Жер асты паркингі бар 9 қабатты тұрғын үйді жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
  1. Сәулеттік - құрылыстық бөлімҚұрылыс ауданының сипаттамалары

Климат

Құрылыс ауданының климаттық ерекшеліктері ҚНжЕ 2. 04. 01-2001 «Құрылыс климатологиясы» бойынша берілген. ҚНжЕ 2. 04. 01-2001 бойынша құрылыс ауданы ІІІ климаттық аймақта орналасқан. Айлар бойынша сыртқы ауа температурасы 1. 1- кестеде келтірілген.

1. 1-кесте - Жыл айлары бойынша сыртқы ауаның температурасы

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл
I: -6. 5
II: -5. 1
III: 2. 0
IV: 10. 8
V: 16. 2
VI: 20. 7
VII: 23. 5
VIII: 22. 3
IX: 17. 0
X: 9. 5
XI: 0. 9
XII: -4. 5
Жыл: 8. 9

Ең суық тәуліктердегі орташа ауа температурасы -28 0 С.

Ең суық бескүндіктегі орташа ауа температурасы -25 0 С.

Абсолютті минималды ауа температурасы -38 0 С.

Абсолютті максималды ауа температурасы +42 0 С.

Құрылыс аймағындағы топырақтың қату тереңдігі 100см.

Құрылыс аймағындағы қар жамылғысының орташа массасы 0, 7 кг/м 2 .

Құрылыс аймағы мүмкін болатын сейсмикалық әсердің 9 баллдық аумағында орналасқан.

Айлық салыстсырмалы ауа ылғалдылығының орташа мәні:

ең суық айдағы ауа ылғалдылығы 75%

ең жылы айдағы ауа ылғалдылығы 45%.

Жауын-шашын мөлшері:

қараша-наурыз айлары - 213мм

сәуір-қазан айлары - 403мм.

Жыл бойынша жел қайталануының ең жиі бағыты - ОШ.

Құрылыс аймағындағы желдің әсер ету қуаты 0, 38 кг/м 2 .

Қаңтар айы бойынша орташа жел жылдамдығының максималды мәні - 1. 3 м/с.

Шілде айы бойынша орташа жел жылдамдығының максималды мәні - 1м/с.

Құрылыс аймағының инженерлік - геологиялық жағдайы.

Сейсмикалық ерекшеліктері бойынша құрылыс аймағындағы топырақ ІІ категорияға жатады.

Ғимарат іргетасының негізі ретінде келесі физико-механикалық қасиеттері бар шөкпейтін сазбалшық топырақ пайдаланылған:

  • Деформация модулі Е = 11МПа
  • Есептік үлестік ілінісу С = 12КПа
  • Топырақтың есептік тығыздығы - 1, 87 т/м3
  • Кеуектілік коэффициенті - 0, 65
  • Ішкі ысылу бұрышы - 23.

Құрылыс аймағындағы топырақтың нормативті қату тереңдігі - 119см.

Жер асты сулары жер деңгейінен 7, 5м тереңдікте анықталған.

Сейсмика

ҚР ҚНжЕ 2. 03-04-2001 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» бойынша Тараз қаласы, яғни құрылыс аймағы кешенді сейсмикалық аудандастыру картасында II-А-1шекарасында, мүмкін болатын сейсмикалық әсердің 9 баллдық аумағында орналасқан. ҚНжЕ 2. 03-04-2001 2. 1. кестенің негізінде cейсмикалық ерекшеліктері бойынша құрылыс аймағындағы топырақ ІІ категорияға жатады. Құрылыс аймағындағы топырақтың нормативті қату тереңдігі - 119см.

Инженерлік-сейсмикалық II-А-1 аудандарында құрылыс жүргізу шаралары ҚНжЕ 2. 03-04-2001 ережелерінде регламенттелген.

1. 2. Бас жоспардың шешімдері

Жер асты паркингі бар 9 қабатты тұрғын үй Тараз қаласында орналасқан. Құрылыс аймағы ҚНжЕ 2. 03-04-2001 бойынша 9 баллдық сейсмикалық әсер аумағы болып табылады. Бас жоспардың шешімдері ҚНжЕ 2. 07. 01-89 «Қала салу. Қалалық және ауылдық ғимараттарды жобалау және салу» және ГОСТ 21. 508-93 «Азаматтық және тұрғын-үй объектілерінің бас жоспарларының жұмысшы құжаттарын дайындау ережелері» талаптарына сәйкес орындалған. Техниканың соңғы жетістіктерне сәйкес жабдықталған паркингке және әкімшілік комплекске Гагарин даңғылынан кіру ыңғайлы. Көгалдандырылған және жаңарту жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Қосымша көгалдандыру мен территорияны жақсартылады. Қауіпсіздік мақсатында құрылыс объектісінің территориясы металл қақпамен қоршалған, территорияға кіру металл қақпадан жүзеге асады. Ғимарат территориясы қызыл түсті тротуар плиткасымен қапталған. Әкімшілік комплекстің территориясындағы ауаның үнемі табиғи жолмен алмасуы қарастырылған. Жолдар тікелей комплекске және қосымша ғимараттарға өткізілген. Бас жоспардың техника - экономикалық көрсеткіштері 1. 2-кестеде көрсетілген.

1. 2-кесте - Техника - экономикалық көрсеткіштері

№ж/б:

ж/б

Атаулары: Атаулары
Өлш. бірл.: Өлш. бірл.
Көрсеткіштері: Көрсеткіштері
№ж/б: Құрылыс алаңы б/ша
Атаулары: Құрылыс алаңынан тыс
Өлш. бірл.: Барлығы
№ж/б: 1
Атаулары: Алаңның ауданы
Өлш. бірл.: га
Көрсеткіштері: 0, 4356
0, 1688
0, 6044
№ж/б: 2
Атаулары: Құрылыс ауданы
Өлш. бірл.: га
Көрсеткіштері: 0, 1944
0, 1944
№ж/б: 3
Атаулары: Алаңның қапталу ауданы
Өлш. бірл.: га
Көрсеткіштері: 0, 1952
0, 0588
0, 254
№ж/б: 4
Атаулары: Көгалдандыру ауданы
Өлш. бірл.: га
Көрсеткіштері: 0, 046
0, 11
0, 156
№ж/б: 5
Атаулары: Құрылыс пайызы
Өлш. бірл.: %
Көрсеткіштері: 32, 16
№ж/б: 6
Атаулары: Алаңның қапталу пайызы
Өлш. бірл.: %
Көрсеткіштері: 42, 04
№ж/б: 7
Атаулары: Көгалдандыру пайызы
Өлш. бірл.: %
Көрсеткіштері: 25, 8

1. 3 Көлемдік - жоспарлық шешімдері

Тұрғын үйдің ғимараты - 9 қабат + 1 паркинг деңгейі, 1 блоктан тұрады, жоспардағы өлшемдері блок I 18, 3×50, 4м.

Қабат биіктігі 2, 700 м деп қабылданған. Негізінен тұрғын үй орташа табыс табатын көпшілікке арналғандықтан, тұрғын үйде 1 бөлмелі, қос 2 бөлмелі және 3 бөлмелі пәтерлер желісі бойынша жобаланған. Бұл дипломдық жобада ішкі және сыртқы есіктер МЕСТ - ке сай алынған. Бір еденді және екі еденді есіктер қолданылған. Өлшемдері: 2, 1 м биіктігі және 1, 6; 0, 9 м ені. Өрт кезінде ғимараттан адамдарды эвакуациялау шарттарына сәйкес лезде эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында есіктер көшеге қаратылған және сыртқа қарай ашылады. Сыртқы металопластикті есіктер үшін баспалдақ торларында және ішкі бөлме аралық есіктерді табалдырықсыз етіп жасайды. Есік полотноларын ашық есіктерді шешу үшін, жөндеу жұмыстары кезіне оғай ауыстыру үшін іліп жасайды. Есіктерді ашық күйінен сақтайтын немесе тарс етіп жабылуынан сақтау үшін арнайы сертпелер орнатылады. Осының нәтижесінде есік жеңіл жабылады. Есіктер тұтқа, ілмек құлыптарымен қамтылған. Шаштараз, саяхаттау бюросы дүкенге кіретін, яғни сыртқы есік екі қабатты штампталған аллюминийден жасайды. Есіктердің қораптары қабырғаға анкерленген штамты алюминийленген профильден жасалады.

1. 3-кесте - Ғимарат бөлмелерінің экспликациясы

Бөлмелердің атаулары
Ауданы, м 2
№:
Бөлмелердің атаулары: І. Паркинг бойынша:
Ауданы, м2:
№: 1
Бөлмелердің атаулары: Паркинг залы
Ауданы, м2: 803. 9
№: 2
Бөлмелердің атаулары: Күзет бөлмесі
Ауданы, м2: 22. 3
№: 3
Бөлмелердің атаулары: Бақылау бөлмесі 1
Ауданы, м2: 8. 3
№: 4
Бөлмелердің атаулары: Дәретхана 1
Ауданы, м2: 3. 4
№: 5
Бөлмелердің атаулары: Техникалық бөлме
Ауданы, м2: 14. 4
№: 6
Бөлмелердің атаулары: Бақылау бөлмесі 2
Ауданы, м2: 11. 8
№:
Бөлмелердің атаулары: ІІ. Тұрғын үй бойынша:
Ауданы, м2:
№: 7
Бөлмелердің атаулары: Кіре беріс фойе
Ауданы, м2: 37. 1
№: 8
Бөлмелердің атаулары: Коридор 1
Ауданы, м2: 5. 7
№: 9
Бөлмелердің атаулары: Қонақ бөлме 1
Ауданы, м2: 23. 6
№: 10
Бөлмелердің атаулары: Ас бөлме 1
Ауданы, м2: 9. 7
№: 11
Бөлмелердің атаулары: Балкон 1
Ауданы, м2: 2. 6
№: 12
Бөлмелердің атаулары: Дәретхана 2
Ауданы, м2: 3. 3
№: 13
Бөлмелердің атаулары: Коридор 2
Ауданы, м2: 14. 2
№: 14
Бөлмелердің атаулары: Қонақ бөлме 2
Ауданы, м2: 20. 3
№: 15
Бөлмелердің атаулары: Жатын бөлме 1
Ауданы, м2: 12. 6
№: 16
Бөлмелердің атаулары: Ас бөлме 2
Ауданы, м2: 8. 7
№: 17
Бөлмелердің атаулары: Жуынатын бөлме 1
Ауданы, м2: 3. 7
№: 18
Бөлмелердің атаулары: Дәретхана 3
Ауданы, м2: 2. 2
№: 19
Бөлмелердің атаулары: Коридор 3
Ауданы, м2: 10. 8
№: 20
Бөлмелердің атаулары: Қонақ бөлме 3
Ауданы, м2: 27. 6
№: 21
Бөлмелердің атаулары: Жатын бөлме 2
Ауданы, м2: 12. 3
№: 22
Бөлмелердің атаулары: Ас бөлме 3
Ауданы, м2: 12
№: 23
Бөлмелердің атаулары: Жуынатын бөлме 2
Ауданы, м2: 3. 3
№: 24
Бөлмелердің атаулары: Дәретхана 4
Ауданы, м2: 2. 6
№: 25
Бөлмелердің атаулары: Балкон 2
Ауданы, м2: 12. 5
№: 26
Бөлмелердің атаулары: Коридор 4
Ауданы, м2: 14. 5
№: 27
Бөлмелердің атаулары: Қонақ бөлме 4
Ауданы, м2: 27. 7
№: 28
Бөлмелердің атаулары: Жатын бөлме 3
Ауданы, м2: 13. 7
№: 29
Бөлмелердің атаулары: Жатын бөлме 4
Ауданы, м2: 12. 5
№: 30
Бөлмелердің атаулары: Ас бөлме 4
Ауданы, м2: 11. 8
№: 31
Бөлмелердің атаулары: Жуынатын бөлме 3
Ауданы, м2: 3. 3
№: 32
Бөлмелердің атаулары: Дәретхана 5
Ауданы, м2: 1. 9
№: 33
Бөлмелердің атаулары: Балкон 3
Ауданы, м2: 12. 6

1. 3. 1 Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері

Құрылыс алаңы Тараз қаласында орналасқан. Есептеулер нәтижесінде іргетас тақтасының негізі ретінде қиыршық құмды топырақ құрамы : Жерасты сулары табылмаған.

Табиғи негіз ретінде құмды толтырғыштары бар топырақ, яғни жоғары су сіңіргіштігі, жүк кқтергіш қабілеті бар, ал шартты есептік кедергісі, Ro=600 кПа. Топырақ тұтқырлығы жоқ, сулардың капиллярлық көтерілуі табылмаған. Топырақтың салмағы γ=22, 8 кН/м³, ішкі үйкеліс бұрышы φ=34 градус, топырақтың ілінісуі С=24 кПа.

Құрылыс объектілерінен бос территория максималды түрде талдар, теректермен және газонмен көгалдандырылған.

Қасбет және интерьердің әрленуі қазіргі заманғы әрлеу материалдарымен жүзеге асырылған. Пешеход өтпелері мен жолдары қызыл тротуар плиткалармен жасақталған.

Территорияны көгалдандыру голландиялық газонды шөптермен жасалған. Талдар мен тоғайларды отырғызу қарастырылған.

Көптеген мөлшерде ғимараттағы сая мен ыңғайлылық деңгейін және сәулет көркем шешімін анықтайды. Терезелер мен витраждар жарықтатылатын бөлменің ауданына сәйкес таңдалған. Терезелердің жоғарғы бөлігі төбесіне максималды жаөын алынған. Осының нәтижесінде бөлме төрі жарық болады. Витраждардың негізінде, яғни қораптармен қапсырмалары карозиялы- төзімді және декоративті материалдан - аллюминийден жасалған.

Сондай-ақ, еденге бөлмені әрлеуге қатысты көркем-эстетикалық талаптар ұсынылады. Едендер ылғалды бөлмелерде суға төзімді және су сіңбейтін болуы керек.

Еденнің қасиеті ең алдымен жабын материалымен анықталады. Қазіргі кезеңде мынандай жабындар қолданылады: тас, бетонды, асфальтты, қышты, ксилолитті, линолеумнен, релиннен жасалған, синтетикалық шайыр негізіндегі жабын, тақтайшалы, паркеттік.

Едендер жабындары салу тәсіліне қарай тұтасқа (жіксіз), даналық элементтерге және орамдарға бөлінеді

1. 4 Сәулеттік - конструктивтік шешімдері

Дипломдық сызбалардың тағайындау барысында қабылданған көрсеткіштер :

- жел ауданы - III ҚНжЕ 2. 01. 07-85 (W = 38 кг/м 2 ) ;

- қар ауданы - II ҚНжЕ 2. 01. 07-85 (S = 70кг/м2) ;

- сыртқы ауаның есептік температурасы - 25°С.

- ортаның агрессивтілік деңгейі - агрессивті емес;

- есептік сейсмика - 9 балл;

- сейсмикалық қасиеттері бойынша топырақ категориясы - II;

- үймереттің жауапкершілік деңгейі - I (қалыпты) .

- топырақтың қату тереңдігі - 119см.

- жерасты сулары 7, 5 м тереңдікте табылған.

Комплекстің ғимараты - 9 қабат +1 деңгейлі паркинг, I блоктан тұрады.

Жобаланатын ғимараттың конструктивтік жүйесі биіктігі бойынша монолитті қырлы жабындармен тақта біріктіріліп, жиі орналасқан ұстындардан тұратын - рамалы жүйе. Ұстындардың көлденең қимасы паркинг деңгейінде 600 х 600 мм, 1 - 5 қабаттар аррлығында 500 х 500 мм, 5 - техникалық қабаттар аралығында 400 х 400 мм, ригельдердің көлденең қимасы 350 х 400 мм; төбе жабындардың қалыңдығы 200мм.

- Автопаркинг - монолитті т/б.

- Жабын тақталары - шеттері бойынша тірелген монолитті

- Қабырғалары - монолитті т/б., қабырғаның биіктігі бойынша ауыспалы - 400мм ден 300мм-ге дейін.

- Шатыры - жалпақ шатырлы, ішкі сужинағышы бар;

Қасбетті әрлеуде қазіргі заманғы материалдар қолданылады.

- түсті профильді алюминий витраждар(көк түсті) ;

- ғимараттың жертөлесі, негізгі кіру есігі - қозғалыс датчигі бар панорамды әйнектелген, керамогранитпен қапталған, түсі қара;

Ішкі бөлмелерінің әрлеу жұмыстарында қазіргі заманғы материалдар қолданылған, мысалы: гипсокартон, ағаш, ламинат-паркет, армстронг, керамикалық тақта.

Іргетас - қалыңдығы 1200 мм, В25 классты тұтас құймалы темір-бетонды плита. Іргетас плитасы жоғарғы және төменгі бөліктерінде арматуралық сырықтармен және арматура торларымен арматураланады. Монолитті іргетас плитасының бетоны қалыңдығы 50мм В7, 5 класс бетон маркасынан орындалатын бетонды төсеменің үстіне орнатылады. Баспалдақтар - монолитті темірбетоннан.

Ішкі тасалар әр түрлі конструкциялы және түрлі қалыңдықтағы гипсоталшықты беттерден (ГВЛ) жасалған.

Ғимараттың әрлеу жұмыстары халықаралық сапа жүйесіне сай қазіргі заманғы материалдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ғимараттың сыртқы қабырғалары керамогранитпен қоршалған.

Холдардың ішкі әрленуі - водоэмульсионды бояу (ашық сары), кеңсе бөлмелерінде - водоэмульсионды бояу(ашық күлгін) .

Кіре-беріс бөлмелер мен жертөле едендері - керамикалық плитка.

Аудитория едендері - линолеум.

Құбырлары - металлопластикті.

Жылыту құралдары(конвекторлар) - жақсартылған дизайнді.

Канализация құбырлары - шойыннан.

Су құбырлары - металл.

Санитарлық - гигиеналық шарттардың ыңғайлы орналасуына сәйкес, қоғамдық ғимараттардың жоспарлық шешімдерін негізгі принцип бойынша қоғамдық және тұрмыстық аумаққа бөлеміз.

Екі деңгейлі автопаркингі бар офистік ғимараттың негізгі функциялары келушілер мен жұмысшыларға қажет негізгі талаптарын құру.

Тараз қаласында орналасқан көп қабатты тұрғын үй ғимараттың жұмыстық жобасының құрамы мен мазмұны 4. 2 ҚР ҚНжЕ А. 2. 2-1-2001 «Инструкция о порядке разработки, согласования, утверждения и составе проектно-сметной документации на строительство предприятий, зданий и сооружений».

Тараз қаласындағы көп қабатты тұрғын үй ғимараты мына нормативтік құжаттардың негізінде жасалған :
• ҚНжЕ 2. 08. 02. -89* «Қоғамдық ғимараттар мен үймереттер».

• ҚНжЕ 2. 02. -01-97 «Ғимараттар мен үймереттердің өрт қауіпсіздігі».

• ҚНжЕ 2. 01. 02-85* «Өртке қарсы нормалар».

• Құрылыстық - монтаждық және отпен жұмыс істеу кезіндегі өндірістегі өрт қауіпсіздігі ережелері ППБС-01-94 ГУПО МВД РК.

Құрылыс ережелері және ыстық су құбырларын қолдану ережелері, Госгортехнадзор РК.

•Энергетика және электификация Мемлкомитет бекітілген электрқұрылғыларын қолдану ережелері ( ПУЭ - 76)

• ҚНжЕ В. 12-4-98 «Сейсмикалық аудандағы құрылыс».

• ҚНжЕ 20. 03. 11-85 «Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғау».

Кеңселер құрылысы бір қатарға қарастырылған. Алаңның жоспарлануына сәйкес аумақты функционалды талаптары бойынша бөледі.

Аймақтың қоршауында металл қаңқалы цинктелген профнастилді қолданамыз. Территорияға бір кіру - шығу жолы қарастырылған.

Жолдар мен тротуарлардың жаппасы асфальтобетонды.

1. 4. 1 Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі

Құрылыс ауданы - Тараз қаласы. Қабырғалардың сыртқы жағы қалыңдығы темірбетон сыланған, ал ішкі беті қалыңдығы әкті-кұмды сылақпен майланған. Осы қабырғаның қалыңдығын анықтау қажет.

1 - темірбетон, R 1 = 0, 156(м²ºC) /Вт.

2 - минералды-мақталы плита (МСТ-21880-94*) R 2 =X/0. 064.
ҚР ҚНжЕ 2. 04-03-2002 сәйкес Ro алынатын қосымша

3 - штукатурка, R 3 =0, 066(м²ºC) /Вт .

Кесте - 1. 3

ҚР ҚНжЕ 2. 04-03-2002 сәйкес Қазақстан территориясының ылғалдылық аумағын анықтау - 3 - құрғақ.

1. 4-кесте - Бөлме ауасының ылғалдылығының температураға тәуелділігі

Режимі
Ішкі ауаның ылғалдығы, %
12С темп. дейін
12-24С темп.
24С темп. арт.
Режимі: Құрғақ
Ішкі ауаның ылғалдығы, %: 60 - қа дейін
50 - қа дейін
40 - қа дейін
Режимі: Қалыпты
Ішкі ауаның ылғалдығы, %: 60-75
50-60
40-50
Режимі: Ылғал
Ішкі ауаның ылғалдығы, %: 75-тен артық
60-75
50-60
Режимі: Сулы
Ішкі ауаның ылғалдығы, %: -
75-тен артық
60-тан артық

Шешуі. мәліметтерді жазып аламыз: t в =22 С - МСТ 12. 1. 005. 88*-ге сәйкес ғимараттар мен имараттарды жобалау нормаларына сәйкес алынатын ішкі ауаның есептік температурасы; [6] 15 бетіндегі 1 қосымша бойынша климат ылғалдылығы - құрғақ, 2 қосымша 3 бетіндегі 1-ші кесте бойынша ішкі ауаның ылғалдылығы - қалыпты, яғни жылу өткізгіштік коэффициентінің мәнін [6] 3 қосымшасының А бағанасы бойынша аламыз.

Санитарлық-гигиеналық және жайлылық шарттарына сәйкес келетін қоршаушы құрылымдардың жылу таратуға керекті кедергісін келесі формуладан анықгайды:

, (1. 1)

мұндағы n - [6] 3* - кесте бойынша сыртқы ауаға қарағанда қоршаушы құрылымдардың сыртқы беттерінің орнына байланысты қабылданатын

коэффициент;

t в - [3] ҚР ҚНжЕ 2. 04 - ге сәйкес ғимараттар мен үймереттерді жобалау нормаларына сәйкес алынатын ішкі ауаның есептік температурасы, +22°С;

t Н - [6] ҚР ҚНжЕ 2. 04 - 2001 бойынша қамтамасыз етілген ең салқын бескүндіктің орташа температурасына тең сыртқы ауаның есептік қысқы температурасы, -21°С; (ҚР ҚНжЕ 2. 04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы»

3 қосымша )

- [6] 2* - кесте бойынша алынатын, ішкі ауа температурасы мен қоршаушы құрылымның ішкі беті температурасы арасындағы нормативтік температуралық айырма, (= 4, 5) ;

-[6] 4* - кесте бойынша алынатын қоршаушы құрылымдардың ішкі беттерінің жылу беру коэффициенгі.

Қоршаушы құрылымның жылу таратуға кедергісін, келесі формуламен анықтау керек:

, (1. 2)

мұндағы - (1) формуладағыдай;

R к - қоршаушы құрылымның жылулық кедергісі біртекті келесі формуламен анықталады:

(1. 3)

мұндағы - қабат қалыңдығы, м:

- [3] 3* - қосымшаға сәйкес алынатын қабат материалының жылу өткізгіштік есептік коэффициенті, Вт/(м °С ) ;

- [6] 6* - кесте бойынша алынатын қоршаушы құрылымның сыртқы бетінің жылу беру коэффициенті (қысқы жағдай үшін), 23 Вт/(м °С ) .

R к -ны анықтағанда, сыртқы ауамен желдетілетін ауа қабатшасы мен қоршаушы құрылымның сыртқы беті арасында орналасқан құрылым қабаттары ескерілмейді.

R k 1 1 2 2 3 3 (1. 4)

R к = R 1 + R 2 + . . . +R n +R в. п. =0, 115+0, 04+ 0, 156+х/0, 07+0, 066 (1. 5)

х=0, 85x0, 07 = 0, 06 м , осыған байланысты қабат қалыңдығын 100 мм етіп қабылдаймыз

.

1. 1-сурет. Есептелген қоршау конструкциясының қалыңдығы.

Жылыту периодының градус-тәулігі (ГСОП) мына формуламен анықтайды:

ГСОП = (t в -t от. пер. ) z от. пер . =(22-(-1, 6) 168=3965 (1. 6)

мұндағы t от. пер. , t от. пер. - ҚР ҚНжЕ 2. 04-01-2001 [1-кесте] орташа температура

z от. пер . - 168, орташа ұзақтық

Қоршаушы құрылымның жылулық инерциясы Д-ны келесі формуламен анықтау керек.

Д=R S +R S +…+R S (1. 7)

мұндағы R , R , R - (1. 4) формула бойынша анықталатын қоршаушы құрылымдардың жекелеген қабаттарының қызулық кедергілері, м²·ºС/Вт;

S , S , S - [6] 3*-қосымша бойынша алынатын, қоршаушы құрылымның жеке қабаттары материалының жылу сіңіруінің есептік коэффициенттері

S =17. 98 Вт/(м²·ºС) ; R =0. 156;

S =0. 94Вт/(м²·ºС) ; R =1. 429;

S 3 =9. 60 Вт/(м²·ºС) ; R =0. 066;

1. 5 Ғимаратты инженерлік қамту жүйелері

Ғимараттың биіктік белгілері жүріс бөлігінің, көше, тротуарлардың белгілеріне байланысты алынған. Гүлдерді суару, талдарды, газондарды суару су құбырымен жүзеге асады. Қалыңдығы бойынша қабат : 40см - өсімді қабат, 100 см - сазбалшық, валуногалечник (3 %) саз бен құм аралас, топырақ қабатына әсер етпейтін бөлігі. Шартты есептік кедергісі Ro=0, 3 мПа, жоғары суөткізгіштік қасиеті бар, Топырақ тұтқырлығы жоқ, сулардың капиллярлық көтерілуі табылмаған. Топырақтың салмағы γ=22, 8 кН/м³, ішкі үйкеліс бұрышы φ=38 градус, топырақтың ілінісуі С=3, 3 кПа.

Аймақтағы арықтық жүйе темірбетон жаймадан.

Жылыту. Әкімшілік ғимараттық комплекстің жылыту жүйесі: П тәріздес тіреушілері бар, төменгі талағы бар. Жертөленің астымен магистраль құбырлар өткізілген. Жылыту құралдары ретінде термостатикалық қақпақшасы және термостстикалы басы бар “Calidor” бөлімді радиаторлары қолданылған.

Жылыту құбырлары ретінде болат құбырлары алынған (магистраль және тірекшелі) . Жылыту жүйесінің тіреушелер мен құбырларын өткізу жүйесі - ашық. Жылутасығыш - 70-95º параметрлі су. Жертөледе орналасқан жылыту жүйесінің барлық құбырлары шыныматалы қабаты бар 40 мм қалыңдықты минватамен оқшауланады.

Жылыту жүйесінің тіреушелері мен құбырларын төсеу тәсілі - жасырылған.

Желдету. Ғимараттың әр өрт сөндіру бөлігі: түтін жойғыш, сорғыш және ағынды желдеткіш камерамен жабдықталған. Таза ауамен қамту паркингтің жоғары деңгейіндегі жалюзи торына жүзеге асады. Желдетудің ауа әкелу жүйесі жұқа беттік цинктелген болаттан жасалады, сонымен қатар өртке төзімділік мақсатында базальтті материалмен оқшауланған жобада ҚР ҚНжЕ 2. 04. 05-91 байланысты қарастырылады. Түтінге қарсы қоғаныш жүйесі мен ауа бағанасы 2 мм біркелкі тігісі бар беттен жасалады.

- АӨС. Автоматты өрт сөндіру жүйесі жерасты паркингтің барлық деңгейінде жүреді және инженерлік құрал-жабдықтары арнайы сақталатын бөлмесі болады. АӨС жүйесінің бөлмесі ғимараттың ең төменгі бөлігінде орналасады. Өрт туындаған жағдайдақажет болатын үлкен су көлемі бар сиымдылығы зор зат орналасады. Ғимараттың бүкіл ауданында орналасқан «Сплинтлер» жүйесі бар. Орташа есеппен 1 данасы 2 шаршы метрге. Ішкі жүйелер су құбырлары, канализация, электрожабдықтау, желдету, сонымен қатар өрт сөндіру жүйесі жобалау ережелері мен нормаларына сәйкес орындалған.

Енгізу құралы ретінде ВРУ панельдері қолданылған. Топтық желілердің өшіргіші бар ЩЭ типті стандартты өабат сауыты ретінде таңдалған.

Қоректендіру және топтық желілерде ВВГ маркалы маркалы, винипластикалық құбыр мыс тармақты ПВ өткізгіштері қабылданған.

Негізгі электр тұтынушылар - ғимарат ішінде орналасқан автоматты режимде жұмыс істейтін желдеткіш камералары. Ғимарат автоматты ң автоматты еөтерілетін қақпамен жабдықталатын. Баспадақ торындағы жарықты басқарып - бақылау өшіргіш (авариялы жарық кезінде) және шлюз тамбурындағы фотореледен автоматты түрде өтеді.

Электробақылау электромонтаждау жұмыстарды басқару мақсатында жобада қосып - өшіру, розетка және асқанлаипасы бар ілгіш патрон қолданылады. Сыртқы металл коммуникацияларды жоғары бораннан қорғау үшін ғимаратқа кіргізер жерінде іргетас арматурасына бекіту қажет.

Желдету және түтінсорғыш жүйелерді автоматты басқару қарстырылған. Жобада ғимараттар барлық бөліктеріне видеобақылау орнатылған. Оператордың бөлмесіне түсетін видеобақылау жүйесі қауіпсіздіктің қызметіне тәулік бойы бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Көршілес жерасты паркингінде орналасқан дизельді электростанстанция арқылы ғиматаратты автаномды режимде жұмыс атқарады. Дизельді станцияның қуаты ғимарат маңында орналасқан тоғыз түрлі қабатты ғимараттарға жетеді. Салынатан ғимараттардың сыртқы желісі, байланыс проектісін қалалық телекоммуникация орталығы «Казтелеком» берген техникалық шарттар ТУ - 92/04 28 ақпан 2007 жыл.

Гагарин көшесінде орналасқан Р - 9235 тоқ шкафынан алынған өткізгіш қалалық ОПС - 92 телефон желісіне сыйымдылығы 100*2 бокстермен жабдықталды. Байланыстырғыш және тармақталу муфтасы шкаф құдығында орналасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау
Жобаның бастапқы деректері
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Ғимараттың конструктивтік схемасын құру
Әлемдегі ерекше отельдер
2013 құрылыстағы Геодезиялық жұмыстар
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Қазақстандағы туристік кешендер
Қонақ бөлме
Рельефті жерлерде құрылған блокталған пәтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz