Экскурсияның классификациясы.
1. Экскурсия құрылымы бойынша : обзорная экскурсия және тақырыптық экскурсия.
Тақырыптық экскурсия түрлері:
- тарихи экскурсия: а) археологиялық экскурсия
б) этнографиялық экскурсия
в) тарихи - биографиялық экскурсия
г) тарихи шайқастар болған жерлерде
- өнерге байланысты экскурсия: а) тарихи - театралдық
б) театрларда жұмыс істейтін әйгілі
адамдардың өмірбаяны
в) көрмелер, шеберханалар және галерея.
3) Әдебиеттік экскурсиялар : а) тарихи - әдебиеттік экскурсиялар
б) көркем әдебиеттік экскурсиялар
в) әдебиеттік-биографиялық экскурсиялар.
4) Архитектуралық экскурсиялар : а) атақты архитектураларға байланысты
экскурсия жүргізіледі
б) белгілі бір уақыттағы архитектуралық
құбылыстар туралы экскурсиялар
жүргізеді
в) қаланың негізгі жоспары бойынша
салынып жатқан ғимараттарға
экскурсия жүргізу.
2. Экскурсияға қатысатын адамдар саны бойынша:
1) топтық және индивидуалдық
2) шетелден келген қонақтарға және жергілікті тұрғындарға көрсетілетін экскурсиялар.
3) үлкен адамдарға және балаларға жүргізілетін экскурсиялар.
3. Экскурсия өткізілетін жер бойынша:
1) қала ішіндегі экскурсиялар
2) қала сыртындағы экскурсиялар немесе табиғи экскурсиялар
4. Экскурсияда жүру тәсілі бойынша:
1) жаяу туризм
2) көлікпен жүру
3) әртүрлі жануарлармен жүру.
5. Экскурсияны жүргізу формасы бойынша:
1) экскурсия масовка (көп адамдық)
2) серуендеу экскурсиясы
3) концерттік экскурсия
4) экскурсия спектакль
5) экскурсия сабақ
6) экскурсия жарнама.
Жаңа экскурсияны дайындау.
Жаңа экскурсияны дайындау үшін бірнеше мақсаттарды қарастыру керек:
- Бизнес план экскурсиондық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес планда экскурсияның жаңа тақырыптары, экскурсияға берілген уақыты және әртүрлі нұсқаулары қарастырылады. Бизнес планды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң туристік фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметшілеріне жаңа экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және жаңа экскурсияға жауапты адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адамдар анықталған соң, экскурсаводтар тақырып бойынша ақпараттарды жинайды. Жаңа экскурсияларда көрсетілетін объектілерді таңдайды және экскурсия маршрутын қарастырады.
- Жаңа экскурсияның мақсаттары мен міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиялық ұйымның негізгі мақсаты ол табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды, ақпаратты және табысты болу керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді атқару керек:экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және
архитектурасымен таныстыру керек.
- жаңа экскурсияның негізгі міндеттері экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын ашып жеткізу.
3 . Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдау .
Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптардан
тұрады: 1) потенциалдық сұраныс
2) нақты экскурсия
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Мысалы:бір экскурсиялық
объекті таныстырғанда, сол мәліметтерін тақырыпқа байланыстыру
керек. Экскурсияның аты тақырыпқа байланысты болу керек.
Экскурсия атының мақсаты экскурсанттарды қызықтыру.
4. Экскурсияға қажетті ақпараттарды таңдап алу. Экскурсияға қажетті ақпараттар 2 түрге бөлінеді: 1) негізгі
2) қосымша
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет- журналдардан, интернеттен және архивтерден алуға болады. Музей ғылыми зерттеуші және ағарту мекемесі. Музейде мәдениет және табиғи ескерткіштерді зерттеу және сақтау мақсатымен ұйымдастырылады.
5. Экскурсиялық объектілерді таңдау. Экскурсиондық объектілар келесі түрлерге бөлінеді: 1) тарихи
2) табиғи
3) археологиялық
4) архитектуралық
5) мәдени
6) құжаттық
Экскурсиондық объектілердің классификациясы:
- мазмұны бойынша. Мазмұны бойынша экскурсиондық
объектілер: а) бір жоспарлық
б) көп жоспарлық
2) функциялық қызметі бойынша . Экскурсиондық объектілер функциялық қызметі бойынша: а) негізгі
б) қосымша
Қалалық экскурсияларға экскурсиондық объектілердің саны 15- тен аспау керек.
- Сақталу дәрежесі бойынша. Экскурсиондық объектілер сақталу дәрежесі бойынша: а) толық сақталған
б) б. з. д. өзгерістерге
ұшыраған
в) жоғалтылған объектілер
6. Экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері :
1) объект атақты, даңқты және көрнекті болуы;
2) танымды болуы;
3) мәнерлі болуы;
4) сақталу дәрежесі бойынша;
5) объектің ерекше және экзотикалық болуы;
6) орналасу орны бойынша;
7) уақыты бойынша.
7. Маршрутты құрастыру . Экскурсиондық маршрутты құрастырудың 3
түрі бар: 1) хронологиялық
2) тақырыптық
3) хронологиялық - тақырыптық
Маршрутты құрастыруда бірнеше мәселелерді қарастыру керек:
- логикалық
- топологиялық
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету ( қалалық экскурсияларда экскурсанттар жолдан өтпеуі кажет)
- Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж анықталады. Хронометраж- экскурсиондық объектіге бөлінген уақытты есептейді. Хронометраж- бір объектіден екінші объектіге дейін болған уақытты есептеп, экскурсияның соңында толық уақытты есептеп шығарады.
Маршрут объектілердің орналастыру принциптері:
- маршрут қайталанбауы керек;
- туристік объектінің қасында туристерге арналған орандар болу керек;
- бір объектіден екінші объектіге дейін уақыт 10 минуттан аспау керек;
- қалалық экскурсияның маршруты шеңберлі болу керек;
- маршруттардың қосымша нұсқаулары болу керек;
- қала шетіндегі экскурсияда санитарлық остановкалар қарастырылуы керек;
- маршрут жол полиция қызметкерлерімен келісілген болу керек.
- Контрольді текст. Контрольді тексте экскурсия бойынша жиналған
барлық мәліметтер зерттеледі және жиналған мәліметтер әдеби тілмен
жазылады. Экскурсия тақырыпшаларға бөлінеді.
- ішінде суреттер, көшелердің схемалары, адамдардың суреттері, жануарлардың суреттері, ғимараттардың сызбалары және маңызды құжаттардың көшірмелері болады.
- Технологиялықкартаның бірінші парағында экскурсияны дайындаған адамның аты - жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсияның ұзақтығы, экскурсанттардың құрамы және экскурсия жүргізуші туралы толық мәліметтер қолданылады. Техналогиялық картаның екінші парағында экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында экскурсияны ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсияның алдында 15 минут бұрын келуі керек. Экскурсияның кіріспесіне 7 минут беріледі. Экскурсияны бастаған кезде экскурсовод өзінің аты - жөнін, турфирманың атын айтады, содан кейін жүргізушінің атын айтады және қауінсіздік ережелерін айтып таныстырады.
- Экскурсияның негізгі бөлімі7 бөлінеді:экскурсияның маршруты (көшелердің аттары, тур
объектілер, экскурсияның басталу және аяқталу уақыттары
қарастырылады) .
- экскурсияны жүргізген кезде арнайы тоқтаулар қарастырылады;
- экскурсия кезінде көрсетілетін объектілер негізгі және қосымша болып бөлінеді;
- экскурсияның ұзақтығы, толық уақытын есептеп шығару керек;
- тақырыпшалардың аттары;
- экскурсияны ұйымдастыру жолдары: экскурсантардың қауіпсіздігін камтамасыз ету, экскурсанттардың объектілер қасында орналасуы, экскурсанттардың жолдардан, өзендерден өту тәсілдерін қарастырады.
- әдістеме жолдары.
13 Технологиялық картаға және текстке лицензия алу . Туризм саласында
мамандар комиссиясы жаңа экскурсияны қарастырады және жазбаша
түрде қорытынды шығарады. Мамандар комиссиясы экскурсияның
контрольдік және индивидуалдық бөлімдерін тексереді. Сонымен бірге
технологиялық картада объектілердің дұрыс таңдап алуын тексереді
және жаңа экскурсияның дұрыс құрастыруын тексереді. Жаңа
экскурсияны мамандар комиссиясы тексеріп болған соң, байқау
экскурсиясы өткізіледі. Байқау экскурсиясын өткізу алдында алдын-ала
экскурсияның уақытын қай күнде өткізілетіні және қандай көлікпен
өткізілетінің анықтау керек. Байқау экскурсиясын өткізген соң, жаңа
экскурсияны өткізуге рұқсат алады. Жаңа экскурсияны талқылау
кезінде комиссия мүшелері экскурсия карточкасын толтырады. Бұл
карточкада келесі мәселелер қарастырылады:
- экскурсовод туралы толық мәліметтер;
- экскурсия өткізілетін күні және уақыты;
- экскурсия тақырыбы және аталуы;
- экскурсияның түрі;
- экскурсанттардың құрамы және саны;
- экскурсоводтың айту және көрсету жолдарының сапасы;
- экскурсоводтың тіл шеберлігі;
- экскурсияны жүргізу әдісі.
Комиссия шығаратын қорытынды бойынша кемшіліктерді дұрыстаған соң, жаңа экскурсия бекітіледі.
2 ЭКСКУРСИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2. 1Экскурсия педагогикалық үрдіс ретінде
Экскурсия білім беру, тәрбиелеу және жалпы даму (мәдени-техникалық ой-өрісін кеңейту) жиынтықты құрайтын педагогикалық үрдісті өзін-өзі көрсетеді. Мектепте ол қосымша рольді атқарады. Өйткені, оқыту әрекетінің басқа маңызды түрлеріне - сабақ пен дәріс - тәуелді болады. Институттағы, колледждегі, университетіндегі оқу үрдісі, оқу формасы болып табылатындығынан, оның мәні бойынша оқу үрдісінің басқа формаларынан ерекшеленбейді.
Бірақ, тек осындай оқу экскурсиялар ғана емес, басқа да өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарынның, мекемелердің, ұжымдарда, туристік базаларда, шипажайларында, т. б. жүргізілетін экскурсиялар қатысушыларына өзіннің міндеттері мен әсер ету бойынша өзін-өзінді педагогикалық үрдіс ретінде көрсетеді.
Қандай да болса педагогикалық үрдісінде де, экскурсияларда да екі жақтар қатысады: білім беретін - экскурсяи жүргізуші және білім алушылар - экскурсанттар. Экскурсия жүргізуші белгілі бір тақырыбы бойынша білімдерді айтып береді, экскурсанттар осы осы білімдерді елестетеді. Осы екі жақтың өзара әсерлесуінің белсенділігі педагогикалық үрдісті құрайды. Экскурсияның педагогикалық үрдіс ретінде эффективтілігі екі жақтың белсенділігіне - экскурсия жүргізушісі және экскурсанттар - тура тәуелді болады.
Экскурсияның педагогикалық үрдіс ретінде міндеті - балалардың (экскурсанттардың) максималды белсенділігіне және өзара әрекет жасауына жету, оларды экскурсияларда өз бетімен «жұмыс істеуіне» әкеп соқтыру. Экскурсия жүргізушіне қойылатын талабының бірі - оқушыларды нысандарды байқау барысында жиналған көргеннен алынған әсеріне талдау жасауына итеру екендігін ұғып, нысандарды осылай көрсету керек деп білуі қажет.
Экскурсияның педагогикалық үрдіс ретінде басқа міндеті - экскурсанттарды нысандарды өз әрекетімен қарауына арналған дағдыларын беру. Өзіннің көрнекілігімен, көрсетуінің әдістемелік амалдарымен, әңгіменің белсенді формаларымен экскурсия экскурсанттарды белсенді жұмыс істеуіне қалыптастыру керек. Осы міндетті шешу үшін, экскурсия жүргізуші басынан бастап, топқа (әсіресе, егер олар экскурсияға бірінші рет қатысатын болса) белгілі «экскурсиялық сауаттылықты», ең алдымен, нысанды қарау шеберлігін, беруіне тырысу қажет. Экскурсанттардың өз-өзінді ұстауын анықтайтын ұйымдастырушылық дағдыларын мен әлеуметтік эмоцияларды құру, зерттеген материал бойынша ұжымдық жұмыстың дағдыларын қалыптастыру керек.
Педагогикалық үрдісте бүкіл маршрут бойы болып жүргізілетін (топтың экскурсиялық автобусқа отырғызу моментінен, жаяу экскурсия кезіндегі бірінші қадамынан бастап) экскурсия жүргізушісінің ұйымдастырушылық жұмысы маңызды орынды алады.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастырғанда, экскурсияның екі ерекшелігін санау керек: таңдаған тақырыбын байқауына қол жетерлік материал бойынша зерттейді және бұл байқау нысандарды қарау көмегімен жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz