Қостанай қаласындағы қонақ үй – сауда кешенін жобалау


1. Сәулеттік-жоспарлау бөлімі
1. 1 Жалпы орналасуы
Жобаланып жатқан обьект - қонақ үй - сауда кешені. Ғимарат биіктігі -5 қабатты. Көп қабатты бөлігі 96 орыннан тұратын қонақ үйді көрсетеді. Бір қабатты бөлігінде сауда мен қонақ үйдің қызметтік-тұрмыстық бөлігі орналасқан.
Құрылыс ауданы - Қостанай қаласы. Құрылыс алаңы 68 км орналасқан.
СНиП РК 2. 04. -01-2010 бойынша құрылыс алаңының климаттық жағдайлары:
Қостанай қаласында желдің айлар бойынша қайталануы (бөлшектің алымы), %, желдің бағыттар бойынша орташа жылдамдығы (бөлшектің бөлімі), метр/сек
Қостанай қаласы бойынша ауаның айлық салыстырмалы орташа ылғалдығы, %,
Ауаның температурасы:
- ең суық бескүндік 0, 98 қамтамасыздығымен -370С,
- ең суық тәуліктің 0, 98 қамтамасыздығымен -400С,
- ең суық тәуліктің 0, 92 қамтамасыздығымен -360С,
- 0, 94 қамтамасыздығымен - 240С.
- абсолютті ең төмен (минималды) -0С.
- абсолютті ең жоғары (максимальды) - +420С.
Жерге түсетін ылғал мөлшерлері, мм:
- сәуір-қазан айларында - 237 мм,
- қараша - наурыз айларында - 73 мм;
Жердегі (топырақтағы) тоңның тереңдігі - 140 см.
Қар салмағы бойынша 2-ші қар ауданына жатады - s 0 =0. 7кПа.
Желдің қысымы бойынша 3-ші жел ауданына жатады - w 0 =0. 38кПа.
Жер асты суларының деңгейі жер асты деңгейінен 4. 4 м тереңдікте байқалады. Суды талдау нәтижелері бойынша су мен бетон жақсы байланысады.
Құрылыс алаңының жер бедері жеткілікті жайпақ. Шекара аймағында 3 м биіктікте еңкеюінің ауысуын білдіреді (2%) .
1. 2 Бас жоспар
Құрылыс үшін тағайындалған телім нысаны қаланың инфрақұрылымымен жақсы көлік байланысын қамтамассыз ететін жолдың жанында орналасқан.
Өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз жүруі үшін ғимарат айналасында көліктердің өтуіне арналған арнайы жол орналасқан. Осы жолдар тауарларды жеткізу үшін және қызметкерлердің көліктерін қоятын орынға жетуін қаматамассыз ету үшін қызмет атқарады.
Бас жоспардың бөлімдері:
- қонақ үйдің сауда кешенінің ғимараты
- шаруашылық аулалар
- қонақ үйдің қызметтік аймағы
- сауда мекемелерінің қызметтік аймағы
- келушілер аймағы
Кәсіпорынды тамақпен және қонақ үйді жабдықтау, қалдықтарды сақтау және тауарларды сауда мекемелеріне жеткізу үшін шаруашылық аулалары қызмет етеді. Шаруашылық аулалары салынып жатқан кешеннің сыртқы жағында орналасқан. Бұл келушілер мен қызметтік көліктерін бөлуге мүмкіндік береді.
Қонақ үйдің қызметтік аймағы қонақ үй қызметкерлеріне арналған. Оның құрамына қызметкерлердің кіретін бөлігіне жақын орналасқан 20 көлікке арналған орын орналасқан. Бұл аймақ салынып жатқан ғимараттың сыртқы жағындағы екі шаруашылық ауласының ортасында орналасқан.
Сауда мекемелерінің қызметтік аймағы қызметкерлерге арналған. Оның құрамында 6 көлікке есептелген орын орналасқан. Бұл аймақ қызметкерлердің мекемеге жылдам қатынауын қамтамассыз ету үшін ғимараттың бүйір бетінде орналасқан.
Келушілерге арналған аймақ 160 көлікке арналған орыннан және келушілерге демалуға аранлаған орыннан тұрады. Бір көлікке арналған орынның өлшемі 6х3 м құрайды. Келушілерге арналған орынға көшеден кіру үшін екі кіру жолы бар. Келушілердің демалу аймағының ортасында гүлзар орналасқан. Гүлзардың айналасында орындақтар орналасқан.
Орталық кіру аймағы тас төселген жабындар түрінде жасалған. Қалған жаяу жүрушілер жолдары және көлік жолдары асфальт-бетоннан жасалған.
Негізгі көлік жолдарының ені - 6 м, жаяужол ені - 3м.
Бас жоспардың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
- телім ауданы 27000 м²
- құрылыс алаңының ауданы 6150 м²
- асфальт және тас төсеу ауданы 12909 м²
- көгалдандыру ауданы 7941 м²
- құрылыс салу коэффициенті 0. 23
- тас төсеу коэффициенті 0. 48
- көгалдандыру коэффициенті 0. 29
- аумақты пайдалану коэффициенті 0. 72
1. 3 Көлемдік-жоспарлау шешімі
Ғимарат жоспарда түзу емес түрде орналасқан. Бес қабатты орталық бөлігі тікбұрыш түрінде жасалған. Онын жақтарында ортасынан шетіне қарай дөңгелегі бар бір қабатты бөліктері орналасқан.
Осіндегі негізгі өлшемдері 139х60 м. Екінші және одан кейінгі қабаттар осіндегі негізгі өлшемдері 60х15 м.
Бес қабатты бөлігі үстінде самғап тұр. Биіктігі тік бұрышты шығыңқы элементтер көмегімен сызылады. Сондай-ақ, биіктігі орталық бөлігінің жаппай шынылануымен ерекшеленеді. Осылайша, қонақ үй дәліздерінің жарықтандырылуы қамтамассыз етіледі.
Бірінші қабаттың таза еденінен толық биіктігі - 24 м. Бір қабатты бөлігінің биіктігі - 5. 4 м.
Қонақ үйдің типтік тұрғын қабаттарының биіктігі - 3. 6 м.
Сауда залдары мен бірінші қабатының биіктігі - 4. 2 м.
Техникалық қабат биіктігі - 2. 4 м.
Техникалық қабат қонақ үйдің тұрғын-үй бөлігімен байланысуын орналастыру үшін арналған.
1. 3. 1 Қонақ үй
Жобаланып жатқан қонақ үй аз сыйымдылықты және аз қабатты жалпы типтік қонақ үй құрамына жатады. Жайлылық деңгейі бойыннша - I разрядты.
Функционалдық мақсаты бойынша түрлі қонақ үйлер тұрғын, қоғамдық және қызметтік-шаруашылық бөлігі болып бірігеді. Осылайша, тұрғын және қоғамдық бөлігі негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Орналасуы бойынша және осы бөліктердің есептелуі бойынша әр түрлі көлемді-кеңістікті қонақ үйдің құрылымдары құрылады. Біздің жағдайда тұрғын және құрамдас бөліктері бір ғимаратта орналасқан. Осылайша, қоғамдық мақсаттағы бөлігі төменгі бөлікте орналасқан, ал тұрғылықты бөлігі - үстінде. Қоғамдық тұрғын-үй орналасқан төменгі қабаттағы құрылыс аумағының тұрғын бөлігі құрылыс ауданынан өзінше стилобат жасап артып тұр және оның үстінде қонақ үйдің тұрғын бөлігі орналасқан. Осындай қабылдау, құрылыс тәжірибесінде кеңінен таралған және құралас ауданын қысқартуға көп үлес қосады.
Тұрғын қабаттарының жоспарлау құрылымы дәліз түрінде қабылданған және оның екі жағынан номерлер орналасқан. Жоспардың геометриялық түрі - тіктөртбұрыш.
Тұрғын үйлерді бірінші қабатпен тік өзара байланысын қамтамассыз ету үшін екі лифт және баспалдақ алаңы қолданылады. Баспалдақ алаңының осьтегі размері 6х3 м.
Қызметкерлерге бөлек лифт пен баспалдақ алаңы қарастырылған.
Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1437. 98 м² құрайды.
Қызметтік-шаруашылық үйдің жалпы ауданы - 1197. 06 м²
Тұрғын үй қабатының ауданы - 940. 68м²
Бірінші қабат ауданы - 6149. 72 м²
Әр тұрғын үй қабатында әр қабатқа арналған қызмет көрсету қарастырылған, оның толық ауданы 52. 99 м² құрайды.
Қонақ үй құрамына тамақтандыру кешені кіргізілген. Оның қызметтік орны өзге мақсаттағы жайлардан оқшауланған.
Тамақтандыру кәсіпорнының толық ауданы 429. 03 м² құрайды.
Одан келушілерге арналған орын құрайды:
- 133. 38 м² ауданды түскі ас залы, екі шығу есігімен қамтамассыз етілген.
- 16. 93 м² ауданды бар.
- қол жуғышымен гардероб - 54. 54 м²
Тұрғын қабаттарынан эвакуациялау баспалдақ алаңы арқылы жүргізіледі және олар бір-бірінен жеткілікті аралықта орналасқан. Бірінші қабаттан сыртқа шығу вестибюль және қонақ үйге қызметтік кіру жағынан жүргізіледі. Тағы да шатырға шығуға екі шығу баспалдақтары қарастырылған.
1. 3. 2 Сауда мекемелері
Көлемдік-жоспарлық құрылымы тауарлар қозғалысының функционалдық жүйесімен анықталады және прогрессивтік технологияны, жаңа құрылғыларды және кешенді механикаландыру мен өндірістік процестерді автоматтандыруды ескереді, сатып алушыларға оңтайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етеді.
Ішкі жүк ағындарының және сатып алушылардың қозғалу жолдарын жақсы ұйымдастыру мақсатында сауда мекемелерін жоспарлау кезінде осы ағындарды мүшелеп бөлу және оқшаулау қарастырылған.
Сауда залдарының биіктігі - 4. 2м.
Сауда бөлмелері кешеннің бір қабатты бөліктерінде орналасады. Оларда табиғи бүйірінен жарықтандыру болады. Әрбір залға 3 шашыраңқы шығу есіктері қарастырылған.
Тауарларды жеткізу үшін көлік тұрағынан 0. 9 м биікте түсіру платформалары көзделген. Платформа ені 4м. Олар көліктерді артқы немесе артқы және оң жағынан түсіруге жобаланады. Бұл ретте, жүк түсіру платформалары шатыр астында орналастырылады. Бұл жағдайда тауар түсіру платформасынан қабылдау орнына жеткізіледі.
Әрбір сауда мекемелерінің жалпы ауданы - 1574. 8 м²
Сату залдарының ауданы - 942. 41 м²
Жылу тораптары мен электр қондырғылары әрбір сауда мекемелерінде және қонақ үйлерде орналастырылады.
1. 4 Құрылымдық шешімдері
Қонақ үй - сауда кешені II дәрежелі жауапкершілікті ғимарат қатарына жатады. Көп қабатты бөлігінің өртке қарсы тұру дәрежесі - II, бір қабатты бөлігі - III.
Ғимараттың құрылымдық жүйесінің рамасы болатты каркасыты көрсетеді.
Ғимарат іргетасы - ұстын астында орналастырылатын монолитті іргетас.
Қабырғалары салмақ көтермейтін жылу оқшаулағыш пенобетон блоктарынан жасалған, сыртқы жағы аспалы желдетілген қасбеттермен қапталады. Пенобетон блоктарының қалыңдығы - 200мм. Қолданылатын жылытқыш - «Роквул» қалыңдығы 150 мм. Қабырға блоктары тікелей жабынға сүйенеді.
Терезе ойықтары аллюминді жақтаулы қос шыны пакеттермен толтырылады. Олардың үстінде темірбетон ұстатқыштары орналастырылады.
Тұтас әйнекті сауда залдары стеклопакетімен толтырылған аллюминді жақтаулардан жасалады.
Ұстынның бір қабатты бөлігі үшін сандық осі бойынша қадамы 12 м және көп қабатты бөлігі үшін 15м. Әріптік осі бойынша ұстын қадамы - 6 м.
Бір қабатты бөлік үшін ұстын жоспардағы өлшемі 300х300 мм бойынша екі таврлы қима түрінде жасалады. Көп қабатты бөлігінің ұстындары 400х400 мм қимасы бойынша жасалады.
Қабат аралық жабындар монолитті темірбетоннан жасалған аралас жабыннан және болат профильді төсеніштен жасалған. Аралас жабын аралықтарға 2. 5 м қадаммен сүйенеді.
Бір қабатты бөлігінің жабыны болат профильді төсеніштен жасалады және 3м қадаммен аралықтарға орналастырылады.
Арақабырғалар гипсокартон түрінде жасалады. Арақабырғалардың жиынтық қалыңдығы қызметтік және қоғамдық бөліктерінде 120 мм құрайды. Тұрғын бөлмелерінің арақабырға қалыңдығы 150 мм құрайды және арасын дыбыс өткізбейтін материалмен толтырады. Бұл ыңғайлы акустикалық жағдай жасауына мүмкіншілік береді.
Сантораптар, цехтар сияқты дымқыл үйлер ылғалға төзімді гипсокартонмен қапталады және суды төмен өткізу мен ылғалдың енуіне кедергісі бар гипсокартон пайдаланылады.
Қалған үй-жайлар қарапайым гипсокартонмен қапталады.
Қаңқа элементтерін талап етілетін отқа төзімділігін бір қабатты қарапайым гипсокартонмен қаптайды және гипсокартонның ашық отқа жоғары қарсылатын қабатымен қапталады.
Негізгі қаңқасының арақабырғасы профиль болып табылады. Олардың 50х50 мм- ден 100х50 мм-ге дейінгі қимасы болады.
Дыбысты оқшаулау қабаты ретінде минералды немесе синтетикалық байланысқан шыны талшықтар қолданылады.
Жабынның негізгі материалдары - гидрооқшаулау қабаты «Изолен», 30 мм қалыңдықты цементтік тартпа, қонақ үйдің үстіндегі 180 мм қалыңдықты жылытқыш «Ursa» және 150 мм бір қабатты бөлігінің үстінде.
Жабындағы суағар ішке біріктіріліп орнатылады. Суды жинау құйғыштар арқылы жүзеге асады:
Баспалдақтардың көп қабатты бөлігі металл косоурамен төселген жиынтық темірбетон сатылары түрінде орындалады:
Сыртқы баспалдақтар құрамалы темірбетоннан жасалады.
Қолданылатын едендердің құрылымы үй-жайлардың тағайындалуына байланысты бөлінеді. Мәселен, дәретханаларда, сауда залдарында, киім ілгіштерде, тамақ цехтарында, тамақтану залында және барда кесек едендер қолданылады:
Қызметкерлердің үй-жайларда болуы, бухгалтерия, архив, касса, қызметкерлер бөлмесі сияқты бөлмелерде төмендегідей едендер қолданылады:
Бірінші қабат дәліздерінде, қоймаларда. Тауарларды сақтау орындарында, шеберхана мен қоймаларда цементтік едендер қолданылады:
Тұрғын қабаттардың дәліздерінде кесек едендер қолданылады:
Тұрғын бөлмелерде едендер линолеумнан жасалады:
Бөлмелердің, кабинеттердің, қабылдау бөлмелері мен қызметшілер бөлмелерінің қабырғалары боялған түсқағаздармен жабыстырылады. Бұл бөлмелердің түсін өзгерту қажет болғанда өзгертуге мүмкіндік береді. Қабырғаларды жабу плиткамен күптеледі. Киім ілетін бөлме мен қоймаларда қабырға бояумен боялады. Қонақ үйдің дәліздері мен вестибюлінің қабырғалары фактуралық сылаумен жасалады.
Қызметтік, тұрмыстық, әкімшілік бөлмелердің және дәліздердің төбесі табиғи материалдан жасалған аспалардан жасалады. Санитарлық тораптар, себезгі секілді бөлмелерде металл панельдер қолданылады.
1. 5 Қоршау құрылымдарының теплотехникалық есебі
Қысқы мерзімде жылу шығынын қысқарту мақсатында және жаз кезінде жылудың болуын қамтамасыз ету үшін қабырға қоршаулары мен жабындардың теплотехникалық есебі жүргізіледі.
1) СНиП РК 2. 04. -01-2010 1 қосымшаға сәйкес ылғалдылық аймағын анықтаймыз.
Қостанай қаласы - қалыпты ылғалды аймақ.
2) 1 кесте бойынша үй-жайлардың ылғалдылығын анықтаймыз-құрғақ.
3) 2 қосымшаға сәйкес ылғалдылығына байланысты үй-жайлардың қоршау құрылымдарының пайдалану шарттарын және құрылыстың ылғалдылық аймағын анықтаймыз - А.
4) Жылыту кезеңінің тәліктік градусын анықтаймыз
, мұндағы
1. 5. 1 Қабырғалық қоршаулар
Талап етілетін қабырғалық қоршау құрылымдарының жылу өткізуге қарсыласуы, санитарлы-гигиеналық және жайлылық шарттарына жауап беруән 1б кестесі бойынша анықтайды
Қабырғалық қоршаулар келесідей қабаттардан тұрады:
Термиялық кедергісі R, м²·С/Вт, қоршалған құрылымдардың көп қабатты қабаты және біртекті(бір қабатты) қоршау құрылымдарының қабаты.
δ - қабаттың қалыңдығы, м
λ - материал қабатының есептік жылу өткізгіштігі, Вт/(м·°С), 3-ші қосымша бойынша қабылданған.
Қоршау құрлымдарыдың қабаттарының жиынтық кедергісі (сүйемелдеу кедергісін ескермейміз) .
Қоршау құрылымдарының жылу өткізгіштікке кедергісі
Аспалы қасбет секілді біріктірілген суық көпірлердің болуынан, жылу оқшаулау қалыңдығын үлкейтеміз және бекітпелердің теріс әсерін болдырмау үшін 120 мм-ге дейін сыртқы қабырғаға қоямыз.
1. 5. 2 Қонақ үй жабыны
Жылу өткізуге санитарлы-гигиеналық және жайлылық талаптарына керекті кедергі жауап береді, 1б кесте бойынша анықталады.
Жабын келесідей қабаттардан тұрады:
Термиялық кедергісі R, м²·С/Вт, қоршалған құрылымдардың көп қабатты қабаты және біртекті(бір қабатты) қоршау құрылымдарының қабаты.
δ - қабат қалыңдығы, м
λ - материал қабатының есептік жылу өткізгіштігі, Вт/(м·°С), 3-ші қосымша бойынша қабылданған.
Қоршау құрлымдарыдың қабаттарының жиынтық кедергісі (сүйемелдеу кедергісін ескермейміз) .
Қоршау құрылымдарының жылу өткізгіштікке кедергісі
1. 5. 3 Сауда мекемелерінің жабыны
Жылу өткізуге санитарлы-гигиеналық және жайлылық талаптарына керекті кедергі жауап береді, 1б кесте бойынша анықталады.
Жабын келесідей қабаттардан тұрады:
Термиялық кедергісі R, м²·С/Вт, қоршалған құрылымдардың көп қабатты қабаты және біртекті(бір қабатты) қоршау құрылымдарының қабаты.
δ - қабат қалыңдығы, м
λ - материал қабатының есептік жылу өткізгіштігі, Вт/(м·°С), 3-ші қосымша бойынша қабылданған.
Қоршау құрлымдарыдың қабаттарының жиынтық кедергісі (сүйемелдеу кедергісін ескермейміз) .
Қоршау құрылымдарының жылу өткізгіштікке кедергісі
1. 6 Үдерістер технологиясы
1. 6. 1 Қонақ үй
Кеңістік құрылымы қонақтар, қызметшілер мен қоғамдық мақсатта келушілердің ағындарының нақты бөлінуін қамтамасыз етеді. Келушілер негізгі кіру аймағын, қабылдау аймағын, күту, демалу және ұйымдасқан топтарды жинау, анықтама, тамақтану кәсіпорнына, байланысу аймағына кіруге бөлген кіру есігінен қонақ үй вестибюльіне енеді. Қабылдау және тіркеу аймағы қабылдау бюросын, тіркеуді және берендеу бюросын қамтиды. Кезекші бөлмесінде темірсандық орналасқан. Берендеу бюросында жедел пункті және факсимальді байланыс орналасады. Негізгі кіру есігінің жанында жүк вестибюльі орналасқан. Жүктерді сақтау үшін вестибюльде сақтау бөлмесі орналасқан. Сондай-ақ, келушілерге байланыс бөлімшесі және телефонмен сөйлесу орны, дәрігер бөлімшесі орналасқан. Негізгі ағындардан тыс қызметтік санитарлы-гигиеналық блоктар орналасқан.
Тік байланыстар (екі лифт пен баспалдақ) вестибюльде орналасқан. Асханаға және барға кіру қол жууға арналған қаяулар орналасқан киім ілетін бөлмеле арқылы жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz